Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 19 шілдедегі N 322-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 16 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3011. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен

      Грузия халқына азық-түлiктiк гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 23598050 (жиырма үш миллион бес жүз тоқсан сегiз мың елу) теңгенi астықтың құнын және гуманитарлық жүктi Тбилиси-Товарная станциясына дейiн жеткiзу жөнiндегi шығынды өтеуге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп Грузия халқына гуманитарлық көмек көрсету үшiн 2003 жылғы егiннiң 1000 (бiр мың) тонна азық-түлiктiк бидайын мемлекеттiк сатылатын ресурстардан бiр тоннасын 14700 (он төрт мың жетi жүз) теңге баға бойынша тиеп, жөнелтудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп Грузияға гуманитарлық жүктi тасымалдау үшiн жылжымалы құрамды уақтылы берудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi гуманитарлық көмектi алушыны анықтасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi жүзеге асырсын.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі