Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 203 Қаулысымен.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса берілген Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру ережесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 203 Қаулысымен.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
N 295 қаулысымен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға
немесе таратуға рұқсат беру , сондай-ақ тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру ережесі
Ескерту. Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 203 Қаулысымен.
Осы Ереже " Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы рыногын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - банк) ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 203 Қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Уәкілетті орган банктен құжаттардың толық пактімен қоса берілген өтінішхатты қабылдап алған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей банкті ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тартады.
1-1. Уәкілетті органға банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтініш тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беруді жүзеге асырғаннан кейін беріледі.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 203 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының заңдары талаптарына сәйкес келмейтін ұсынылған құжаттар өтініш иесіне қайтарылады. Құжаттарды қайта ұсынған кезде оларды қарау мерзімі қайтадан саналады.
3. Мемлекетаралық банктерді қайта ұйымдастыру және тарату ерекшеліктері сол банктерді құру туралы шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтайшы құжаттарымен белгіленеді.
4. Уәкілетті орган осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ерікті қайта ұйымдастыру немесе таратуға берілген рұқсаттардың тізілімін жүргізеді.
2-тарау. Банкті ерікті қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру тәртібі
5. Банк уәкілетті органға Заңның 60-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып осы Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша оны ерікті қайта ұйымдастыруға (бірігуге, қосылуға, бөлінуге, бөлініп шығуға, қайта ұйымдастыруға) рұқсат беру туралы өтінішхат ұсынады.
6. Қайта ұйымдастырылатын банк қайта ұйымдастыруды өткізу үшін уәкілетті органның рұқсатын алған күннен бастап екі апта мерзімде өзінің барлық депозиторларын, клиенттерін, корреспонденттері мен заемшыларын тікелей құлағдар ету жолымен және тиісті хабарландыруды кемінде екі республикалық газетте жариялай отырып ақпараттандырады.
7. Уәкілетті орган банктің ерікті тарауына рұқсат беруден бас тартуды Заңның 61-бабында белгіленген негіздер бойынша жүргізеді.
2-1-тарау. Тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге
міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын
басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың
депозиттерін қайтарып беру тәртібі
Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 203 Қаулысымен.
7-1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оның ерікті таратылуы туралы шешім қабылдағаннан кейін банк тікелей оларды төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру жөнінде шаралар қабылдайды.
7-2. Тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар жатады:
1) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша банк міндеттемесі сомасын анықтау;
2) тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін болғалы отырған қайтарып беру жөніндегі хабарландыруларды кем дегенде екі республикалық мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау;
3) тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін болғалы отырған қайтарып беру жөніндегі хабарландыруларды банк клиенттерінің назарын аударатын көрнекті орынға орналастыру.
7-3. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарым жасау және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке депозиттерді аударым жасау жөніндегі депозиторлардың өтінішін банктің таңдауы бойынша қабылдау рәсімі хабарландыру жарияланған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарым жасау депозиттерді қайтарым жасау туралы өтініш берілген күннен бастап үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.
Хабарландыру жарияланған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде депозиторлардың жазбаша қарсылығының болмауы депозиторлардың депозиттерін аударым жасауға келісімі деп қаралады.
7-4. Банк жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарым жасау рәсімінің мерзімі өткен күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзім ішінде депозиттерді аударым жасау жөнінде өтініш берген депозитор-жеке тұлғалардың, сондай-ақ депозитін алуға келмеген не алынған сыйақы сомасын көрсете отырып, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке депозитін аударым жасауға өтініш бермеген, салым бойынша депозиторлар есептеген және алған сыйақы сомасын көрсеткен депозитор-жеке тұлғалардың тізімдерін қалыптастырады және банктерге жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жіберуді жүзеге асырады.
Ұсыныста депозиттердің жалпы сомасы, оның ішінде депозиторлардың салым бойынша есептелген және алынған сомасы, сондай-ақ банктің филиалдары бөлігіндегі депозитор-жеке тұлғалардың жалпы саны көрсетіледі.
Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға тілек білдірген банктер жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жіберілген күннен бастап бес күн ішінде банкке жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға тілек білдіргендігі жөнінде еркін нысанда өтініш береді.
7-5. Банк ұсыныс жіберген күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс білдіргендігі туралы банкке еркін нысанда өтініш берген, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін банкті таңдауды жүзеге асырады:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын;
2) уәкілетті органның депозиттер қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашатын және жүргізетін, қассалық операциялар жасайтын қолданыстағы лицензиясы бар;
3) соңғы үш күнтізбелік ай ішінде пруденциалдық нормативтерді сақтайтын, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау сомасын ескеріп;
4) уәкілетті органның банкке және (немесе) оның басшы қызметкеріне қолданған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялары болмайтын;
5) ерікті таратылатын банктің депозиторларына қызмет көрсететін филиалдары бар.
7-6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банкті таңдау туралы шешім уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
Уәкілетті орган құжат келіп түскен күннен бастап он күндік мерзімде жазбаша түрде банкке банк шешімін қарау қорытындысы туралы мәлімет жібереді.
Уәкілетті орган жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасауға қатысты кез-келген ақпаратты сұрата алады.
7-7. Жеке тұлғалардың депозиттерін, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды және басқа құжаттарды) аударым жасау ерікті таратылатын банк пен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің арасында жасалатын жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарттың және екі данада жасалған жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актінің негізінде банктің шешімін уәкілетті органмен келіскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
7-8. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) банктің жеке тұлғалар депозиттері бойынша аударым жасаған күнге міндеттемелерінің мөлшері;
2) ерікті таратылатын банк филиалдары бөлігі шеңберіндегі мынадай ақпараты бар жеке тұлғалар-депозиторлардың тізімі:
банктік жеке шот нөмірі;
депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;
депозитордың жеке басын куәландыратын құжат нөмірі және оны берген мемлекеттік орган туралы мәлімет, берген күні;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
депозитордың адресі, мекен-жайы;
банктік шот және (немесе) банктік салым шартының жасалған күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі;
салым бойынша сыйақы ставкасы;
депозит сомасы және депозитор есептеген және алған салым бойынша сыйақы сомасы;
3) жіберілетін істердің (құжаттардың) саны.
Ескерту. 7-8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7-9. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасауға байланысты барлық шығыстарды мойнына алады және жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау күнін қосқандағы депозиттер бойынша сыйақыны есептейді.
7-10. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні аралығында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің көшірмесін және жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шартты жібереді.
7-11. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, жеке тұлғалардың депозиттері аударым жасалған банк бір ай мерзім ішінде депозиттері оған жіберілген жеке тұлғалардың банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасайды.
7-12. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау жөніндегі ақпаратты республикалық мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
7-13. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдаған банктің ұсынысы бойынша жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарт бұзылған жағдайда осы банк:
1) ерікті таратылатын банктің жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарын өтейді;
2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісі бойынша
осының алдында қабылданған депозиттер сомасын және тиісті құжаттарды
қайтарады.
3-тарау. Банкті ерікті таратуға рұқсат беру тәртібі
8. Банк мынадай құжаттарды:
1) таратудың себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының шешімін;
1-1) жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарттың көшірмесін және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке беретін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін;
2) акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген өзінің қызметін (таратудың негізгі іс-шаралар жоспары) тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері көрсетілген іс-шаралар тізбесін;
3) оның міндеттемелері бойынша есептесулерді жүзеге асыру үшін қаражаттың жеткіліктілігін куәландыратын соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есепті;
4) банктерді аудиттен өткізу құқығын беретін тәуелсіз аудиторлық ұйым куәландырған банк активтерінің құнын бағалау жөніндегі есепті;
5) тарату комиссиясына мүшелікке кандидаттардың, оның ішінде банктердің филиалдарында немесе өкілдіктерінде құрылған бөлімшелердің тізімдерін және басқа да қажетті мәліметтерді қоса ұсына отырып осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда оны ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатын уәкілетті органға ұсынады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 203 Қаулысымен.
