Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4070

Жаңартылған

      Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Агенттік Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 68 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2818 тіркелген, "Заң газеті" N 175-176 газетінде 2005 жылғы 23 қыркүйекте жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті:
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2006 жылғы 9 қаңтардағы   
N 6 қаулысымен бекітілген  

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің
Ережесі

      Осы Ереже қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктік, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сондай-ақ зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны (бұдан әрі - лицензия) айыруға байланысты тағайындалған банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - ұйым) уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау тәртібін, уақытша әкімшіліктің жұмысын ұйымдастыру тәртібін және өкілеттігін айқындайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) - ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган тағайындайтын орган;
      1-1) Орталық - Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымындағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес функцияларды жүзеге асыруға өкілеттік берген заңды тұлға;
      2) уақытша әкімшіліктің басшысы - уәкілетті орган оның қызметкерлері арасынан не Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес келетін оның қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалар арасынан тағайындайтын тұлға;
      3) уақытша әкімшіліктің мүшесі - уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің жұмысына қатысу үшін тағайындайтын тұлға.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді), 2008.11.28 N 192 , 2009.07.07. N 137 Қаулыларымен.

2-тарау. Уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі

      2. Уақытша әкімшілік уәкілетті органның шешімімен тағайындалады.
      Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап және уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге тағайындалады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы көлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдаған күнінен бастап зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша оның зейнетақы активтерінің және міндеттемелерінің басқа жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - Алушы қор) тапсырылуы аяқталғанға дейінгі кезеңге тағайындалады..
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 192 , 2009.07.07. N 137 Қаулыларымен.

      3. Уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінде:
      1) ұйымның толық әрі қысқартылған атауы;
      2) ұйымның лицензиясын айыру туралы уәкілетті орган шешімінің күні және нөмірі;
      3) уақытша әкімшіліктің қызмет ету мерзімі;
      4) уақытша әкімшілік басшысының және мүшелерінің, олардың лауазымдарын көрсете отырып, фамилиясы, аты, болса әкесінің аты көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) Қаулысымен.

      4. Уақытша әкімшілік мүшелерінің санын уәкілетті орган айқындайды.
      Уақытша әкімшілік мүшелері, уәкілетті орган қызметкерінің уақытша әкімшіліктің жұмысына қатысуы оның лауазымдық міндеттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың келісімімен тағайындалады.
      Уақытша әкімшіліктің құрамына кіретін әрі уәкілетті органның қызметкерлері болып табылатын тұлғалар, мұндай қызметкердің уақытша әкімшіліктің жұмысына қатысуы оның лауазымдық міндеттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уақытша әкімшіліктегі қызметінің барлық кезеңіне негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерді орындаудан босатылады.
      Көрсетілген кезеңде оның жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген өзге де төлемдер сақталады.
      Уақытша әкімшілік басшысының міндетін атқаруды уәкілетті орган уақытша әкімшілік басшысына қойылатын талаптарға сәйкес басқа тұлғаға жүктей алады.

      5. Уақытша әкімшіліктің құрамына:
      1) ұйымның мүшелері, оның ішінде ұйымның, оның филиалдарының және еншілес ұйымдарының басшылары, басқару органы мен атқару органына кіретін тұлғалар, сондай-ақ бас бухгалтер, ревизиялық комиссия жетекшісі (ревизор) және ішкі аудит қызметінің басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйыммен аффилиирленген тұлға;
      3) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда ұйымның кредиторы болып табылатын тұлға;
      4) ұйым алдында берешегі бар тұлға;
      5) соңғы жыл ішінде қаржы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға кіре алмайды;
      6) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан артық емес кезең ішінде қаржы ұйымында жұмыс істеген тұлға.
      Ескерту. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 167 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту  енгізілді - 2008.11.28 N 192 Қ аулыларымен.

      6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің құрамына уәкілетті органға ұсынылған жазбаша өтініш бойынша сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін және екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері кіргізілуі мүмкін.

3-тарау. Уақытша әкімшіліктің жұмысын ұйымдастыру
тәртібі және өкілеттігі

      7. Лицензиядан айырылған және уақытша әкімшілік тағайындалған сәттен бастап:
      1) ұйым қаржы қызметін жүзеге асыруды тоқтатады, оның ішінде мыналармен байланысты жағдайларды қоспағанда, қолдағы шоттар бойынша барлық операцияларды:
      уақытша әкімшіліктің қызметін қамтамасыз етуге байланысты ұйымды ұстауға және ұйымға келіп түсетін ақшаны есептеуге байланысты ағымдағы шығыстарға;
      жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарын, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударым жасауға;
      банктің активтері мен міндеттемелерін бір уақытта басқа банкке (банктерге) өткізу бойынша операцияны жүргізуге банк шығыстарына;
      қате төлем құжаттары бойынша келіп түскен ақшаны қайтару жөніндегі банк шығыстарына;
      жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін  және міндеттемелерін Алушы қорға берумен байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының шығыстарына, сондай-ақ аудитті жүргізгенде – аудиторлық ұйымның қызметін төлеумен байланысты шығыстарына; 
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқығы бар салымшылардың/алушылардың зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың/алушылардың өтініштері негізінде жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау жөніндегі өтініштерін қабылдауды тоқтатады;
      4) ұйымның органдары мен құрылтайшылары (қатысушылары) ұйымның мүлкіне иелік етпейді, оның істерін басқару функцияларын орындаудан босатылып, уақытша әкімшілікке бухгалтерлік және өзге де құжаттаманы, материалдық және өзге де құндылықтарды, ұйымның мөрлері мен мөртабандарын беруін қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25.  N 167 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді), 2008.11.28. N 192 , 2009.07.07. N 137, 2010.03.01 N 20 Қаулыларымен.

      8. Уақытша әкімшілік оны уәкілетті орган тағайындаған күні өз міндеттерін орындауға кіріседі. Уәкілетті органның ұйымның лицензиясын айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдерінің көшірмелерін уақытша әкімшілік ұйымның басшылығына қол қойып ұсынады.
      Шешімдерді қол қойып ұсынылуы мүмкін болмаған жағдайда уақытша әкімшілік бұл жөнінде акт жасайды және уәкілетті органды хабардар етеді.
      Уақытша әкімшілік басшысы уақытша әкімшіліктің жұмысына басшылық жасайды және үйлестіреді, мүлікті сақтау және қаржы ұйымын басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттікті жүзеге асырады, уақытша әкімшілік мүшелерінің арасында міндеттерді бөледі.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 167 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) Қаулыларымен.

      9. Уақытша әкімшілік ұйым басшылығына уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін ұсынған күні мынадай іс-әрекеттер жасайды:
      1) ұйым басшысынан ұйымды тіркеуге байланысты барлық мөрлерді, мөртабандарды, клише мен пломбылау заттарын, ұйым берген лицензиялардың түпнұсқаларын, фирмалық бланкілерді, ақпараттың электрондық тасымалдаушыларын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, меншік иесі ұйым болып табылатын құжаттамалық нысанда шығарылған басқа заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын дереу беруін талап етеді және оларды қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылдайды;
      1-1) ұйымның басшы қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетеді;
      2) ұйымның, оның филиалдары мен өкілдіктерінің кассасындағы барлық ақшалай және өзге де құндылықтарын тексереді, қолма-қол ақшаны банктің корреспонденттік шоттарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және тиісінше екінші деңгейдегі банктерде ашылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шоттарына одан әрі есептеу үшін оның инкассациялануын ұйымдастырады;
      3) ұйымның қолданыстағы шоттарын анықтайды және жинақтаушы зейнет ақы қорының корреспонденттік, ағымдағы шоттарының (оның ішінде шетелдік банктердегі) және кастодиан банктегі шоттарының қалдықтарын салыстырып тексереді. Ұйымның бухгалтерлік есеп деректері бойынша шот қалдықтарын көрсетілген шоттар ашылған банктердегі деректермен салыстырып тексереді және салыстырып тексеру қорытындысы бойынша тиісті актіні жасайды;
      4) ұйым атынан бұрын берілген сенімхаттардың күшін жояды;
      5) уәкілетті органның ұйымның лицензиясын айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінің көшірмесін ұйымның клиенттері танысуы мүмкін орында орналастырады;
      6) толық материалдық жауапкершілікті атқаратын тұлғалар тобын, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізудің автоматтандырылған ақпарат жүйесіне және ұйымның қаржы әрі өзге де есебін жасауға рұқсаты бар тұлғалар тобын анықтайды;
      7) Уақытша әкімшілікті тағайындау күніне электрондық түрдегі бухгалтерлік ақпаратты басып шығарады. Мұндай ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда көрсетілген күнге қағаз тасымалдаушысындағы ақпарат негізге алынады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді), 2009.07.07. N 137 Қаулыларымен.

      10. Уақытша әкімшілік мынадай іс-әрекеттер орындайды:
      1) қабылдау-тапсыру актісі бойынша ұйымның мүлкі мен құжаттарын қабылдайды және олардың сақталуын, оның ішінде осы Ереженің 7-тармағына сәйкес қабылданған мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) ұйымды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және ұйымның барлық құжаттарына қол қояды;
      3) ұйымның атынан соттарға шағым-талаптарды, оның ішінде ұйым органдарының мүшелерін, бас бухгалтерді, егер олардың іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) ұйымға шығын келтірілген болса, жауапқа тарту туралы шағым-талаптарды береді;
      4) ұйым акционерлерінің, кредиторлары мен дебиторларының назарына уәкілетті органның лицензияны айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімді ұсынады;
      5) уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясына ұйымның мүлкін, құжаттарын және істерін қабылдау-өткізу аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және сотқа жасалған жұмыс туралы есеп береді;
      6) ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес қажеттілігіне қарай бұзылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 167 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді), 2008.11.28 N 192 Қаулыларымен.

      11. Уақытша әкімшілік өз қызметі кезеңінде Ереженің 7-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асырмайды.
      Уақытша әкімшілік шығыстарды уақытша әкімшілік басшысы бекіткен шығыстар сметасына сәйкес жүзеге асырады. Шығыстар сметасы уақытша әкімшілікті тағайындаған сәттен бастап жеті күннен кешіктірмей ай сайынғы жоспарланатын шығындарға қарай жасалады.
      Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің қызметіне бақылау жасайды, оның ішінде уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасында көзделген ақшаның пайдалануына.

      12. Шығыстар сметасында мынадай шығын баптары көзделеді:
      1) еңбекақы төлеу бойынша шығыстар;
      2) бюджетке аударым;
      3) әкімшілік шығыстары;
      4) тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша шығыстар;
      5) іссапар шығыстары;
      6) қате төлем құжаттары бойынша келіп түскен ақшаны қайтару жөніндегі шығыстар;
      6-1) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударым жасау бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының шығыстары;
      6-2) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін  және міндеттемелерін Алушы қорға берумен байланысты шығыстары, сондай-ақ аудитті жүргізгенде – аудиторлық ұйымның қызметін төлеумен байланысты шығыстары;
      6-3) банктің активтері мен міндеттемелерін бір уақытта басқа банкке (банктерге) өткізу бойынша операцияны жүргізуге банк шығыстары; 
      7) көзделмеген шығыстар.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді), 2008.11.28 N 192 , 2009.07.07. N 137, 2010.03.01 N 20 Қаулыларымен.

      13. Еңбекақы төлеу бойынша шығыстар мынадай шығындарды көздейді: уақытша әкімшіліктің құрамына енген уәкілетті орган, екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді және сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді қоспағанда, уақытша әкімшілік басшысына және мүшелеріне еңбекақы төлеу, ұйымда бар филиалдар мен өкілдіктерді есепке ала отырып, ұйым қызметкерлеріне еңбекақы төлеу.
      Еңбекақы төлеуге қатысты шығыстар сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына, қызметті өтелмелі көрсету шарттарына және жұмысқа қабылдау бұйрықтарына негізделеді.
      Уақытша әкімшілікке Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу талаптарын өзгертуге жол беріледі.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді), 2008.11.28 N 192 Қаулыларымен.

      14. Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасы салық заңдарының талаптарына сәйкес жасалады.

      15. Әкімшілік шығыстар мыналарға:
      1) қызметтік және шаруашылық мұқтаждар үшін көлік жалдау бойынша қызметке;
      2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта және анықтама қызметі бойынша шығыстар);
      3) үйлер мен ғимараттарды (меншіктік және кепілдік мүлік) қорғау және сигнализациялау бойынша қызметке;
      4) көлікті қорғау бойынша қызметке;
      5) көлік үшін тұрақ ұсыну бойынша қызметке;
      6) көлікті тіркеу бойынша қызметке;
      7) көлікті техникалық жағынан қарау бойынша қызметке;
      8) көлікті сақтандыру бойынша қызметке;
      9) коммуналды қызметке;
      10) жеңіл-желпі жөндеу жұмысы, мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарға техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) бойынша жұмыстар;
      11) бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсетуге;
      12) үй-жайды жалдауға;
      13) жылжымайтын мүлікті тіркеу және тіркеу органдарындағы сәйкес құжаттама бойынша қызметке;
      14) мүлікті бағалау бойынша қызметке;
      15) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланым бойынша қызметке;
      16) сауда-саттықты ұйымдастыру мен жүргізу бойынша қызметке;
      17) жылу жүйесін іске қосуға дайындық бойынша қызметке;
      18) сантехникалық жұмыстарға;
      19) мүлікті сақтау бойынша қызметке;
      20) нотариалдық куәлік бойынша қызметке;
      21) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру бойынша қызметке;
      22) терезелерге, есіктерге тор даярлау және құру бойынша жұмыстарға;
      23) инкассация қызметіне;
      24) сараптама жүргізу бойынша қызметке;
      25) құжаттарды аудару бойынша қызметке;
      26) телефон нөмірлерін құруға, ауыстыруға немесе көшіруге;
      27) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеушінің қызмет көрсетулері;
      28) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу мен оларды мұрағатқа өткізу бойынша қызметке көзделуі мүмкін.
      Жұмыс пен қызметке ақы төлеудің тұрақты және бір жолғы сипаты бар.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 137 Қаулысымен.

      16. Жеңіл-желпі мұқтаждарды қанағаттандыруға және ең аз жол берілетін қорды құруға бағытталған тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша шығыстар:
      1) жұмыс жағдайындағы офис жабдығын қамтамасыз етуге;
      2) көлік құралдарын қамтамасыз етуге;
      3) үй-жайларды қамтамасыз етуге;
      4) қағаз және бланк өнімдерін сатып алуға;
      4-1) жанар-жағар май материалдарын сатып алу;
      5) кеңсе тауарларын сатып алуға арналған.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 167 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      17. Әр түрлі қызметтер мен тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған шығыстар сметасына қосқан кезде уақытша әкімшілік тарифтік торлар мен осы өңірде белгіленген орташа алынған рыноктық бағаның негізінде есептеулер жасайды.

      18. Уақытша әкімшілік басшысының және мүшелерінің, ұйым қызметкерлерінің іссапарларға шығуы бойынша шығыстар сметада көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) Қаулысымен.

      19. Қате төлем құжаттары бойынша келіп түскен ақшаны қайтару Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      19-1. Көзделмеген шығыстар мөлшері банк үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, жинақтаушы зейнетақы қоры үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс, осы Ереженің 12-тармағының 1) - 6-3) тармақшаларында көзделмеген уақытша әкімшіліктің кезек күттірмейтін мұқтаждарға жоспарланбаған шығындарын білдіреді.
      Ескерту. 19-1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 192, өзгерту енгізілді - 2009.07.07. N 137, 2010.03.01 N 20 Қаулыларымен.

      20. Уақытша әкімшілік өз қызметі кезеңінде қызметтік үй-жайларды, байланыс құралдарын, автомобиль көлігін және уақытша әкімшіліктің қызметін жүзеге асыру үшін ұйымға тиесілі өзге де техникалық құралдарды пайдаланады.
      Қажет болған жағдайда уақытша әкімшілік және оның өкілдері уәкілетті орган берген техникалық құралдарды пайдаланады.

      21. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уақытша әкімшілікке жазбаша нұсқамаларды жібереді, есеп берудің нысанын, мерзімін және кезеңділігін белгілеп, уақытша әкімшіліктің қызметін тексереді.

      22. Уақытша әкімшіліктің қызметі уәкілетті орган ұйымның тарату комиссиясын тағайындаған сәттен бастап тоқтатылады.

      23. Уақытша әкімшілік тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап өз өкілеттігін қалдырып, он жұмыс күні ішінде ұйымның бухгалтерлік және өзге құжаттамасын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге құндылықтарды тарату комиссиясының төрағасына беруді қамтамасыз етеді.
       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 192 Қаулысымен.

      24. Ұйымның құжаттары мен мүлкін уақытша әкімшіліктен оның тарату комиссиясына қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді, оны уәкілетті орган бекітеді. Бекітілген актінің бір данасы іс материалдарына тіркелу үшін сотқа жіберіледі.

      25. Банктің уақытша әкімшілігі мынадай іс-әрекеттерді жасайды:
      1) банктің активтері мен міндеттемелерін, баланстан тыс активтері мен міндеттемелерін, қолдағы шарттар мен басқа да негізгі құжаттарды түгендейді, оның нәтижелері бойынша тиісті акт жасалады;
      2) банктің корреспонденттік шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінің көшірмесін ұсынады;
      3) тағайындау сәтінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей банктің корреспонденттік шоттары бар банктерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне банк атынан құжаттарға қол қою құқығына ие лауазымдық тұлғалардың қол үлгілері бар жаңа карточкаларды ұсынады;
      4) банк құрылтайшыларының (қатысушыларының), кредиторларының, дебиторларының және екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның назарына уәкілетті органның лицензияны айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін жібереді;
      5) оны тағайындаған сәттен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілетін депозиттер туралы және екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым белгілеген нысан бойынша оларға есептелген сыйақы сомасы туралы ақпаратты ұсынады;
      6) банкке келіп түсетін қолма-қол ақшасыз аударымдардың және қолма-қол ақшаның, оның ішінде заемшылар бұрын берілген кредиттер бойынша қайтарылғанын, кредиттер бойынша сыйақы мен өзге де кірістерді, сондай-ақ тұрақсыздық айыптарын, өсімпұлдар мен айыппұлдарды, банктің аванстық төлемдерінің қайтарылуын, сондай-ақ банкке меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса алғанда, бұрын жасалған мәмілелерден болған (қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшалай) кірістердің есепке алынуын бақылайды;
      7) төлеушілердің осы құжаттарды қайтарып алу туралы өкімдері негізінде "Мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары, "Банктің корреспонденттік шотында ақшаның болмауынан мерзімінде төленбеген клиенттердің есеп айырысу құжаттары" баланстан тыс шоттар бойынша картотекалардан төлем құжаттарын қайтарады.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді), 2008.11.28 N 192 Қаулыларымен.

      26. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі мынадай іс-әрекеттерді жасайды:
      1) активтер мен міндеттемелерді, жеке шоттарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын, сақтандыру полистерін және басқа да негізгі құжаттарды түгендейді, оның нәтижесі бойынша акт жасайды;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, полистерінің бланкілерін және сақтандыру агенттерінің қолындағы қолма-қол ақша қалдығын алады. Қолма-қол ақша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шотына тапсырылады;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттары бар банктерге уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінің көшірмесін ұсынады;
      4) тағайындау сәтінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей банк шоттарының ашылу орны бойынша банктерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қою құқығына ие лауазымдық тұлғалардың қол үлгілері бар жаңа карточкаларды ұсынады;
      5) активтерді, оның ішінде сақтандыру резервтерінің қаражатын анықтайды;
      6) алынып тасталды
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтайшыларының (қатысушыларының), кредиторларының, дебиторларының және сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне ұжымдық кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның назарына уәкілетті органның лицензияны айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін жібереді;
      8) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым белгілеген нысандар бойынша мәліметтер мен ақпаратты ұсынады;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келіп түсетін барлық қолма-қол ақшасыз аударымдардың және қолма-қол ақшаның, оның ішінде орналастырылған сақтандыру резервтері мен кірістерінің қайтарылуын, оның ішінде сақтандыру сыйлықақы мен өзге де кірістердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аванстық төлемдерінің, дебиторлық берешегінің, тұрақсыздық айыбы мен айыппұлдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражаттың есепке алынуын бақылайды.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді), 2008.11.28 N 192 , 2009.07.07. N 137 Қаулыларымен.

