Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 19 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5495 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 83-бабына және 84-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары болып мыналар табылады:
      1) жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы;
      2) басқару органы – директорлар кеңесі;
      3) атқарушы органы – басқарма;
      4) қадағалау органы – ішкі аудит қызметі.
      2. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін құзыретіне осы мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі - листингтік комиссия) құрылады.
      3. Л истингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
      4. Листингтік комиссияның құрамына мыналар кіреді:
      1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілі;
      2) листинг, делистинг немесе қор биржасының сауда жүйесінде айналымға жіберілген бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелеріне жетекшілік ететін қор биржасының атқарушы органының мүшесі;
      3) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері.
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңымен айқындалған қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның өкілі кіреді.
      5. Листингтік комиссияның құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
      6. Листингтік комиссияның төрағасын қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның мүшелері арасынан сайлайды. Қор биржасының листингтік комиссиясының мүшелері болып табылатын қор биржасының басшы қызметкерлері листингтік комиссияның төрағасы болып сайланулары мүмкін емес.
      7. Листингтік комиссияның отырысы осы қаулының 4-тармығында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органның (-дардың) өкілін (-дерін) қоса алғанда, листингтік комиссияның мүшелерінің жалпы санынан үштен екісінен кем емесі отырыста қатысу талабымен қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Листингтік комиссияның отырысына бағалы қағаз эмитентінің және жасалған шартқа сәйкес эмитентке оның бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушының (бұдан әрі – қаржы кеңесшісі) ресми тізіміне енгізу мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсететін ұйымының өкілдері шақырылуы мүмкін.
      8. Листингтік комиссияның шешімі листингтік комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екісінен кем емесі оны қабылдауға дауыс берсе, ол қабылданады.
      Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселесі қаралатын бағалы қағаз эмитентіне және (немесе) оның қаржы кеңесшісіне қатысты аффилиирленген листингтік комиссияның мүшелері дауыс беруге қатыспайды.
      9. Листингтік комиссия қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.
      10. Қор биржасының ресми тізіміне бағалы қағаздары енгізілуі көзделетін немесе енгізілген эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша қорытындыны дайындау үшін қор биржасы эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша қор биржасының директорлар кеңесінің комитетін (бұдан әрі - эмитенттер аудиті жөніндегі комитет) құрады. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің қорытындысы листинг немесе бағалы қағаздар тізімінің сыныбын ауыстыру мәселелерін қарастырғанда листингтік комиссияға ұсынылады.
      11. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамына мыналар кіреді:
      1) уәкілетті органның өкілі;
      2) қор биржасының атқарушы органының мүшесі;
      3) негізгі функциясы бағалы қағаздардың листингі және листинг талаптарына бағалы қағаздардың бұдан былай сәйкес келу мониторингі болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      4) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері;
      5) аудит саласында кәсіби білімдері бар тәуелсіз сарапшылар.
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңымен айқындалған қор биржасының эмитенттер аудиті жөніндегі комитетінің құрамына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның өкілі кіреді.
      12. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
      13. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің төрағасын директорлар кеңесі осы комитет мүшелерінің арасынан сайлайды.
      14. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      15. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің қызмет тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.
      16. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдастырушылық құрылымына негізгі функциялары мыналар болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді:
      1) қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру;
      2) ақпаратты өндеу және тарату;
      3) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін программалық қамтамасыз ету;
      4) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін техникалық қамтамасыз ету.
      17. Қор биржасының ұйымдастырушылық құрылымына негізгі функциялары мыналар болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді:
      1) бағалы қағаздардың листингі және листинг талаптарына бағалы қағаздардың бұдан былай сәйкес келу мониторингі;
      2) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау бойынша қызметті жүзеге асыру.
      18. Қоса беріліп отырған Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      19. Агенттік Басқармасының " Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 152 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3045 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, N 16, 129-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      20. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      21. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өздерінің ұйымдастырушылық құрылымдарын және ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      22. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      23. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      24. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                         Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының       
2008 жылғы 28 қарашадағы  
N 195 қаулысымен бекітілді 

Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі

      Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына , "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің қызмет тәртібін белгілейді.
      1. Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі - қадағалау бөлімшесі) негізгі функциялары болып мыналар табылады:
      1) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;
      2) жасалу параметрлері мен талаптары осы мәмілелер бағалы қағаздар рыногында манипуляция жасау мақсатында жасалған деп болжау жасауға негіз болатын, қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау (бұдан әрі - күмәнді);
      3) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді манипуляция жасау мақсатында жасалған деп тану мәселесі жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің комитетіне (бұдан әрі – сараптама комитеті) күмәнді мәмілелер туралы мәліметтерді беру;
      4) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген өзге функциялар.
      2. Қор биржасының қадағалау бөлімшесін басшы басқарады және қор биржасының атқарушы органының мүшесі оған жетекшілік етеді.
      3. Қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері күмәнді мәмілелерді анықтағанда есеп дайындайды, онда мыналар қамтылады:
      1) оның негізінде бағалы қағаздармен мәміле күмәнділердің санына жатқызылған критерийдің сипаттамасы;
      2) күмәнды мәміленің параметрлері және қажет болғанда оның графикалық суреті;
      3) өзара байланысты күмәнды мәмілелер тобының құрамына жататын күмәнды мәміле үшін - мұндай мәмілелердің параметрлері және қажет болғанда осы топтың графикалық суреті;
      4) күмәнды мәміле бағалы қағаздар рыногында манипуляциялау мақсатында жасалды деп қорытынды жасауға мүмкіндік беретін басқа мәліметтер;
      5) күмәнды мәмілені жасауға болжамды себебі және бағалы қағазға нарықтық бағаның өзгеруіне осы мәміленің әсер етуі, сұраныс пен ұсыныстардың ара қатынасы және (немесе) мәміле қатысушыларының кірістері мен шығындары келтірілген талдау бөлігі;
      6) есепті жасаған қадағалау бөлімшесі қызметкерінің қойылған қолы;
      7) қадағалау бөлімшесі бастығының қойылған қолы;
      8) қор биржасының директорлар кеңесінің сараптама комитетіне есепті жібергені туралы қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін қор биржасының атқарушы органы мүшесінің қарары.
      4. Күмәнды мәміле туралы есеп осы мәмілені жасаған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.