Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Орталық депозитарий қызметін жүзеге а

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы N 5 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6100 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 253 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2012.01.26 N 83/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 1314-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі мынадай жұмыссыз азаматтардың санаттарымен белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбек етуде шектеулері бар тұлғалар (ДКК);
      2) 50 жастан асқан тұлғалар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
      4) отбасында бірде-бір жұмыс істейтін адам жоқ тұлғалар;
      5) 25 жасқа дейінгі жастағы жастар;
      6) туберкулезбен ауыратын науқастар;
      7) бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
      8) 2009 және 2010 жылдары бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарында оқу бітірген тұлғалар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010.04.09 N 210/3 шешімімен.
      2. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов