Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 180 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 18 қаңтарда № 7386 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 29.01.2013 N 24/1-23/88 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, 37-бабы 17-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы (IV шақырылған, кезектен тыс XXXVI сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған, кезекті XXVII сессия) "Екібастұз қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 309/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 382/36 шешімі негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2011 жылға әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-292 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 наурыздағы N 9 "Отарқа" және 2011 жылғы 4 наурыздағы N 10 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) N 101/1 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша комиссия құрамына (бұдан әрі – комиссия):
      Айгүл Қамзақызы Марданова, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы болып;
      Татьяна Алексеевна Тарасова, "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары болып;
      Ирина Петровна Назарчук, "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия мүшесі болып енгізілсін;
      2) комиссия құрамынан Ғ.А. Оспанқұлов, Ә.Қ. Базарбаева, Б.Қ. Құспеков шығарылсын;
      3) 3-тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "республикалық (облыстық) және қалалық газеттерге жазылу үшін біржолғы әлеуметтік көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген өтініш;";
      4-тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "республикалық (облыстық) және қалалық газеттерге жазылу үшін  5100 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Дычко