Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 83-бабына және 84-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары болып мыналар табылады:
1)
жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы;
2)
басқару органы – директорлар кеңесі;
3)
атқарушы органы – басқарма;
4)
сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген өзге органдар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
2.
Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін құзыретіне осы мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі - листингтік комиссия) құрылады.
3. Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан кем болмайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Листингтік комиссияның құрамына:
1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі;
2) қор биржасы атқарушы органының қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген бағалы қағаздар тізімінің листингі, делистингі немесе санатын ауыстыру мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі;
3) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері кіреді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5.
Листингтік комиссияның құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
6.
Директорлар кеңесі листингтік комиссияның төрағасын листингтік комиссияның мүшелері арасынан сайлайды.
Мыналар:
1) қор биржасының атқарушы органының мүшелері;
2) уәкілетті органның өкілі болып табылатын листингтік комиссияның мүшелері листингтік комиссияның төрағасы болып сайлана алмайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
7. Листингтік комиссияның отырыстары осы қаулының 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік уәкілетті органның өкілін қоса алғанда, листингтік комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде үштен екісі отырысқа қатысу талабымен қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Листингтік комиссияның отырысына бағалы қағаз эмитентінің және жасалған шартқа сәйкес эмитентке оның бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымның өкілдері (бұдан әрі – қаржы консультанты) шақырылуы мүмкін.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8.
Листингтік комиссияның шешімі оның қабылдануына листингтік комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде үштен екісі дауыс берсе қабылданады. Дауыс беруге мыналардың:
1)
бағалы қағаздары көрсетілген шешімге сәйкес қор биржасының тізіміне енгізілетін, осы тізімнен шығарылатын немесе осы тізімнің өзге санатына ауыстырылатын эмитенттің (бұдан әрі осы тармақта – мүдделі эмитент);
2)
мүдделі эмитентке қатысты еншілес ұйымдар немесе тәуелді акционерлік қоғамдар болып табылатын ұйымдардың;
3)
мүдделі эмитент оларға қатысты еншілес ұйым немесе тәуелді акционерлік қоғам болып табылатын ұйымдардың;
4)
үшінші ұйымға қатысты мүдделі эмитентпен бірге еншілес ұйымдар немесе тәуелді акционерлік қоғамдар болып табылатын ұйымдардың;
5)
мүдделі эмитентке қызметтер көрсететін қаржы консультантының, маркет-мейкердің, андеррайтердің;
6) осы тармақтың 1), 2, 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалармен үлестес тұлғалардың қызметкерлері және (немесе) өкілдері болып табылатын листингтік комиссияның мүшелері қатыспайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9.
Листингтік комиссия қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.
10.
Қор биржасы эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша қор биржасы директорлар кеңесінің комитетін (бұдан әрі - эмитенттер аудиті жөніндегі комитет) құрады, олардың функциялары мыналар болып табылады:
1) эмитенттердің қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді (эмитенттердің қаржылық есептілігін аралық шолу бойынша аудиторлық ұйымдардың есептерін) қарау, олардың бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжануда немесе енгізілген, осы қаулының 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қор биржасы бөлімшесінің сұрауы бойынша көрсетілген есептерді қарау нәтижелері туралы тиісінше ақпаратты дайындау;
2) қор биржасының ресми тізіміне эмитенттердің болуы және олардың бағалы қағаздарын енгізу үшін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесін қалыптастыру;
3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге функциялар.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.03.27. N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
11. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамына:
1) уәкілетті органның өкілі;
2) қор биржасының атқарушы органының мүшесі;
3) негізгі функциясы бағалы қағаздар листингі болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) негізгі функциясы бағалы қағаздардың листингтік талаптарға болашақта сәйкес келуіне мониторинг жүргізу болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
5) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері кіреді.
Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің шешімі бойынша оның отырыстарына қатысу үшін аудит және қаржылық есептілік саласында кәсіби білімі бар сарапшылар шақырылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12.
Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
13.
Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің төрағасын директорлар кеңесі осы комитет мүшелерінің арасынан сайлайды.
14.
Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
15.
Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің қызмет тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.
15-1.
Меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу бойынша инвестициялық шешім қабылдау үшін қор биржасы құрамы үш адамнан кем емес инвестициялық комитетті құрады.
Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
15-2.
Инвестициялық комитеттің құрамына мыналар кіреді:
1)
қор биржасының атқарушы органының мүшелері;
2)
тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын қор биржасы бөлімшесінің басшысы;
3)
қор биржасының өзге қызметкерлері.
Ескерту. 15-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
15-3.
Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15-4.
Инвестициялық комитеттің қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Ескерту. 15-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
16.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдастырушылық құрылымына негізгі функциялары мыналар болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді:
1)
қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру;
2)
ақпаратты өндеу және тарату;
3)
сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін программалық қамтамасыз ету;
4)
сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін техникалық қамтамасыз ету;
5)
тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және оларға мониторинг жүргізу;
6)
ішкі аудит және бақылау.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
17. Қор биржасының ұйымдық құрылымына негізгі функциялары мыналар болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді:
1)
бағалы қағаздар листингі;
2) бағалы қағаздардың листинг талаптарына бұдан былай сәйкес келу мониторингі;
3) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау қызметін жүзеге асыру.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18.
Қоса беріліп отырған Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
19.
Агенттік Басқармасының " Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 152 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3045 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, N 16, 129-құжат) күші жойылды деп танылсын.
20.
Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
21.
Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өздерінің ұйымдастырушылық құрылымдарын және ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
22.
Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1)
Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2)
осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
23.
Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
24.
Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым |
Е. Бахмутова |
Қазақстан Республикасы Қаржы |
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі
Осы Ереже «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қызметінің тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1.
Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі - қадағалау бөлімшесі) негізгі функциялары болып мыналар табылады:
1)
қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;
2)
жасалу параметрлері мен талаптары осы мәмілелер бағалы қағаздар рыногында манипуляция жасау мақсатында жасалған деп болжау жасауға негіз болатын, қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау (бұдан әрі - күмәнді);
2-1) клиентті тиісті тексеру бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдау;
3)
қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселесі бойынша қор биржасының сараптама комитетіне (бұдан әрі – сараптама комитеті) күмәнді мәмілелер туралы мәліметтер беру;
4)
қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген өзге функциялар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2.
Қор биржасының қадағалау бөлімшесін басшы басқарады және қор биржасының атқарушы органының мүшесі оған жетекшілік етеді.
3.
Қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері күмәнді мәмілелерді анықтағанда есеп дайындайды, онда мыналар қамтылады:
1)
оның негізінде бағалы қағаздармен мәміле күмәнділердің санына жатқызылған критерийдің сипаттамасы;
2)
күмәнды мәміленің параметрлері және қажет болғанда оның графикалық суреті;
3)
өзара байланысты күмәнды мәмілелер тобының құрамына жататын күмәнды мәміле үшін - мұндай мәмілелердің параметрлері және қажет болғанда осы топтың графикалық суреті;
4)
күмәнды мәміле бағалы қағаздар рыногында манипуляциялау мақсатында жасалды деп қорытынды жасауға мүмкіндік беретін басқа мәліметтер;
5)
күмәнды мәмілені жасауға болжамды себебі және бағалы қағазға нарықтық бағаның өзгеруіне осы мәміленің әсер етуі, сұраныс пен ұсыныстардың ара қатынасы және (немесе) мәміле қатысушыларының кірістері мен шығындары келтірілген талдау бөлігі;
6)
есепті жасаған қадағалау бөлімшесі қызметкерінің қойылған қолы;
7)
қадағалау бөлімшесі бастығының қойылған қолы;
8)
қадағалау бөлімшесіне бақылау жасайтын қор биржасының атқарушы органы мүшесінің қор биржасының сараптама комитетіне есеп жіберу туралы қарары.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4.
Күмәнды мәміле туралы есеп осы мәмілені жасаған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.