Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4138

Жаңартылған

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы"  Заңның  3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы"  Заңның  12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының  1-қосымшасына  сай Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының  2-қосымшасында  көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, орталық депозитарийге, брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының           
2006 жылғы 25 ақпандағы     
N 61 қаулысының 1-қосымшасы   

Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар
рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен
мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке
шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және
номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі

      Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  62-бабының  1-тармағына,  38-бабының  1-тармағына,  3-бабының  2-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес әзірленді, "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңымен  және номиналды ұстаушы қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу талаптары мен тәртібін (бұдан әрі - номиналды ұстаушы), сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және ресімдеу тәртібін белгілейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) номиналды ұстаушының жеке шоты - номиналды ұстаушы үшін ашылған және оның клиенттерінің бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - клиент үшін және оның бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;
      3) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздардың есебін алуға арналған жеке шоты - қайталама бағалы қағаздар рыногында эмитент сатып алған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитентке ашылған, пайларды қоспағандағы жеке шоты;
      4) мәлімденген бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты - орналастырылмаған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитент үшін ашылған пайларды қоспағандағы жеке шот;
      5) операциялық күн - осы кезең ішінде номиналды ұстаушы қабылдау өткізеді, бұйрықтарды өңдейді, жеке шот және ақпараттық операция бойынша операцияларды тіркейтін уақыт кезеңі;
      6) номиналды ұстаушының есебі жүйесіндегі операция - номиналды ұстаушының есебі жүйесіне деректерді енгізу (өзгерту) және (немесе) номиналды ұстаушының есебі жүйесін құрайтын ақпаратты дайындау және ұсыну нәтижесі болып табылатын номиналды ұстаушы іс-әрекетінің жиынтығы;
      7) "репо" операциясы - тараптары екі бірдей тұлғалар болып табылатын ("репо" операциясына қатысушылар), "репо" операциясының мәні бір шығарылымның бағалы қағаздарымен жасалған орындалу мерзімі бойынша ерекшеленетін және бағыттары бойынша бір-біріне қарама-қарсы, бір уақытта жасаған екі мәміленің жиынтығы;
      8) уәкілетті орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      2. Номиналды ұстаушы клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасасқаннан кейін номиналды ұстаушының есебі жүйесінде клиентке жеке шот және орталық депозитарий есебі жүйесінде клиенттің қосалқы шотын ашады.
      Орталық депозитарий есебі жүйесінде қосалқы шотты ашу үшін номиналды ұстаушы орталық депозитарийге осы ереженің 4-тармағының талаптарына сәйкес, оны ашу үшін қажетті барлық деректемелерді көрсете отырып, клиент туралы мәлімет береді.

      3. Номиналды ұстаушының операциялық күні бір күн ішіндегі жұмыс уақытының сегіз сағатынан кем болмауы тиіс.

      4. Номиналды ұстаушы жеке шотқа дербес нөмір береді. Клиенттің орталық депозитарийдегі жеке шотында және қосалқы шотында міндетті түрде мыналар туралы мәліметтер болады:
      1) тіркелген тұлға (аты-жөні, (болса) әкесінің аты немесе бағалы қағаздарды ұстаушының атауы, клиенттің резиденттік белгілері, экономика секторының белгілері (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісін төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген)), заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, заңды тұлға үшін Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісінің коды (КҰЖЖ), почталық және заңды мекен-жайлары, банк деректемелері (қажет болған жағдайда бағалы қағаздар бойынша өтелетін сыйақы мен сомаларды аударуға арналған банк деректемелері және бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған банк деректемелері), салық жеңілдіктері туралы мәліметтер және орталық депозитарийге және/немесе номиналды ұстаушыға Ережелер жинағына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес қосалқы шотты және/немесе тиісінше жеке шотты ашу үшін қажет болатын басқа да ақпарат);
      2) осы жеке шотта/қосалқы шотта тіркелген бағалы қағаздардың саны, түрі және бірегейлендіру нөмірі;
      3) ауыртпалығы бар бағалы қағаздардың саны туралы;
      4) оқшауланған бағалы қағаздардың саны туралы;
      5) "репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздардың саны;
      6) осы жеке шот бойынша тіркелген мәмілелер мен номиналды ұстаушының есеп беру жүйесінде көрсетілген операциялар туралы:
      мәміле/операция түрі;
      оны тіркеу күні және уақыты;
      мәмілені/операцияны жүргізу негіздемесі;
      операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;
      бағалы қағаздардың саны, түрі, бірегейлендіру нөмірі, оларға қатысты тіркелген мәміле;
      операциялардың/мәмілелердің белгілі бір түрлері үшін қажетті басқа да мәліметтер.

      5. Жеке шоттарда мынадай бөлімдер ашылады:
      1) "негізгі" - мәмілелер жүргізуге шек қойылмаған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;
      2) "оқшаулау" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешімді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатында жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;
      3) "репо" - "автоматты репо" секторында жасалған "репо" операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;
      4) "ауыртпалығы бар" - азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде туындаған бағалы қағаздарды ұстаушысының басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін мәмілелерді жүзеге асыруға шектеулер қойылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған.
      Номиналды ұстаушы жеке шотта бағалы қағаздарды есепке алу үшін қосымша бөлімдер ашуы мүмкін.

      6. Номиналды ұстаушының жеке шоты номиналды ұстаушыларға орталық депозитарий есебі жүйесінде немесе кастодиан есебі жүйесінде оларға шетелдік бағалы қағаздарға немесе номиналды ұстау қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты номиналды ұстау қызметін көрсету кезінде жеке шотты ашуға арналған бұйрықтың және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен немесе кастодианның ішкі құжаттарымен айқындалған құжаттар негізінде ашады.

      7. Номиналды ұстаушы жеке тұлғаның номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шотын ашуды жеке шотты ашу туралы бұйрықтың, адамның жеке басын куәландыратын куәліктің және номиналды ұстау туралы шарттың негізінде ашады.

      8. Номиналды ұстаушы заңды тұлғаның номиналды ұстау есебі жүйесіндегі жеке шотын мынадай құжаттар негізінде ашады:
      1) жеке шотты ашу туралы бұйрық;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      3) статистикалық карточканың көшірмесі; 
      4) номиналды ұстау туралы шарт;
      5) жеке шоттар мен ақпараттық операциялар бойынша операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлғаның өкілдері қолдарының үлгілерін нотариатта куәландырған құжаттарда және заңды тұлғаның мөр бедерінде мыналар туралы мәліметтер бар:
      номиналды ұстаушының атауы;
      заңды тұлғаның атауы - құжаттарға қол қоюға құқық беретін номиналды ұстаушының клиенті;
      номиналды ұстаушының клиенті өкілінің лауазымы, аты-жөні, бар болғанда әкесінің аты, оның тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері;
      осы құжаттағы қолдардың үлгілері номиналды ұстаушының жүйесінде ашылған клиенттің жеке шоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатындығын көрсету.
      Номиналды ұстау жүйесінде заңды тұлғаға екі және одан да көп жеке шоттар ашқан жағдайда, осы тармақтың 2)-5) тармақшаларында санамаланған құжаттар бірінші жеке шотты ашқан кезде ұсынылады.

      8-1. Номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесінде пайлық инвестициялық қорда жеке шотты ашу номиналды ұстаушы мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
      1) инвестициялық портфелді басқарушыға жеке шотты ашуға шығарылған бұйрық; 
      2) жеке шоттар бойынша және ақпараттық операциялар құжаттарын тіркеуге қол қою құқына ие инвестициялық портфелді басқарушы өкілдерінің ноториалды куәландырылған үлгілерден тұратын құжаттар мен оның:
      номиналды ұстаушының атауы;
      пайлық инвестициялық қордың атауы;
      инвестициялық портфелді басқарушының атауы сияқты деректері бар мөрдің көшірмесі; 
      лауазымы, тегі, аты-жөні, бар болса - инвестициялық портфелді басқарушы өкілдің әкесінің аты, оның кім екенін куәландыратын құжатының деректері;
      номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде ашылған пайлық инвестициялық қордың есепшоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде осы құжаттағы қолдардың үлгілерінің болуы міндетті саналуының атап көрсетілуі;
      3) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында қарастырылған басқа да құжаттар.
       Ескерту: 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 147  қаулысымен.  

      9. Номиналды ұстаушы инвестициялық портфелді басқару қызметін (бұдан әрі - инвестициялық портфелді басқарушы) жүзеге асыратын ұйымның клиенттеріне мынадай құжаттардың негізінде жеке шот ашады:
      1) инвестициялық портфелді басқарушыға инвестициялық портфелді басқару шартына сәйкес берілген немесе клиенттің сенімхатымен не оның клиентімен тәуелсіз берілген жеке шотты ашу бұйрығы;
      2) осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
      3) инвестициялық портфелді басқару шартының көшірмесі немесе клиенттің шоты бойынша бағалы қағаздармен жасалған операцияларды жүзеге асыруға клиенттің сенімхаты;
      4) жеке шоттар және ақпараттық операция бойынша операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие инвестициялық портфелді басқару өкілдерінің қолдары үлгілерінің нотариатта куәландырған құжаттарда және оның мөр бедерінде мыналар туралы мәліметтер бар:
      номиналды ұстаушының атауы;
      құжаттарға қол қоюға құқық беретін номиналды ұстаушы клиентінің атауы (аты-жөні, бар болса әкесінің аты);
      инвестициялық портфелді басқарушының атауы;
      инвестициялық портфелді басқарушы өкілдерінің лауазымы, аты-жөні, бар болса әкесінің аты, оның тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері;
      осы құжаттағы қолдардың үлгілері номиналды ұстаушының жүйесінде ашылған клиенттің жеке шоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатындығын көрсетеді;
      5) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында көзделген өзге құжаттарда.
      Инвестициялық портфельді басқару лицензиясына ие және номиналды ұстау есебінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым инвестициялық портфельді басқару шарты жасалған клиенттің бағалы қағаздарын номиналды ұстауды жүзеге асырмайды.

