Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 130 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 130 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Төраға
31 тамыз 2005 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы
N 317 қаулысына N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында
Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру (бұдан әрі - брокерлік және дилерлік қызмет) талаптары мен тәртібін белгілейді.
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде, брокерлік және дилерлік қызмет брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына, брокер және (немесе) дилер мен олардың клиенттерінің арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету жөніндегі шарттарға және егер олар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңнамаға қайшы келмесе, дәстүрлерге (оның ішінде іскерлік айналыс дәстүрлеріне) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
2. Осы Ереженің қолданылуы Қазақстан Республикасының банктік қызметті реттейтін заңнамасына қайшы келмейтін бөлікте, брокер және (немесе) дилерлер болып табылмайтын банктерге таралады.
3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға
лицензиялардың
мынадай түрлерінің бірін иелене алады:
1) бірінші санатты лицензия - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу құқығымен);
2) екінші санатты лицензия - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу құқығынсыз).
4. Бірінші санатты лицензияны иеленген брокер және (немесе) дилер осы Ережеде бірінші санатты брокер және (немесе) дилер, екінші санатты лицензияны иеленген - екінші санатты брокер және (немесе) дилер деп аталады.
4-1. Осы Ереженің мақсаттары үшін уәкілетті орган
"Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан өзге сондай-ақ
"Moody's Investors Service" пен "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі -
басқа
рейтингтік
агенттіктер
)
рейтингтік бағаларын
таниды.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22
N 130
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
4-2. Брокер және (немесе) дилер жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді.
Брокер және (немесе) дилер аудит жүргізілгенде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді.
Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29
N 168
Қаулысымен.
4-3. Ұйымдастырушылық-құқықтық акционерлік қоғамы нысанда құрылған б
рокер және (немесе) дилер
аффилирленген тұлғалардың есебін жүргізеді.
Басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған б
рокер және (немесе) дилер мына тұлғаларды есепке алады:
1) қатысушыларды;
2) қатысушы не б
рокер және (немесе) дилердің
атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның
жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, ұлы, қызы), некеде тұрғандарды, сондай-ақ жекжаттары болатын (ерінің (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы) жеке тұлғаларды;
3) б
рокер және (немесе) дилердің
атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшелерін;
4) осы тармақтың 1), 5)-9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының, бақылау кеңесінің мүшелерін;
5) б
рокер және (немесе) дилердің
қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлғаларды;
6) б
рокер және (немесе) дилердің
қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғаларды;
7) оларға қатысты б
рокер және (немесе) дилер
ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғаларды;
8) б
рокер және (немесе) дилермен
бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғаларды;
9) б
рокер және (немесе) дилермен
шартпен байланысты тұлғаларды, шартқа сәйкес олар б
рокер және (немесе) дилер
қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқықтары бар.
Ескерту. тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29
N 168
Қаулысымен.
4-4. Б
рокер және (немесе) дилер
осы Ереженің 4-3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды б
рокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29
N 168
Қаулысымен.
2-тарау. Брокер және (немесе) дилердің ұйымдық
құрылымы және қызметкерлерінің біліктілігі
5. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс:
1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);
2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис).
6. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бірінші басшысы немесе оның брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы брокер және (немесе) дилердің бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етіледі. Бэк-офис құзыретіне жататын функциялар мен міндеттерді сауда бөлімшесінің қызметкерлеріне жүзеге асыруға, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің бір бөлімше қызметкерлерінің құқықтары мен құзыреттерін басқа бөлімше қызметкерлеріне беруге (табыстауға) жол берілмейді.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
7. Осы Ереженің 63-тармағы негізінде банктік және өзге операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымына, банктік және өзге операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыру жөніндегі бөлімше кіруі тиіс.
8. Екінші санатты брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымын олар Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларына және осы брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес дербес түрде айқындайды.
9.
алынып тасталды
Ескерту: 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
10. Брокер және (немесе) дилер өз клиенттерінің алдында олар үшін осы брокер және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға кіру жөніндегі және/немесе осындай қатынастарды ұстап тұру жөніндегі ниеттер бөлігіндегі елеулі мәні бар ақпаратты осы Ереженің 11-15 тармақтарымен белгіленген тәртіпте ашады.
11. Брокер және (немесе) дилердің бас офисінің және филиалдарының үй-жайларындағы оның клиенттері үшін қолайлы орындарда:
1) осы брокер және (немесе) дилерге брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) осы Ереженің 12-тармағына сәйкес, брокер және (немесе) дилер клиенттің алғашқы талабы бойынша оған танысуға ұсынатын құжаттардың тізбесі.
12. Брокер және (немесе) дилер клиенттің алғашқы талабы бойынша оған танысу үшін:
1) соңғы есепті кезең үшін өзінің қаржылық есебін;
2) пруденциалдық нормативтерді осы брокер және (немесе) дилердің сақтау деңгейі туралы мәліметтерді;
3) осы брокер және (немесе) дилердің және оның қызметкерлерінің қызметіне қатысты қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) қолданған санкциялар туралы мәліметтерді;
4) өзін-өзі реттейтін ұйымның және сауда-саттықты ұйымдастырушының осы брокер және (немесе) дилерге, оның қызметкерлеріне қатысты соңғы он екі ай ішінде қабылдаған шешімдерін;
5) брокерлік және дилерлік қызметтің жүзеге асырылуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркеудің шарттары мен тәртібін, брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттары.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
13. Брокер және (немесе) дилер клиентке осы ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттардың соңғы көшірмелерін беруден бас тартуға құқылы емес. Брокер және (немесе) дилер көшірмелерді бергені үшін оларды дайындауға кеткен шығынның мөлшерінен аспайтын мөлшерде клиенттен ақы алуға құқылы.
14. Брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен осы клиенттің есебінен және мүддесінде жасауға болжанған мәмілеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген шектеулер мен ерекше жағдайлар туралы клиентке хабарлайды.
Қаржы құралдарымен осы клиенттің есебінен және мүддесінде жасауға болжанған мәмілеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулер мен ерекше жағдайлар туралы клиентті хабарландырудың жазбаша түрде ресімделуі, брокер және (немесе) дилердің жіберілетін құжаттар журналында тіркелуі және почта және/немесе қолына тапсырып және/немесе электронды почта, және/немесе факсимильдік және/немесе телекстік және/немесе телеграфтық хабарлау арқылы немесе мұндай хабарландыруды жөнелту негіздері туындаған күннен бастап байланыстың өзге түрлері арқылы жіберілуі тиіс.
15. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен, өз клиенттері алдында ақпараттар ашу жөнінде осы брокер және (немесе) дилердің қосымша міндеттері (осы Ереженің 11-14-тармақтарында айқындалған міндеттерден басқа) белгіленуі мүмкін.
15-1.
Б
рокерлер және (немесе) дилерлер есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік баланс және есеп мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) Интернет желісіндегі меншікті веб-сайтта мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
Б
рокер және (немесе) дилердің кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансын және есебін жариялау үшін он бес мың данадан кем емес басылыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдары қолданылады.
Кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансты және есепті брокер және (немесе) дилердің Интернет желісіндегі веб-сайтта жариялағанда, осы ақпаратты орналастырудың күні мен уақыты көрсетіледі. Брокер және (немесе) дилердің кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансы және есебі
б
рокер және (немесе) дилердің веб-сайтындағы мұрағатта сақталады.
Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.03.27
N 58
Қаулысымен.
16. Брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің параметрлері (бағалары, көлемдері және басқа ықтимал параметрлері) туралы нақты емес немесе жаңылдыруға әкеп соғатын мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өзге де тәсілмен таратуға құқылы емес.
17. Өзінің қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзге де тәсілдермен хабарландырулар жариялау кезінде брокер және (немесе) дилер өзінің толық атауын, сондай-ақ брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілген күнін және нөмірін көрсетуге міндетті.
Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
3-тарау. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт.
Клиенттік тапсырыс
18. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт (бұдан әрі - брокерлік шарт деп аталады) жазбаша нысанда жасалады.
19. Брокерлік шартта бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметті көрсету талаптары мен тәртібі бір мезгілде болуы мүмкін.
20. Брокерлік шарт қаржы құралдарымен бір немесе бірнеше өзара байланысты мәмілелер жасау мақсатында немесе Брокерлік шартта белгіленген мерзім ішінде клиентке брокерлік қызмет көрсету мақсатында жасалуы мүмкін.
Қаржы құралдарымен бір немесе бірнеше өзара байланысты мәмілелер жасау мақсатында жасалған брокерлік шарт клиенттік тапсырыстың күшіне ие болады, онда осы Ереженің 29-тармағында белгіленген қағида болуы тиіс.
Белгіленген мерзімге жасалған Брокерлік шарттың негізінде қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер жеке клиенттік тапсырыстардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте Брокерлік шартта Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген талаптардан басқа, брокер және (немесе) дилерге клиенттік тапсырыстарды ұсыну тәсілдеріне нұсқаулар, брокер және (немесе) дилердің клиенттік тапсырыстарды қабылдауын растау тәртібі және брокер және (немесе) дилердің клиентке клиенттік тапсырыстарды орындау жөніндегі есептерді ұсыну тәртібі болуы тиіс.
21. Брокерлік шартта бағалы қағаздармен осы Брокерлік шартқа сәйкес жасалған (жасалуға болжанған) және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен оған қатысты шектеулер мен ерекше шарттар белгіленген мәміле туралы брокер және (немесе) дилердің уәкілетті органды хабардар ету міндеті көзделуі тиіс.
22. Брокерлік шарттың қолданылу мерзімі ішінде брокер және (немесе) дилер:
1) оның қаржылық жай-күйінің нашарлау фактілері мен себептері, брокер және (немесе) дилердің пруденциалдық нормативтерді сақтамауы туралы;
2) осы брокер және (немесе) дилерге, оның қызметкерлеріне қатысты уәкілетті орган, өзін-өзі реттейтін ұйым және сауда-саттықты ұйымдастырушы қолданған кез келген санкциялар туралы;
3) қаржы құралдарымен брокерлік шартқа сәйкес жасалуға тиісті (жасалған) мәмілелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген және оны жасағаннан кейін күшіне енгізілген шектеулер мен ерекше шарттар туралы өзінің клиентін ескертуге міндетті.
23. Осы Ереженің 22-тармағында көзделген ескертпелер жазбаша түрде ресімделуі тиіс және клиентке брокер және (немесе) дилер почтамен және/немесе қолма-қол және/немесе электронды почтамен және/немесе факсимильдік және/немесе телекстік және/немесе телеграфтық хабарлаумен немесе мұндай ескертпені жіберуге негіз туындаған күннен бастап өзге де ықтимал байланыс түрлерімен жіберу керек.
24. Брокерлік шартты жасау және орындау барысында брокер және (немесе) дилер клиентке мынадай қызметтер:
1) инвестициялық шешімдер қабылдауы үшін клиентке қажетті ақпарат береді;
2) қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы клиентке нұсқамалар береді;
3) өзге де ықтимал ақпараттық, талдау және консультациялық қызметтер көрсетеді.
25. Брокер және (немесе) дилер брокерлік шартты жасау және орындау кезінде клиентке мүдделер қайшылығының пайда болу мүмкіндіктері мен фактілері туралы хабарлайды.
Егер мұндай мәмілені орындау мүдделер қайшылығына әкеп соқтыратын болса, Брокер және (немесе) дилер клиентке қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы нұсқама беруге құқылы емес.
Осы тармақтың екінші абзацта белгіленген талаптарды бұзған жағдайда брокер және (немесе) дилер клиентке осындай жөнсіздік салдарынан оған келтірілген шығынды және Брокерлік шартта белгіленген тұрақсыздық айыбын төлейді.
26. Мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелерді клиенттің өз мүдделерінің басымдығына қарай жасайды.
27. Брокерлік шартты жасасу және орындау процесінде брокер және (немесе) дилер өзінің клиенті туралы мәліметтердің құпиялығын, сондай-ақ клиенттен алынған мәліметтің құпиялығын, егер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдармен өзгеше белгіленбесе, сақтауға міндетті.
Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
28. Брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелерді клиенттік тапсырыстың негізінде жасайды.
29. Клиенттік тапсырысқа мынадай деректемелер болуы тиіс:
1) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуға тиісті қаржы құралдарымен мәмілелердің түріне нұсқау;
2) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті қаржы құралдары эмитентінің атауы;
3) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуы тиісті бағалы қағаздар туралы мәліметтер: түрі, ұлттық бірегейлендіру номері, сатып алынуға немесе сатылуға тиісті бағалы қағаздардың саны, бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату бағасы және мәмілені тиісінше өткізу үшін қажетті басқа да мәліметтер;
4) клиенттік тапсырыстың түріне нұсқау:
лимиттік - алдын ала келісілген баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға/сатуға тапсырыс;
нарықтық - нарықтық баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға/сатуға тапсырыс;
буферлік - болашақта болатын баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға/сатуға тапсырыс;
брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген клиенттік тапсырыстардың өзге түрлері;
5) клиенттік тапсырыстың қолданылу мерзімі туралы мәлімет;
6) клиенттік тапсырыстың қабылданған күні және нақты уақыты;
7) осы клиенттік тапсырысты қабылдаған брокер және (немесе) дилер қызметкерінің фамилиясы, аты, болған жағдайда әкесінің аты;
8) брокер және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасасуға жататын мәмілені жасау туралы ұсынымдарының бар екендігі туралы мәліметтер;
9) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасасуға жататын мәміленің мақсатын көрсету;
10) брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен белгіленген өзге де ықтимал деректемелер.
30. Клиенттің брокер және (немесе) дилерге тапсыруына жататын клиенттік тапсырыстың нысаны және клиенттік тапсырыс даналарының саны брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен белгіленеді. Клиенттік тапсырысқа клиент немесе оның өкілі қол қояды, егер клиент заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылады.
Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты алған кезде клиенттік тапсырысқа қол қойған тұлғаның өкілеттігін тексереді.
31. Егер Брокерлік шартта жекелеген клиенттердің клиенттік тапсырыстарына қатысты өзгеше көзделмесе, клиенттік тапсырыстар оларды қабылдауына қарай хронологиялық тәртіппен орындалады.
32. Брокер және (немесе) дилер:
1) клиенттік тапсырыстың мазмұны Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және Брокерлік шартқа қарама-қайшылық болған жағдайда;
2) егер оларға қатысты клиенттік тапсырыс берілген бағалы қағаздарға ауыртпалылық түссе, клиенттік тапсырысты орындауға қабылдауға құқылы емес.
33. Брокерлік шартта оның қолданылуын тоқтатудың негіздері, сондай-ақ Брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған жағдайда тараптардың әрекет ету тәртібі көзделуі тиіс.
Егер Брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған сәтке брокер және (немесе) дилердің шоттарында және кассасында тиісті клиентке тиесілі қаржы құралдары мен ақша (бірінші санатты брокер-дилердің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын қоспағанда) қалған болса, олар осы клиентке Брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарылады. Брокерлік шартта клиенттің қаржы құралдары мен ақшасын қайтарудың бұдан да қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін.
34. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның ескертпесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл жөнінде:
1) өз клиенттеріне жеке хабарлама жіберу және тиісті хабарландыруларды клиенттерге қолайлы орындарда (осы брокер және (немесе) дилердің бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында) орналастыру арқылы;
2) осы брокер және (немесе) дилердің номиналды ұстау шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.
Ескерту: 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
34-1. Лицензиясынан айырған жағдайда, брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның ескертпесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл жөнінде:
1) лицензиясынан айырған себептен брокерлік қызметті көрсету жөніндегі шартты бұзғаны туралы өзінің клиенттеріне жеке хабарлама жіберу арқылы;
2) осы брокер және (немесе) дилердің номиналды ұстау шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.
Лицензиясынан айырған жағдайда, брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның ескертпесін алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде клиенттің бұйрығы негізінде активтерді тіркеушіге немесе жасасқан шарт бар болса жаңа брокер және (немесе) дилерге өткізеді және тиісті хабарландыруды клиенттерге қолайлы орындарда (осы брокер және (немесе) дилердің бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында) орналастырады.
Ескерту: 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
4-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау
35. Брокер және (немесе) дилер өз есебінен және өз мүддесі үшін (дилер ретінде), сол сияқты өз клиентінің есебінен және оның мүддесі үшін (брокер ретінде) қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқылы.
36. Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау мақсатында онымен аффиллирленбеген банктерде және/немесе бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған ақшаға қатысты банк шоттарын ашады.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген банктер мынадай критерийлердің біреуіне сәйкес келулері тиіс
:
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа
рейтингтік
агенттіктердің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі
немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы болуы тиіс;
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "A-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа
рейтингтік
агенттіктердің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
резидент емес-сабақтас банктің резидент-еншілес банктері болып табылуы тиіс;
қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына кіргізілген эмитент-банктер болып табылуы тиіс.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22
N 130
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
37. Брокер және (немесе) дилердің қаржы құралдармен кез келген мәмілелері осы Ереженің 38-тармағында белгіленгенді қоспағанда, бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасалуы тиіс.
38. Осы Ереженің 37-тармағында белгіленген норма мына жағдайларға қолданылмайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес эмиссиялық болып табылмайтын мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға;
2) брокер және (немесе) дилердің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды жеке тұлға - меншік иелерінен (бағалы қағаздардың меншік иелерінің олардың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес коммерциялық өкілдері болып табылмайтын өкілдерінен) бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногында сатып алуына;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған, мәмілелер жасауға;
4) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен, оның ішінде бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында айналысқа жіберілмеген шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға;
5) бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен резидент еместермен мәмілелер жасауға;
6) бағалы қағаздармен (оның ішінде брокер және (немесе) дилер өзі эмиссиялаған) оларды бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастыру кезінде мәмілелер жасауға;
7) брокер және (немесе) дилердің өзі эмиссиялаған бағалы қағаздарын сатып алуы.
38-1.
Акционерлік қоғамнан басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған б
рокер және (немесе) дилердің
бақылау кеңесі б
рокер және (немесе) дилердің меншікті ақша есебінен
мәмілені жасасу туралы шешімді осы Ереженің 4-3-тармағының
1)-9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалармен келіседі.
Ескерту. 38-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29
N 168
Қаулысымен.
38-2. Сауда-саттық ұйымдастырушысының сауда жүйесінде
б
рокер және (немесе) дилер жүзеге асыратын
"репо" операциялары б
рокер және (немесе) дилердің меншікті ақша есебінен не комиссия шарты болып табылатын брокерлік қамтамасыз ету шартының аясындағы клиенттің бұйрығына сәйкес жасалады.
Ескерту. 38-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29
N 168
Қаулысымен.
38-3.
Брокер және (немесе) дилер қ
ор биржасының сауда-саттық жүйесінде жүзеге асыратын "репо" операциялары тоқсан күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге "репо" операциясының бастапқы мерзімін ұзартуды ескеріп, жасалады.
Ескерту. 38-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29
N 168
Қаулысымен.
38-4.
Брокер және (немесе) дилердің шоттарындағы клиент активтерінің барынша төмен құны жасалған маржиналдық мәмілелер бар болғанда, маржаның шектеулі деңгейін ескерусіз, осы клиенттің тапсырмасы бойынша брокер және (немесе) дилер қ
ор биржасының сауда-саттық жүйесінде "тікелей" тәсілмен жасаған барлық "репо" операцияларының сомасынан отыз пайыздан кем еместі тұрақты құрайды.
Ескерту. 38-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29
N 168
Қаулысымен.
38-5.
Брокер және (немесе) дилер бағалы қағаздардың қажетті саны брокер және (немесе) дилердің немесе тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған оның клиентінің шотында болмағанда, мәмілені жасаспайды.
Ескерту. 38-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29
N 168
Қаулысымен.
39. Брокер ретінде іс-әрекет жасай отырып, брокер және (немесе) дилер осы мәмілені жасау сәтіне тиісті сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде тіркелген осыған ұқсас қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға қарсы өтініштің (ұсыныстың) ең жақсы бағасынан нашар баға бойынша қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқылы емес.
40. Қарсы өтініштің (ұсыныстың) ең жақсы бағасынан нашар баға деп:
1) қаржы құралдарын осы брокер және (немесе) дилер сатқан кезде - осыған ұқсас қаржы құралдарын сатып алудың ең жоғарғы (ең жақсы) бағасынан төмен баға;
2) қаржы құралдарын осы брокер және (немесе) дилер сатып алған кезде - осыған ұқсас қаржы құралдарын сатудың ең төменгі (ең жақсы) бағасынан жоғары баға түсініледі.
41. Брокер ретінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырманы аса жақсы орындау үшін барлық ықтимал күш-жігерін салады.
42. Брокерлік шартта көзделген жағдайларда не осы клиенттің мүдделерін қорғау мақсатында брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды басқа брокер және (немесе) дилерге тапсыруға құқылы. Брокер және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен мәміле жасауды басқа брокер және (немесе) дилерге тапсыруы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
42-1. Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару қызметімен және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқарумен қоса атқарғанда, брокердің және (немесе) дилердің меншік қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәміле жасау жөніндегі шешімдерді инвестициялық комитет қабылдайды.
Ескерту: 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
43. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилерге тиесілі ақша мен қаржы құралдары оның клиенттерінің қаржы құралдары мен ақшасынан бөлек есепке алынады. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер осы мақсаттар үшін орталық депозитарийде және/немесе кастодиандарда (тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша) және/немесе банктерде оған және оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдары мен ақшаны бөлек есеп жүргізуге және сақтауға арналған жеке шоттарды (қосалқы шоттарды) және банк шоттарын ашады.
44. Клиенттерден келіп түскен қаржы құралдары мен ақшаны бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің орталық депозитарийде және/немесе кастодиандарда (тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша) және/немесе банктердегі оның клиенттеріне тиесілі қаржы құралдары мен ақшаға есеп жүргізуге және сақтауға арналған шоттарға қаржы құралдары мен ақша келіп түскен сәттен бастап үш күндік мерзімде салынады.
44-1. Брокер және (немесе) дилер бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметі шегінде өз клиенттерінің қаражатын өзінің мүддесі немесе өзінің басқа клиенттерінің мүддесі үшін заем түрінде тарта алмайды.
Ескерту: 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
45. Брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе осы брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен мынадай есепке алу журналдарын жүргізу арқылы сенімді және өзекті (есеп деректерін өзгерту үшін негіздер туындаған күні) есепті жүргізеді:
1) клиенттік тапсырыстарға және олардың орындалуына (орындалмауына);
2) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге;
3) қаржы құралдарымен орындалған мәмілелерге;
4) қаржы құралдарымен орындалмаған мәмілелерге;
5) жеке шоттардағы қаржы құралдарға және олардың санының өзгерістеріне;
6) жеке шоттардағы ақшаға және олардың санының өзгерістеріне;
7) қаржы құралдары бойынша түскен және бөлінген кірістерге;
8) клиенттердің наразылықтарына және оларды қанағаттандыру жөніндегі шараларға;
9) клиенттік тапсырыстардың орындалысы туралы клиенттер берген есептерге;
10) жасалған брокерлік шарттар және номиналдық ұстау шарттары.
46. Клиент ұсынған құжаттар бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу, жеке шот ашу және жүргізу мақсатында, сондай-ақ осы есеп деректерін өзгерту үшін, брокер және (немесе) дилер осы жеке шот жабылған күннен бастап бес жыл ішінде сақтайды.
Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29
N 168
Қаулысымен.
6-тарау. Маржиналдық мәмілелерді
жүзеге асыру ерекшеліктері
47. Егер бұл Брокерлік шартта көзделмеген болса, бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттердің тапсырмалары негізінде бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін жасауға құқылы, әрі олар бойынша есеп айырысуларды брокер және (немесе) дилер қайтарымдылық және төлем жасалу талабымен клиентке берген ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып жасалады (бұдан әрі - маржиналдық мәмілелер).
Бұл ретте Брокерлік шартта көрсетілген ақшаны немесе бағалы қағаздарды қайтару міндеттемелерін орындау талаптары мен тәртібі, тараптардың жауапкершілігі, сондай-ақ маржиналдық мәмілелерді жасау талаптары болуы тиіс.
Маржиналдық мәмілені жасауға арналған клиенттік тапсырыста осы Ереженің 29-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мыналар болуы тиіс:
1) брокер және (немесе) дилердің клиентке ақшаны немесе бағалы қағаздарды ұсыну мерзімі;
2) брокер және (немесе) дилер клиентке маржиналдық мәмілені жасау үшін ұсынатын ақша сомасы немесе бағалы қағаздар саны;
3) клиент брокер және (немесе) дилердің алдында өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге ұсынатын ақша сомасы немесе бағалы қағаздар саны.
48. Клиент маржиналдық мәмілені жасауға клиенттік тапсырысқа қол қойған кезінде брокер және (немесе) дилерге оның уәкілетті тұлғасының атына клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегін өтеу мақсатында жүзеге асырылатын мәмілелерді жасаған кезде қажетті құжаттарға қол қоюға берілген сенімхатты ұсынады.
49. Маржиналдық мәмілелерді жасауға арналған клиенттік тапсырысты брокер-дилер мынадай талаптарда орындауға қабылдайды:
1) ең аз талап етілетін маржа деңгейін сақтау;
2) клиенттің маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде туындаған өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге клиентке тиесілі және/немесе брокер және (немесе) дилер осы Ереженің 51-тармағында көзделген талаптармен осы маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде клиент үшін сатып алатын бағалы қағаздарды ұсынуы;
клиенттің маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде туындаған өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге клиентке тиесілі және/немесе маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде клиент үшін алынатын ақшаны ұсынуы.
