Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қоса берілген Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы»25 желтоқсандағы
N 295 қаулысымен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға
немесе таратуға рұқсат беру ережесі
Осы Ереже»" Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы рыногын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - банк) ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру тәртібін белгілейді.
1. Уәкілетті орган банктен құжаттардың толық пактімен қоса берілген өтінішхатты қабылдап алған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей банкті ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тартады.
2. Қазақстан Республикасының заңдары талаптарына сәйкес келмейтін ұсынылған құжаттар өтініш иесіне қайтарылады. Құжаттарды қайта ұсынған кезде оларды қарау мерзімі қайтадан саналады.
3. Мемлекетаралық банктерді қайта ұйымдастыру және тарату ерекшеліктері сол банктерді құру туралы шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтайшы құжаттарымен белгіленеді.
4. Уәкілетті орган осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ерікті қайта ұйымдастыру немесе таратуға берілген рұқсаттардың тізілімін жүргізеді.
2-тарау. Банкті ерікті қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру тәртібі
5. Банк уәкілетті органға Заңның 60-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып осы Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша оны ерікті қайта ұйымдастыруға (бірігуге, қосылуға, бөлінуге, бөлініп шығуға, қайта ұйымдастыруға) рұқсат беру туралы өтінішхат ұсынады.
6. Қайта ұйымдастырылатын банк қайта ұйымдастыруды өткізу үшін уәкілетті органның рұқсатын алған күннен бастап екі апта мерзімде өзінің барлық депозиторларын, клиенттерін, корреспонденттері мен заемшыларын тікелей құлағдар ету жолымен және тиісті хабарландыруды кемінде екі республикалық газетте жариялай отырып ақпараттандырады.
7. Уәкілетті орган банктің ерікті тарауына рұқсат беруден бас тартуды Заңның 61-бабында белгіленген негіздер бойынша жүргізеді.
3-тарау. Банкті ерікті таратуға рұқсат беру тәртібі
8. Банк мынадай құжаттарды:
1) таратудың себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының шешімін;
2) акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген өзінің қызметін (таратудың негізгі іс-шаралар жоспары) тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері көрсетілген іс-шаралар тізбесін;
3) оның міндеттемелері бойынша есептесулерді жүзеге асыру үшін қаражаттың жеткіліктілігін куәландыратын соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есепті;
4) банктерді аудиттен өткізу құқығын беретін тәуелсіз аудиторлық ұйым куәландырған банк активтерінің құнын бағалау жөніндегі есепті;
5) тарату комиссиясына мүшелікке кандидаттардың, оның ішінде банктердің филиалдарында немесе өкілдіктерінде құрылған бөлімшелердің тізімдерін және басқа да қажетті мәліметтерді қоса ұсына отырып осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда оны ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатын уәкілетті органға ұсынады.
9. Уәкілетті органның банкті ерікті таратуға шешімді беру туралы шешімі оны өтініш иесі алған күннен бастап күшіне енеді.
10. Уәкілетті орган мынадай негіздерде банкті ерікті таратуға шешімді бермейді:
1) ұсынылған құжаттар толық емес немесе тиісінше ресімделмесе;
2) өзінің міндеттемелері бойынша есептесуге банктің қаржысы толық болмаса.
11. Банк ерікті түрде тарауға рұқсат алған жағдайда бұрын банктік және басқа да операцияларды жүзеге асыруға алған лицензияның түпнұсқасы уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді.
12. Осы Ережемен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес шешуге жатады.
Екінші деңгейдегі банктерді ерікті
қайта ұйымдастыруға немесе
таратуға рұқсат беру ережесіне
1-қосымша
Уәкілетті органның екінші деңгейдегі банктерді ерікті
қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттарды есепке алу
жөніндегі тізілімі
№N |
Банк атауы |
Банктер акционерлері жалпы жиналысы хаттамасының күні және нөмірі |
Банкті ерікті қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі |
Банкті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлға(лар)дың атауы |
Банкті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлға(лар)дың атқаратын қызмет түрі |
|
|
|
|
|
|
Екінші деңгейдегі банктерді ерікті
қайта ұйымдастыруға немесе
таратуға рұқсат беру ережесіне
2-қосымша
Уәкілетті органның екінші деңгейдегі банктерді
ерікті таратуға берілген рұқсаттарды есепке
алу жөніндегі тізілімі
№N |
Банк атауы |
Банктер акционерлері жалпы жиналысы хаттамасының күні және нөмірі |
Банкті ерікті таратуға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі |
Банктің таратылғанын әділет органдарында тіркеу туралы ақпарат |
|
|
|
|
|
Екінші деңгейдегі банктерді ерікті
қайта ұйымдастыруға немесе
таратуға рұқсат беру ережесіне
3-қосымша
____жылғы»"___"»__________ Қазақстан Республикасы Қаржы
N ________ нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттігінің Төрағасына
Банкті ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға
ӨТІНІШХАТ
___________________________________________________________________
(өтініш иесінің атауы)
банк акционерлерінің жалпы жиналысының 2006 жылғы»"____"
_____________ N____ шешіміне сәйкес, ___________________________,
(өткен орны)
___________________________________________________________________
(банкті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған
___________________________________________________________________
заңды тұлға(лар)дың атауы)
банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (бірігуге, қосылуға,
бөлінуге, бөлініп шығуға, қайта ұйымдастыруға) рұқсат беруді
сұрайды.
(керектісін сыз)
Банк өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың растығына,
сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратқан қосымша ақпараттар
мен құжаттарды уәкілетті органға дер кезінде беруге толық жауап
береді.
Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары аталған
тізбесі, даналар саны және әрбірі бойынша беттері көрсетілсін):
Банк акционерлері атынан
уәкілетті тұлға
________________________ ________________
(қолы)
мөр
Екінші деңгейдегі банктерді ерікті
қайта ұйымдастыруға немесе
таратуға рұқсат беру ережесіне
4-қосымша
____жылғы»"___"»__________ Қазақстан Республикасы Қаржы
N ________ нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттігінің Төрағасына
Банкті ерікті таратуға рұқсат алуға
ӨТІНІШХАТ
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
банк акционерлерінің жалпы жиналысының 2006 жылғы»"_____"
_______________N____ шешіміне сәйкес, ____________________________
__________________________________________________________________,
(өткен орны)
банкін таратуға рұқсат беруді сұрайды.
Банк өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық көлемде
қанағаттандыруға міндеттенеді.
Банк өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың
дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратқан
қосымша ақпараттар мен құжаттарды уәкілетті органға дер кезінде
беруге толық жауап береді.
Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары аталған
тізбесі, даналар саны және әрбірі бойынша беттері көрсетілсін):
Банк акционерлері атынан
уәкілетті тұлға
_________________________ _______________
(қолы)
мөр