      27. Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі мынадай іс-әрекеттерді жасайды:
      1) салымшыларға мәлімет үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылғаны туралы ақпаратты жеткізеді. Хабарландыруда уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдау күні, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерінің және міндеттемелерінің Алушы қорға тапсыруы уақытша әкімшілікпен оның таңдауы бойынша жүзеге асырылатыны туралы ақпаратты қамтиды, таңдауы туралы ақпаратты уақытша әкімшілік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;
      2) уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиядан айыру туралы және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімнің көшірмесін зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және банктік шоттары бар банктерге, сондай-ақ кастодиан банкке көшірмесін береді;
      3) тағайындалған сәтінен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге және кастодиан банкке жинақтаушы зейнетақы қорының атынан құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалардың қойған қолдарының үлгілері бар жаңа карточкаларды береді;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорына келіп түскен қолма-қол емес және қолма-қол ақшаның, оның ішінде зейнетақы жарналарының, дебиторлық берешектің, сондай-ақ тұрақсыздық айыбының, өсімпұл мен айыппұлдардың есепке алынуын, қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтерінің, басқа кірістердің, жинақтаушы зейнетақы қорының аванстық төлемдерін, меншік құқығындағы жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі бағалы қағаздарды өтеуден түскен қаражаттың қайтарылуын бақылайды;
      РҚАО-ның ескертуі!
      2012.01.01 бастап 5) тармақшаға өзгерту қарастырылған - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      5) меншікті активтері мен міндеттемелерін, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін түгендейді, оның нәтижесі бойынша мыналарды көрсете отырып, зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы актіні жасайды:
      жасалған және қолданылуы тоқтатылған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың жалпы тізімін, сондай-ақ осы жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоты бар, осы жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты туралы мәліметтері жоқ салымшылар тізімін;
      міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі, ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі, оларда мынадай ақпарат қамтылады:
      жеке зейнетақы шотының нөмірі;
      салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      салымшының (алушының) жынысы;
      әлеуметтік жеке коды және салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бар болса - жеке бірегейлендіру нөмірі;
      зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі мен жасалған күні;
      салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;
      салымшының (алушының) мекен-жайы, тұрғылықты жері, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық түсімдердің сомасы туралы мәліметтер;
      жинақталған зейнетақы қаражаты осы тармақтың 15) тармақшасына сәйкес басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аударым жасауға жататын жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) тізімі;
      инвестициялық портфельдің құрылымы, уақытша әкімшілікті тағайындау күніне шоттардағы инвестицияланбаған ақша қалдықтары, ұлттық бірегейлендіру нөмірін, айналыста болу мерзімін, санын (данасын), сатып алу бағасын, бір бағалы қағаздың ағымдағы құнын, пайыздар мен дивиденттер бойынша есептелген кірісті, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының есепке алу жүйесіндегі кастодиан банктің жеке шотының аясында ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотындағы жалпы бағалы қағаздар санын көрсете отырып, берілетін бағалы қағаздар тізбесі;
      зейнетақы активтері орналастырылған басқа қаржы құралдарының сомасы, саны, және тізбесі;
      міндеттемелер сомасы, оның ішінде қате есепке алынған сомалар, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымына, кастодиан банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына комиссиялық сыйақы сомалары, өзге міндеттемелер;
      6) бұдан әрі зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын қамтамасыз етеді, сондай-ақ, қажет болғанда зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымды таңдайды және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі мүшелерінің қатарынан осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитеттің құрамына кіретін қызметкерді белгілейді;
      7) Алушы қорға жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күнге дейін осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің есебін жүзеге асыруды жалғастырады;
      8) Алушы қорға жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күнге дейін пруденциалдық нормативтерді және басқа міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді жалғастырады;
      9) қаржылық және өзге де есептілікті қалыптастырып, уәкілетті органға тапсырып отыруды жалғастырады;
      10) қажет болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      11) жинақтаушы зейнетақы қорында есептелген теріс комиссиялық сыйақы сомасы болса, жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен (ол бар болғанда) берешек сомасын өтеу бойынша және осы соманы кейіннен салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шотына аудару жөніндегі операцияларды Алушы қорға жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күнге дейін жүзеге асырады;
      12) зейнетақы активтерін Алушы қордың кастодиан банкіне (уақытша әкімшілік белгілеген мерзімде) табыстау рәсімі аяқталғаннан кейін жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкіндегі шотын жабады;
      13) жинақтаушы зейнетақы қорының картотекасынан "Мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары" шоттары бойынша төлем құжаттарын төлеушілердің бұл құжаттарды қайтарып алу туралы өкімдерінің негізінде қайтарады;
      14) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін Алушы қорға табыстау туралы ақпаратты салымшыларға мәлімет үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы жеткізеді;
      15) мыналар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасайды:
      жинақтаушы зейнетақы қорын зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырған күнге дейін Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатты басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым жасау туралы электронды хабарламасы алынған басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша;
      салымшылардың (алушылардың) жинақтаушы зейнетақы қорын зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырған күнге дейінгі қабылданған жинақталған зейнетақы қаражаттарын сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуына байланысты сақтандыру ұйымына аударым жасау туралы өтініштері бойынша;
      салымшылардың (алушылардың) жинақтаушы зейнетақы қорын зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырған күнге дейін қабылданған ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударым жасау туралы өтініштері бойынша;
      16) осы тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген зейнетақымен қамсыздандыру шарттары мен салымшылардың (алушылардың) өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттік Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 тіркелген) бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесінде (бұдан әрі – жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережелері) белгіленген жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ Заңының 31-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіпте және мөлшерде зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін өсімпұлды төлейді. Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорында меншікті қаражат болмаған жағдайда, өсімпұлды төлеуді Алушы-қор жүргізеді;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқығы бар салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады;
      18) жинақтаушы зейнетақы қорында номиналды кірістің көрсеткіштері мен кірістіліктің барынша төмен мәні арасындағы айырмасын өтеу бойынша міндеттемелер бар болғанда, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін Алушы-қорға қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күнге дейін жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен берешек сомасын өтеу және осы соманы кейіннен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына аударым жасау бойынша операцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 137, өзгерту енгізілді - 2010.03.01 N 20 Қаулыларымен.
      27-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілікке және қаржылық есептілікпен байланысты өзге ақпаратқа, оның нәтижесі бойынша лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне кіретін қаржы құралдарын бағалауға аудит жүргізген жағдайда аудиторлық ұйымды таңдауды жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі жүзеге асырады.
      Ескерту. 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 20 Қаулысымен.

      28. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2008.01.25. N 9 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) Қаулысымен.

      28-1. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 137 Қаулысымен.

      29. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 137 Қаулысымен.

3-1-тарау. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін Алушы қорға беру

       Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 137 Қаулысымен.

      29-1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін Алушы қорға тапсыруды уақытша әкімшіліктің, Алушы қордың, жаңа және бұрынғы кастодиан банктері және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымдардың арасында жасалатын зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін беру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) және зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актінің негізінде уәкілетті органның келісімі бойынша уақытша әкімшілік жүзеге асырады.
      29-2. Уақытша әкімшілік, оны тағайындаған күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Ереженің 29-3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау туралы ұсыныстарын жібереді.
      Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау туралы ұсынысы осы тармағының 2) тармақшасында көзделген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентіне стресс-тестингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді қамтиды.
      Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдауға ниеттенген жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау туралы ұсыныс жіберілген күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде уақытша әкімшілікке ерікті нысанда жасалған зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдауға ниеттенгені туралы өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) береді, оған қоса мыналарды береді:
      1) лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының өтімділігін жақсартуға қажетті шараларды көздейтін іс-шаралар жоспарын, онда осы жоспарды орындау мерзімдері мен жауапты адамдары көрсетіледі;
      2) лицензиядан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қабылдауға байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің және салымшылардың (алушылардың) азаюы салдарынан зейнетақы активтері мөлшерінің он бес, он және бес пайызға ықтимал азаюына өткізілген стресс-тестингтің қорытындылары.
      Ескерту. 29-2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 20 Қаулысымен.
      29-3. Уақытша әкімшілік ұсынысты жіберген күнінен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Ереженің 29-2-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Өтініш берген жинақтаушы зейнетақы қорлары қатарынан және мынадай талаптарға сәйкес келетін Алушы қорды таңдайды:
      1) Өтінішті беру күніне дейінгі соңғы бес жыл бойы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;
      2) Өтінішті берген күні астанада, республикалық маңызы бар қалада және Өтінішті берген күні лицензиядан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары орналасқан облыстарда филиалдары болуы. Филиалдары болмағанда – уақытша әкімшілік Алушы-қорды таңдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде филиалдарды ашу жөніндегі жазбаша міндеттемені беру;
      3) Өтінішті берген күннің алдындағы соңғы ай ішінде уәкілетті органмен белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігі және зейнетақы активтерінің кірістілігі бойынша пруденциалдық нормативтерді бұзу фактілерінің болмауы;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері оның Өтініш берген күніне, лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мөлшерінен кем емес шамада болады;
      5) алынып тасталды
      6) жинақтаушы зейнетақы қорының барлық ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаларының, ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімі талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, Өтініш беру күніне дейін кем дегенде бір жыл бұрын берілген уәкілетті органның ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімінің болуы;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы (заңды тұлға) Өтінішті бергенге дейінгі соңғы бес жылда дефолтқа және (немесе) өзінің міндеттемелерінің қайта құрылымдауына жол бермеген.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген талап лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау салдарынан меншікті капитал жеткіліктілігі және зейнетақы активтерінің кірістілігі бойынша пруденциалдық нормативтерді бұзуға жол берген жинақтаушы зейнетақы қорына таралмайды.
      Өтініш берген бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорлары осы Ереженің 29-3-тармағының талаптарына сәйкес келгенде, уақытша әкімшілік осы Ереженің 29-2-тармағының үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген стресс-тестингтің ең жақсы нәтижелері бар жинақтаушы зейнетақы қорын таңдайды.
      Ұсынысты жіберген күнінен бастап жеті күнтізбелік күн өткен соң Өтініштер болмаған немесе өтінішті берген жинақтаушы зейнетақы қоры осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уақытша әкімшілік лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін мемлекеттік қатысуы бар жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" мемлекеттік, ұлттық әл-ауқат қорының мекемесіне тапсыруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 29-3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 20 Қаулысымен.
      29-4. Уақытша әкімшіліктің лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерінің және міндеттемелерінің табысталуы жүзеге асырылатын Алушы қорды таңдау туралы шешімі уәкілетті органға келісуге жіберіледі. Уақытша әкімшіліктің Алушы қорды таңдау туралы шешімін келісуді уәкілетті органның Басқармасы жүзеге асырады.
      29-5. Уақытша әкімшіліктің Алушы қорды таңдау туралы шешімі  уәкілетті органмен келіскеннен кейін уақытша әкімшіліктің, Алушы қордың, бұрынғы және жаңа кастодиан банктердің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың арасындағы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін Алушы қорға табыстау рәсімдерін айқындайтын Келісімге қол қойылады.
      29-6. Келісімге қол қойылғаннан кейін жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі Алушы қорға қабылдау-өткізу актісі бойынша ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары салымшыларының тізімін және ашық жеке зейнетақы шоты бар, Алушы қор оларға сәйкес автоматтандырылған ақпараттық деректер базасында салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шоттарын ашатын осы жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру шарты туралы мәліметтері жоқ, салымшылардың тізімін береді.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі Орталыққа Алушы қорға берілетін, мәліметтері міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілген жинақтаушы зейнетақы қорымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан міндетті зейнетақы жарналар салымшыларының тізімін береді. Осы тізім мәліметтерді Орталыққа берген күнінің алдындағы күннің аяғындағы жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының осыған ұқсас тізіміне сәйкес келуі тиіс.
      Орталық жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінен жинақтаушы зейнетақы қорымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шарттарын жасасқан, Алушы қорға берілетін міндетті зейнетақы жарналар салымшыларының тізімін алған күнінен кейін келетін күннен кешіктірмей оларды міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартын жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізеді және ол туралы Алушы қорды және жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша әкімшілігін хабардар етеді.
      Алушы қор Орталықтың мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізгені туралы электронды хабарлама алған күні салымшыға (алушыға) автоматтандырылған ақпараттық деректер базасында жеке зейнетақы шотын ашады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі Орталықтың мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізгені туралы электронды хабарламаны алған күні салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын жабады.
      Алушы қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасында салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шоттарын ашқан күнінен кейін келетін күннен кешіктірмей уақытша әкімшіліктің, Алушы қордың, жаңа және бұрынғы кастодиан банктерінің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың арасында зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылады.
      29-7. Зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісі ресміделген кезде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) тапсыру күніне зейнетақы активтерінің жалпы сомасы, оның ішінде:
      шоттардағы инвестицияланбаған ақша қалдықтары;
      зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы (ұзақ мерзімді және/қысқа мерзімді) қағаздардың жиынтық құны және тапсырылатын ұлттық бірегейлендіру нөмірі, айналыста болу мерзімі, саны (дана) сатып алу бағасы, бір бағалы қағаз бірлігінің ағымдағы құны, пайыздар мен дивидендтер бойынша есептелген кірісі, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының есепке алу жүйесінде кастодиан банктің жеке шотының аясында ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотындағы бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетілген бағалы қағаздардың тізбесі;
      "кері репо" операциялар бойынша сатып алынған бағалы қағаздардың (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді) жиынтық сомасы және ұлттық бірегейлендіру нөмірі, айналыста болу мерзімі, саны (данасы), сатып алу бағасы, бір бағалы қағаз бірлігінің ағымдағы құны, жабылу бағасы және пайыздар бойынша есептелген кірісі көрсетілген тапсырылатын бағалы қағаздардың тізбесі;
      екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде) және банктің атауы, салым сомасы, банктік салым туралы шарт жасалған күні, шарттың қолданыста болу мерзімі, салым бойынша жылдық сыйақы ставкасы, салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомалары көрсетілген салымдардың тізбесі;
      зейнетақы активтері орналастырылған басқа қаржы құралдарының сомасы, саны және тізбесі, міндеттемелер сомасы, оның ішінде қателесіп есепке алынған сомалар, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымына, кастодиан банкке, зейнетақы активтерін қабылдайтын жинақтаушы зейнетақы қорына комиссиялық сыйақы сомалары, өзге міндеттемелер;
      2) лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен өтеуге және оның салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарына аударым жасауға жатқан комиссиялық сыйақының есепке алынған теріс сомасы, сондай-ақ өтелген теріс комиссиялық сыйақыдан лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына нақты аударым жасалған сомалар;
      3) мәліметтері міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартын жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілген, жинақтаушы зейнетақы қорымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартын жасасқан міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі;
      4) ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі;
      5) осы жинақтаушы зейнетақы қорымен жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтері жоқ ашық жеке зейнетақы шоты бар салымшылардың тізімі;
      6) осы Ереженің 27-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарттар мен өтініштер бойынша жинақталған зейнетақы қаражаты аударылмаған салымшылардың (алушылардың) тізімі;
      7) жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған күннен бастап және зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күнге дейінгі кезеңде алынған Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатты басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым жасау туралы электронды хабарламасы орындалмаған салымшылардың (алушылардың) тізімі;
      8) жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесінде белгіленген жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін уақтылы емес жүзеге асырғаны үшін төлеуге жататын өсімпұлдың сомасы;
      9) лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен өтеуге жатқан номиналды кірістің көрсеткіштері мен кірістіліктің барынша төмен мәні арасындағы айырмасын өтеу және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына аударым жасау бойынша міндеттемелер сомасы, сондай-ақ лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен (ол бар болғанда) номиналды кірістің көрсеткіштері мен кірістіліктің барынша төмен мәні арасындағы айырмасын өтеуден салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына нақты аударым жасалған сома.
      Ескерту. 29-7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 20 Қаулысымен.
      29-8. Салымшылармен жасалған міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарының және жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымдарына аудару туралы өтініштердің түпнұсқалары барлық оларға қоса берілетін құжаттарымен Алушы қорға құжаттарды қабылдау-тапсыру актінің негізінде тапсырылады.
      РҚАО-ның ескертуі!
      2012.01.01 бастап 29-9-тармаққа өзгерту қарастырылған - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      29-9. Осы Ереженің 29-7-тармағының 3), 4), 6) тармақшаларында көрсетілген салымшылардың тізімінде мынадай ақпарат қамтылады:
      жеке зейнетақы шотының нөмірі;
      салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;
      салымшының (алушының) жынысы;
      әлеуметтік жеке коды және салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бар болса - жеке бірегейлендіру нөмірі;
      зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі және жасалған күні;
      салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;
      салымшының (алушының) мекен-жайы, тұрғылықты жері;
      жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық түсімдердің сомалары туралы.
      Осы Ереженің 29-7-тармағының 6), 7) тармақшаларында көрсетілген салымшылар тізіміне қосымша Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару туралы электрондық хабарламаның деректемелері туралы ақпарат кіреді.
      Ескерту. 29-9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 20 Қаулысымен.
      29-10. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Алушы қордың шоттарына аударым жасау Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан активтерге қатысты - зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал шетелдік кастодиан банктердің шоттарындағы активтерге қатысты - зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
      29-11. Осы Ереженің 27-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының аударымдарын қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған күнінен бастап және зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен он күнтізбелік күн өткенге дейінгі кезеңде жинақтаушы зейнетақы қоры алымшыларының (алушыларының) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аударым жасау тоқтатыла тұрады.
     Ескерту. 29-11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 20 Қаулысымен.
      29-12. Алушы қор зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдағаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
      29-13. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін Алушы қорға берумен байланысты шығыстар жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

4-тарау. Ұйымның ақшалай және басқа да құндылықтарын
тексеру (ревизия жасау), құжаттар мен мүлікті
қабылдау, тапсыру, мүлікті түгендеу

      30. Уақытша әкімшілік тағайындалған сәттен бастап үш күн ішінде ұйымның, оның филиалдарының, өкілдіктерінің кассалық торабынан тыс орналасқан кассалардағы, банкоматтардағы және операциялық кассалардағы барлық ақшалай және материалдық құндылықтарды, сондай-ақ қатаң есептегі бланкілерді тексереді (ревизия жасайды).
      Ревизия кенет жасалады, барлық қолма-қол ақша, құндылықтар, қатаң есептегі бланкілер тексеріледі және ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінде бір мезгілде бір күнде басталады. Ревизия қорытындысы актімен ресімделеді. Ревизия қорытындысы бойынша қолма-қол ақшаның, құндылықтардың жеткіліксіз болуы анықталған жағдайда, осы факті бойынша құжаттар құқық қорғау органдарына беріледі.

      31. Уақытша әкімшілік ұйымның барлық мөрлерін (мөртабандарын) қабылдағаннан кейін ұйымның құжаттарын қабылдайды, ал ұйымның басшысы мен бас бухгалтері оларды тапсырады.
      Құжаттарды қабылдау-тапсыру уақытша әкімшілік белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады және актімен ресімделеді.

      32. Уақытша әкімшілік ұйымның басшысымен және бас бухгалтерімен бірлесіп мүлікті түгендеуді ол басталған күннен бастап бір ай ішінде жүргізеді.
      Түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылады, оның құрамын уақытша әкімшіліктің басшысы бекітеді.
      Түгендеу ұйымның басшысына уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін ұсынған күні басталады. Түгендеуді жүргізу мерзімін уәкілетті органның келісімімен уақытша әкімшілік айқындайды және жұмыстың сипаты мен көлемін ескере отырып ұзартылуы мүмкін.

      33. Түгендеуді жүргізбес бұрын түгендеу комиссиясы:
      1) қосымша үй-жайларды, жертөле және жеке кіретін әрі шығатын есіктері бар мүлікті сақтаудың басқа орындарын пломбылайды;
      2) түгендеу сәтіне соңғы келіп түсетін және жіберілетін құжаттарды немесе түгендеуге жататын мүліктің қозғалысы туралы есептерді алады.

      34. Түгендеу нәтижелері актімен ресімделеді, оған түгендеу комиссиясының мүшелері және материалдық жауапты адам қол қояды.
      Уақытша әкімшілік түгендеу (салыстырып тексеру) нәтижелерін ескере отырып, ұйымның материалдық құндылықтарын, мүлкін қабылдайды, ал ұйымның басшысы мен бас бухгалтері оларды тапсырады.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      35. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.