      10. Эмитенттің мәлімденген бағалы қағаздардың есебіне арналған жеке шоты эмитенттің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шотты ашу жөніндегі бұйрықтың және андеррайтинг келісімінің, сондай-ақ осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде бағалы қағаздарды орналастыру кезінде ашылады.

      11. Номиналды ұстау есебі жүйесінде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шоты жеке шотты ашу жөніндегі бұйрықтың, сондай-ақ осы ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде эмитентке ашады.

      12. Эмитенттің орналастырылмаған және сатып алынған бағалы қағаздары орталық депозитарийдің ережесінің жиынтығына қажетті эмитенттің барлық деректемелерін ашу арқылы орталық депозитарийде номиналды ұстаушы ашқан қосалқы шоттарда ескеріледі.

      13. Жеке шотты ашу жөніндегі бұйрыққа заңды тұлғаның өкілі (жеке тұлғамен немесе оның өкілімен) қол қояды және онда мынадай мәліметтер бар:
      1) заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні, бар болса әкесінің аты);
      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;
      3) жеке тұлғаның туған жылы;
      4) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлігінің берілген күні және нөмірі;
      5) заңды тұлғаның орналасқан жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері), почтаның мекен-жайы;
      6) салық төлеушінің тіркелу нөмірі және оған бағалы қағаздарға қатысты таралатын салық жеңілдіктері туралы мәліметтер;
      7) банктің деректемелері;
      8) орталық депозитарийге және/немесе номиналды ұстаушыға қажетті басқа мәліметтерді ереженің жиынтығына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес, тиісінше басқа мәліметтер.

      14. Номиналды ұстаушы аптасына бір реттен кем емес номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесін жасайды және оларды сақтайды. Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады.

      15. Номиналды ұстаушының аффилиирленбеген резервтік көшірмелерді сейф операцияларын жүзеге асыратын ұйымның сыртқы тасымалдаушыларда (CD-R, CD-RW, Flash-Drive) сақтайды.
      Резервтік көшірмелерді сақтау үшін сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйыммен шартты жасау (бұзу) сәтінен бастап он күнтізбелік күн ішінде номиналды ұстаушы шарт жасалған (бұзылған) ұйымның атауын, сондай-ақ жасалған шарттың күні мен нөмірін көрсете отырып уәкілетті органға хабар береді.
      Резервтік көшірмелер жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырылғанға дейін сақталады.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 147  қаулысымен.

       15-1. Сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдармен жасалатын шартта уәкілетті органға сақтаулы тұрған резервтік көшірмелердің нақты қолда бары мен сақталу жайын тексеруге мүмкіндік беретін шарттарды қарастыру қажет.
       Ескерту: 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 147  қаулысымен.

  2-тарау. Бағалы қағаздармен жасалған
мәмілелерді тіркеу талаптары және тәртібі

      16. Номиналды ұстау есебі жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу арқылы жасалады.

      17. Номиналды ұстау есебі жүйесінде операцияның мынадай түрлері жүзеге асырылады:
      1) мыналар жататын жеке шоттар бойынша операциялар:
      жеке шоттың ашылуы;
      бағалы қағаздар ұстаушысы туралы мәліметтердің өзгеруі;
      акциялардың күшін жоюы;
      бағалы қағаздарды ұстаушылардың шотынан/шотына бағалы қағаздардың есептен шығарылуы/есепке алынуы;
      бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотында/қосалқы шотында жарғылық капиталдың мөлшері ұлғаймастан орналастырылған акциялар санының (акцияларды бөлшектеу) артуына байланысты акциялар санының артуы туралы жазбаларды енгізу;
      қиындығы бар бағалы қағаздар және қиындықты алып тастау;
      бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастау;
      сенімгерлік басқару туралы жазбаларды енгізу және сенімгерлік басқару туралы жазбаны алып тастау;
      жеке шотты жабу;
      2) мыналар жататын ақпараттық операциялар:
      жеке шоттың үзінді көшірмесін беру;
      өткізілген операциялар туралы есепті беру;
      бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарий, эмитенттердің және уәкілетті органдардың сұратуы бойынша басқа есептерді дайындау және беру.

      18. Номиналды ұстаушы ішкі құжатпен белгіленген тәртіппен:
      1) клиенттердің жеке шоттарымен және ақпарат операцияларымен және оларды орындау (орындамау) бойынша операцияларды жүргізуге қабылданған бұйрықтар;
      2) жеке шоттар бойынша операциялар;
      3) жеке шоттар және ақпараттық операциялар бойынша операцияларды тіркеуге құжаттарды қол қоюға сенімхаттар жөнінде сенімді және өзекті есеп беруді тіркеу журналдарын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

      19. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша жасалған операциялар орталық депозитарий есебі жүйесінде көрсетіледі.
      Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасындағы операцияларды жүргізу барысында бағалы қағаздарға меншік құқықтарының өтуін тіркеуді номиналды ұстаушы жүзеге асырады және орталық депозитарий есебі жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша операцияны жүргізу күніне орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде клиенттің қосалқы шоты бойынша тиісінше бұйрықты жібереді. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бір номиналды ұстаушының клиенттері арасындағы операциялар номиналды ұстау жүйесінде операцияны жүргізу күнімен көрінеді. Номиналды ұстаушы клиентке оның бұйрығының орындалғандығы туралы есепті орталық депозитарийден операцияны жүргізу туралы растама алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
      Түрлі номиналды ұстаушылардың клиенттері арасындағы операцияларды жүргізу кезінде орталық депозитарийдегі олардың жеке шоттары бойынша бағалы қағаздарға меншік құқықтарын өткізуді тіркеу кейіннен номиналды ұстаушылардың есепке алу жүйесінде көрсетілу арқылы жүзеге асырылады. Номиналды ұстаушылар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі өздерінің клиенттерінің қосалқы шоттары бойынша мәмілелерді тіркеу туралы бұйрықтарды клиенттің номиналды ұстаушы жүйесіндегі сәйкесетін бұйрықтың тіркелу күніне жібереді.
      Номиналды ұстаушы жеке шоттар бойынша операциялардың жүргізілгендігі туралы орталық депозитарийден растама алғаннан кейін бір сағат ішінде номиналды ұстаушы есебі жүйесінде осы операцияны көрсетеді.
      Ұйымдаспаған рынокта тіркеушінің клиенті мен номиналды ұстаушының клиенті арасындағы операцияларды жүргізу кезінде тіркеуші бағалы қағаздарға меншік құқықтарының өтуін тіркеуді тіркеуші клиентінің жеке шоттары бойынша мәміле қатысушыларының қарсы бұйрықтары мен депонент бұйрығының негізінде іс-қимыл жасайтын орталық депозитарийдің негізінде жүзеге асырады.

      19-1. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде деректері жоқ болса, онда номиналды ұстаушы клиенттің өтінімі негізінде оған ондай өтінімді алған келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аталған клиентке мүмкіндігі басым сатып алу құқын жүзеге асыратын өтінім беру туралы тапсырманы жібереді.
       Ескерту: 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 147  қаулысымен.

      20. Номиналды ұстаушы жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізерден бұрын бұйрықтардағы қолдарды заңды тұлға өкілдерінің қолдарының үлгілерін нотариатта куәландырылған құжатта көрсетілген қолдарына сәйкестігін немесе жеке тұлғаның не мәміле жасаушы тарап болып табылатын оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттағы көрсетілген қолдарға сәйкестігін салыстырады.

      21. Номиналды ұстаушы бұйрықтың орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды мынадай жағдайларда рәсімдейді:
      1) бұйрықтардағы қолдардың үлгілерінің нотариатта куәландырылған үлгілерге сәйкес келмесе;
      2) операцияны жасауға бұйрықты алған күннен бастап екі күнтізбелік күн ішінде қарсы бұйрықты ұсынбаса;
      3) бұйрық деректемелерінің осы Ережелермен белгіленген деректемелерге немесе жеке шоттың/қосалқы шоттың деректемелеріне сәйкес келмесе;
      4) бағалы қағаздардың қажетті саны және/немесе клиенттің шоттарында/(қосалқы шоттарында) ақшасы болмаса;
      5) мәміле мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе;
      6) тиісінше мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздарды айналысқа жіберілуін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім болса;
      7) бұйрықта көрсетілген жеке шот немесе қосалқы шот, оқшауланса;
      8) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздардың қиындыққа ұшыраса;
      9) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен көзделген өзге жағдайларда.

      22. Номиналды ұстаушы жеке шоттағы тіркелген ұстаушы туралы мәліметтердің өзгеруі жөніндегі операцияны аталған тұлға туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.
      Номиналды ұстаушы жеке шоттағы инвестициялық пай қоры туралы мәліметтердің өзгеруі бойынша операцияны осы қордың басқарушы компаниясының осы қор туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.

      23. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды ұстаушылардың шотынан/шотына/ бағалы қағаздарды есепке алу/есептен алу жөніндегі операцияларды орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ішкі құжаттарына сәйкес тіркелетін ұйымдастыру рыногында жасалған мәмілелерден басқа және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайлардан басқа жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтары негізінде жүргізіледі.
      Егер клиент екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру), ашық жинақтаушы зейнетақы қорының - акционерлік қоғамның ірі қатысушысы болса, онда ол мәмілені тіркеудің алдында номиналды ұстаушыға уәкілетті органның ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімін ұсынады.
       Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 147  қаулысымен.

      24. Ұйымдаспаған рынокта пайларды орналастыру бойынша орталық депозитарийдің есеп беру жүйесінде операцияны жасау тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен белгіленеді.
      Орталық депозитарий инвестициялық пай қорының пайларды орналастыру бойынша сауда-саттықты және орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде мәмілелерді тіркеуді жүргізу күнінде номиналды ұстаушыға орналастырылған пайлар санын көрсете отырып, орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде операцияның орындалғандығы туралы растама жібереді.
      Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде операцияның орындалғандығы туралы растама алғаннан соң бір сағат ішінде осы инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушіге кастодианмен расталған, басқарушы компанияның бұйрығында көрсетілген санда пайлардың есептелгендігі туралы бұйрық жібереді.

      25. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізуге бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарында мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) бұйрықтың нөмірі мен күні;
      2) эмитенттің немесе инвестициялық пай қорының атауы;
      3) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;
      4) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;
      5) бағалы қағаздардың ұлттық бірегейлендіру нөмірі, түрі;
      6) операцияны жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
      7) бағалы қағаздарға қатысты мәмілелер/операциялар түріне берілген нұсқау;
      8) кепіл мәмілесін тіркеу кезінде кепіл ұстаушыға берілетін бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер;
      9) мәміле мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер.

      26. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізу туралы бұйрыққа мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды, егер мәміленің тарапы заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырады.
      Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының пайлармен операцияны жүргізу туралы бұйрығына ақпараттық операцияларды қоспағанда, оған оның өкілі қол қойып, мөрмен куәландырылады, сондай-ақ инвестициялық пай қоры активтерінің есеп беруін қамтамасыз ететін кастодианның бөлімше басшысы қол қояды.

      27. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарға ауыртпалық түсіру жөніндегі операцияларды бағалы қағаздарының ауыртпалығы бар және олардың ауыртпалығы тіркелген тұлға пайдасына шешілетін ұстаушының қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді. Бағалы қағаздардың ауыртпалығы кезінде бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотында ауыртпалығы пайдасына шешілген тұлға туралы жазба жасалады, ал "негізгі" бөлімдегі бағалы қағаздар осы жеке шоттың "ауыртпалығы бар" бөлімінің есебіне алынады. Ауыртпалығы пайдасына шешілген тіркелген тұлғаның жеке шотына ауыртпалығы бар бағалы қағаздардың түрі, саны, ұлттық бірегейлендіру коды, сондай-ақ бағалы қағаздарының ауыртпалығы бар ұстаушы туралы жазбалар енгізіледі.
      Номиналды ұстаушы ауыртпалығы бар бағалы қағаздарды алып тастау операцияларын мәмілеге қатысқан тұлғалардан ауыртпалықты алып тастау туралы қарсы бұйрықтардың негізінде жүргізеді. "Ауыртпалығы бар" бөлімінен Бағалы қағаздардың қиындығын алып тастау бойынша операцияларды жүргізу кезінде бағалы қағаздар бағалы қағаздар ұстаушысының "негізгі" жеке шотына ауыстырылады. Тіркелген тұлғаның жеке шотындағы бағалы қағаздардың қиындығы туралы жазбаның күші жойылады.
      Орталық депозитарийдің есебі жүйесіндегі бағалы қағаздардың ауыртпалығы бойынша немесе ауыртпалықты алып тастау жөніндегі операцияларды тіркеу тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен белгіленеді.

      28. Номиналды ұстау жүйесінде номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды оқшаулау және оқшаулауды алып тастау бойынша операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың сәйкес құжаттары негізінде жүргізеді. Оқшаулау операцияларын жүргізу кезінде бағалы қағаздар "негізгі" бөлімнен жеке шоттың "оқшаулау" бөліміне ауыстырылады. Оқшаулау операцияларын алып тастау кезінде бағалы қағаздар "оқшаулау" бөлімінен "негізгі" бөлімге ауыстырылады.

      29. Номиналды ұстаушы "репо" операцияларын мәмілені тіркеу жөніндегі қарсы бұйрықтар негізінде жүргізеді.
      "Репо" операциялары мыналарға бөлінеді:
      "репоны" ашу - "репо" операциясы қатысушыларының бірінен екіншісіне осы мәміленің ақша сомасын аударуға мүмкіндік беретін бағалы қағаздарды және "репо" операциясына екінші қатысушының біріншісіне белгілі сандағы бағалы қағаздарды беру жөніндегі сатып алу-сату мәмілесі;
      "репоны" жабу - "репоны" ашу жағдайындағы сияқты "репо" операциясы қатысушыларының екіншісінен біріншісіне осы мәміле сомасындағы ақшаны аударуды болжайтын және "репоны" ашу мәмілесіндегі сияқты сол шығарылған бағалы қағаздар санын "репо" операциясына қатысушысының біріншісінен екіншісіне сатып алу-сату мәмілесі.
      Бір номиналды ұстаушының клиенттерінің арасында "репоны" ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімге аударылады. Бір номиналды ұстаушының клиенттерінің арасында "репоны" жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімге аударылады.
      Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы "репоны" ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімнен есептен шығарылады. Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы "репоны" жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімге аударылады.
      Сатып алушы болып табылатын номиналды ұстаушының клиенті мен осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы "репоны" ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатып алушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімге есепке алынады. Сатып алушы болып табылатын номиналды ұстаушының клиенті мен осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы "репоны" жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатып алушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімнен есептен шығарылады.
      Бір номиналды ұстаушының клиентімен жасалған мәміле бойынша қор биржасының сауда алаңында автоматты тәсілмен "репо" операцияларын жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы "репо" бөліміне ауыстырылады.
      Бір номиналды ұстаушының клиентімен және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғамен жасалған мәміле бойынша қор биржасының сауда алаңында автоматты тәсілмен "репо" операцияларын жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының "негізгі" жеке шотындағы бөлімнен есептен шығарылады немесе сатып алушының жеке шотындағы "репо" бөліміне есепке алынады.
      Орталық депозитарийдің есеп жүйесінде "репо" операциясын жүргізу тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен айқындалады.

      30. Номиналды ұстаушы акцияларды жою операцияларын жеке шоттардың барлық бөлімдерінен акцияларды есептен шығару жолымен акцияларды жою туралы уәкілетті органнан хабарлама алған күні жүргізеді.
      Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды жою операциясын орталық депозитарийдің хабарламасы негізінде жеке шоттың барлық бөлімдерінен бағалы қағаздарды есептен шығару жолымен жүргізеді.

      31. Орталық депозитарий уәкілетті органның эмитентіне берілген орналастырылған акция санының артуы есебінен мәлімденген акциялар санының артуын көрсететін мәлімденген акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін және орталық депозитарий есебінен үзінді жазбаны тіркеушіден алғаннан кейін бір сағат ішінде аталған құжаттардың көшірмесін куәлікте көрсетілген жеке шоттарында акция эмитентінің есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушыға жібереді және осы номиналды ұстаушының жеке шоттары бойынша сәйкес операциялар жүргізеді.
      Орталық депозитарийден жоғарыда аталған құжаттарды алған номиналды ұстаушы күннің соңына дейін номиналды ұстаушының есебі жүйесіне тиісінше өзгерістер енгізеді.

      32. Номиналды ұстаушы жеке шотты жабу операциясын жеке шотты жабу жөніндегі бұйрық негізінде немесе осы жеке шотта соңғы алты ай ішінде бағалы қағаздар болмаған жағдайда жүргізеді. Жеке шотты жабу кезінде номиналды ұстаушының ішкі құжатымен белгіленген нысан бойынша тиісті хабарлама жіберіледі.

      33. Номиналды ұстаушы ақпараттық операцияларды жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушының жазбаша өкімдері (бұйрықтары) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайлардағы мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.

      34. Жеке шоттың үзінді көшірмесі, орталық депозитарийдің үзінді көшірмесін қоспағанда, осы Ереженің  1-қосымшасына  сәйкес құрастырылады және мынадай мәліметтер болады:
      1) жеке шот нөмірі;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні, бар болса әкесінің аты);
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу нөмірі және күні (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат атауы және деректемелері);
      4) эмитенттің атауы және оның тұрған жері не инвестициялық пай қорының атауы, сондай-ақ осы қордың басқарушы компаниясы және оның орналасқан жері;
      5) бағалы қағаздардың түрлері және бірегейлендіру нөмірлері;
      6) облигацияларды өтеу күні;
      7) ауыртпалығы бар және (немесе) оқшауланған және (немесе) репоға берілген, жеке шотта үзінді көшірмесі жасалған күндегі жағдай бойынша тіркелгендері көрсетілген бағалы қағаздардың белгілі түрінің жалпы саны;
      8) номиналды ұстаушының атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
      9) жеке шоттың үзінді көшірмесімен қалыптасқан жағдайы бойынша уақыты, күні.
      Жеке шоттың үзінді көшірмесі номиналды ұстаушының құрылымдық бөлімшелерінің басшысы не номиналды ұстаушының ішкі құжатына сәйкес ақпараттық операцияны жүзеге асырушы және бағалы қағаздармен мәміле жасау мен тіркеу бойынша жұмысты орындау құқығымен уәкілетті органның біліктілік куәлігіне ие (бұдан әрі - екінші санаттың біліктілік куәлігі) оны ауыстыратын тұлға қол қояды, мөрмен куәландырылады және онда номиналды ұстаушының ішкі құжатымен көзделген қосымша мәліметтер болуы мүмкін.

      35. Орталық депозитарий эмитенттің жеке шоттары бойынша өзгерістер туралы мәліметтерді тиісінше тіркеушілерге номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар бойынша операцияны жүргізетін күннен кейінгі күні жібереді.

      36. Осы Ереженің 38-тармағының екінші абзацында белгіленген жағдайларды қоспағанда номиналды ұстаушы ақпараттық операцияны бағалы қағазды ұстаушының немесе мемлекеттік органдардың сұратулары бойынша жазбаша өкімдерді (бұйрықтарды) тіркеген сәттен бастап бес күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.
       Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 147  қаулысымен.

  3-тарау. Номиналды ұстаушының клиенттері
туралы ақпаратты ашу тәртібі

      37. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын номиналды ұстаушыларға бағалы қағаздарды есепке алу үшін бағалы қағаз иелеріне және/немесе уәкілетті органнан, тіркеушіден немесе эмитенттен сұрау салу алғаннан кейінгі күннен кешіктірмей депоненттерге сұрау жолдайды. 
      Номиналды ұстаудағы және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын меншік иелеріне тиесілі бағалы қағаздар саны туралы ақпаратты орталық депозитарий есебі жүйесінде бар мәліметтер негізінде сұратқан тұлғаға жіберіледі.
       Ескерту: 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 147  қаулысымен.

      38. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, жеке шотында бағалы қағаздар есепте тұратын, меншік иелігіне жататын, уәкілетті органнан, орталық депозитарийден, тіркеуші немесе эмитенттен сұрау салу алғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде сұрау салған адамға тиісті мәліметтерді береді.
      Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын номиналды ұстаушы оларға бағалы қағаздарды есепке алу үшін жеке шоттарын ашып берген депоненттер акционерлердің жалпы жиналысыН өткізуге қатысушы акционерлердің тізімін жасауға қажетті ақпараттарды орталық депозитарийден сұрау түскен сәттен бастап жиырма үш күнтізбелік күн ішінде береді.
      Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын оларға бағалы қағаздарды есепке алу үшін номиналды ұстаушы жеке шоттарын ашып берген өз депоненттерінен акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге қатысатын акционерлердің тізімін жасауға қажетті ақпаратты алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде оны тіркеушіге жібереді.
       Ескерту: 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 147  қаулысымен.

      39. Номиналды ұстаушы ақпаратты егер көрсетілген талапта өзге күн айқындалмаса, тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талабын алу күніне жасайды.

      40. Номиналды ұстаушы тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің келісімі бойынша клиенттер туралы ақпаратты қағаз жазбада немесе электрондық тасымалдағышта ұсынады.

      41. Акционерлер тізімі осы  Ереженің  2 және  3-қосымшасына  сәйкес құрастырылады және онда оларға тиесілі акциялар санын көрсете отырып, номиналды ұстаудағы акциялары бар меншік иелері туралы ақпарат бар, сондай-ақ қосымша "Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес акционерге берілген салық салу жөніндегі жеңілдік туралы мәліметтер, сондай-ақ орталық депозитарий есебі жүйесінде мәліметтер жоқ меншік иелеріне тиесілі акциялар саны туралы ақпарат бар.
      Акционерлер тізіміне номиналды ұстаушының ішкі құжатына сәйкес номиналды ұстаушыға берілген бағалы қағаздардың есебін жүзеге асыратын және екінші санаттың біліктілік куәлігіне ие номиналды ұстаушының құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды, мөрмен куәландырады.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      42. Осы ережелермен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының           
2006 жылғы 25 ақпандағы      
N 61 қаулысының 2-қосымшасы   

Күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 62  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2819 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы қазан, N 19, 164-бет).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2819 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 300  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3241 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 62 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 108  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3572 тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 313  қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3867 тіркелген).

                                       Номиналды ұстау қызметін
                                      көрсететін бағалы қағаздар
                                     рыногы кәсіби қатысушыларының
                                     бағалы қағаздармен мәмілелерді
                                        тіркеу, бағалы қағаздар
                                       ұстаушысының жеке шотынан
                                      үзінді көшірмені ресімдеу мен
                                     беру және номиналды ұстаушының
                                        ақпаратты ашу ережесінің
                                                1-қосымшасы

___________________________________________________________________
               200__жылғы  _______________ жағдай бойынша
          N___  жеке шоттан үзінді көшірме, уақыты _________
___________________________________________________________________

      Үзінді көшірменің жасалған күні                Уақыты

 Бағалы қағаздарды ұстаушы туралы мәліметтер:

жеке тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушының аты-жөні, бар болса әкесінің аты немесе заңды тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушының атауы

  

жеке тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері немесе заңды тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушыны мемлекеттік (қайта) тіркеу нөмірі және күні  

  

 

Эмитенттің немесе инвестициялық пай қорының және осы қордың басқарушы компаниясының атауы

Эмитенттің немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының орналасқан жері

Бағалы қағаздардың ұлттық бірегейлендірілген нөмірі және түрі

Облигацияларды өтеу күні

Жеке шотта, оның ішінде бөлімдерде 1  тіркелген бағалы қағаздардың жалпы саны:

Эмитенттің өкіміне сәйкес көрсетілген қосымша мәліметтер  

негізгі

оқшаулау

репо

ауыртпалық

өзге бөлімдер

Номиналды ұстаушының жауапты
тұлғасының қол қоюға арналған орны         ________________________
(аты-жөнін, әкесінің атын,                          Мөр орны
атқаратын лауазымын көрсете отырып)
______________________________
Номиналды ұстаушының атауы, бағалы қағаздар рыногында кәсіби
қызметті жүзеге асыру лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы,
телефоны, факс.
______________________________
1  Бағалы қағаздардың жеке шотында бөлім жоқ болғанда сәйкес баған
толтырылмайды

                                       Номиналды ұстау қызметін
                                      көрсететін бағалы қағаздар
                                     рыногы кәсіби қатысушыларының
                                     бағалы қағаздармен мәмілелерді
                                        тіркеу, бағалы қағаздар
                                       ұстаушысының жеке шотынан
                                      үзінді көшірмені ресімдеу мен
                                     беру және номиналды ұстаушының
                                        ақпаратты ашу ережесінің
                                               2-қосымшасы

