Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 28 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5115 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 11-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      2007 жылғы 25 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 638 бұйрығымен бекітілген

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

      2. Жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастыру бюджеттiк қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты (бiлiм беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.
      Бiлiм беру гранты Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкiлдерiне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына берiледi.
      Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      4. ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.
      Кешендi тестiлеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсiптiк орта оқу орындарын бiтiрушiлер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желiсi бойынша шетелде оқыған жалпы бiлiм беретiн мектепті бiтiрушiлер, өзбек, ұйғыр және тәжiк тілдерiнде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептi бiтiрушiлер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бiтiрген азаматтар үшін өткізіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      5. Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

      6. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына қабылдау 1-қосымшаға сәйкес кешендi тестiлеудiң немесе ҰБТ сертификатындағы балдарға сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына медициналық мамандықтардан басқа ақылы негiзде қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
      Ұқсас мамандықтарға қабылдау бекітілген тізбеге сәйкес өткізіледі.
      Кәсiптiк жоғары бiлiмi бар (жоғары) азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негiзде қысқартылған мерзiмде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

      8. Екi немесе одан көп елдер арасында мемлекетаралық келiсiмдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде белгiленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде жүзеге асырады.
      Шетел азаматтарын ақылы негізде шетел тілінде оқытуға қабылдау жоғары оқу орындары оқыту тілінде жүргізетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      9. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде "Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 296 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.
      Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавр және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесі осы Қабылдаудың үлгі ережесінің 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      10. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн жоғары бiлiм берудiң жекелеген мамандықтары бойынша оқуға қабылдауды ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

      11. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты (бұдан былай - шығармашылық мамандықтары) қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан былай - шығармашылық емтихандар) нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      12. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
      Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
      Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.
      6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтiнiштердi қабылдау мерзiмiн тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейдi.

      13. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны - екеу.
      Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
      Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны - 25.
      Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
      Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      14. Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсу кезiнде өтiнiштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.

2. Кешенді тестілеуді өткізу

      15. Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.
      Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін азаматтарға кешенді тестілеу азаматтың таңдаған ЖОО-ға бекітілген базалы ЖОО-да өтеді.

      16. Жергілiктi жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн талапкерлердiң кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнiнде мемлекеттік комиссиялар құрылады (бұдан әрi - мемлекеттік комиссия).
      Мемлекеттік комиссия тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданған (ақпараттық материалдар, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы телефон, пейджер және басқа да байланыс құралдары) талапкерлердің тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.

      17. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiшін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртекті (квитанция), 3х4 көлемiндегi екi фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн тапсырады.

      18. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

      19. Кешендi тестiлеуге келген талапкер куәлiгiн (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуi тиiс.

      20. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты пән бойынша өткізіледі.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      21. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
      Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және дүниежүзі тарихы.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      22. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      23. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.

      24. Тестiлеуден кейiн өткiзiлетiн жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейiн бiрден дұрыс жауаптар коды iлiнедi.

      25. Сертификаттарды алу үшiн өткiзiлген тест нәтижелерiн мемлекеттік комиссия тест сынағы өткiзiлген күнi жариялайды.

      26 . Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгiленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейiнгi үш күнтізбелік iшiнде бередi.

      27. Тест сынағының нәтижесiмен келiспеген азаматтың апелляцияға өтініш беруге құқы бар.
      Апелляциялық комиссия әрбір базалы ЖОО-да құрылады.
      Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша талас тудыратын сұрақтарды республикалық аппеляциялық комиссия қарайды.

3. Білім беру грантын тағайындау тәртібі

       Ескерту. 3-тарау алынып тасталды - ҚР Білім және Ғылым министрінің 2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

4. Жоғары оқу орындарына қабылдау

      44. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткiзедi.
      Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.
      Ескерту. 44-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      45. Мемлекеттiк бiлiм беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлiк алған азаматтар, куәлiкте көрсетiлген ЖОО-ға қабылдау туралы өтiнiш бередi және ЖОО ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
      Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын тағайындау туралы куәлiгi барлар өздерi арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.

      46. Ақылы оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 45 балл келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 3 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
      Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.
      Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдары есепке алына отырып жүргізіледі.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.06.18 N 359 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.

      47. 6-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды талапкерлердің медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткiштерiн ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімімен жүргізіледі.

      48. Меншiк нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгiленген нысанда және белгіленген мерзiмде ақпаратты ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейiн 10 күннiң iшiнде қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (А.Т.Ә, мамандығы) бередi.

      49. Осы Үлгі ережеде регламенттелмеген мәселелердi ЖОО-ның қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.

                                     Білім және ғылым министрінің
                                      2007 жылғы 19 желтоқсандағы
                                      N 638 бұйрығымен бекітілген
                                     Жоғары білім берудің кәсіптік
                                        оқу бағдарламаларын іске
                                     асыратын білім беру ұйымдарына
                                    оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне
                                                1-қосымша

Күштік және өзге құрылымдарға ведомстволық бағынысты
жоғары оқу орындарының тізбесі

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Білім және Ғылым
министрінің 2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

N

Жоғары оқу орнының атауы

Орналасқан жері

1.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлі-
гінің академиясы

Алматы қ.

2.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қарағанды заң институты

Қарағанды қ.

3.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің
Академиясы

Қостанай қ.

4.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің  Құрлықтағы әскерлердің әскери институты

Алматы қ.

5.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің "Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Я. Бегелдинов атындағы" Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты

Ақтөбе қ.

6.

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнін-
дегі агенттігінің Қаржы полициясы академиясы

Ақмола облысы

7.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Көкшетау техникалық институты

Көкшетау қ.

8.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің Әскери институты

Алматы қ.

9.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ішкі әскерлердің Әскери институты

Петропавл қ.

10.

(алынып тасталды - ҚР Білім және Ғылым министрінің
2009.06.05 N 271 (қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен)

11.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің Ұлттық қорғаныс университеті

Көкшетау қ.

12.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы

Алматы қ.

13.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты

Алматы қ.

14.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-
нің Радиоэлектроника мен байланыс әскери-
инженерлік институты

Алматы қ.

                                     Білім және ғылым министрінің
                                      2007 жылғы 19 желтоқсандағы
                                      N 638 бұйрығымен бекітілген
                                     Жоғары білім берудің кәсіптік
                                        оқу бағдарламаларын іске
                                     асыратын білім беру ұйымдарына
                                    оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне
                                                2-қосымша

    Ауылдық бiлiм беру ұйымдарын бiтiрген азаматтар
үшiн арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасының жоғары арнайы бiлiм және бакалавриат мамандықтарының тiзбесi

