Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 187-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ұсынылып отырған ереже бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б. Тортаев) мен Заң департаменті (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2009 жылғы 16 шілдедегі
N 151 бұйрығымен
бекітілген
Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік бюджеттен бюджеттік кредит беру ретінде қаражат бөлудің орындылығын қарау мен айқындау тәртібін анықтайды.
2. Бюджеттік кредиттер:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілген;
2) ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер мәслихаттар шешімімен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде беріледі.
3. Бюджеттік кредиттер:
1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға; P090000545
2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға;
3) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға;
4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының орнын толықтыруға беріледі.
4. Бюджеттік кредиттер беру мынадай:
1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етудің болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
3) бюджеттік кредитті бергені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімдік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредит беру кезінде кредиттік шарттың тарапы болып табылады және:
1) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді (агенттерді) конкурстық негізде айқындауды;
2) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетуге бақылауды және мониторингіні жүзеге асырады.
6. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттік комиссия айқындаған бюджеттік инвестициялық жобаларды тиісті бюджеттен қаржыландырудың шығыстар лимиттері, тізімдері және көлемдері шегінде бюджеттік өтінім жасайды. Бюджеттік өтінім жасаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу жолымен қаржыландырылуы мүмкін іс-шараларды айқындайды.
7. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі немесе бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қаржы агенттігін қоспағанда, сенім білдірілген өкілді (агентті) айқындайды.
Тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бола алады.
8. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзінде мыналарды қамтуы тиіс бюджеттік өтінім береді:
1) стратегиялық жоспар жобасының құрамына енгізілген әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептерді;
2) жұмсалу бағыттары бойынша байланысты гранттардың сомасы міндетті жіктелуімен ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтардағы жағдай бойынша тартылған және пайдаланылған гранттар туралы ақпаратты;
3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтардағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты;
4) мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік мекемелер жүзеге асырған, олардың иелігінде қалатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) ақша шығыстары мен түсімдер болжамын;
5) түсіндірме жазбаны;
6) мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті орган сұрайтын басқа да қажетті ақпаратты.
3. Қарыз алушылар, бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
9. Бюджеттік кредитті алушы, негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемелер алатын кредит шартының тарабы қарыз алушы болып табылады.
10. Мыналар:
1) мамандандырылған ұйымдар - банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке не ұлттық холдингке, не Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар;
2) жергілікті атқарушы органдар;
3) шет мемлекеттер;
4) жеке тұлғалар қарыз алушылар бола алады.
11. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуы кепілмен, кепілдікпен, кепілгерлікпен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да тәсілдермен қамтамасыз етіледі.
Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенттіктеріне республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін.
12. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасы ескеріле отырып, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс.
4. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау талаптары және оны беру шарттары
13. Бюджеттік кредиттер келесі шарттар мен өлшемдер сақталған жағдайда беріледі:
1) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің болмауы;
2) бюджеттік кредит есебінен жүзеге асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
3) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
4) салықтық берешектің болмауы;
5) қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуінің болуы;
6) қарыз алушының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өлшемдерге сәйкес кредиттік қабілеті.
14. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға қарыз алушылардың шаруашылық қызметі шығындарының орнын толтыруға, қарыз алушының сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) қызметтерін төлеу мақсаттарына берілмейді.
5. Қорытынды ережелер
15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік кредит беру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредит беру өлшемдерінің сәйкестілігі мәніне қарайды.
16. Бюджеттік комиссия мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік өтінімдері мен қорытындыларын заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды.
17. Бюджеттік комиссия бюджеттің жобасына бюджеттік бағдарлама қосу бойынша ұсыныстар әзірлейді.