Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызмет

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 152 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 2 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3045. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерiнде "Талдықорған акционерлiк көлiк-электр желiсi компаниясы", жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерiнде "Оралэнерго" Батыс Қазақстан электр тарату желiсi компаниясы", жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерiнде "Қызылорда электр тарату желiсi компаниясы", жарғылық капиталдың 90 (тоқсан) пайызы мөлшерiнде "Жезқазған электр тарату желiсi компаниясы" акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакетiн акционерлiк қоғамдардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оларға электрмен жабдықтау жөнiндегi функцияларды бере отырып, осы функцияларды бiртiндеп бәсекелес ортаға беру шартымен дербес заңды еншiлес кәсiпорындар құқығында энергиямен жабдықтау ұйымдарын құру шартымен коммерциялық тендерде сатуды жүзеге асырсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 1) тармақшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.21. N 822 Қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi