Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 295 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 23 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4521 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):

      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға



  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
N 295 қаулысымен
бекітілген

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Заң) және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алуға арналған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынылған өтінішхат қабылданған күнінен бастап екі ай ішінде қаралады.

      Өтінішті қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе банкті таратуға рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тартады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Уәкілетті органға банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтініш тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беруді жүзеге асырғаннан кейін беріледі.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 203 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының заңдары талаптарына сәйкес келмейтін ұсынылған құжаттар өтініш иесіне қайтарылады. Құжаттарды қайта ұсынған кезде оларды қарау мерзімі қайтадан саналады.

      3. Мемлекетаралық банктерді қайта ұйымдастыру және тарату ерекшеліктері сол банктерді құру туралы шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтайшы құжаттарымен белгіленеді.

      4. Уәкілетті орган Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттардың тізілімін және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктерді ерікті түрде таратуға берілген рұқсаттардың тізілімін жүргізеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсат беруден бас тарту тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Банк (банк холдингі) уәкілетті органға Заңның 60-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидалардың 3-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша оны ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (бірігуге, қосылуға, бөлінуге, бөлініп шығуға, қайта құруға) рұқсат беру туралы өтінішхатты ұсынады.

      Заңның 60-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріле отырып, өтінішхат қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5-1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы банкті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін ол кредиттік серіктестік болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, банк Қағидалардың 2-1-тарауында көзделген тәртіппен жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару жолымен оларды қайтарып беру, сондай-ақ құрылатын кредиттік серіктестік қатысушыларының депозиттерін қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не басқа банкке аудару жолымен оларды қайтарып беру шараларын қабылдайды.

      Қайта ұйымдастырылатын банк банктің бұрын жасалған шарттары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау не осы шарттарды бұзу шараларын жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін қайта ұйымдастырылатын банк уәкілетті органға Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, кредиттік серіктестікке қайта құру жолымен оны қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттеріне қатысты, сондай-ақ осы тармақ талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып өтініш жасайды.

      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      6. Қайта ұйымдастырылатын банк (банк холдингі) қайта ұйымдастыруды жүргізу үшін уәкілетті органның рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде банктің интернет-ресурстарына тиісті хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық депозиторларын, клиенттерін, корреспонденттерін және қарыз алушыларын алда болатын өзгерістер туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту Заңның 61-бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешімде бас тартудың негіздері көрсетіледі. Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап банкке (банк холдингіне) жазбаша түрде бас тарту туралы шешімнің көшірмесімен қоса беріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-1-тарау. Жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру тәртібі

      Ескерту. 2-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 203 Қаулысымен.

      7-1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оның ерікті таратылуы туралы шешім қабылдағаннан кейін банк тікелей оларды төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру жөнінде шаралар қабылдайды.

      7-2. Тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар жатады:

      1) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша банк міндеттемесі сомасын анықтау;

      2) тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін болғалы отырған қайтарып беру жөніндегі хабарландыруларды кем дегенде екі республикалық мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау;

      3) тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін болғалы отырған қайтарып беру жөніндегі хабарландыруларды банк клиенттерінің назарын аударатын көрнекті орынға орналастыру.

      7-3. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру және депозиттерді банктің таңдауы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару туралы депозиторлардан өтінішті қабылдау рәсімі хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жүзеге асырылады.

      Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру депозитті қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде депозиторлардың жазбаша қарсылығының болмауы депозитордың депозитті аударуға келісімі ретінде қаралады.

      Ескерту. 7-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7-4. Банк жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарым жасау рәсімінің мерзімі өткен күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзім ішінде депозиттерді аударым жасау жөнінде өтініш берген депозитор-жеке тұлғалардың, сондай-ақ депозитін алуға келмеген не алынған сыйақы сомасын көрсете отырып, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке депозитін аударым жасауға өтініш бермеген, салым бойынша депозиторлар есептеген және алған сыйақы сомасын көрсеткен депозитор-жеке тұлғалардың тізімдерін қалыптастырады және банктерге жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жіберуді жүзеге асырады.

      Ұсыныста депозиттердің жалпы сомасы, оның ішінде депозиторлардың салым бойынша есептелген және алынған сомасы, сондай-ақ банктің филиалдары бөлігіндегі депозитор-жеке тұлғалардың жалпы саны көрсетіледі.

      Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға тілек білдірген банктер жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жіберілген күннен бастап бес күн ішінде банкке жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға тілек білдіргендігі жөнінде еркін нысанда өтініш береді.

      7-5. Банк ұсыныс жіберген күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс білдіргендігі туралы банкке еркін нысанда өтініш берген, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін банкті таңдауды жүзеге асырады:

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын;

      2) уәкілетті органның депозиттер қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашатын және жүргізетін, қассалық операциялар жасайтын қолданыстағы лицензиясы бар;

      3) соңғы үш күнтізбелік ай ішінде пруденциалдық нормативтерді сақтайтын, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау сомасын ескеріп;

      4) уәкілетті органның банкке және (немесе) оның басшы қызметкеріне қолданған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялары болмайтын;

      5) ерікті таратылатын банктің депозиторларына қызмет көрсететін филиалдары бар.

      7-6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банкті таңдау туралы шешім уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

      Уәкілетті орган құжат келіп түскен күннен бастап он күндік мерзімде жазбаша түрде банкке банк шешімін қарау қорытындысы туралы мәлімет жібереді.

      Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударуға қатысты ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 7-6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7-7. Жеке тұлғалардың депозиттерін, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды және басқа құжаттарды) аударым жасау ерікті таратылатын банк пен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің арасында жасалатын жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарттың және екі данада жасалған жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актінің негізінде банктің шешімін уәкілетті органмен келіскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      7-8. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) банктің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша аударым жасаған күнгі міндеттемелерінің мөлшері;

      2) ерікті түрде таратылатын банктің филиалдары бойынша депозитор жеке тұлғалардың тізімі, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      депозитордың жеке сәйкестендіру коды (банк шотының нөмірі);

      депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туылған күні;

      депозитордың жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;

      жеке сәйкестендіру нөмірі;

      депозитордың заңды мекенжайы, тұрғылықты орны;

      банк шоты және (немесе) банк салымы шарты жасалған күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі;

      салым бойынша сыйақы мөлшерлемелері;

      депозит сомасы, сондай-ақ салым бойынша есептелген және депозитор алған сыйақы сомасы;

      3) берілетін істердің (құжаттардың) саны.

      Ескерту. 7-8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7-9. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасауға байланысты барлық шығыстарды мойнына алады және жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау күнін қосқандағы депозиттер бойынша сыйақыны есептейді.

      7-10. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні аралығында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің көшірмесін және жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шартты жібереді.

      7-11. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, жеке тұлғалардың депозиттері аударым жасалған банк бір ай мерзім ішінде депозиттері оған жіберілген жеке тұлғалардың банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасайды.

      7-12. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау жөніндегі ақпаратты республикалық мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

      7-13. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдаған банктің ұсынысы бойынша жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарт бұзылған жағдайда осы банк:

      1) ерікті таратылатын банктің жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарын өтейді;

      2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісі бойынша

      осының алдында қабылданған депозиттер сомасын және тиісті құжаттарды

      қайтарады.

3-тарау. Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Банк уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) таратудың себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының банкті ерікті түрде тарату туралы шешімін;

      2) жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарттың көшірмесін және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін;

      3) акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген өзінің қызметін (таратудың негізгі іс-шаралар жоспары) тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері көрсетілген іс-шаралар тізбесін;

      4) өзінің міндеттемелері бойынша есептесулерді жүзеге асыру үшін банк қаражатының жеткіліктілігі туралы куәландыратын соңғы есепті күнге жасалған баланстық есепті;

      5) банктерді аудиттен өткізуге құқылы тәуелсіз аудиторлық ұйым растаған банк активтерінің құнын бағалау жөніндегі есепті;

      6) Қағидалардың 5-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша тарату комиссиясына, оның ішінде банктердің филиалдарында және (немесе) өкілдіктерінде құрылатын оның бөлімшелеріне мүшелікке кандидаттардың тізімін және басқа да қажетті мәліметтерді қоса бере отырып, Қағидалардың 4-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша оны ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты ұсынады.

      Талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып, өтінішхат қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Уәкілетті органның банкті ерікті таратуға шешімді беру туралы шешімі оны өтініш иесі алған күннен бастап күшіне енеді.

      10. Заңның 69-бабында көзделген негіздемелер бойынша банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Банк ерікті түрде таратуға рұқсат алған кезде банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензиялардың түпнұсқаларын уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       4-тарау. <*>

      Ескерту. 4-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банктерді ерікті түрде
таратуға рұқсат беру, сондай-ақ
жеке тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттардың тізілімі

Банктің (банк холдингінің) атауы

Банктер (банк холдингтері) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы хаттамасының күні мен нөмірі

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі

Банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) атауы

Банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлға (заңды тұлғалар) қызметінің түрі







  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банктерді ерікті түрде
таратуға рұқсат беру, сондай-ақ
жеке тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктерді ерікті түрде таратуға берілген рұқсаттардың тізілімі

Банктің атауы

Банктер акционерлерінің жалпы жиналысы хаттамасының күні және нөмірі

Банкті ерікті түрде таратуға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі

Банктің таратылғанын әділет органдарында тіркеу туралы ақпарат






  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банктерді ерікті түрде
таратуға рұқсат беру, сондай-ақ
жеке тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      №______

      күні____________

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің

      Төрағасы

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге,             бөлініп шығуға, қайта құруға) рұқсат беру туралы Өтініш хат

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      банк (банк холдингі) акционерлерінің

      ________________________________________________________________________________

      (өткізілген орны)

      жалпы жиналысының_____жылғы "___"_______№____шешіміне сәйкес банкті (банк

      холдингін) (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру)

      (керегінің асты сызылсын) арқылы

      ________________________________________________________________________________

      (банкті (банк холдингін)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға (тұлғаларға) ерікті түрде

      қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Банк (банк холдингі) өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігі,

      сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және

      құжаттардың уәкілетті органға уақтылы ұсыну үшін толық жауап береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша

      даналар және парақтар саны көрсетіледі):

      Банк акционерлерінің атынан уәкілеттік берілген адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса)), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

      _____________

      (қолы)

      Мөр орны (бар болса)

  "Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банктерді ерікті түрде
таратуға рұқсат беру, сондай-ақ
жеке тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       ______жылғы "__" ____ Қазақстан Республикасы Ұлттық

       № ________ Банктің Төрағасына

Банкті ерікті түрде тарату үшін рұқсат алуға арналған
ӨТІНШХАТ

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _____________________________________________________________________

       (өтініш берушінің атауы)

      банк акционерлерінің____________________________________________жалпы

       (өткізілген орны)

      жиналысының ______жылғы "___"________№______шешіміне сәйкес

      _____________________________________________________________________

       банкін ерікті түрде таратуға рұқсат беруді сұрайды.

      Банк өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық көлемде

      қанағаттандыруға міндеттенеді.

      Банк өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың

      дәйектілігі, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратқан қосымша ақпарат пен құжаттарды уәкілетті органға уақтылы ұсыну үшін

      толық жауап береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін,

      әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):

      Банк акционерлерінің атынан уәкілеттік берілген тұлға

       ________________

       (қолы)

       мөр

  "Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банктерді ерікті түрде
таратуға рұқсат беру, сондай-ақ
жеке тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды басқа банкке
аудару қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Тарату комиссиясының, оның ішінде банктің филиалдарында және (немесе) өкілдіктерінде құрылатын оның бөлімшелерінің мүшелігіне кандидаттар тізімі

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/с

Кандидаттың тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Кандидаттың жұмыс орны

Кандидаттың лауазымы

Туған жылы

Білімі туралы деректер (оқу орнының атауы, мамандығы, оқу кезеңі)

Жұмыс тәжірибесі

Нақты тұрғылықты мекенжайы

Байланыс телефоны

ЖСН

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10