Код

     Мамандықтар топтары және мамандықтардың атауы   

Бакалавриат мамандығы

1. Бiлiм беру

050101 Мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу  

050102 Бастапқы оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi            

050103 Педагогика және психология                               

050104 Бастапқы әскери дайындық                                 

050105 Дефектология                                             

050106 Музыкалық бiлiм                                          

050107 Бейнелеу өнерi және сызу                                 

050108 Дене шынықтыру және спорт                                

050109 Математика                                               

050110 Физика                                                   

050111 Информатика                                              

050112 Химия                                                    

050113 Биология                                                 

050114 Тарих                                                    

050115 Құқық және экономика негіздері                           

050116 География                                                

050117 Қазақ тiлi мен әдебиетi                                  

050118 Орыс тiлi мен әдебиетi                                   

050119 Шет тілі: екі тіл                                       

050120 Кәсіптік оқыту            

050121 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен
       әдебиеті 

050122 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен
       әдебиеті

2. Гуманитарлық ғылымдар

050203 Тарих                                                    

050204 Мәдениеттану                                             

050206 Дінтану                                                  

050208 Археология және этнология                                

3. Өнер

050404 Дәстүрлі музыка өнері                                    

050418 Кiтапханатану және библиография                          

050419 Мұражай ісі және ескерткіштер қорғау                     

4. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

050504 Журналистика                                             

050505 Аймақтану

050506 Экономика                                                

050507 Менеджмент                                               

050508 Есеп және аудит                                          

050510 Мемлекеттік және жергілікті басқару                      

050511 Маркетинг                                                

5. Жаратылыстану ғылымдары

050601 Математика                                               

050602 Информатика                                              

050604 Физика                                                   

050606 Химия                                                    

050607 Биология                                                 

050608 Экология                                                 

050609 География                                                

050610 Гидрометеорология                                        

6. Техникалық ғылымдар және технологиялар

050701 Биотехнология                                            

050703 Ақпараттық жүйелер                                       

050706 Геология және пайдалы қазбалар көздерiн барлау           

050708 Мұнай-газ iсi                                            

050711 Геодезия және картография                                

050713 Көлiк, көлiк техникасы және технологиясы                 

050715 Теңiз техникасы мен технологиясы                         

050717 Жылу энергетикасы                                        

050718 Электр энергетикасы                                      

050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар       

050724 Техникалық машиналар және жабдықтар                      

050725 Ағаш өңдеу технологиясы                                  

050726 Жеңiл және тоқыма өнеркәсiбi тауарлары мен заттары
       технологиясы                                             

050727 Тағамдық заттар технологиясы                             

050728 Өңдеу өндiрiстер технологиясы                            

050729 Құрылыс                                                  

050731 Қоршаған ортаны қорғау және өмiр сүру қауiпсiздiгi       

050732 Стандарттау, сертификаттау және метрология               

7. Ауыл шаруашылық ғылымдары

050801 Агрономия                                                

050802 Зоотехния

050803 Аң өндiру және аң аулау                                  

050804 Балық шаруашылығы                                        

050805 Суды қолдану және су ресурстары                          

050806 Агроинженерия

050807 Орман шаруашылық iсi                                     

050808 Топырақтану және агрохимия   

050809 Жеміс-көкөніс шаруашылығы                      

050810 Мелиорация, жерді баптау және қорғау

8. Қызмет көрсету

050901 Көлiктi пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды
       ұйымдастыру                                              

050903 Жерге орналастыру                            

050904 Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис                     

050905 Әлеуметтiк жұмыс                                         

050906 Мәдени түрде дем алу жұмысы                              

9. Әскери iс және қауiпсiздiк

051001 Өрт қауiпсiздiгi                                         

10. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету (медицина)

051101 Мейіркештік ісі                        

051102 Қоғамдық денсаулық сақтау

051103 Фармация

Жоғары арнайы бiлiм мамандықтары

2. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету (медицина)

051301 Жалпы медицина

051302 Стоматология

3. Ветеринария

051201 Ветеринарлық медицина                                    

051202 Ветеринарлық санитария                                   

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Білім және ғылым министрінің
                                        2008 жылғы 19 желтоқсандағы
                                        N 638 бұйрығымен бекітілген
                                      Жоғары білім берудің кәсіптік
                                         оқу бағдарламаларын іске
                                            асыратын білім беру
                                              ұйымдарына оқуға
                                           қабылдаудың үлгілік
                                          ережелеріне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008.04.18 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

        ҰБТ және кешенді тестілеу жүргізілетін пәндер
              көрсетілген мамандықтар тізбесі

