Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 648 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5493 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 143-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада   белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                           Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 648 бұйрығымен бекітілген

Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған
үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы

      1. Осы үлгілік біліктілік талаптары облыс бюджетінен, республикалық мәні бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтерінің (бұдан әрі - ОМО ІБҚ) және атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінің (бұдан әрі - АО ІБҚ) қызметкерлері үшін белгіленген.
      2. Осы үлгілік біліктілік талаптары негізінде ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органдар ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлері үшін олардың штат кестесінде көзделген ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді.
      Ескерту. 3-тармақта барлық мәтін бойынша «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылды, «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылды, «алты» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын, «төрт» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.06.02 N 266 Бұйрығымен.
      3. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (бұдан әрі - мемлекеттік органдардың басшылық немесе өзге де лауазымдары) ОМО ІБҚ басшылары жоғары кәсіби білімінің, мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда төрт жылдан кем емес, оның ішінде екі жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы.
      АО ІБҚ басшылары, сондай-ақ басқа да ОМО ІБҚ қызметкерлері жоғары кәсіби білімінің, мемлекеттік қызмет істері бойынша екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (бакалавриат) бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің болуы, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес, оның ішінде бір жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы тиіс.
      АО ІБҚ басқа қызметкерлерінің жоғары кәсіби білімінің, кемінде бір жыл мемлекеттік қызмет өтілінің болуы, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (магистратура) аяқтауы тиіс.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.06.02 N 266, 2011.09.01 № 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
      4. Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне мынадай: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының бюджетеңбекәкімшіліказаматтық заңнамаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, нормативтік құқықтық актілерін, аудиторлық қызмет туралыбухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамаларын, мемлекеттік бюджетті жоспарлау және оның атқарылуы саласындағы, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша заңнаманы, Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білу талаптары қойылады, сонымен қатар негізгі мамандығының бейіні бойынша мерзімді қайта даярлау курстарын өткендігі туралы куәлігінің болуы қажет.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.06.02 N 266 Бұйрығымен.