"Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығына өзгерістер мен толық

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 213 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 24 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5197 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 230 Бұйрығымен

      " Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына сәйкес, тұрғын үй нарығындағы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Астана қаласының әкіміне пәтерлер сатып алуға аудару үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен нысаналы трансферттер түрінде "41000000000 (қырық бір миллиард) теңге, 2008 жылы - 21500000000 (жиырма бір миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін, 2009 жылы 19500000000 (он тоғыз миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлу көзделсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.23 N 1206 Қаулысымен.
      2. Астана қаласының әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес Астана қаласының құрылыс объектілеріндегі құрылыс салушылардан бір шаршы метр үшін құны 115000 (бір жүз он бес мың) теңгеден аспайтын пәтерлерді сатып алсын.
      3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарына және олардың еншілес ұйымдарына заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласының құрылыс объектілеріндегі пәтерлерді сатып алу ұсынылсын.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 1048 , 2009.07.20. N 1101 Қаулыларымен.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов