"Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ор

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 63-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7502 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 тіркелген, 2009 жылғы 14 тамыздағы № 123 (1720) "Заң газетінде" 2009 жылғы қыркүйектегі № 9 "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде", 356-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықтын ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелеріне жеткізсін.

      4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Қаппаров


  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 6 наурыздағы
№ 63-ө бұйрығына
1-қосымша
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығымен

"Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын
I санаттағы объектілерді
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен
оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық сыныптамасына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын мынадай өндірістік объектінің негізгі өндірісі бойынша (осы өндірістің қосалқы өндірісті қоспағандағы негізгі технологиялық процесі) қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:

      химия өндірісі;

      металлургия, машина жасау және метал өңдеу объектілері;

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) барлау мен өндіру, пайдалы қазбаларды (кең таралғандардан басқа) өндіру объектілері;

      құрылыс өнеркәсібі (цемент, сондай-ақ жергілікті өндірісі, асбест және одан жасалатын бұйымдар өндірісі);

      микробиологиялық өнеркәсіп;

      минералды отын жағу кезіндегі электр және жылу энергиясы өндірісі (эквивалентті электр қуаттылығы 600 МВт және одан жоғары, отын ретінде көпір мен мазут пайдаланатын жылу электр станциялары);

      2) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартының (Мәскеу, 1994 жылғы 10 желтоқсан) № 2 қосымшасына енгізілмеген, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран тасығыштарының жаңа ұшу трассалары мен бөлінетін бөлшектерін құрау аудандары бөлігінде шаруашылық қызмет жобалары;

      3) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге мемлекеттік, салалық бағдарламалардың жобалары, іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары әзірлейтін нормативтік-құқықтық актілердің, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

      4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттардың жобалары;

      5) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерде) балық ресурстары және су жануарларының басқа түрлерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      6) аулау лимиттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, аңшылық объектісі болып табылатын жануарларды алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      7) осы аумақтарды экологиялық апат немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;

      8) Қазақстан Республикасына өткізілетін (әкелінетін), көлік құралдарын және жабдықтарды қоспағанда, технологияларды, техникаларды қолдану жөніндегі құжаттама;

      9) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      10) шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшін шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердің мүдделерін қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары;

      11) шаруашылық қызмет жүргізудің ерекше режимі бар аумақтардың құрылыс жүргізудің (дамытудың) бас жоспарларының жобалары.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық сыныптамасына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын негізгі өндіріс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;

      2) өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық сыныптамасына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын қызмет түрлері:

      құрылыс өнеркәсібі (шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісі, стационарлық зауыттардағы асфальтбетон өндірісі);

      ағаш өңдеу;

      тоқыма өндірісі және жеңіл өнеркәсіп өндірісі;

      жануарлар өнімдерін өңдеу;

      тамақ өнімдерін және дәмін келтіретін заттарды өңдеу;

      ауыл шаруашылығы объектілері;

      санитарлық-техникалық, көліктік инфрақұрылым құрылыстары, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілер;

      жүктерді қайта тиеу және сақтау қоймалары, айлақтары мен орындары, жүктер мен кемелердің фумигациясы, газ дезинфекциясы, дератизациясы және дезинсекциясы өндірістері;

      3) осы Бөлудің 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру объектілері;

      4) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық сыныптамасына сәйкес қауiптiлiктiң 2-сыныбына жататын негізгі өндіріс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;

      5) осы Бөлудің 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге "Байқоңыр" кешенінің объектілер бойынша жобалау құжаттамасы;

      6) мұнай кен орындарында (теңіз объектілерін қоспағанда) қысқамерзімді жұмыстар (ұңғымаларды күрделі жөндеуді, ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеулерді, сейсмикалық барлау жұмыстарын, мұнай кеніштерінде бұзылған жерлерді техникалық қайта культивациялауды, мұнай саласының қалдықтарын әртүрлі әдістермен қондырғыларда қайта өңдеуді және өзгелерін), ұңғымалар салуды жүргізетін мұнай-газ саласы кәсіпорындары;

      7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыстардың қолдау операцияларын жүзеге асыратын кәсіпорындар – қолдау базалары, айлақтар, полигондар, тазарту құрылыстары және өзгелері;

      8) облыстық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерде) балық ресурстары және су жануарларының басқа түрлерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      9) осы Бөлудің 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

      10) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жобалары, соның ішінде табиғат қорғау ұйымдарын басқару жоспарлары;

      12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттардың жобалары;

      13) су қорғау аймақтарын және су объектілерінің жолақтарын белгілеу жөніндегі жобалар;

      14) қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобалары;

      15) аумақтардың, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың құрылысын жүргізудің (дамытудың) бас жоспарларының жобалары.

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 6 наурыздағы
№ 63-ө бұйрығына
2-қосымша
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығымен

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін
I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері
арасында бөлу

      1. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді:

      1) ластаушы заттардың шығарындылары – жылына 5000 тонна, мұнай-газ өнеркәсібі үшін – жылына 500 тонна;

      2) ластаушы заттардың төгінділері – жылына 10000 тонна;

      3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру – жылына 500000 тонна.

      2. Қалған жағдайларда I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді.