Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 187-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ұсынылып отырған ереже бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б. Тортаев) мен Заң департаменті (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2009 жылғы 16 шілдедегі
№ 151 бұйрығымен
бекітілген
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012.04.18 № 115 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы осы қағида (бұдан әрі - Қағида) мемлекеттік бюджеттен бюджеттік кредит беру ретінде қаражат бөлудің орындылығын қарау мен айқындау тәртібін анықтайды.
2. Бюджеттік кредиттер:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілген;
2) ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер мәслихаттар шешімімен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде беріледі.
3. Бюджеттік кредиттер:
1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;
2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға;
3) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға;
4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының орнын толықтыруға;
5) мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндеттерін шешуге беріледі.
4. Бюджеттік кредиттер беру мынадай:
1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етудің болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
3) бюджеттік кредитті бергені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімдік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Қарыз алушылар, түпкілікті қарыз алушылар, сондай-ақ бюджеттік кредиттеу шарттары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес айқындалады.
6. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер берілуі мүмкін.
7. Бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында айқындалған шарттар мен критерийлер сақталған кезде беріледі.
8. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу, қарыз алушылардың шаруашылық қызметі шығындарының орнын толтыру, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) қызметтеріне ақы төлеу мақсаттарына берілмейді.
9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредит беру арқылы іске асыруға ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредит беру критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 05.08.2013 № 233 бұйрығымен.
10. Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындауды, төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының орнын толтыруға бағытталған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындауды, төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының орнын толтыруға бағытталған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 05.08.2013 № 233 бұйрығымен.
11. Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына қосу бойынша ұсыныстар әзірлейді.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредит беру кезінде кредиттік шарттың тарапы болып табылады және:
1) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді (агенттерді) конкурстық негізде айқындауды;
2) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетуге бақылауды және мониторингіні жүзеге асырады.
13. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тиісті бюджеттік комиссия айқындаған тиісті бюджеттен қаржыландырудың шығыстар лимиттері, тізбесі және көлемдері шегінде бюджеттік өтінім жасайды. Бюджеттік өтінім жасаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Қағиданың 15-тармағын сақтай отырып, бюджеттік кредит беру жолымен қаржыландырылуы мүмкін іс-шараларды айқындайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 05.08.2013 № 233 бұйрығымен.
14. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі немесе бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қаржы агенттігін қоспағанда, сенім білдірілген өкілді (агентті) айқындайды.
Тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бола алады.
15. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға негіздейтін құжаттаманы ұсынады, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) бюджеттік кредит беру есебінен қаржыландыруға ұсынылатын шығыстар және іс-шаралар түрлерінің есептеулері;
2) бюджеттік кредит беру бағыты, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаны іске асырудың экономикалық және қаржылық тиімділігі есебінің бастапқы шарттары мен факторлары туралы ақпарат, жобаны қаржыландырудың балама көздерін және схемасын қарастыру көрсетілген ақпараттық парақ (еркін нысанда ұсынылады);
3) жобаны іске асыру мақсатында бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау үшін негіздеуге арналған ақпарат:
жобаны іске асыруға шығын көлемін растау;
тиісті салада іске асырылатын, оның ішінде екінші деңгейдегі банктер кредиттерін тарту есебінен жобаларды қаржыландыру көздерін талдау;
кредит беру шарттарын негіздеу (оның ішінде мерзімі, сыйақы ставкалары, кредит сомасы және оны өтеу кестесі);
соңғы қарыз алушыларға кредит беру шарттарын негіздеу (мұндай болған жағдайда);
қаржы агенттіктерін бюджеттік кредиттеу кезінде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес ұсынылатын көрсеткіштер тізбесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің (бұдан әрі – Бюджетті атқару ережесі) 565-2-тармағына сәйкес құжаттар тізбесі;
4) саланы дамыту басымдықтарына, сондай-ақ бюджеттік кредит беру арқылы іс-шараларды іске асырудың оңтайлы нұсқасының таңдалуы сәйкестігі тұрғасынан тиісті салалық сараптаманың түсіндірме жазбасы және қорытындысы;
5) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап ететін құрылыс қызметін көздейтін іс-шаралар болған жағдайда техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік, экологиялық және санитариялық-эпидемиялогиялық сараптама қорытындылары, оның ішінде техникалық шарттар бойынша құжаттардың көшірмелері (жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есептеулері қоса беріліп) және жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялауды болжайтын жобалар бойынша жылжымайтын мүліктің тиісті құқық белгілейтін құжаттарының көшірмелері қоса беріліп, техникалық-экономикалық негіздеме ұсынылады.
Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда салалық уәкілетті мемлекеттік органның және ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру (қосу-қалыпқа келтіру жұмыстары) шығыстары бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілет берген заңды тұлғаның қорытындылары талап етіледі.
Бюджеттік кредиттің орындылығы туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті органның экономикалық қорытындысын алу нәтижесі бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінім құрамында бюджеттік кредит бойынша экономикалық қорытындыны заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджетті қалыптастыру (нақтылау) шеңберінде енгізеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 05.08.2013 № 233 бұйрығымен.
3. Бюджеттік кредиттер беру кезіндегі сыйақы ставкаларын
айқындау
16. Бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, қаржы агенті бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін айналым мерзімімен бірге бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айналысқа шығарған тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша орташа өлшемді кіріс ставкасының бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операцияларының нәтижелері бойынша алдыңғы тоқсанда қалыптасқаннан төмен емес айқындайды.
17. Инвестициялық жобаларды іске асырған кезде бюджеттік кредит бойынша сыйақы ставкасы мынадай дәйектілікте айқындалады: түпкілікті қарыз алушылар үшін – қарыз алушылар үшін. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін кірістілік ставкасы және қарыз алушылардың маржасына салынатын параметрлер көлемі бойынша есептер мен негіздемелерді ұсынуы тиіс.
Бұл ретте, агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, түпкілікті қарыз алушы үшін мамандандырылған ұйым белгілейтін сыйақы ставкасының мөлшері айналым мерзімі бюджеттің кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджетті атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа мөлшерлік ставкасы деңгейінде белгіленетін екі еселік сыйақы ставкасынан аспауы тиіс.
Бюджеттік кредиттеу кезінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға қаржы агенттері қарыз алушының маржасын салынатын операциялық шығыстардың көлемін ескере отырып есеп айырысу жолымен және ұсынылатын мәні жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 0 %-дан 1,5 %-на дейін айқындалады. Бұл рет те қарыз алушы маржасының құрамындағы әкімшілік шығыстардың деңгейі жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1 %-нан аспауы тиіс, тәуекелді бағалау жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1 %-нан аспауы тиіс.
Бұл көлемдер осы Қағидалардың 15 және 26-тармақтарына сәйкес құжаттама құрамында ұсынылған ақпараттың негізінде есептеледі.
18. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкасы, республикалық маңыздағы қалалар, астана кредитордың шешімімен бекітіледі
19. Айналым қаражатын толықтыру мақсатындағы сыйақы ставкасы осы Қағидалардың 9-қосымшаға сәйкес тиісті есеп айырысулар мен негіздемелерді ұсынған кезде бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ұсыныстары бойынша айқындалады.
Бұл ретте, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның пруденциалды нормативтерін сақтауға тиісті.
4. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін
бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
20. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит беру жолымен қаржыландыруға мәлімделген республикалық бюджеттік инвестициялық жоба бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы Қағиданың 15-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттаманы енгізеді.
Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит беру жолымен қаржыландыруға мәлімделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік инвестициялық жоба бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысын қоса бере отырып, осы Қағиданың 15-тармағына сәйкес құжаттаманы тиісті орталық салалық уәкілетті органға (республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне) енгізеді.
Тиісті салалық орталық мемлекеттік орган ұсынылған құжаттаманы қарайды және жергілікті бюджеттік инвестициялық жоба бойынша салалық қорытындыны дайындайды. Салалық қорытынды оң болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы Қағиданың 15-тармағына сәйкес құжаттаманы бюджеттік кредит берудің орындылығы туралы экономикалық қорытындыны дайындау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
Жергілікті бюджеттен бюджеттік кредит беру жолымен қаржыландыруға мәлімделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жоба бойынша бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісі осы Қағиданың 15-тармағына сәйкес құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жергілікті бюджеттен бюджеттік кредит берудің орындылығын анықтау үшін енгізеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 05.08.2013 № 233 бұйрығымен.
