Табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 19 шілдедегі N 177-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4328

Қолданыстағы

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабының 23) тармақшасына,  14-бабы  1-тармағының 18) тармақшасына,   14-1-бабы  1-тармағының 4-1) және 5) тармақшаларына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3531 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 30 сәуірде N 18 нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы N 85-НҚ  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесінде:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкiлеттi орган - табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      7-тармақта:
      1) тармақшада "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органға" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "табиғи монополиялар салаларындағы қызметке бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның" және "табиғи монополиялар салаларындағы қызметке бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның" және "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша алынып тасталсын.

      2. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2256 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 17 мамырда N 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 9 қазандағы  N 253-НҚ  бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы  N 269-НҚ  бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 19 шілдедегі  N 322-НҚ  бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы  N 493-НҚ  бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 наурыздағы  N 108-НҚ  бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 7 наурыздағы  N 66-НҚ  бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ  бұйрығына  мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту ережеде:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкiлеттi орган - табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;".

      3. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4166 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 5 мамырда N 81 нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 77-НҚ  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесінде:
      3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкiлеттi орган - табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамаларды уәкілетті орган тәуелсіз сарапшыларды, ал қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдарды да тарта отырып, қаржылық сараптама үшін екі жылда бір рет және техникалық сараптама үшін үш жылда бір рет жиі болмайтын мерзімділікпен жүргізеді.".

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш.Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.

      7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға