2005 жылғы 25 наурыз - 1 сәуiрде Лаос Халық Демократиялық Республикасы (бұдан әрi - Лаос) Премьер-Министрiнiң орынбасары, Сыртқы iстер министрi Сомсават Лейнгсаваттың және 2005 жылғы 26 наурыз - 1 сәуiрде Парагвай Республикасының (бұдан әрi - Парагвай) Сыртқы iстер министрi Лейла Рашид де Коулстың Алматы және Астана қалаларында сапарларын дайындау және өткiзу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
қосымшаға сәйкес 2005 жылғы 25 наурыз - 1 сәуiрде Лаос Премьер-Министрiнiң орынбасары, Сыртқы iстер министрi Сомсават Лейнгсаваттың және 2005 жылғы 26 наурыз - 1 сәуiрде Парагвайдың Сыртқы iстер министрi Лейла Рашид де Коулстың Қазақстан Республикасына Алматы және Астана қалаларында сапарларын (бұдан әрi - сапар) дайындау мен өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
2005 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге, оның iшiнде қонақ үйде тұруға 1880940 теңге сомасында қаражат бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша) Лаос және Парагвай делегацияларына Алматы мен Астана қалаларының әуежайларында қызмет көрсету бойынша жәрдем көрсетсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) Алматы және Астана қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын жерлерiнде Лаостың және Парагвайдың делегациялары мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша олармен бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапарлардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 24 наурыздағы
N 63-ө өкiмiне
қосымша
Лаос Халық Демократиялық Республикасы және
Парагвай Республикасы делегацияларының мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру
iс-шаралары
1. Лаос (1+3) және Парагвай (1+2) делегацияларының мүшелерiн Алматы қаласында "Хайятт Ридженси" қонақ үйiнде орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Хайятт Ридженси" қонақ үйiнде орналастыру.
3. Баспа өнiмдерiн жасау (бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы рұқсатнамалар, куверткалар).
4. Лаос және Парагвай делегациялары үшiн белгіленген тәртiппен кәдесыйлар мен сыйлықтар сатып алу.
5. Алматы және Астана қалаларының әуежайларында Лаостың және Парагвайдың делегацияларына қызмет көрсету.
6. Қазақстан Республикасының Үкiметiнде Лаос Премьер-Министрiнiң орынбасары, Сыртқы iстер министрi мен Парагвай Сыртқы iстер министрiнiң кездесулерiн ұйымдастыру.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметiнде баспасөз мәслихатын ұйымдастыру.
8. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң атынан Лаос Премьер-Министрiнiң орынбасары, Сыртқы iстер министрiнiң және Парагвай Сыртқы iстер министрiнiң құрметiне қабылдау ұйымдастыру.
9. Лаос және Парагвай делегацияларының мүшелерiне медициналық қызмет көрсету (қажет болған жағдайда).