21. Бюджеттік кредит беру жолымен қаржыландыру жоспарланған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 05.08.2013 № 233 бұйрығымен.
5. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін бюджеттік кредиттеу
орындылығын айқындау
22. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау қаржы-экономикалық негіздеме талдауына негізделеді.
23. Бюджеттік кредиттердің қаржы-экономикалық негіздемесі ішкі саяси қызмет жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы дайындалатын қолданыстағы бюджеттік бағдарламаны іске асыруға бюджет қаражатын салудан негіздемені, орындылықты және нәтижені бағалау құжатын білдіреді.
24. Бұл ретте инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қарастырылатын шет мемлекеттердің аумағында құрылыс салуды көздейтін іс-шаралар болған жағдайда аумағында осы жобаны іске асыру жоспарланған мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте дайындалған техникалық-экономикалық негіздеме мен ол бойынша қорытындыны ұсыну қажет.
6. Қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске
асыру үшін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау
25. Қаржы агенттерін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау:
1) бюджетті кредиттеу есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін;
2) қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымдар) талдауға негізделеді.
Бұл ретте, айналым қаражатын толықтыруға арналған бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау кезінде мамандандырылған ұйымдарды ғана талдау жүзеге асырылады.
26. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік кредиттер бойынша техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
Қаржы агенттерін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ұсынған республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер ұсынуға бағытталған деректердің негізінде жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негізінде (қаржы моделін және сонымен байланысты материалдарды қамтитын) жүргізіледі. Сондай-ақ осы қағидалардың 15-тармағына сәйкес негіздеуші құжаттамаға қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:
Түпкілікті қарыз алушыға талдау жүргізу үшін түпкілікті қарыз алушының алдындағы 3 жылдағы (өтініш берген күніне соңғы есептік кезең) қаржылық есептілік деректері пайдаланылады.
Үш жылдан кем жұмыс істейтін қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымды) талдау үшін нақты жұмыс істеген кезеңіндегі деректер қабылданады.
27. Бюджеттік кредиттер, сондай-ақ қарыз алушының (мамандандырылған ұйымдар) есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау осы қағидаларға қосымшаға сәйкес көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылады.
7. Төменгі тұрған бюджеттердің қолдағы ақша тапшылығын жабу
үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
28. Төменгі тұрған бюджеттің қолдағы ақша тапшылығын жабу үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттама талдауына негізделеді.
8. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндеттерін шешу үшін
бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
29. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндетін шешу үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау тиісті салалық бағдарлама жобасын қарастыру шеңберінде және осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі берген құжаттама негізінде жүзеге асырылады.
30. Салалық бағдарлама жобасы, сондай-ақ осы бағдарламаға бюджеттік кредиттеу арқылы қаржыландыру жоспарланған іс-шаралар қарастырылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда бюджет коммисиясына шығаруға жатады.
31. Осы Қағидалардың 4-тармағының принциптеріне сәйкес келмейтін іс-шараларға бюджеттік кредиттер берілмейді.
Бюджеттік кредиттеудің
орындылығын айқындау
қағидаларға қосымша
Бюджеттік кредит беру негіздемесі есептерінде көрсетілетін
көрсеткіштер тізімі
1. Бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын инвестициялық
жобалардың тиімділігін талдау
1. Инвестициялық жобаға қаражат жұмсаудың тиімділігін айқындау мақсатында инвестициялық жобаның тиімділігіне талдау жүргізілетін болады. Ол үшін мынандай көрсеткіштер пайдаланылады:
қарапайым өтелімділік мерзімі (payback period, PВP);
дисконтталған өтелімділік кезеңі (discounted payback period, DBP);
таза дисконтталған табыс (net present value, NPV);
табыстылықтың ішкі нормасы (internal rate of return, IRR);
табыстылық индексі (profitability index, PI).
2. Қарапайым өтелімділік мерзімі (payback period, PBP) – инвестициялық шығыстар жабылатын жобаны жүзеге асырудың басынан бастап ең аз уақыт интервалы (инвестициялық сатының басталуы). Мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Іо– нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығыстардың мәні;
n – кезеңдер саны;
CFt– t кезеңіндегі таза ақша ағымы.
РВР ұсынатын мәні: егер РВР мәні жобаның ұзақтығынан аз болса жоба тиімді болып саналады.
3. Дисконтталған өтелімділік кезеңі (discounted payback period, DPP) – ол өткеннен кейін ағымдағы таза дисконтталған табыс теріс емес болатын және одан әрі солай болып қалатын ең аз кезең ұзақтығы. Мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Іо– нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығыстардың мөлшері;
n – кезеңдер саны;
CFt– t кезеңіндегі таза ақша ағымы.
r – дисконттау ставкасы.
Дисконттау ставкасы мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Е – есептеудің барлық сатысы үшін бірыңғай болып табылатын дисконт нормасы;
(n-1) – бағалау кезеңі мен келтіру кезі арасындағы аралық (жылдардағы).
Ұсынылатын DPP мәні: DPP мәні аз болған кезде жоба қолайлы деп саналады.
4. Таза дисконтталған табыс (net present value, NPV) – болжамдау кезеңіндегі инвестицияны іске асыру процесінде жүргізілген кірістер мен шығыстардың дисконтталған ақша ағымының айырмашылығы. Мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
n – кезеңдер саны;
CFt– t кезеңіндегі таза ақша ағымы.
r – дисконттау ставкасы.
Іо– нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығыстардың мәні.
Ұсынылатын NPV мәні: NPV оң мәнінде жоба тиімді деп саналады, NPV мәні теріс болған кезде – жоба қабылданбайды, NPV = 0 – жоба пайда да шығын да әкелмейді.
5. Табыстылықтың ішкі нормасы (internal rate of return, IRR) – таза келтірілген табыстың оң (немесе, ең болмағанда, нөлдік) мәнін алуды қамтамасыз ететін дисконттаудың пайыздық ставкасы. Мынандай арақатынастан айқындалады:
мұндағы:
n – кезеңдер саны;
CFt– t кезеңіндегі таза ақша ағымы.
Іо– нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығыстардың мөлшері.
Ұсынылатын IRR мәні: компанияның инвестициялық саясатымен айқындалатын талап етілетін рентабельділік нормасынан IRR есептелген мәні төмен болмаса жоба қолайлы деп саналады; дисконт ставкасына тең IRR кезінде, NPV нөлге тең; IRR капиталды тәуекелсіз жұмсаған жағдайдағыдан артық болуы тиіс инвестор талап етіп отырған капиталға арналған табыс нормасымен салыстырылады.
6. Табыстылық индексі (profitability index, PI) – инвестицияланған қаражаттың бірлігіне арналған табыс сомасын айқындайтын оған жұмсалған қаражатқа жобаның шамамен алғандағы қайтарымдылығы. Мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
n – жобаның ұзақтығы;
CFt– t кезеңіндегі таза ақша ағымы.
r – дисконттау ставкасы.
Іо– нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығыстардың мөлшері.
Ұсынылатын PI мәні: тиімді PI жобасы үшін 1-ден артық болуы тиіс.
2. Қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымдарды) талдау
7. Қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымдарды) (бұдан әрі – Компания) бюджеттік кредиттеудің мақсатқа сай екендігін айқындау мақсатында мамандандырылған ұйымның қаржылық есептілігіне талдау жүргізіледі. Бұл үшін қаржылық есептілікті талдаудың мына түрлері жүргізіледі:
тік талдау (vertical analysis);
көлденең талдау (horizontal analysis);
коэффициенттік талдау (coefficient analysis).
8. Қаржылық есептілікті көлденең және тік талдаудың мақсаты бухгалтерлік баланстың, кірістер мен шығыстар туралы есептің, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің негізгі баптарында болған өзгерістерді ұсынуды білдіреді.
Көлденең (уақытаралық) талдау компанияның деректерін шамамен және абсолюттік түрдегі соңғы екі есепті кезеңдегі деректерін салыстыруды және есептіліктің немесе олардың топтарының жекелеген баптарындағы өзгерістерінің үрдістерін анықтауды білдіреді. Көлденең талдау қаржылық есептіліктің мынандай: 1 «Бухгалтерлік баланс», 2 «Табыстар мен шығындар туралы есеп» және 3 «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп» нысандары бойынша жүргізіледі.
Тік (құрылымдық талдау) талдау жалпы қорытынды көрсеткіштегі есептіліктің жекелеген баптарының үлестік салмағын айқындауды және алынған нәтижені алдыңғы кезеңдегі деректермен салыстыруды білдіреді. Тік талдау қаржылық есептіліктің мынандай: 1 «Бухгалтерлік баланс», 2 «Табыстар мен шығындар туралы есеп» нысандары бойынша жүргізіледі.
9. Коэффициенттік талдау Компанияның қаржылық есептілігін осындай коэффициенттің нормативтік мәндеріне сәйкестігі (ауытқуы) тұрғысынан қаржылық көрсеткіштерді (коэффициенттерді) жинақтаудың көмегімен зерделеу және олардың динамикасының өзгеруі дегенді білдіреді.
Коэффициенттік талдау жүргізу үшін Компанияның қаржылық есептілігінің барлық нысандарынан алынатын деректер қабылданады.
10. Өтімділік коэффициенттері – Компанияның қолда бар ағымдағы (айналымдағы) активтердің есебінен ағымдағы берешектерін өтеу қабілеттігін айқындау үшін есептелетін қаржылық көрсеткіштер. Мұндай көрсеткіштердің мәні Компанияның ағымдағы берешектерінің және осы берешектерді өтеуді қамтамасыз етуі тиіс оның айналымдағы қаражатының мөлшерін салыстыру дегенді білдіреді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (current ratio, CR) Компанияның қолда бар айналымдағы қаражаты есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерін ағымдағы орындау қабілеттігін сипаттайды. Мынандай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
CA – ағымдағы активтер;
CL – ағымдағы міндеттемелер.
Ұсынылатын CR мәні: 1 – 2. <1 мәні төлем қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін екендігін, >4 мәні – қарыз қаражатын пайдаланудың белсенділігінің жеткіліксіздігі және салдары ретінде, меншікті капиталының рентабельділігінің аз екені туралы куәландырады.
11. Меншікті қаражатпен қамтамасыз етілуі коэффициенті (Own Funds Ratio, OFR) оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет Компанияның меншікті айналымдағы қаражатының бар екенін сипаттайды. Мынандай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ЕС – меншікті капитал;
FА – айналымнан тыс активтер;
СА – ағымдағы активтер.
Ұсынылатын OFR мәні: >0,1. Егер есепті кезеңнің аяғындағы коэффициенттің мәні <0,1 болса Компания балансының құрылымы қанағаттанарлықсыз, ал компания төлем қабілеті жоқ болып табылады.
12. Рентабельділік коэффициенті – Компанияға жұмсалған қаражаттың жалпы тиімділігін бағалауға арналған және шығындардан қайтарымдылық деңгейі мен қаражатты пайдалану дәрежесін сипаттайды.
13. Активтердің рентабельділік коэффициенті (return on assets, ROA) Компанияның активтеріне жұмсалған әрбір теңгеге қанша таза пайда келгенін айғақтайды. Мынандай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
NI – таза пайда;
TA – активтердің орта жылдық сомасы.
Ұсынылатын ROA мәні: көрсеткіштің өсіп келе жатқан мәні (серпінде) компания активтерінің пайда туындату қабілеттігі туралы куәландырады.
14. Меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (return on equity, ROE) Компанияның меншікті капиталының бірлігінен алатын таза пайдасын көрсетеді. Мынандай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
NI – таза пайда;
EC – меншікті капиталдың орта жылдық сомасы.
Ұсынылатын ROE мәні: саласына қарай әртүрлі, сонымен қатар, коэффициент мәнінің жоғарылығы оң бағаланады, өйткені капиталға авансланған әрбір теңгеге келетін таза пайда туралы куәландырады.
15. Қарыз капиталының рентабельділік коэффициенті (degree of financial leverage, DFL) қарыз капиталын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Мынандай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ROAEBIT– EBIT бойынша активтердің рентабельділігі;
WACLP – қарыз капиталының орташа өлшенген бағасы (кредит үшін пайыздар ставкасының орташа мөлшері);
TRP – пайдаға салынатын салық ставкасы;
LC – қарыз капиталының орташа сомасы;
EC – меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы.
Ұсынылатын DFL мәні: DFL мәні артық болған сайын, қарыз капиталына келетін пайда да арта береді деп пайымдалады.
