"Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қо

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 493-НҚ бұйрығы. Қазастан Республикасының Әділет министрілінде 2005 жылғы 20 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3370. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө  өкімін  орындау үшін, нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылы 27 қыркүйекте N 913 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы ережеде:
      15-тармақта "(кепіл құралы туралы мәліметтер);" деген сөздерден кейін "кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;" деген сөздермен толықтырылсын;
      N 2 нысанда "кепілге салынған мүліктің бағасы" деген сөздер "кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы