Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 2003 жылғы 29 сәуiрде N 2256 тiркелген, "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Р

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 269-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2608. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба      

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерiн нақтылау мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат; 2003 ж., N 6, 60-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесiнде:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке сатуынан түсетiн қаражаттың;".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi