Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен

     Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Азаматтық авиация ұйымдарында радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалану және ұшуды электротехникалық қамтамасыз ететiн авиациялық мамандарды аттестациялауды өткiзудi ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациядан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 528 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестацияға тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар)  тiзiмдемесiне енгiзiлсiн (нормативтi-құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде 1858 нөмірмен тiркелген) келесi қосымшалар енгiзiлсiн:
      Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациядан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесi келесi тармақтармен толықтырылсын:
      "10. Радиолокация, радионавигация, байланыс жөнiндегi инженерлерге";
      "11. Ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi инженерлерге";
      "12. Радиолокация, радионавигация, байланыс жөнiндегi техниктерге";
      "13. Ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi техниктерге".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

       Төраға