"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 95 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4133. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 Бұйрығымен

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Терроризмге қарсы орталығы Басшысының бiрiншi орынбасары Бексұлтан Сәрсекұлы Сәрсековтiң өкiлеттiк мерзiмiнiң ұзартылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Терроризмге қарсы орталығы Басшысының бiрiншi орынбасары Бексұлтан Сәрсекұлы Сәрсековтiң өкiлеттiк мерзiмi iшiнде оның қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстар 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 002 "Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен белгіленсiн.
      2. Қоса берiлiп отырған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Терроризмге қарсы орталығы Басшысының бiрiншi орынбасары Бексұлтан Сәрсекұлы Сәрсековтiң қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстар сметасы бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Yкiметiнiң
                                            2006 жылғы 27 ақпандағы
                                               N 133 қаулысымен
                                                   бекiтiлген

       Ескерту. Сметаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.06.  N 666 (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі ) Қаулысымен.

       Б.С. Сәрсековтiң Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы)
   ТМД-ның Терроризмге қарсы орталығындағы қызметiн қамтамасыз
                 етуге байланысты шығыстар сметасы

Шығыстар атауы Сомасы

Ақшалай қамту

1 000 АҚШ доллары

Тұрғын үйдi жалға алу

2100 АҚШ доллары

Бiр айдағы шығыстар жиыны:

3100 АҚШ доллары

Барлық ағымдық шығыстар:
2006 - 2008 жылдарға - 2433 х 15 + 3100 х 21=101595 АҚШ доллары.
1 АҚШ доллары бағамының 2006 жылы - 127 теңге, 2007 жылы - 117 теңге болғанын ескере отырып, 2006 - 2008 жылдар кезеңінде тағайындалу мерзіміне арналған барлық шығыстар 101595 АҚШ долларын құрайды.