Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 20 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3571

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
     1) Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандарды оқыту орталықтарында оқытуға рұқсат беру тәртібі туралы ережесі" 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 151  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 250 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтік құқықтық актілер Жинағында 2001 жылы жарияланған,
IҮ том, Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 406 тіркелген 1997 жылғы 2-қыркүйектегі N 138  қаулысымен  және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген 1999 жылғы 20-сәуірдегі N 30  қаулыларымен  енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар):

     аты мынадай редакцияда жазылсын:
     "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi жұмысты жүзеге асыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы";

     осы аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандарды оқыту орталықтарында оқытуға рұқсат беру тәртібі туралы ережеде:
     аты мынадай редакцияда жазылсын:
     "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi жұмысты жүзеге асыруға рұқсат беру ережесі";

     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Осы Ереже " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеуі үшiн мамандар даярлауды жүзеге асыруына рұқсат беру, қолданылуын тоқтата тұру және рұқсатты қайтарып алу тәртібін анықтайды.";

     2-тармақ алып тасталсын;

     3-тармақтағы "бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандарды оқытуды жүргізу және ұйымдастыру құқығына БҚҰК беретін рұқсаты" деген сөздер "бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандарды оқытуды өткізу және ұйымдастыру құқығына уәкілетті органның беретін рұқсаты (бұдан әрі - Рұқсат беру)" деген сөздермен ауыстырылсын;

     4-тармақта:
     бірінші абзацта:
     "бағалы қағаздар рыногында мамандарды оқыту үшін оқу орталығына рұқсат беру (бұдан әрі - Рұқсат беру)" деген сөздер "Рұқсат беру" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "және БҚҰК қаулылары негізінде беріледі" деген сөздер алып тасталсын;
     екінші абзацтағы "осы Ереженің N 1 қосымшасымен" деген сөздер "осы Ереженің қосымшасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

     5-тармақта:
     "бағалы қағаздар бойынша мамандарды оқытуға рұқсат беру" деген сөздер "Рұқсат беру" деген сөзбен ауыстырылсын;
     және одан әрі "БҚҰК" аббревиатурасы тиісті септіктерде "уәкілетті органды", "уәкілетті орган" және "уәкілетті органмен" және "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

     6-тармақтағы "осы Ереженің 4-тармағының а), з), и) тармақшаларындағы" деген сөздер "осы Ереженің 5-тармағындағы а), з), и) тармақшаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     9, 10, 11 тармақтар алып тасталсын;

     15-тармақтағы "осы Ереженің 4-тармағындағы" деген сөздер "осы Ереженің 5-тармағындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     16-тармақ алып тасталсын;

     19-тармақтағы "бағалы қағаздар бойынша мамандарды оқытуды өткізу" деген сөздер алып тасталсын;

     21-тармақтағы "мамандарды оқытуды өткізуге" деген сөздер алып тасталсын;

     1-қосымшадағы:
     жоғарғы оң жақ бұрыштағы жазба мынадай редакцияда жазылсын:
     "бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстейтін мамандарды оқытуды дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру Ережесіне қосымша";
     "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы" деген сөздер "_______________________________________"
                                (уәкілетті орган атауы)
деген сөздермен ауыстырылсын;

     2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерде сақталуы тиіс құжаттарды ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттарды сақтауды ұйымдастыру жөніндегі талаптар жөніндегі" Нұсқаулық туралы" 1996 жылғы 31-желтоқсандағы N 351  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 434 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" 1997 жылғы N 6 басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1747 тіркелген 2001 жылғы 20-желтоқсандағы N 545  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1983 тіркелген 2002 жылғы 2-қыркүйектегі N 335  қаулысымен  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар):
     аты мынадай редакцияда жазылсын:
     "Банктерде сақталуы тиіс құжаттарды ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттарды сақтауды ұйымдастыру жөніндегі талаптар туралы" Нұсқаулық туралы";

     1, 2 тармақтардағы "Ресімдеу және есепке алу тәртібі туралы" деген сөздер "ресімдеу және есепке алу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     аталған қаулымен бекітілген "Банктерде сақталуы тиіс құжаттарды ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттарды сақтауды ұйымдастыру жөніндегі талаптар туралы" Нұсқаулықта:
     атындағы "Ресімдеу және есепке алу тәртібі туралы" деген сөздер "ресімдеу және есепке алу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Банктердің қаржы-шаруашылық қызметіне және есеп беруіне байланысты есепті дұрыс жүргізу және құжаттарды сақтау жөніндегі шараларды жүзеге асыратын құқықтық базасын "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері жасайды.";

     3, 9, 10 тармақтар алып тасталсын;

     12-тармақтағы "Ереженің талаптарына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;

     24-тармақтағы "N 1" сан алып тасталсын;

     1-Қосымшада:
     оң жақ жоғарғы бұрыштағы жазба мынадай редакцияда жазылсын:
     "Банктерде сақталуы тиіс құжаттарды ресімдеу және есебін алу және құжаттарды сақтауды ұйымдастыру талаптары жөніндегі Нұсқаулыққа қосымша";
     Екінші деңгейдегі банктер қызметі барысындағы пайда болатын сақтау мерзімі көрсетілген құжаттар тізбесінде:
     "Құжаттар атауы" бағанында:
     реттік нөмірі 11-ші жолдағы "Қазақстан Республикасы" деген сөзден кейін "және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 22-ші жолдағы "құқық қорғау органдарымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 103-ші жолдағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық ықпал ету шаралары" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банкке ықпал ету жөніндегі шектеулі шаралары" деген сөздермен ауыстырылсын;

