Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 238 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5531 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орталық депозитарийдің қызметті жүзеге асыру ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сай бекітілсін.
      2. Агенттік Басқармасының "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4265 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Орталық депозитарий 2009 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкестендірсін.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, Орталық депозитарийге мәлімет үшін жіберсін.
      6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ө.Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                    Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2008 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 238 қаулысымен бекітілген 

Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру
ережесі

      Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру жөніндегі осы ереже
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді және орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногындағы қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      1. Осы Ережелердің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) депонент клиенті - номиналды ұстаушы қызметін көрсету туралы олармен жасалған шартқа сәйкес депонент қызметін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      2) есеп айырысу ұйымы - орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша ұлттық валютада (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) және шетел валютасында (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында және шетелде кастодиандық қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, халықаралық және шетел депозитарийлері және кастодиандар) ақшаны аударуды және есепке алуды жүзеге асыратын ұйым;
      3) есепке алу ұйымы – тіркеуші, кастодиан банк, қаржы құралдарын есепке алу үшін орталық депозитарийдің атына жеке шоттар ашылған халықаралық және шетелдік депозитарийлер;
      4) қосалқы шот – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын депонентке (депонент клиентіне) немесе ұйымдарға тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған жеке шот шеңберінде ашылатын қосалқы шот;
      5) резерв орталығы - орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін құрайтын электронды деректердің сақталуын жүзеге асыратын ұйым;
      6) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.
      3. Бірыңғай тіркеушінің ұйымдық құрылымына мыналарды жүзеге асыратын жекелеген бөлімшелер енгізіледі:
      1) депозитарлық қызмет;
      2) қаржы құралдары бойынша кіріс төлеу және оларды өтеу кезінде, сондай-ақ депоненттердің және олардың клиенттерінің ақшасын есепке алу және сақтау үшін ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу барысында қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу үшін ақшаны аудару;
      3) тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу;
      4) қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі клиринг қызметі;
      5) тәуекелдерді басқару;
      6) ішкі аудит.
      Осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген талап бірыңғай тіркеуші қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі клиринг қызметін жүзеге асырған кезде қолданылады.
      Осы тармақта көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін қоса атқаруға жол берілмейді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3-1. Орталық депозитарий меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін құрамы үш адамнан кем емес инвестициялық комитетті құрады.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.
      3-2. Инвестициялық комитеттің құрамына мыналар кіреді:
      1) орталық депозитарийдің атқарушы органының мүшелері;
      2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын орталық депозитарийдің бөлімшесінің басшысы.
      Ескерту. 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.
      3-3. Бірыңғай тіркеушінің атқарушы органы инвестициялық комитетінің мүшелерін сайлауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3-4. Инвестициялық комитеттің қызметінің тәртібі орталық депозитарийдің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
      Ескерту. 3-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.
      4. Орталық депозитарий:
      1) рейтингтік агенттіктерді;
      2) ақпараттық-талдау қызметін көрсететін ұйымдарды;
      3) орталық депозитарийдің қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды;
      4) тіркеушіні;
      5) клиринг немесе есеп айырысу ұйымдарын (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) қоспағанда, заңды тұлғалардың құрылуына және қызметіне қатыспайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      4-1. Орталық депозитарий тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4-2. Орталық депозитарий мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді орталық депозитарий ережелерінің жинағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      5. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесін жасауды және оларды сақтауды күн сайын жүзеге асырады.
      Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады және оларды жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырғанға дейін сақталады.
      Резервтік көшірмелерді сақтау резерв орталығында не сейфтік операцияларды жүзеге асыруға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясын иеленген ұйымда ақпараттың сыртқы тасымалдауыштарында жүзеге асырылады.
      Резервті көшірмелерді сақтау шартын жасаған (бұзған) күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орталық депозитарий бұл туралы уәкілетті органға шарт жасаған (бұзған) ұйымның атауын, сондай-ақ шарт жасалған күн мен оның нөмірін көрсете отырып хабарлайды.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.

2. Депозитарлық қызмет көрсету шарты және
банк шотының шарты

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      6. Депоненттер, олардың клиенттері, орталық депозитариймен тиісті шарт жасасқан эмитенттер және уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар орталық депозитарийдің депозитарлық қызметті жүзеге асыруы кезіндегі клиенттері болып табылады.
      Орталық депозитарий банк шоттарын ашу мен жүргізу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде орталық депозитарийдің клиенттері болып уәкілетті органның лицензиясы негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын, орталық депозитариймен банк (ағымдағы немесе корреспонденттік) шоты шарттарын жасаған депоненттер және ұйымдар болып табылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2011.11.25 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Орталық депозитарийдің ережелер жиынтығын сақтау орталық депозитарийдің депоненттері болып табылатын және (немесе) орталық депозитарий қызметін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
      Орталық депозитарий өз клиенттері мен сауда-саттықты ұйымдастырушыларды ережелер жиынтығындағы барлық өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ ұсынылатын қызметтерді төлеу мөлшері мен тәртібіндегі өзгерістер туралы оларды қолданысқа енгізген күнге дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.
      8. Орталық депозитарий уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын депоненттермен және ұйымдармен депозитарлық қызмет көрсету шарттарын және банк шоты шарттарын жасайды. Шарттар жазбаша нысанда жасалуы тиіс.
      Орталық депозитарий бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметін көрсету кезінде депозитарлық қызмет көрсету шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау туралы шарттың нормалары болуы тиіс.
      Банк шоты шартын жасау талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен белгіленеді.

3. Орталық депозитарийдің депозитарлық қызметі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      9. Орталық депозитарий өз клиенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары мен өзге қаржы құралдары жөніндегі мәмілелерін тіркеу, құқықтарын есепке алуды жүргізу және растау мақсатында жеке шоттарын (қосалқы шоттарын) ашады және күнін, уақытын әрі оларды жүргізу негіздерін көрсете отырып, жеке шоттар (қосалқы шоттар) бойынша барлық операциялардың есебін жүргізеді.
      10. Орталық депозитарий клиенттерінің қаржы құралдарын есептеу орталық депозитарийдің өзіне тиесілі қаржы құралдардан бөлек баланстан тыс шоттарда жүргізіледі.
      11. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шоттар мынадай заңды тұлғаларға ашылады:
      1) бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның берген лицензиясына ие;
      2) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның берген лицензиясына ие;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
      4) бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның берген лицензиясына ие;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясыз дилерлік қызметті жүзеге асырушыларға;
      6) шетел депозитарийлері мен кастодиандарға.
      Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жоғарыда аталған заңды тұлғаларға бір ғана жеке шот ашылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен. 
      12. Осы Ереженің 11-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың жеке шоттарында атына осы жеке шот ашылған орталық депозитарий клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған бір ғана қосалқы шот ашылады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      13. Депоненттер мен олардың клиенттерінің қаржы құралдарының бөлек есепке алынуын қамтамасыз ету үшін депоненттің жеке шотында мынадай қосалқы шоттар ашылады:
      1) депонент атына ашылған және депонентке тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты;
      2) депонент клиентінің атына ашылған және депоненттің белгілі бір клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған ұстаушының қосалқы шоты;
      3) номиналды ұстаушының атына ашылған және номиналды ұстаушыға берілген қаржы құралдарын есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты. Номиналды ұстаушының қосалқы шоты мыналарға ашылады:
      шетелдік депозитарийдің және кастодианның клиентіне;
      басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін кастодианның клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент номиналды ұстаушысына;
      кастодиан клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес номиналды ұстаушысына;
      4) эмитент атына ашылған және эмитент бағалы қағаздардың қайталама рыногында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған эмитенттің қосалқы шоты;
      5) эмитент атына ашылған және осы эмитенттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің қосалқы шоты.
      Жеке шотта депоненттің бір ғана қосалқы шоты ашылуы мүмкін.
      14. Орталық депозитарийдің депоненті номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен кастодиандық, брокерлік және дилерлік қызметті қоса атқарған кезде:
      1) осы Ереженің 13-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар номиналды ұстау қызметін көрсету арқылы брокерлік қызмет корсету туралы жасалған шартқа сәйкес депонентпен ұсынылған қосалқы шотты ашуға бұйрық негізінде ашылады;
      2) осы Ереженің 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар кастодиандық қызмет көрсету шартына сәйкес депонентпен ұсынылған қосалқы шотты ашуға берілген бұйрықтың негізінде мыналардың атына ашылады:
      кастодиандық қызмет көрсетуге берілген оларға тиесілі қаржы құралдарын есепке алатын Қазақстан Республикасының резиденттерінің;
      басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының номиналды ұстаушы резиденттерінің;
      Қазақстан Республикасының резидент еместерінің номиналды ұстаушыларының.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.
      15. Орталық депозитарий клиенттерінің жеке шоттарын (қосалқы шоттарын) ашу және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен белгіленеді.
      16. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркеу жөніндегі операцияларды және ақпараттық операцияларды осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың, сауда-саттықты ұйымдастырушының немесе клиринг ұйымының тиісті бұйрықтары негізінде жүзеге асырады. Ақпараттық операциялар орталық депозитарийдің ережелер жиынтығында көзделген жағдайларда депонент клиенттерінің бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      17. Орталық депозитарий бұйрықты алған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде оның орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды мынадай жағдайларда ресімдейді:
      1) орталық депозитарий клиентінің бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған іс-қимылын тоқтата тұрғанда немесе лицензиясын айырғанда (басқа депонентке номиналды үстауға бағалы қағаздарды аудару жөніндегі немесе орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздарды шығарған операциялар мен ақпараттық операцияларды қоспағанда);
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздардың айналысқа жіберілуін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға (ақпараттық операцияларды қоспағанда) уәкілетті органмен немесе уәкілетті мемлекеттік органдармен бағалы қағаздардың айналысқа жіберілуін тоқтата тұрған немесе тоқтатқан кезде;
      3) бағалы қағаздар шығарылымының талаптарына сәйкес бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуын тоқтата тұрған немесе тоқтатқан кезде (ақпараттық операцияларды қоспағанда);
      4) бұйрықтың орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен белгіленген нысанға сәйкес келмеген кезінде;
      5) толтыру үшін міндетті бұйрық деректемелерінің болмауы, сондай-ақ дұрыстаулар немесе түзетулер болған кезде;
      6) бұйрықтардағы қойылған қол үлгілердің (мөр бедерлеріндегі) нотариат куәландырған үлгілерге (бедерлерге) сәйкес келмегенде;
      7) бұйрықта көрсетілген жеке шот немесе қосалқы шот оқшауланғанда;
      8) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарда қиындық болған кезде;
      9) орталық депозитарий клиенттерінің шоттарында (қосалқы шоттарында) қаржы құралдарының және(немесе) ақшаның қажетті саны болмаған кезде;
      10) қарсы бұйрық болмаған кезде;
      11) номиналды ұстаудағы (номиналды ұстаудан) бағалы қағаздарды енгізу (шығару) жөніндегі орталық депозитарийдің бұйрығын есепке алу ұйымының орындамағаны туралы хабарламаны алған кезде;
      12) мәміле Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген кезде;
      13) орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен белгіленгеннен өзге жағдайларда.
      Жазбаша бас тарту почтамен және (немесе) қолға беру арқылы, және (немесе) электронды почтамен, және (немесе) факсимильді, және (немесе) телексті, және (немесе) телеграфтық хабарламамен немесе Орталық депозитарийдің жиынтықты ережесінде көзделген өзге де мүмкін байланыс түрлері арқылы жіберіледі.
      18. Орталық депозитарий құжат нысанында шығарылған қаржы құралдарын және клиенттердің олар бойынша құқықтары туралы жазбаларды, оның ішінде көрсетілген ақпаратты көшіру жүйесін және жазбаларды сақтаудың қауіпсіз жүйесін пайдалану арқылы сақтау үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.
      19. Орталық депозитарий құжат нысанында шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыруды өзінің орталық депозитарий клиенттерінің жеке шоттарындағы (қосалқы шоттарындағы) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде көрсетілген қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу және куәландыру арқылы жүзеге асырады.
      Орталық депозитарий қаржы құралдары бойынша клиенттердің құқықтарын орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шоттан (қосалқы шоттан) үзінді жазбаны беру арқылы растайды.
      20. Орталық депозитарий материалсыздандырылған қаржы құралдарын Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен сақтауды жүзеге асырады.
      21. Номиналды ұстаудағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу бойынша және оларды өтеген кезде төлем агентінің функцияларын орындау мақсатында орталық депозитарий бір мезгілде клиенттерге номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар (қосалқы шоттар) мен банк шоттарын ашады.
      22. Орталық депозитарий депоненттерінің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алу баланстан тыс шоттарда бөлек жүзеге асырылады.
      Клиенттердің және депоненттердің ақшасын есепке алуды орталық депозитарий екі банктік шоттар ашу жолымен жеке жүзеге асырады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.
      22-1. Орталық депозитарий күн сайын бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашылған шотта бар және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған әрбір клиенттің ақша сомасы туралы брокерлерден және (немесе) дилерлерден мәліметтерді қабылдауды қамтамасыз етеді.
      Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашылған шотта бар және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған әрбір клиенттің ақша сомасы туралы брокерлер және (немесе) дилерлер ұсынған мәліметтерді орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі клиенттің қосалқы шоты жабылған күннен бастап бес жыл ішінде сақтауы тиіс.
      Ескерту. 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.
      23. Қаржы құралдарымен мәмілелерді жасаған кезде ақша бойынша есеп айырысуды орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша орталық депозитарий немесе есеп айырысу ұйымы жүзеге асырады.
      24. Орталық депозитарий қаржы құралдарын номиналды ұстау бойынша функцияларды орындау аясында орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәлімет болмаған оның клиентінің артықшылығы бар сатып алу құқығын іске асыруға өтінімді депоненттен алғаннан кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей осы өтінімді эмитентке жібереді.
      25. Орталық депозитарий номиналды ұстау қызметін көрсету мақсатында өз атына:
      1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде номиналды ұстаушының жеке шотын;
      2) қаржы құралдарын есепке алу үшін кастодиан банктерде, халықаралық және шетелдік депозитарийлердегі жеке шоттарын;
      3) орталық депозитарий кірісті төлеген кезде және(немесе) орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын өтеген кезде алатын ақшаны есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау үшін кастодиан банктерде, халықаралық және шетелдік депозитарийлерде банк шоттарын ашады.
      26. Мемлекеттік бағалы қағаздарды және олар бойынша құқықтарды есепке алуды орталық депозитарий Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Орталық депозитарийдің мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерге депозиторлық қызмет көрсетудің жүзеге асыру шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен айқындалады.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.
      27. Орталық депозитарий клиенттер алдында олардың жеке шоттарының (қосалқы шоттарының), банк шоттарының және көрсетілген шоттар бойынша жасалатын операциялардың жай-күйі туралы есеп береді.
      Клиенттердің жеке шоттарынан (қосалқы шоттарынан) және банк шоттарынан үзінді жазбаларды ұсыну мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен белгіленеді.

4. Жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізу
жөніндегі қызмет

      Ескерту. 4-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.