Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде N 1118-бен тiркелген "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнің 2000 жылғы 25 наурыздағы бұйрығына өзгер

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 22 ақпандағы N 116-1 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2211. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 Бұйрығымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 4, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесінде:
      6-тармақта:
      "ақша" деген сөздің алдынан "қағаз" деген сөзбен толықтырылсын;
      "(немесе)" деген сөз алынып тасталсын;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
      тақырыбындағы, мәтіндегі және ескертудегі "Ақша" деген сөздің алдынан "Қағаз" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі