Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесін бекіту және кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы N 240 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3757. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 371, 382, 470-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесі; Қараңыз.K100296
      2) Кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолданудың ережесі;
      3) Ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тізілімінің нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Талдау және статистика басқармасы (Р.К.Айтаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Маналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесін бекіту және кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану туралы" (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2349 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181 және 2004 жылғы 16 шілдедегі N 313 бұйрықтарымен өзгерістер енгізіле отырып "Ресми газетте" 2003 жылы N 33 (138) болып жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығы;
      2) "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесін бекіту және кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану туралы" (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2835 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылы N 25 (182) болып; "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған 2004ж., N 29-32, 971-бет.) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығы;
      3) "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесін бекіту және кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3013 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылы N 38 (195) болып; "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған 2004 ж., N 33-36, 977-бет.) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 16 шілдедегі N 313 бұйрығы .
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы вице-министрі -
      Төраға

Қазақстан Республикасының Қаржы   
вице-министрі - Қаржы министрлігі 
Кедендік бақылау комитеті    
төрағасының 2005 жылғы     
29 маусымдағы N 240 бұйрығымен  
бекітілген            

  Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды
ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесі

МАЗМҰНЫ

       1. Осы Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 470-бабына сәйкес әзірленді және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды (бұдан әрі - СЭҚ-қа қатысушы) ең аз тәуекел санатына жатқызудың тәртібін белгілейді. Қараңыз.K100296

      2. Ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ-қа қатысушылар тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізілген СЭҚ-қа қатысушы деп жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар немесе оған жеңілдетілген кедендік рәсімдер қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға түсіндіріледі.

      3. Ең аз тәуекел санатына жатқызу үшін СЭҚ-қа қатысушы кеден ісі мәселелері бойынша уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) еркін нысанда құрылған жазбаша өтінішпен жүгінеді.
      Өтініште мынадай мәліметтер болуы қажет:
      1) СЭҚ-қа қатысушының, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары көрсетіле отырып атауы, мекен-жайы (заңды және іс-жүзіндегі), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН). Егер СЭҚ-қа қатысушының негізделген құрылымдық бөлімшелері болса, онда жоғарыда аталған мәліметтерге қосымша негізделген құрылымдық бөлімшелерге қатысты осындай мәліметтер көрсетіледі. Егер СЭҚ-қа қатысушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға болса - оның тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрақты тұратын мекен-жайы, СТТН-ы және жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетіледі;
      2) СЭҚ-қа қатысушы сыртқы экономикалық қызметті жүзе асырған жыл;
      3) соңғы екі жылғы сыртқы сауда шарттарының саны.

      4. Мәлімдемеге мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
      СЭҚ-ты есеп карточкасының көшірмесі;
      толтырылған Анкета (Анкета осы Ереженің қосымшасындағы мәліметтерге сәйкес толтырылады).

      5. СЭҚ-қа қатысушының мәлiмдемесiн тiркеген сәттен бастап үш күн ішінде уәкілетті орган оның тiркелген және кедендiк ресiмдеу жүргізген орыны бойынша облыстар (республикалық, астана мәнiндегi қалалар) бойынша аумақтық бөлiмшелер мен кедендерден (бұдан әрi - кеден органы) СЭҚ-қа қатысушының осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгі туралы растауға cұpay салады.
      СЭҚ-қа қатысушыны тiркеу орны бойынша кеден органы уәкiлеттi органның сұрау салуы келiп түскеннен кейін бiр апта мерзiмiнде тексерістiң түрін айқындайды және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
      Жыл ішінде кеден органының посткедендiк бақылау бөлімшелерi қаржылық қызметiн тексерген СЭҚ-қа қатысушылар тексерiске жатпайды.
      СЭҚ-қа қатысушыны тiркеген және кедендiк ресiмдеу жүргiзген орыны бойынша кеден органы белгiленген мерзiмде СЭҚ-қа қатысушының осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгi туралы растауды уәкiлеттi органға ұсынады.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетi төрағасының 2006 жылғы 5 шілдедегі  N 231 бұйрығымен.

      6. СЭҚ-қа қатысушының мәлiмдемесiн қарау мерзiмi 60 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
       Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетi төрағасының 2006 жылғы 5 шілдедегі  N 231 бұйрығымен.

      7. СЭҚ-қа қатысушыны ең аз тәуекел санатына жатқызу және оның Тізілімге қосу үшін, тиісінше осы Ережемен белгіленген СЭҚ-қа қатысушыны ең аз тәуекел санатына жатқызудың өлшемдері негіз болып табылады.

      8. СЭҚ-қа қатысушыны ең аз тәуекел санатына жатқызу және оны Тізілімге қосу бойынша бас тарту үшін, ең аз тәуекел санатына жатқызу өлшемдеріне сәйкес еместігі не мәлімделген мәліметтердің толық еместігі негіз болып табылады.

      9. СЭҚ-қа қатысушыны ең аз тәуекел санатына жатқызу және оны Тізілімге қосу туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді, екі апталық мерзімде уәкілетті орган СЭҚ-қа қатысушыға және кеден органына жібереді.

      10. Уәкілетті орган Тізілімді жүргізеді және тоқсан сайын оны барлық кеден органдарына жібереді. Тізілім уәкілетті органның ресми сайтында орналастыруға жатады.

      11. СЭҚ-қа қатысушыны ең аз тәуекел санатына жатқызу өлшемдері:
      жыл ішінде мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен
салықтарды уақытылы және толық төлеу;
      СЭҚ-қа қатысушының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 209, 213, 214, 250, 251, 259, Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Кодексiнiң 405, 410, 417, 421, 423, 424426-434, 438-баптары бойынша кiнәсiнiң, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшiн белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде кеден iсi саласындағы өзге де бiрнеше (үштен астам) құық бұзышылықтардың жоқтығы;
      СЭҚ-қа қатысушының екі жылдан артық сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруы;
      соңғы екi жыл iшiнде бiр жылдың iшiнде жиырма жеткiзiлiмнен кем емес, ал отандық тауар өндiрушiлер үшiн - бiр жылдың iшiнде он жеткiзiлiмнен кем емес немесе соңғы екi жыл iшiнде бiр жылдың iшiнде екi жүз елу мыңға тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштер сомасына тауарларды өткiзу табылады;
      бұл ретте ең аз тәуекел санатына жатқызуға арналған өтiнiш берген СЭҚ-қа қатысушы тауарларды алушы және келiсiм-шартты ұстаушы болатын тауарларды жеткізу ескеріледі.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетi төрағасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 231 бұйрығымен.

      12. СЭҚ-қа қатысушыны Тізілімнен шығару туралы шешім кеден органының мынадай жағдайларда:
      1) СЭҚ-қа қатысушының Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінің 209, 213,  214250, 251, 259, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық" кодексінің 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптары бойынша кiнәсiн, сондай-ақ СЭҚ-қа қатысушы кеден iсi саласындағы өзге де бiрнеше (екiден астам) құқық бұзушылықтар жасағандығын тану туралы соттың немесе кеден органының шешiмi болған кезде;
      2) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектері болғанда;
      3) Тізілімге қосылған СЭҚ-қа қатысушының қызметін тоқтата тұру және қайта ұйымдастыру туралы кеден органын хабардар ету негізінде уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
       Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетi төрағасының 2006 жылғы 5 шілдедегі  N 231 бұйрығымен.

      13. Кеден органы жоғарыда аталған жолсыздықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      14. Тізілімнен шығарылған сәттен бастап уәкілетті орган үш жұмыс күнінің ішінде СЭҚ-қа қатысушыны оның Тізілімнен шығарылғандығы туралы хабардар етеді.

Қазақстан Республикасының Қаржы   
вице-министрі - Қаржы министрлігі 
Кедендік бақылау комитеті    
төрағасының 2005 жылғы     
29 маусымдағы N 240 бұйрығымен  
бекітілген            

       Кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін
қолдану ережесі

      1. Осы Кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолданудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 371-бабына сәйкес әзірленді және ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке (бұдан әрі - СЭҚ) қатысушылардың тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін белгілейді.