___________________________________________________________________
 200__жылғы ________ жағдай бойынша акционерлер тізімі __________
        эмитенттің атауы                        уақыты     күні

 Акционерлердің тізімін жасау мақсаты:      акционерлердің жалпы
                                               жиналысын өткізу
___________________________________________________________________

      Эмитент туралы мәліметтер:

Эмитенттің мемлекеттік тілдегі атауы 

  

Эмитенттің орыс тіліндегі атауы

  

Эмитенттің орналасқан жері

  

Заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу нөмірі және күні 

  

Салық төлеушінің тіркелу нөмірі

  

      Акцияларды шығару туралы мәліметтер:

Мәлімденген акциялар саны, олардың ішінде:

жай

артықшылығы бар

Орналастырылған акциялар саны, олардың ішінде:

жай

артықшылығы бар

Эмитент сатып алған акциялар саны, олардың ішінде:

жай

артықшылығы бар

 

Меншік иесі-жеке тұлғаның аты-жөні/Меншік иесі-заңды тұлғаның атауы

Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері немесе заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу нөмірі және күні

Бағалы қағаздардың ұлттық бірегейлендіру нөмірі

Меншік иесінің жеке (қосалқы) шотында тіркелген акциялар саны 

жай акциялар

акциялардың жалпы саны

ауыртпалықтан босатылған

ауыртпалық түсірілген және (немесе) оқшауланған

дауыс беруші

кестенің жалғасы

Меншік иесінің жеке (қосалқы) шотында тіркелген акциялар саны

Қосымша мәліметтер

артықшылығы бар акциялар

акциялардың жалпы саны

ауыртпалықтан босатылған

ауыртпалық түсірілген және (немесе) оқшауланған

 

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Номиналды ұстаушыдағы және меншік иесіне тиесілі орталық депозитарийдің есебі жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ бағалы қағаздардың саны туралы мәліметтер)

Бағалы қағаздардың ұлттық бірегейлендіру нөмірі

Орталық депозитарийдің есебі жүйесінде мәліметтер жоқ меншік иелеріне тиесілі номиналды ұстаушыдағы акциялардың саны 

Қосымша мәліметтер

жай

артықшылығы бар

Номиналды ұстаушының жауапты
тұлғасының қол қоюға арналған орны         ________________________
(аты-жөнін, әкесінің атын,                          Мөр орны
атқаратын лауазымын көрсете отырып)

Номиналды ұстаушының атауы, бағалы қағаздар рыногында кәсіби
қызметті жүзеге асыру лицензиясының нөмірі және берілген күні,
оның заңды мекен-жайы, телефоны, факс.

                                       Номиналды ұстау қызметін
                                      көрсететін бағалы қағаздар
                                     рыногы кәсіби қатысушыларының
                                     бағалы қағаздармен мәмілелерді
                                        тіркеу, бағалы қағаздар
                                       ұстаушысының жеке шотынан
                                      үзінді көшірмені ресімдеу мен
                                     беру және номиналды ұстаушының
                                        ақпаратты ашу ережесінің
                                               3-қосымшасы

___________________________________________________________________
 200__жылғы _________ жағдай бойынша акционерлер тізімі ___________
         эмитенттің атауы                        уақыты   күні

Акционерлердің тізімін жасау мақсаты:     Бағалы қағаздар бойынша
                                           кірістерді есепке алу
___________________________________________________________________

Эмитент туралы мәліметтер:

Эмитенттің мемлекеттік тілдегі атауы

  

Эмитенттің орыс тіліндегі атауы

  

Эмитенттің орналасқан жері

  

Заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу нөмірі және күні 

  

Салық төлеушінің тіркелу нөмірі

  

Акцияларды шығару туралы мәліметтер:

Мәлімденген акциялар саны,

  

Орналастырылған акциялар саны

  

Эмитент сатып алған акциялар саны,

  

 

N

Меншік иесі-жеке тұлғаның аты-жөні/Меншік иесі-заңды тұлғаның атауы 

Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері немесе заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу нөмірі және күні

Банк деректемелері

Ұлттық бірегейлендіру нөмірі

Меншік иесінің жеке (қосалқы) шотында тіркелген акциялар саны

Салық жеңілдігі мен преферец туралы мәліметтер

Қосымша мәліметтер

жай

артықшылығы бар

 

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ

Банк деректемелері

Ұлттық бірегейлендіру нөмірі

Орталық депозитарийдің 1 есебі жүйесінде мәліметтер жоқ меншік иелеріне тиесілі номиналды ұстаушыдағы акциялардың саны 

Қосымша мәліметтер

жай

артықшылығы бар

Номиналды ұстаушының жауапты
тұлғасының қол қоюға арналған орны         ________________________
(аты-жөнін, әкесінің атын,                          Мөр орны
атқаратын лауазымын көрсете отырып)

Номиналды ұстаушының атауы, бағалы қағаздар рыногында кәсіби
қызметті жүзеге асыру лицензиясының нөмірі және берілген күні,
оның заңды мекен-жайы, телефоны, факс.