Код

Мамандықтар топтары
мен мамандықтар
атауы

Таңдау
бойынша
пәндер

Бейіндік пән

Бакалавриат мамандықтары

1. Білім

050101

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Биология

Математика

050102

Бастапқы оқытудың
педагогикасы мен
әдістемесі

Биология

Математика

050103

Педагогика және
психология

Биология

Биология

050104

Бастапқы әскери дайындық

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050105

Дефектология

Биология

Биология

050106

Музыкалық білім

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050107

Бейнелеу өнері және сызу

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050108

Дене шынықтыру және
спорт

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050109

Математика

Физика

Математика

050110

Физика

Физика

Физика

50111

Информатика

Физика

Математика

050112

Химия

Химия

Химия

050113

Биология

Биология

Биология

050114

Тарих

Дүниежүзі
тарихы

Дүниежүзі
тарихы

050115

Құқық және экономика
негіздері

Дүниежүзі
тарихы

Дүниежүзі
тарихы

050116

География

География

География

050117

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ
әдебиеті

Қазақ тілі

050118

Орыс тілі мен әдебиеті

Орыс
әдебиеті

Орыс тілі

050119

Шет тілі: екі шет тілі

Шет тілі

Шет тілі

050120

Кәсіптік білім

Физика

Математика

050121

Қазақ тілінде
оқытпайтын мектептер-
дегі қазақ тілі мен
әдебиеті

Қазақ
әдебиеті

Қазақ тілі

050122

Орыс тілінде оқытпай-
тын мектептердегі
орыс тілі мен
әдебиеті

Орыс әдебиеті

Орыс тілі

2. Гуманитарлық ғылымдар

050201

Философия

Дүниежүзі
тарихы

Дүниежүзі тарихы

050202

Халықаралық
қатынастар

Шет тілі

Шет тілі

050203

Тарих

Жалпы әлем
тарихы

Дүниежүзі тарихы

50204

Мәдениеттану

Дүниежүзі
тарихы

Қазақстан
тарихы

050205

Филология

Әдебиет

Ана тілі

050206

Дінтану

Дүниежүзі
тарихы

Дүниежүзі
тарихы

050207

Аударма ісі

Шет тілі

Шет тілі

050208

Археология және
этнология

Дүниежүзі
тарихы

Қазақстан
тарихы

050209

Шығыстану

Шет тілі

Шет тілі

050210

Шетел филологиясы

Шет тілі

Шет тілі

050211

Теология

Дүниежүзі
тарихы

Қазақстан
тарихы

3. Құқық

050301

Құқықтану

Дүниежүзі
тарихы

Дүниежүзі
тарихы

050302

Халықаралық құқық

Шет тілі

Шет тілі

050303

Құқық қорғау қызметі

Дүниежүзі
тарихы

Дүниежүзі
тарихы

050304

Кеден ісі

Дүниежүзі
тарихы

Дүниежүзі
тарихы

4. Өнер

050401

Музыкатану

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050402

Аспаптық орындау

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050403

Вокалдық өнер

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050404

Дәстүрлі музыка өнері

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050405

Дирижирлеу

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050406

Режиссура

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050407

Актерлық өнер

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050408

Эстрадалық өнер 

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050409

Хореография

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050410

Сценография

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050411

Композиция

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050412

Операторлық өнер

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050413

Кескіндеме

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050414

Графика

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050415

Мүсін

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050416

Өнертану

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050417

Сәндік өнер

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050418

Кітапханатану және библиография

Әдебиет

Әдебиет

500419

Мұражай ісі және
ескерткіштерді қорғау

Дүниежүзі
тарихы

Қазақстан
тарихы

050420

Сәулет

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050421

Дизайн

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050422

Баспа ісі

Әдебиет

Әдебиет

5. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

050501

Социология

Дүниежүзі
тарихы

Қазақстан
тарихы

050502

Политология

Дүниежүзі
тарихы

Қазақстан
тарихы

050503

Психология

Биология

Биология

050504

Журналистика

2-шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050505

Аймақтану

Шет тілі

Шет тілі

050506

Экономика

География

Математика

050507

Менеджмент

География

Математика

050508

Есеп және аудит

География

Математика

050509

Қаржы

География

Математика

050510

Мемлекеттік және
жергілікті басқару

География

Математика

050511

Маркетинг

География

Математика

6. Жаратылыстану ғылымдары

050601

Математика

Физика

Математика

050602

Информатика

Физика

Математика

050603

Механика

Физика

Математика

050604

Физика

Физика

Физика

050605

Ядролық физика

Физика

Физика

050606

Химия

Химия

Химия

050607

Биология

Биология

Биология

050608

Экология

Биология

Биология

050609

География

География

География

050610

Гидрометеорология

География

География

050611

Астрономия

Физика

Физика

7. Техникалық ғылымдар және технологиялар

050701

Биотехнология

Биология

Биология

050702

Автоматтандыру және басқару

Физика

Математика

050703

Ақпараттық жүйелер

Физика

Математика

050704

Есептеу техникасы
және бағдарламалық
қамтамасыз ету

Физика

Математика

050705 

Математикалық және
компьютерлік моделдеу

Физика

Математика

050706

Геология және пайдалы
қазбалар кең
орындарын барлау

Физика

Математика

050707

Тау-кен ісі

Физика

Математика

