Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2819 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететі

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 300 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3241

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау
шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 446-құжат; 1999 ж., N 21, 763-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1-бапта:
      1) мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) депозиттік шот - уақытша қорғау баждарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақша енгізiлетiн кеден органының шоты;";
      2) 8) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) отандық өнеркәсiп (өндiрушiлер) - Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды өндiрушiлердiң не ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды ұжымдық өндiруi Қазақстан Республикасының аумағында осы тауарлардың жалпы өндiрiсiнiң көп бөлiгiн құрайтын өндiрушiлердiң жиынтығы;";
      "12) елеулi залал келтiру қаупi - елеулi залалдың анық болмай қоймайтындығы;";
      3) 11) тармақша "едәуір" деген сөздiң алдынан "жалпы" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. 7-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде "елу проценттен астамы" деген сөздер "көп бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 10-баптың 1-тармағы "және барлық мүдделi тұлғаларды iстi қарауға тарту мақсатында хабарламаны мемлекеттік және басқа тiлдерде бұқаралық ақпарат құралдарына таратады".

      4. 13-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Уәкiлеттi орган мүдделi тұлға жария етудi және жалпы түрде ашуды қаламайтын ақпаратты, егер осы ақпарат ресми көздерден алынбаған жағдайда ғана назарға алмауы мүмкiн.".

      5. 15-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мүдделi тұлғалар басқа тарапты iстiң материалдарымен және болжамдарымен таныстыру мақсатында импорттаушыларға, экспорттаушылар мен басқа да мүдделi тұлғаларға басқа адамдардың өтiнiштерiне жауап беру және қорғау шараларын қолдану Қазақстан Республикасының отандық тауар өндiрушiлерiн және экономикалық қауiпсiздігін қорғауда қызмет ететiндiгі туралы мәселе бойынша өз пiкiрлерiн айту мүмкiндігін қоса алғанда, айғақтар мен болжамдарды ұсынуға мүмкiндiк беретiн тыңдаулардың өткiзiлгендiгі туралы уәкiлеттi органға ұсыным хат беруге құқылы.".

      6. 17-бапта:
      1) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Уақытша қорғау баждарын төлеуге арналған ақша сомаларын импорттаушылар Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органының депозиттiк шотына енгізедi және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi органның қорғау баждарын қолдану туралы қорытындысының негiзiнде түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылуға жатпайды.";
      2) 4-тармақта ", уақытша шаралардың күшi жойылуға тиiс және импорттаушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төленген сомаларды қайтарып алуға құқығы бap" деген сөздер "немесе қорғау баждарының уақытша қорғау шараларының ставкасынан неғұрлым төмен ставкасын енгiзу орынды деп танылса, артық төленген сома кеден төлемдерiн қайтару үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген тәртiппен импорттаушыға қайтаруға жатады".

      7. 22-бапта:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қорғау шаралары iсi қаралған тауарға қатысты тауар жеткiзудiң елеулі залалын болдырмау немесе жою үшiн қажетті мөлшерде ғана қолданылады.";
      2) 2-тармақта "қорғау шараларының қолданылу ұзақтығы бiр жылдан асқан жағдайда" деген сөздер "қорғау шараларының күтiлетiн қолданылу мерзiмi бір жылдан асқанда, қолданылу кезеңі iшiндегi тең аралық арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 23-баптың 2-тармағының үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      "Импорттық квота тауар беруші елдер арасында бөлінетін жағдайда Қазақстан Республикасының Yкіметі консультациялар жүргiзу жолымен Қазақстан Республикасының аумағында осы тауарды жеткiзуге мүдделiлiгi бар тауар берушi елдермен импорт квотасының үлесiн бөлу туралы уағдаласа алады.
      Мұндай уағдаластыққа қол жеткiзу мүмкiн болмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi импорттық квотаны тауар импортының жалпы саны немесе құны негiзiнде бұл елдердiң алдыңғы кезеңдегi жеткiзiлiмдерiнде қалыптасқан үйлесiмде тауар берушi елдер арасында бөледі. Бұл ретте осы тауарларды жеткiзуге ықпал ете алған немесе ете алатын кез келген факторлар ескерiледi.".

      9. 25-баптың 2-тармағында "алты ай" деген сөздер "180 күн" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң ол ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi