Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 187-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ұсынылып отырған ереже бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б. Тортаев) мен Заң департаменті (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2009 жылғы 16 шілдедегі
№ 151 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.08.2015 № 623 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы осы қағида (бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік бюджеттен бюджеттік кредит беру ретінде қаражат бөлудің орындылығын қарау мен айқындау тәртібін анықтайды.
2. Бюджеттік кредиттер:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілген;
2) ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер мәслихаттар шешімімен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде беріледі.
3. Бюджеттік кредиттер беру мынадай:
1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етудің болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
3) бюджеттік кредитті бергені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімдік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қарыз алушылар, түпкілікті қарыз алушылар, сондай-ақ бюджеттік кредиттеу шарттары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес айқындалады.
5. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер берілуі мүмкін.
6. Бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында айқындалған шарттар мен критерийлер сақталған кезде беріледі.
7. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу, қарыз алушылардың шаруашылық қызметі шығындарының орнын толтыру, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) қызметтеріне ақы төлеу мақсаттарына берілмейді.
Заңды тұлғаның шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған ақша нысанында көрсетілген ысырап, материалдық және ақша ресурстарын азайтуға әкеп соқтыратын шығыстардың кірістерден асып кетуі шаруашылық қызметінің шығындары деп түсініледі.
8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредит беру арқылы іске асыруға ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредит беру критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
9. Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындауды, төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының орнын толтыруға бағытталған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындауды, төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының орнын толтыруға бағытталған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
10. Бюджеттік комиссия бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаны тиісті бюджет жобасына енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
11. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредит беру кезінде кредиттік шарттың тарапы болып табылады және:
1) қаржы агенттіктерін және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту бойынша ұйымдарды қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді (агенттерді) конкурстық негізде айқындауды;
2) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетуге бақылауды және мониторингіні жүзеге асырады.
12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тиісті бюджеттік комиссия айқындаған тиісті бюджеттен қаржыландырудың шығыстар лимиттері, тізбесі және көлемдері шегінде бюджеттік өтінім жасайды. Бюджеттік өтінім жасаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Қағиданың 14-тармағын сақтай отырып, бюджеттік кредит беру жолымен қаржыландырылуы мүмкін іс-шараларды айқындайды.
13. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі немесе бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қаржы агенттігін және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту бойынша ұйымдарды қоспағанда, сенім білдірілген өкілді (агентті) айқындайды.
Тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бола алады.
14. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға негіздейтін құжаттаманы ұсынады, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) бюджеттік кредит беру есебінен қаржыландыруға ұсынылатын шығыстар және іс-шаралар түрлерінің есептеулері;
2) бюджеттік кредит беру бағыты, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаны іске асырудың экономикалық және қаржылық тиімділігі есебінің бастапқы шарттары мен факторлары туралы ақпарат, жобаны қаржыландырудың балама көздерін және схемасын қарастыру көрсетілген ақпараттық парақ (еркін нысанда ұсынылады);
3) жобаны іске асыру мақсатында бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау үшін негіздеуге арналған ақпарат:
жобаны іске асыруға шығын көлемін растау;
тиісті салада іске асырылатын, оның ішінде екінші деңгейдегі банктер кредиттерін тарту есебінен жобаларды қаржыландыру көздерін талдау;
кредит беру шарттарын негіздеу (оның ішінде мерзімі, сыйақы ставкалары, кредит сомасы және оны өтеу кестесі);
соңғы қарыз алушыларға кредит беру шарттарын негіздеу (мұндай болған жағдайда);
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 152-бабының 6-тармағына сәйкес Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу және бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне сәйкес ұсынылатын көрсеткіштер тізбесі;
4) саланы дамыту басымдықтарына, сондай-ақ бюджеттік кредит беру арқылы іс-шараларды іске асырудың оңтайлы нұсқасының таңдалуы сәйкестігі тұрғысынан тиісті салалық сараптаманың түсіндірме жазбасы және қорытындысы. Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда тиісті салалық сараптаманың қорытындысында ақпаратты көрсету қажет;
5) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап ететін құрылыс қызметін көздейтін іс-шаралар болған жағдайда техникалық-экономикалық негіздемеге ведомстводан тыс кешенді сараптаманың сәйкесінше сараптама қорытындысы, оның ішінде техникалық шарттар бойынша құжаттардың көшірмелері (жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есептеулері қоса беріліп) және жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялауды болжайтын жобалар бойынша жылжымайтын мүліктің тиісті құқық белгілейтін құжаттарының көшірмелері қоса беріліп, техникалық-экономикалық негіздеме ұсынылады.
Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда салалық уәкілетті мемлекеттік органның және ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру (қосу-қалыпқа келтіру жұмыстары) шығыстары бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілет берген заңды тұлғаның қорытындылары талап етіледі.
3. Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау
кезіндегі сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу тәртібі
15. Бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, жергілікті атқарушы органдарына, қаржы агенттіктеріне, сондай-ақ қарыз алушылар ретінде жергілікті атқарушы органдар түпкілікті қарыз алушыларға мемлекеттің әлеуметтік саясат міндеттерін шешу үшін берілетін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін айналым мерзімімен бірге бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айналысқа шығарған тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша орташа өлшемді кіріс мөлшерлемесінің бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операцияларының нәтижелері бойынша алдыңғы тоқсанда қалыптасқаннан төмен емес белгіленеді.
16. Инвестициялық жобаларды іске асырған кезде бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі мынадай дәйектілікте айқындалады: түпкілікті қарыз алушылар үшін – қарыз алушылар үшін. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін кірістілік мөлшерлемесі және қарыз алушылардың маржасына салынатын параметрлер көлемі бойынша есептер мен негіздемелерді ұсынуы тиіс.
Бұл ретте, агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, түпкілікті қарыз алушы үшін мамандандырылған ұйым белгілейтін сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері айналым мерзімі бюджеттің кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа мөлшерлік мөлшерлемесі деңгейінде белгіленетін екі еселік сыйақы мөлшерлемесінен аспауы тиіс.
Бюджеттік кредиттеу кезінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға қаржы агенттері қарыз алушының маржасын салынатын операциялық шығыстардың көлемін ескере отырып есеп айырысу жолымен және ұсынылатын мәні жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 0 %-дан 1,5 %-на дейін айқындалады. Бұл ретте қарыз алушы маржасының құрамындағы әкімшілік шығыстардың деңгейі жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1 %-нан аспауы тиіс, тәуекелді бағалау жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1 %-нан аспауы тиіс.
Бұл көлемдер осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес құжаттама құрамында ұсынылған ақпараттың негізінде есептеледі.
17. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі, республикалық маңыздағы қалалар, астана кредитордың шешімімен бекітіледі.
18. Айналым қаражатын толықтыру мақсатындағы сыйақы мөлшерлемесі осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тиісті есеп айырысулар мен негіздемелерді ұсынған кезде бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ұсыныстары бойынша айқындалады.
Бұл ретте, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның пруденциалды нормативтерін сақтауға тиісті.
4. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін
бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
19. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
20. Тиісті салалық орталық мемлекеттік орган ұсынылған құжаттаманы қарайды және жоспарланатын бюджеттік инвестициялық жоба бойынша салалық қорытындыны дайындайды. Салалық қорытынды оң болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес құжаттаманы бюджеттік кредиттеудің орындылығы туралы экономикалық қорытындыны дайындау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
Жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттеу жолымен қаржыландыруға өтініш берілген жергілікті бюджеттік инвестициялық жоба бойынша тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау үшін енгізеді.
21. Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі құжаттаманы ұсынғаннан кейін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және олар бойынша экономикалық қорытынды әзірлейді.
22. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсінен құжаттар топтамасы келiп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде:
1) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға;
2) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға экономикалық сараптамаға жібереді.
23. Экономикалық сараптама құжаттар топтамасы ұсынылғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде жүргізіледі.
24. Техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының қорытындысын техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға айқындалған тиісті заңды тұлғалар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді.
25. Техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелері оң қорытынды немесе теріс қорытынды болып табылады.
Қорытындыны оны дайындаған ұйымның басшысы немесе оған уәкiлеттi тұлға бекiтедi, қорытындыны дайындаған ұйымның орындаушысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.
26. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасын экономикалық сараптаманың қорытындысын ескере отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне жібереді.
Экономикалық қорытынды экономикалық сараптама қорытындысы алынған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде дайындалады.
5. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін бюджеттік
кредиттеу орындылығын айқындау
27. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау қаржы-экономикалық негіздеме талдауына негізделеді.
28. Бюджеттік кредиттердің қаржы-экономикалық негіздемесі тиісті бюджеттік бағдарламаны іске асыруға бюджет қаражатын салудан негіздемені, орындылықты және нәтижені бағалау құжатын білдіреді.
29. Бұл ретте инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қарастырылатын шет мемлекеттердің аумағында құрылыс салуды көздейтін іс-шаралар болған жағдайда аумағында осы жобаны іске асыру жоспарланған мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте дайындалған техникалық-экономикалық негіздеме мен ол бойынша қорытындыны ұсыну қажет.
6. Қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске
асыру үшін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау
30. Қаржы агенттерін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау:
1) бюджетті кредиттеу есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін;
2) қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымдар) талдауға негізделеді.
Бұл ретте, айналым қаражатын толықтыруға арналған бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау кезінде мамандандырылған ұйымдарды ғана талдау жүзеге асырылады.
31. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақта көрсетілген экономикалық сараптама жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9938 тіркелген, Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларымен айқындалады.
32. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасын экономикалық сараптаманы ескере отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне жібереді.
7. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндеттерін шешу
үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
33. Мемлекеттің әлеуметтік саясат міндеттерін шешу үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау бюджеттік кредиттеу арқылы қаржыландыруға жоспарланған іс-шараларды көздейтін сәйкесінше мемлекетік немесе салалық бағдармаларды немесе оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу арқылы осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі берген құжаттама негізінде жүзеге асырылады.
34. Мемлекеттік немесе салалық бағдарлама жобасы, сондай-ақ осы бағдарламаға бюджеттік кредиттеу арқылы қаржыландыру жоспарланған
іс-шаралар көзделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда бюджеттік комиссияға шығаруға жатады.
35. Осы Қағидалардың 3-тармағының принциптеріне сәйкес келмейтін іс-шараларға бюджеттік кредиттер берілмейді.