050708

Мұнай-газ ісі

Физика

Математика

050709

Металлургия

Физика

Математика

050710

Материалтану және
жаңа материалдар
технологиясы

Физика

Физика

050711

Геодезия және
картография

География

Математика

050712

Машина жасау

Физика

Математика

050713

Көлік, көлік
техникасы және
технологиясы

Физика

Математика

050714

Авиациалық техника
және технологиялары

Физика

Физика

050715

Теңіз техникасы және
технологиялары

Физика

Математика

050716

Приборлар жасау 

Физика

Математика

050717

Жылу энергетикасы

Физика

Математика

050718

Электр энергетикасы

Физика

Математика

050719

Радиотехника,
электроника және
телекоммуникациялар

Физика

Математика

050720

Бейорганикалық
заттардың химиялық
технологиясы

Химия

Химия

50721

Органикалық заттардың
химиялық технологиясы

Химия

Химия

050722

Полиграфия

Физика

Физика

050723

Техникалық физика

Физика

Физика

050724

Техникалық машиналар
және жабдықтар

Физика

Физика

050725

Ағаш өңдеу технологиясы

Физика

Математика

050726

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының
технологиясы және
конструкциялау

Физика

Физика

050727

Азық-түлік тағамдары
технологиясы

Химия

Химия

050728

Өңдеу өндірістерінің
технологиясы

Химия

Химия

0729

Құрылыс

Физика

Математика

050730

Құрылыс материалдарын,
бұйымдарын және
конструкцияларын
өндіру

Физика

Математика

050731

Қоршаған ортаны қорғау және өмір
тіршілігінің
қауіпсіздігі

Физика

Математика

050732

Стандарттау,
метрология және
сертификаттау

Физика

Математика

050733

Тоқыма
материалдарының
технологиясы және
жобалануы

Физика

Математика

8. Ауылшаруашылық ғылымдары

050801

Агрономия

Биология

Биология

050802

Зоотехния

Биология

Биология

050803

Аң өсіру және аңшылық

Биология

Биология

050804

Балық шаруашылығы

Биология

Биология

050805

Су ресурстары және
суды қолдану

География

География

050806

Агроинженерия

Физика

Математика

050807

Орман шаруашылық ісі

Физика

Математика

050808

Топырақтану және
агрохимия

Биология

Биология

050809

Жеміс-көкөніс шаруашылығы

Биология

Биология

050810

Мелиорация, рекультивация және
жерді қорғау

Биология

Математика

9. Қызмет көрсету

050901

Көлікті пайдалану
және жүк қозғалысы
мен тасымалдауды
ұйымдастыру

Физика

Математика

050902

Туризм

География

География

050903

Жерге орналастыру

География

Математика

050904

Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис

География

География

050905

Әлеуметтік жұмыс

География

География

050906

Мәдени-тынығу жұмысы

2 шығармашы-
лық емтихан

1-ші шығарма-
шылық емтихан

050907

Кадастр

География

География

050908

Бағалау

География

Математика

10. Әскери іс және қауіпсіздік

051001

Өрт қауіпсіздігі

Физика

Математика

051002

Ақпараттық қауіпсіз-
дендіру жүйесі

Физика

Математика

11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету
(медицина)

051101

Мейірбике ісі

Биология

Биология

051102

Қоғамдық денсаулық
сақтау

Биология

Биология

051103

Фармация

Химия

Химия

Жоғары арнайы білім мамандықтары

2. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

051301

Жалпы медицина

Биология

Биология

051302

Стоматология

Биология

Биология

3. Ветеринария

051201

Ветеринарлық медицина

Биология

Биология

051202

Ветеринарлық
санитария

Биология

Биология

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 638 бұйрығымен бекітілген

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық
актілер тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы", Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1118 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері 2000 жылғы N 6 бюллетенінде жарияланған бұйрығының;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1514 тіркелген бұйрығының;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 394 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1859 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері 2002 жылғы N 30 бюллетенінде жарияланған бұйрығының;
      4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2003 жылғы 22 ақпандағы N 116-1 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1118 тіркелген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2211 тіркелген бұйрығының;
      5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 наурыздағы N 241 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1118 тіркелген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2808 тіркелген бұйрығының;
      6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 149 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3559 тіркелген, 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 174»"Юридическая газета" газетінде жарияланған бұйрығының;
      7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 353 "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3681 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері 2005 жылғы қыркүйек N 18 бюллетенінде жарияланған бұйрығының;
      8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 95» "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4133 тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымдағы«"Юридическая газета" газеті N 109-110 жарияланған бұйрығының;
      9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 150» "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4638 тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымдағы»"Юридическая газета" газеті N 90 жарияланған бұйрығының күші жойылды деп танылсын.