      2. Кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібіне:
      тауарларды Қазақстан Республикасының шекара маңындағы өткізу пунктінен, Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтетін тауарларды өткізу жағдайын қоспағанда, тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету шараларын пайдаланбастан межелі кеден органына дейін жеткізу;
      тауарлардың тұрған орыны туралы мәліметі бар қысқаша декларацияны ресімдей отырып, оларға қатысты кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібі белгіленген СЭҚ-қа қатысушының аумағындағы дербес қоймасына (жалға алған) тауарларды орналастыру;
      тек, СЭҚ-қа қатысушының мәлімдемесі бойынша алдын ала операция кезеңінде тауарларды бірдейлендіру мақсатында кедендік тексеруді жүргізу;
      тауарға ілеспе құжаттардың көшірмесі бойынша кейін тіркелген сәттен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде түпнұсқасын ұсынумен, алдын ала декларациялау рәсімі бойынша тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыру;
      кедендік құнды айқындау үшін тәуелсіз сараптамаға тауарларды іріктемей негізгі кедендік ресімдеу кезінде құжаттарды тексеруді жүзеге асыру кіреді.

      3. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мәліметтердің ең аз көлемін СЭҚ-қа қатысушы ұсынған кезде тауарларды шығару жүргізіледі.

      4. Кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану, жүк кедендік декларацияны беру кезінде олардың негізінде жүк кедендік декларация толтырылатын және растайтын мынадай құжаттар:
      1) декларанттың өз атынан жүктің кедендік декларациясын беруге арналған өкілеттілігі - декларант штатындағы жеке тұлғаға сенімхат не брокерлік қызмет көрсетуге арналған шарт және кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктілік аттестаты;
      2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу - көлік құжаттары;
      3) тауарлардың кедендік құны - шот-фактура (инвойс), шот-проформа, спецификация және Кеден кодексінің 39-тарауына сәйкес тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу және анықтау үшін көзделген өзге де құжаттар; Қараңыз.K100296
      4) тауарларды шығарған ел - Кеден кодексінің 39 және  40-баптарына сәйкес тауарларды шығарған ел туралы декларация не тауарларды шығарған ел туралы сертификат;
      5) кедендік режимнің шарттарына және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктің болуына қарай кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу немесе төлеуді қамтамасыз ету:
      қолма-қол ақшасыз тәртіпте төлемнің орындалуы туралы банктің белгісімен төлемдік тапсырманы немесе қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - кеден органының кассалық кіріс ордеріне берілетін банк түбіртегі;
      Кеден кодексінің 339-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз еткендігін растайтын құжаттар; Қараңыз.K100296
      Кеден кодексінің 41-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беруді растайтын құжаттар;
      қосымша құнға кедендік баж, салық төлеу бойынша мерзімін ұзарту (кейінге қалдыру) ұсынылғандығын растайтын құжаттар; Қараңыз.K100296
      6) тауарларды әкелу кезінде стандарттардың міндетті талаптарына фитосанитариялық (карантиндік) сертификат, ветеринариялық сертификат, өлшеу құралдарының түрін белгілеу туралы немесе өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясы туралы сертификат не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға метрологиялық бақылау таратылатын тауарлар үшін жұмыстарды жүргізуге арналған шартқа сәйкестігі.  Көрсетілген сертификаттар оларға міндетті түрде сертификат берілетін тауарлар үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда ғана беріледі;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін - лицензия кеден органына ұсынылады.

      5. Eгep, "тауарлардың экспорты" және "тауарларды еркін айналым үшін шығару" кедендік режимдеріне сәйкес өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеу кезінде келісім-шартты ұстаушы және жүкті алушы ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ-қа қатысушы болып табылатын жағдайда Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi қолданылады.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетi төрағасының 2006 жылғы 5 шілдедегі  N 231 бұйрығымен.

      6. Тауарларды, акциздік тауарлардан, 2612, 2844 тауарлық позицияларында және Еуразиялық экономикалық қауымдастық Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасы 8401 30 0000 кодымен жіктелетін тауарлардан басқа кедендік тексеру жүргізілместен жеңілдетілген тәртіпті пайдалана отырып кедендік ресімдеу жүргізіледі.
      Кедендік тексеру, егер тауар Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасын бұзып өткізілуде деген негіз бар болған жағдайда, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын сақтауды қамтамасыз ету және экспорттық бақылау үшін кедендік тексеру қажет болған жағдайда кеден органы басшысының жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.
      СЭҚ-қа қатысушының аумағында орналасқан тауарлардың орналасу орындары өздерінің сипаттарына байланысты шашылған, үйілген, немесе құйылған түрде (бұдан әрі - шашылған, құйылған тауарлар) кедендік бақылаумен сақталатын тауарларды қоспағанда осы тауарларды бірдейлендіруге мүмкін беретін кез келген тәсілмен белгіленуі тиіс (тақтайшалар, ақпарат жазылған жазулар, маркировкалар, аумақта жеке орынды айырықшалау). Кедендік бақылаудағы шашылған, құйылған тауарларды СЭҚ-қа қатысушының аумағында бар сонымен бірдей түрдегі және сапасындағы тауарлармен сақтауға жол беріледі.

      7. Оларға қатысты кедендік ресімдеу аяқталмаған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

                                  Қазақстан Республикасының Қаржы
                                 вице-министрі - Қаржы министрлігі
                                     Кедендік бақылау комитеті
                               Төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы
                                      N 240 бұйрығына қосымша

    Ең аз тәуекел санатын жатқызылған сыртқы экономикалық
        қызметке қатысушылардың Реестрінің нысаны

Р/с N

СЭҚ-қа қаты-
сушы-
ның
атауы

КБД мен кеден-
дердің қызмет айма-
ғында тір-
келген

кәсіп-
орынның заңды мекен-
жайы

КҰЖЖ
коды

СТТН

Ең аз тәуе-
кел
сана-
тына жатқызу прика-
зының
күні
мен
номері

Реес-
тірден
шығару
прика-
зының
күні
мен
номері

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








3








   Сыртқы экономикалық қызметке 
қатысушыларды ең аз    
тәуекел санатына жатқызу  
ережесіне қосымша     

Анкетадағы мәлеметтер

      1. СЭҚ-қа қатысушыны мемлекеттік органдарда тіркеу күні.
      2. СЭҚ-қа қатысушы құрылтайшыларының, басшыларының аттарын және мекен-жайларын көрсетіңіз.
      3. СЭҚ-қа қатысушы құрылтайшылар, басшылар соңғы екі жылда кедендік және валюталық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік/қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма?
      4. СЭҚ-қа қатысушы қызметінің саласын (қызмет көрсету/ консультация, өндіріс, сауда және т.б.) көрсетіңіз.
      5. Құрылымдық бөлімшелердің өкілдіктері/филиалдары бар ма? Егер болса, оның нақты санын, мекен-жайын, қызметінің түрін көрсетіңіз.
      6. СЭҚ-қа қатысушы қайта ұйымдастыруды жүргізді ме және қашан?
      7. Экспорт/импорт елінің кодын көрсетіңіз.
      8. Шетел әріптестерінің санын көрсетіңіз.
      9. Тауарлардың номенклатурасы өзгере ме, егер өзгерсе, жиілігі қаншалықты?
      10. Кеден ісі саласында қандай да бір преференциялар мен жеңілдіктер бар ма?
      11. Тауарлар инвестициялық келісім-шарт шеңберінде ауыса ма?
      12. Жеткізулер туралы мәліметтер (тұрақты немесе тұрақты емес).
      13. Кедендік мәселелерге жауапты арнайы бөлімше бар ма (қызметкерлердің саны, қандай құрылымдық бөлімшеге жатады)?
      14. Соңғы екі жыл ішінде кеден ісі саласында өткізілген тексерулердің санын көрсетіңіз.
      15. Соңғы екі жыл ішінде бюджетке қосымша есептелген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын көрсетіңіз.
      16. Бұзушылықтар туралы өз еркімен хабарлаған/мойындаулар санын көрсетіңіз.
      17. Кеден органдарының соңғы тексерісінің күнін, ұзақтығын және нәтижелерін көрсетіңіз.
      18. Кедендік ресімдеу процесінде кеден брокерлері тартылады ма?
      19. "Web-декларант" жүйесі бойынша декларациялау рәсімін пайдаланасыз ба, егер пайдалансаңыз, қай уақыттан бері?
      20. Сізде, тауарларды сақтау орындары бар ма және олардың аумағы қандай?
      21. Тауарлардың жіктеу кодын айқындауды кім жүргізеді (дербес, кеден брокерлері, тәуелсіз сараптама, кеден органдары, өзге тұлғалар).
      22. Сіздер жұмыс істейтін тауарлар преференциялық шаралардың қолданылуына жатады ма? Жататын болса, қандай?
      23. Сіз контрафактілік тәуекелді білдіретін, екі мақсаттағы тарифтік емес реттеу шараларына жататын тауарларды өткізесіз бе?
      24. Әдетте, көліктің қандай түрін пайдаланасыз?