9. Уәкілетті органның банкті ерікті таратуға шешімді беру туралы шешімі оны өтініш иесі алған күннен бастап күшіне енеді.
10. Уәкілетті орган мынадай негіздерде банкті ерікті таратуға шешімді бермейді:
1) ұсынылған құжаттар толық емес немесе тиісінше ресімделмесе;
2) өзінің міндеттемелері бойынша есептесуге банктің қаржысы толық болмаса;
3) тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру жөніндегі шараларды қабылдамаса.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 203 Қаулысымен.
11. Банк ерікті түрде тарауға рұқсат алған жағдайда бұрын банктік және басқа да операцияларды жүзеге асыруға алған лицензияның түпнұсқасы уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді.
4-тарау. Қорытынды ережелер
12. Осы Ережемен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес шешуге жатады.
Екінші деңгейдегі банктерді ерікті
қайта ұйымдастыруға немесе
таратуға рұқсат беру ережесіне
1-қосымша
Уәкілетті органның екінші деңгейдегі банктерді ерікті
қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттарды есепке алу
жөніндегі тізілімі
№N |
Банк атауы |
Банктер акционерлері жалпы жиналысы хаттамасының күні және нөмірі |
Банкті ерікті қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі |
Банкті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлға(лар)дың атауы |
Банкті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлға(лар)дың атқаратын қызмет түрі |
Екінші деңгейдегі банктерді ерікті
қайта ұйымдастыруға немесе
таратуға рұқсат беру ережесіне
2-қосымша
Уәкілетті органның екінші деңгейдегі банктерді
ерікті таратуға берілген рұқсаттарды есепке
алу жөніндегі тізілімі
№N |
Банк атауы |
Банктер акционерлері жалпы жиналысы хаттамасының күні және нөмірі |
Банкті ерікті таратуға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі |
Банктің таратылғанын әділет органдарында тіркеу туралы ақпарат |
Екінші деңгейдегі банктерді ерікті
қайта ұйымдастыруға немесе
таратуға рұқсат беру ережесіне
3-қосымша
____жылғы»"___"»__________ Қазақстан Республикасы Қаржы
N ________ нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттігінің Төрағасына
Банкті ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға
ӨТІНІШХАТ
___________________________________________________________________
(өтініш иесінің атауы)
банк акционерлерінің жалпы жиналысының 2006 жылғы»"____"
_____________ N____ шешіміне сәйкес, ___________________________,
(өткен орны)
___________________________________________________________________
(банкті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған
___________________________________________________________________
заңды тұлға(лар)дың атауы)
банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (бірігуге, қосылуға,
бөлінуге, бөлініп шығуға, қайта ұйымдастыруға) рұқсат беруді
сұрайды.
(керектісін сыз)
Банк өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың растығына,
сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратқан қосымша ақпараттар
мен құжаттарды уәкілетті органға дер кезінде беруге толық жауап
береді.
Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары аталған
тізбесі, даналар саны және әрбірі бойынша беттері көрсетілсін):
Банк акционерлері атынан
уәкілетті тұлға
________________________ ________________
(қолы)
мөр
Екінші деңгейдегі банктерді ерікті
қайта ұйымдастыруға немесе
таратуға рұқсат беру ережесіне
4-қосымша
____жылғы»"___"»__________ Қазақстан Республикасы Қаржы
N ________ нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттігінің Төрағасына
Банкті ерікті таратуға рұқсат алуға
ӨТІНІШХАТ
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
банк акционерлерінің жалпы жиналысының 2006 жылғы»"_____"
_______________N____ шешіміне сәйкес, ____________________________
__________________________________________________________________,
(өткен орны)
банкін таратуға рұқсат беруді сұрайды.
Банк өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық көлемде
қанағаттандыруға міндеттенеді.
Банк өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың
дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратқан
қосымша ақпараттар мен құжаттарды уәкілетті органға дер кезінде
беруге толық жауап береді.
Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары аталған
тізбесі, даналар саны және әрбірі бойынша беттері көрсетілсін):
Банк акционерлері атынан
уәкілетті тұлға
_________________________ _______________
(қолы)
мөр