50. Брокер және (немесе) дилер маржиналдық мәмілелерді жасаған кезде:
1) ақшаны аудару және/немесе брокер және (немесе) дилерге тиесілі бағалы қағаздарды жеткізу арқылы клиенттің тапсырмаларын орындайды;
2) осы Ереже көзделген жағдайларда, маржиналдық мәміле бойынша қамтамасыз ету болып табылатын клиенттің ақшасына оның брокер және (немесе) дилер алдындағы бағалы қағаздарды жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қажет болатын санда бағалы қағаздарды сатып алады;
3) осы Ережеде көзделген жағдайларда, маржиналдық мәмілелерді жасау нәтижесінде брокер және (немесе) дилер алдында туындаған міндеттемелер бойынша клиентпен есеп айырысуларды жүргізу үшін жеткілікті болатын көлемде клиенттің жеке шотында ескерілетін бағалы қағаздарды сатады.
51. Маржиналдық мәмілелерді жасау, брокер және (немесе) дилердің клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуін құрайтын бағалы қағаздарды сатуы, сондай-ақ клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегін өтеу мақсатында клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуін құрайтын клиенттің ақшасы есебінен бағалы қағаздарды сатып алу бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жүзеге асырылады.
52. Брокер және дилер клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуі ретінде маржалық мәмілені жасау үшін клиентке ақша берген жағдайда:
1) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа
рейтингтік
агенттіктердің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі
немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
2) қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына кіргізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
3) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа
рейтингтік
агенттіктердің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі
немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
4) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына кіргізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
5) мемлекеттік бағалы қағаздар қабылданады.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22
N 130
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
53. Туындайтын тәуекелдерді басқару мақсатында брокер және (немесе) дилер жекелеген клиентке қатысты маржа деңгейін есептейді. Маржа деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:
ДСКр + СЦБр - ЗКБ
УрМ = ------------------- х 100%
ДСКр + СЦБр
мұнда:
УрМ - маржа деңгейі;
ДСКр - ағымдағы жұмыс күнінің соңына брокер және (немесе) дилердегі клиенттің шотындағы ақша сомасы;
СЦБр - ағымдағы жұмыс күнінің соңына брокер және (немесе) дилер клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде қабылдайтын клиенттің бағалы қағаздарының ағымдағы нарықтық құны;
ЗКб - брокер және (немесе) дилер маржиналдық мәмілелерді жасау нәтижесінде туындаған не олар бойынша есеп айырысулар ағымдағы жұмыс күнінің аяқталуынан кешіктірмей жүзеге асырылуы тиіс клиенттің мүддесі үшін жасалған барлық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру нәтижесінде туындауы мүмкін клиенттің брокер-дилер алдындағы берешегі.
Маржа деңгейі есеп айырысуларды жасау сәтіне дейін жасалған барлық мәмілелерді, оның ішінде олар бойынша есеп айырысулар ағымдағы жұмыс күнінің аяқталуынан кешіктірмей жасалуы тиіс мәмілелерді ескере отырып есептеледі.
54. Егер маржаның одан жоғары шектеулі деңгейі клиентпен жасалған Брокерлік шартта көзделмеген жағдайда маржаның шектеулі деңгейі елу процентті құрайды, брокер және (немесе) дилер нәтижесінде маржа деңгейі маржаның шектеулі деңгейінен төмен азаюы мүмкін мәмілені жасауға құқылы емес. Егер маржа деңгейі маржаның шектеулі деңгейінен төмен болған жағдайда, брокер және (немесе) дилер маржа деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтыратын мәмілені жасауға құқылы емес.
55. Егер маржаның шектеулі деңгейі отыз бес проценттен төмендесе, брокер және (немесе) дилер маржаның шектеулі деңгейіне дейін деңгейді ұлғайту үшін жеткілікті болатын мөлшерде клиенттің ақшасын немесе бағалы қағаздарын салу туралы талапты (бұдан әрі - маржиналдық талап) клиентке жібереді, егер маржиналдық талапты жіберу үшін маржаның одан жоғары деңгейі клиентпен жасалған брокерлік шартта көзделмесе.
Брокер және (немесе) дилер маржиналдық талапты клиентке жазбаша нысанда жібереді.
56. Клиент брокер және (немесе) дилер қойған маржиналдық талапты оны алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды.
57. Егер маржаның деңгейі күрт төмендеп кетсе (отыз бес проценттен төмен) және клиент маржиналдық талапты белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, брокер және (немесе) дилер қамтамасыз етуді құрайтын клиенттің бағалы қағаздарын сатуға немесе клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегін өтеу үшін жеткілікті болатын көлемде қамтамасыз етуді құрайтын клиенттің ақшасы есебінен бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы.
58. Брокер және (немесе) дилер клиентке тиесілі қамтамасыз етуді құрайтын бағалы қағаздарды сатуды немесе қамтамасыз етуді құрайтын клиенттің ақшасы есебінен бағалы қағаздарды сатып алуды клиент немесе осы клиент берген сенімхат негізінде іс-әрекет ететін брокер және (немесе) дилердің уәкілетті тұлғасы қол қойған клиенттік тапсырыстың негізінде жүзеге асырады.
59. Клиенттің берешегі болған кезеңде брокер және (немесе) дилер клиентке клиенттік тапсырыстарды және қамтамасыз етуді құрайтын оған тиесілі бағалы қағаздарды сатуға және клиенттің осы іс-қимылдары оның брокер және (немесе) дилер алдындағы барлық берешегін өтеуге бағытталған жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз ету болып табылатын клиенттің ақшасын пайдалануға арналған бұйрықтарды орындаудан бас тартуға құқылы.
60. Брокер және (немесе) дилер әрбір клиентке қатысты жасайтын маржиналдық мәмілелердің есебін бөлек жүргізеді, оған қоса:
брокер және (немесе) дилердің маржиналдық мәмілелерді жасау нәтижесінде туындайтын әрбір клиенттің міндеттемелер көлемін есепке алуды (клиенттерге жіберілген маржиналдық талаптарды есепке алу журналы);
брокер және (немесе) дилер берген ақшаны және/немесе бағалы қағаздарды қайтару туралы клиентке жіберілген талаптарды есепке алуды (әрбір клиенттер бөлігінде маржиналдық мәмілелер бойынша есепке алу журналы);
клиент брокер және (немесе) дилер алдындағы өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде берген бағалы қағаздарды сату мәмілелерін есепке алуды жүзеге асырады.
61. Маржиналдық мәмілелерді есепке алу журналында мыналар болуы тиіс:
клиенттің фамилиясы, аты, болған жағдайда әкесінің аты;
заңды тұлға - клиенттің атауы;
жеке шотының нөмірі;
маржиналдық мәмілені жүргізу күні және уақыты;
маржиналдық мәмілені жүргізу сәтіндегі жағдай бойынша маржаның деңгейі;
клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегінің сомасы;
клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы міндеттемелерінің мөлшері және қамтамасыз ету құрамы.
62. Клиенттерге жіберілген маржиналдық талаптарды есепке алу журналында мыналар болуы тиіс:
заңды тұлға - клиенттің атауы;
клиенттің фамилиясы, аты, болған жағдайда әкесінің аты, клиенттің жеке шотының нөмірі;
жеке шотының нөмірі;
талаптың жіберілген күні және уақыты;
талапты жіберу сәтіндегі жағдай бойынша маржаның деңгейі.
7-тарау. Жекелеген операциялардың
түрлерін жүзеге асыру
63. Бірінші санатты (банк болып табылмайтын) брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда оларды бағалы қағаздар рыногындағы қызмет шеңберінде жүзеге асыру шартымен мынадай банк операцияларының түрлерін жүзеге асыра алады:
1) туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздарды сатып алу, сату және олар бойынша сыйақы алу мақсатында ұлттық және шетел валютасында заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
2) туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздарды сатып алу, сату және олар бойынша сыйақы алу мақсатында банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
3) аударым операциялары: туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздарды сатып алу, сату және олар бойынша сыйақы алу кезінде заңды және жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау;
4) банктік заем операциялары: төлем жасалу, мерзiмдік және қайтарылу шартымен ақшалай кредиттер беру мынадай талаптардың біреуін орындаған кезде:
бірінші санатты брокер және (немесе) дилер жарғылық капиталдың он және одан астам процентіне сәйкес келетін қатысу үлесіне иелік ететін не клиенттің орналастырылған акциялары жалпы санының акциялардың он және одан астам процентіне иелік ететін клиентке-заңды тұлғаға заем берілу;
заем клиенттің заңды тұлғаның жарғылық капиталының он және одан астам процентіне сәйкес келетін қатысу үлесін иеленуі үшін не акционерлік қоғамның орналастырылған акциялары жалпы санының акциялардың он және одан астам процентіне иеленуі үшін арналған;
заем заңды тұлғаға кемінде 60 миллион теңге сомада беріледі;
5) туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздарды сатып алу, сату мақсатында шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
6)
алынып тасталды - 2007.12.24.
N 272
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
Ескерту: 63-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.02.25.
N 65
, 2006.06.17. N
131
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.04.30.
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.12.24.
N 272
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) Қаулыларымен.
63-1. Банктік заем операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер бағалы қағаздар рыногындағы қызметі шегінде жүзеге асыру шартымен мынадай операцияларды:
1) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;
2) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеуді жүзеге асырады.
Ескерту: 63-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
63-2. Банк болып табылмайтын және осы Ереженің 63 және 63-1-тармақтарында көрсетілген операцияларды жүзеге асыратын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер (бұдан әрі - инвестициялық компания) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтайды.
Ескерту: 63-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.04.28
N 56
(қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
8-тарау. Брокер және (немесе) дилерлердің
андеррайтингтік қызметі
64. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер андеррайтер (дербес немесе эмиссиялық консорциум құрамында) болуға құқылы.
Егер эмиссиялық консорциум арқылы жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында сондай шет мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногында да жүргізген жағдайда, эмиссиялық консорциум қатысушылары осындай мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті шетел ұйымдары болуға құқылы.
65. Брокер және (немесе) дилерлер - эмиссиялық консорциум қатысушылары арасындағы бірлескен қызметі туралы жасалған шарт (бұдан әрі - андеррайтерлер арасындағы шарт) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген басқа ықтимал нормалардан басқа мынадай нормалар болуы тиіс:
1) эмиссиялық консорциум қатысушыларының міндеттері;
2) эмиссиялық консорциум қатысушылары арасындағы құқықты, міндеттемелерді және жауапкершілікті бөлу туралы;
3) бірлескен қызметі туралы шарттың қолдану мерзімі.
66. Бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қарым-қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледі, ол эмиссиялық консорциуммен жасалған жағдайда оған эмиссиялық консорциумның соңғы басқарушысы қатысушыларының атынан қол қойылады.
Бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт андеррайтерлер арасындағы шарт жасалғанға дейін және одан кейін де жасалу мүмкін. Бірінші жағдайда бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт ол кімнің басқарушы болатын эмиссиялық консорциумды құруға андеррайтердің құқығын көздеуі тиіс.
67. Бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер арасында жасалған шарт (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастырудың мынадай тәсілдердің біреуін белгілеу мүмкін:
1) "қатаң міндеттемелер" тәсілі, мұндайда андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейіннен оларды басқа инвесторларға сату мақсатында орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алады.
Андеррайтердің "қатаң міндеттемелер" тәсілімен көрсетілетін қызметін инвестициялық компания жүзеге асырады. Көрсетілген қызмет түрін көрсету тәртібін реттейтін инвестициялық компанияның ішкі құжаттарында осы функцияларды міндетті түрде бекіту қосымша шарт болып табылады;
2) "ең жақсы күш салу" тәсілі, бұл ретте андеррайтер (эмиссиялық консорциум) осы шығарылымды жартылай орналастыру тәуекелін эмитентке жүктеуімен оларды инвесторға ұсыну арқылы эмиссиялық бағалы қағаздың шығарылымын орналастыру бойынша оған барынша күш салуға міндеттенеді;
3) бағалы қағаздардың эмитенті және андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастырудың басқа тәсілі.
Ескерту: 67-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
67-1. "Қатаң міндеттемелер" тәсілін қолданғанда, андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алады, олар андеррайтердің (эмиссиялық консорцум) бағалы қағаздарын есепке алуға арналған және бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған жеке шотына қабылданады.
"Ең жақсы күш салу" тәсілін қолданғанда, андеррайтер (эмиссиялық консорциум) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған эмитенттің жеке шотынан бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады.
Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен орналастырылатын бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын шарттың талаптарына сәйкес бағалы қағаздарды орналастырудың басқа тәсілін қолданғанда, осы бағалы қағаздар андеррайтердің (эмиссиялық консорциумның) бағалы қағаздарын есепке алуға арналған және бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған жеке шотына қабылданады.
Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бойынша барлық мүмкіндігін салуға міндеттенетін шарттың талаптарына сәйкес бағалы қағаздарды орналастырудың басқа тәсілін қолданғанда, осы бағалы қағаздарды орналастыру жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған эмитенттің жеке шотынан жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздарды өзге тәсілмен орналастыру осы тармақтың талаптарын ескере отырып, бағалы қағаздардың эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт талаптарымен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту: 67-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
67-2. Бағалы қағаздарды орналастыру барысында бағалы қағаздардың эмитентіне "қатаң міндеттемелер" тәсілімен пайдалануды көздейтін шарттарды қоспағанда, бірнеше андеррайтерлермен (эмиссиялық консорциумдармен) шарттар жасасуға рұқсат беріледі.
Ескерту: 67-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 111
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен
.
68. Егер бұл бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциумның) және андеррайтерлер арасындағы шарт талаптарына қарама-қайшы келмесе, андеррайтер (эмиссиялық консорциумның басқарушысы) эмиссиялық консорциумның мүшелері болып табылмайтын (егер бағалы қағаздар шығарылымын орналастыруды эмиссиялық консорциум жүзеге асырса) басқа брокер және (немесе) дилерлердің (осындай мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметін жүзеге асыруға өкілетті шетел ұйымдары) шығарылымын орналастыратын бағалы қағаздарды сатуға тартуға құқылы.
69. Брокер және (немесе) дилер ішкі құжаттарға сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Ішкі бақылауды жүзеге асыру нормалары осы брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен белгіленеді. Бұл ретте ішкі бақылауды жүзеге асыруға ішкі бақылаудың объектісі болып табылатын тікелей іс-әрекеттер жасайтын брокер және (немесе) дилердің қызметкерлері жіберілмейді.
70. Брокер және (немесе) дилер айына кемінде бір рет жеке және банк шоттарындағы қаржы құралдарының саны мен ақшаға өзінің есеп деректерін орталық депозитарийдің, кастодианның және банктердің осы брокер және (немесе) дилерге ашылған шоттардағы қаржы құралдарының саны мен ақша туралы деректермен салыстырып тексереді.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексерудің нәтижелері салыстырып тексеру актісімен ресімделеді, оған салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды.
Ескерту. 70-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29
N 168
Қаулысымен.
71. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте шешіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы
N 317 қаулысына 2-қосымша
Күші жойылды деп танылатын нормативтік
құқықтық актілерді тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 683 тіркелген, 1999 жылы сәуір айында "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 4 журнлында жарияланған).
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 44 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 924 тіркелген, 1999 жылы "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 10 журналында жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 566 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1746 тіркелген, 2002 жылы "Вестник Национального Банка Казахстана" N 3 басылымда жарияланған).
4. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 683 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 7 наурыздағы N 76 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2243 тіркелген, 2003 жылы "Вестник Национального Банка Казахстана" N 9 басылымда жарияланған).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 683 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1263 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын банктік емес ұйымдарға клиенттердің ақшасын есепке алу және сақтау үшін шоттарын ашуға рұқсат етілген банктер (банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) тізбесі туралы" 2000 жылғы 31 қыркүйектегі N 80 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" 2004 жылғы 24 мамырдағы N 142 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2933 тіркелген, 2004 жылы Агенттіктің "Қаржы хабаршысы" N 7 басылымында жарияланған).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 383 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3414 тіркелген, 2005 жылы Агенттіктің "Қаржы хабаршысы" N 2 басылымында жарияланған).