16. Инвестициялар рентабельділігі коэффициенті (return on investment, ROI) жобаға жұмсалған ақша қаражатының сомасына қайтарымдылықты көрсетеді. Мынандай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
NI – таза пайда;
IC - инвестияланған капитал;
EC – меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы;
LTL – ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Ұсынылатын ROI мәні: коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, инвестициялар тиімді пайдаланылады.
17. Төлемге қабілеттілік (ұзақ мерзімді перспективадағы қаржылық тұрақтылық) коэффициенттері Компанияның қаржы ресурстарының жағдайын және олардың жол берілетін тәуекел деңгейі жағдайында төлем қабілеттігі сақталған кездегі оның іскерлік белсенділігінің өсуін қамтамасыз ету қабілеттігін сипаттайды.
18. Қаржылық тәуелсіздік қабілеті (equity to total assets, EtTA) авансталған қаржаттың жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Коэффициенттің мәні артық болған сайын қаржылық жағынан неғұрлым тұрақты және сыртқы кредиторлардан тәуелсіз кәсіпорын. Мынандай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
EC – меншікті капитал;
TA – активтер сомасы.
Ұсынылатын EtTA мәні: бұл көрсеткіш үшін нормативтік мән 0,6 тең.
19. Қаржылық левередж коэффициенті (debt ratio, DR) кәсіпорынның қаржылық тәуекеліне тікелей теңбе тең және кәсіпорынның активтерін қаржыландыру көздеріндегі қарыз қаражатының үлесін көрсетеді.
Мынандай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
LC – қарыз капиталы;
EC – меншікті капитал.
Ұсынылатын DR мәні: диапазонда: 0,5 - 0,8.
20. Кредиттердің пайдамен қамтамасыз етілу коэффициенті (percentage of loans profit, PLP) кәсіпорынның кредиттер бойынша борыштарын өтеу мүмкіндіктерін бағалау үшін қолданылады. Мынандай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
EBIT – салықтар мен пайыздарды төлегенге дейінгі пайда;
A – амортизация;
CL – қысқа мерзімді міндеттемелер;
LTL – ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Ұсынылатын PLP мәні: көрсеткіш мәнінің өсуі (динамикасында) кредиттеу қабілеттігі жағдайының жақсаруын айғақтайды.
21. Пайыздарды жабу коэффициенті (times interest earned, TIE) ол пайыздар төлеміне қызмет көрсете алатын кәсіпорынның операциялық пайдасын төмендетудің мүмкін дәрежесін көрсетеді. Мынандай формула бойынша есептеледі:
EBIT – салықтар мен пайыздарды төлегенге дейінгі пайда;
PP – төленетін пайыздар.
Ұсынылатын мәні: >1.
22. Қайтарымдылық коэффициенттері тартылған ресурстарды пайдалану қарқындылығын көрсетеді.
23. Дебиторлық берешектің қайтарымдылық коэффициенті (receivables turnover, RT) бір кезеңнің ішінде орташа есеппен дебиторлық берешектің ақша қаражатына неше рет айналғандығын көрсетеді. Мынандай формула бойынша есептеледі:
NS – өнімді сатудан түскен пайда;
AR – дебиторлық берешектің орташа жылдық құны.
Ұсынылатын мәні: көрсеткіш мәнінің жоғарылығы. Коэффициенттің төмен мәні дебиторлардан қаражатты өндіріп алудың күрделі екенін айғақтайды, тиісінше Компанияға айналым капиталы талап етілуінің артуы туралы куәландырады. Бұл көрсеткіштің мәндерін трендте көрсету маңызды.
24. кредиторлық берешектің қайтарымдылығы коэффициенті (payables turnover, PT)
NS – өнімді сатудан түскен пайда;
AP – кредиторлық берешектің орташа жылдық құны.
Ұсынылатын мәні: көрсеткіш мәнінің жоғарылығы. Көрсеткіш мәнінің төмендігі бір жағынан кредиторларға төлеу проблемаларын, екінші жағынан кредиторлармен тиімді қатынастар орналасқандығы туралы айғақтауы мүмкін. Бірінші себептегі нұсқаны болдырмау мақсатында коэффициенттің мәнін динамикасында талдау қажет.