     3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудитті ұйымдастыру (бақылау) Ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 5-маусымдағы N 112  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 571 тіркелген, 1998 жылғы 17-23 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған):
     Аталған қаулымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудитті ұйымдастыру (бақылау) Ережесінде:

     2-тармақ "және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері" деген сөздермен толықтырылсын;

     4-10-тармақ алып тасталсын;

     25-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

     4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыстарды орындауға жеке тұлғаларға рұқсат беру жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20-сәуірдегі N 30  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы" журналында 1999 жылы жарияланған, N 8, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2397 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3400 тіркелген Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373  қаулысымен  енгізілген өзгерістері бар):

     1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

     5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк қызметіне аудит жүргізуге уәкілетті аудитордың және аудиторлық ұйымның банк қызметіне аудит жүргізу туралы қорытындысына және есебіне қойылатын талаптар жөніндегі Ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 18-маусымдағы N 129  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 855 тіркелген, 1999 жылғы 19-шілде-1-тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2668 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26-желтоқсандағы N 454  қаулысымен  енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар):
     атауындағы, 1-4-тармақтардағы "Банк қызметіне аудит жүргізуге уәкілетті аудитордың және аудиторлық ұйымның банк қызметіне аудит жүргізу туралы қорытындысына және банк қызметіне" деген сөздер "банктердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

     Банк қызметіне аудит жүргізуге уәкілетті аудитордың және аудиторлық ұйымның банк қызметіне аудит жүргізу туралы қорытындысына және есебіне қойылатын талаптар жөніндегі Ережеде:
     атындағы "Банк қызметіне аудит жүргізуге уәкілетті аудитордың және аудиторлық ұйымның банк қызметіне аудит жүргізу туралы қорытындысына және банк қызметіне" деген сөздер "банктердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Аудиторлық қызмет туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және банктерге аудит жүргізуге уәкілетті аудитордың және аудиторлық ұйымның (бұдан әрі - аудитор және аудиторлық ұйым) есебіне қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.";

     2-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Банк заңдарына сәйкес аудиторлар және аудиторлық ұйымдар банктерге аудитті былайша жүргізеді:
     1) банктердің қаржылық есеп беруін қосқандағы жылдық есепті растау үшін;";

     3-тармақта және одан әрі мәтін бойынша "немесе банктік емес ұйымдар", "және банктік емес ұйымдар", "не банктік емес ұйыммен", "немесе банктік емес ұйыммен" деген сөздер алып тасталсын;

     3, 7, 11-тармақтардың және 21-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацындағы "банк қызметі" деген сөздер "банктер" деген сөзбен ауыстырылсын;

     4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
     "4. Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша аудиторлар және аудиторлық ұйымдар банктерде аудит жүргізу туралы есеп (бұдан әрі - есеп) жасайды.

     5. Есеп қаржылық есеп беру аудитінің және банкте жасалған барлық аудит түрлерінің қорытындысы бойынша жасалады. Есеп Директорлар кеңесіне және тексеріліп отырған банктің Басқармасына ұсынылады.
     Бухгалтерлік есептің тиісті стандартымен көзделген басқа есептерді ашу түсіндірме жазбада көрсетіледі.
     Қажет болған жағдайда аудиторлық ұйым немесе аудитор аудит бойынша тиісті ұсынымдар жасауы мүмкін.";

     8-тармақ алып тасталсын;

     9-тармақтағы "қорытындылар және", "қорытындылар және/немесе", "қорытынды және/немесе" деген сөздер алып тасталсын;

     2-тараудың атындағы "қорытындылар және" деген сөздер алып тасталсын;

     10-тармақ алып тасталсын;

     16-тармақтың 2) тармақшасындағы "қатысты" деген сөз "оларға қатысты" деген сөздермен, "реттеуші" деген сөз "оларды реттеуші" деген сөздермен ауыстырылсын;

     18-тармақта:
     бірінші абзацтағы "қорытынды және" деген сөз алып тасталсын;
     екінші абзацтағы "қорытынды және есеп" деген сөз "Есеп" деген сөзбен ауыстырылсын;

     19-тармақтағы "Қорытынды және есеп тігіледі" деген сөздер "Есеп тігіледі," деген сөздермен ауыстырылсын;

     6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіздер санаттарына жатқыза отырып, оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру туралы Ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16-қарашадағы N 465  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2103
тіркелген, 2003 жылғы 1-12-қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2525 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1-қыркүйектегі N 327  қаулысымен  енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар):

     аталған қаулымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді
жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіздер санаттарына жатқыза отырып, оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру туралы Ережеде:
     кіріспедегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен деген сөздермен ауыстырылсын;

     барлық мәтін бойынша "депозит", "депозитормен", "депозиторға",
"депозитке", "депозиттермен", "депозитті", "депозитте" деген сөздер тиісінше "салым (депозит)", "салымшымен (депозитормен)", "салымшыға (депозиторға)", "салымға (депозитке)", "салымдармен (депозиттермен)", "салымды (депозитті)", "салымда (депозитте)" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2-тармақта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қадағалау бөлімшесі (бұдан әрі - банктік қадағалау бөлімшесі)" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) деген сөздермен ауыстырылсын;

     барлық мәтін бойынша "банктік қадағалау бөлімшесі", "банктік қадағалау бөлімшелері" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органды" деген сөздермен, "Ұлттық Банк", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

     5-тармақтағы "(бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер алып тасталсын.

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.

     3. Заң департаменті (Байсынов М.Б.):
     1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

     4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға