Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 19 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5495 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 83-бабына және 84-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары болып мыналар табылады:
      1) жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы;
      2) басқару органы – директорлар кеңесі;
      3) атқарушы органы – басқарма;
      4) сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген өзге органдар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      2. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін құзыретіне осы мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі - листингтік комиссия) құрылады.
      3. Л истингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
      4. Листингтік комиссияның құрамына мыналар кіреді:
      1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі;
      2) қор биржасының атқарушы органының қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген бағалы қағаздар тізімінің листингі, делистингі немесе санатын ауыстыру мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі;
      3) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері.
      Қор биржасының листингтік комиссияның құрамына қор биржасының ірі акционерінің өкілі кіреді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Листингтік комиссияның құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
      6. Директорлар кеңесі листингтік комиссияның төрағасын листингтік комиссияның мүшелері арасынан сайлайды.
      Листингтік комиссияның төрағасы мыналар:
      1) қор биржасының атқарушы органының мүшелері;
      2) уәкілетті органның өкілдері болып табылатын листингтік комиссияның мүшелері сайланбайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Листингтік комиссияның отырыстары осы қаулының 4-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органның өкілін қоса алғанда, листингтік комиссияның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі отырыста қатысу талабымен қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Листингтік комиссияның отырысына бағалы қағаз эмитентінің және жасалған шартқа сәйкес эмитентке оның бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізу мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсететін ұйымының өкілдері (бұдан әрі – қаржы кеңесшісі) шақырылуы мүмкін.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Листингтік комиссияның шешімі листингтік комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екісінен кем емесі оны қабылдауға дауыс берсе, ол қабылданады.
      Листингтік комиссияның отырыстарына мыналар:
      1) листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру жөніндегі мәселесі қаралатын бағалы қағаз эмитентінің қызметкерлері немесе қаржы кеңесшісінің, осы эмитентке қызмет көрсететін маркет-мейкердің немесе андеррайтердің қызметкерлері;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылатын листингтік комиссияның мүшелері қатыспайды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      9. Листингтік комиссия қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.
      10. Қор биржасы эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша қор биржасы директорлар кеңесінің комитетін (бұдан әрі - эмитенттер аудиті жөніндегі комитет) құрады, олардың функциялары мыналар болып табылады:
      1) эмитенттердің қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді (эмитенттердің қаржылық есептілігін аралық шолу бойынша аудиторлық ұйымдардың есептерін) қарау, олардың бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжануда немесе енгізілген, осы қаулының 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қор биржасы бөлімшесінің сұрауы бойынша көрсетілген есептерді қарау нәтижелері туралы тиісінше ақпаратты дайындау;
      2) қор биржасының ресми тізіміне эмитенттердің болуы және олардың бағалы қағаздарын енгізу үшін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесін қалыптастыру;
      3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге функциялар.
       Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.03.27. N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      11. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамына мыналар кіреді:
      1) уәкілетті органның өкілі;
      2) қор биржасының атқарушы органының мүшесі;
      3) негізгі функциясы бағалы қағаздардың листингі және листинг талаптарына бағалы қағаздардың бұдан былай сәйкес келу мониторингі болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      4) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері;
      5) (алынып тасталды - 2009.03.27. N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы айқындаған қор биржасы эмитенттерінің аудиті жөніндегі комитеттің құрамына уәкілетті органның өкілі кіреді.
      Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің шешімі бойынша оның мәжілістеріне қатысу үшін аудит және қаржылық есептілік саласында кәсіптік білімі бар сарапшылар шақырылады.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.03.27. N 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 03.02.2014 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      12. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
      13. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің төрағасын директорлар кеңесі осы комитет мүшелерінің арасынан сайлайды.
      14. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      15. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің қызмет тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.
      15-1. Меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу бойынша инвестициялық шешім қабылдау үшін қор биржасы құрамы үш адамнан кем емес инвестициялық комитетті құрады.
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      15-2. Инвестициялық комитеттің құрамына мыналар кіреді:
      1) қор биржасының атқарушы органының мүшелері;
      2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын қор биржасы бөлімшесінің басшысы;
      3) қор биржасының өзге қызметкерлері.
      Ескерту. 15-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      15-3. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15-4. Инвестициялық комитеттің қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
      Ескерту. 15-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
       16. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдастырушылық құрылымына негізгі функциялары мыналар болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді:
      1) қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру;
      2) ақпаратты өндеу және тарату;
      3) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін программалық қамтамасыз ету;
      4) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін техникалық қамтамасыз ету;
      5) тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және оларға мониторинг жүргізу;
      6) ішкі аудит және бақылау.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
      17. Қор биржасының ұйымдастырушылық құрылымына негізгі функциялары мыналар болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді:
      1) бағалы қағаздардың листингі және листинг талаптарына бағалы қағаздардың бұдан былай сәйкес келу мониторингі;
      2) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау бойынша қызметті жүзеге асыру.
      18. Қоса беріліп отырған Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      19. Агенттік Басқармасының " Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 152 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3045 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, N 16, 129-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      20. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      21. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өздерінің ұйымдастырушылық құрылымдарын және ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      22. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      23. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      24. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                         Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының       
2008 жылғы 28 қарашадағы  
N 195 қаулысымен бекітілді 

Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі

      Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына , "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің қызмет тәртібін белгілейді.
      1. Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі - қадағалау бөлімшесі) негізгі функциялары болып мыналар табылады:
      1) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;
      2) жасалу параметрлері мен талаптары осы мәмілелер бағалы қағаздар рыногында манипуляция жасау мақсатында жасалған деп болжау жасауға негіз болатын, қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау (бұдан әрі - күмәнді);
      3) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді манипуляция жасау мақсатында жасалған деп тану мәселесі жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің комитетіне (бұдан әрі – сараптама комитеті) күмәнді мәмілелер туралы мәліметтерді беру;
      4) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген өзге функциялар.
      2. Қор биржасының қадағалау бөлімшесін басшы басқарады және қор биржасының атқарушы органының мүшесі оған жетекшілік етеді.
      3. Қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері күмәнді мәмілелерді анықтағанда есеп дайындайды, онда мыналар қамтылады:
      1) оның негізінде бағалы қағаздармен мәміле күмәнділердің санына жатқызылған критерийдің сипаттамасы;
      2) күмәнды мәміленің параметрлері және қажет болғанда оның графикалық суреті;
      3) өзара байланысты күмәнды мәмілелер тобының құрамына жататын күмәнды мәміле үшін - мұндай мәмілелердің параметрлері және қажет болғанда осы топтың графикалық суреті;
      4) күмәнды мәміле бағалы қағаздар рыногында манипуляциялау мақсатында жасалды деп қорытынды жасауға мүмкіндік беретін басқа мәліметтер;
      5) күмәнды мәмілені жасауға болжамды себебі және бағалы қағазға нарықтық бағаның өзгеруіне осы мәміленің әсер етуі, сұраныс пен ұсыныстардың ара қатынасы және (немесе) мәміле қатысушыларының кірістері мен шығындары келтірілген талдау бөлігі;
      6) есепті жасаған қадағалау бөлімшесі қызметкерінің қойылған қолы;
      7) қадағалау бөлімшесі бастығының қойылған қолы;
      8) қор биржасының директорлар кеңесінің сараптама комитетіне есепті жібергені туралы қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін қор биржасының атқарушы органы мүшесінің қарары.
      4. Күмәнды мәміле туралы есеп осы мәмілені жасаған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.