Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерде сақталуы тиіс құжаттарды ресімдеу және есепке алу тәртібі және құжаттарды сақтауды ұйымдастыру талаптары жөніндегі нұсқаулық туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 351 қаулысына өзгеріс енгізу

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 545. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1747. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012.11.02 № 344 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

     Сала қызметкерлерін көтермелеу және Қазақстан Республикасында туризм дамуын ынталандыру мақсатында

                                БҰЙЫРАМЫН:

     1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің

мынадай көтермелеу түрлері бекітілсін:

     "Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері" төс белгісі;

     "Қазақстан Республикасында туризм дамуына сіңірген еңбегі үшін" төс

белгісі;

     "Қазақстан Республикасының құрметті туризм нұсқаушысы" төс белгісі;  

     Құрмет грамота;

     Алғыс.

     2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт

жөніндегі агенттігінің көтермелеу туралы Ереже бекітілсін.

     3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен мезеттен бастап күшіне

енеді.

     4. Қаржы және экономика бөлімі (Г.С. Әлімбекова) белгілерді және осы

көтермелеу түрлеріне сәйкес куәліктерді әзірлеу мен дайындау үшін қаражат

бөлсін.

     5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары

Е.С. Никитинскийге жүктелсін.

     Төраға            



                                         Қазақстан Республикасы Туризм



                                         және спорт жөніндегі агенттігінің

                                         2001 жылғы 20 желтоқсандағы



 
      № N 1-1-2/327 бұйрығымен бекітілген
 
               Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
               жөніндегі агенттігінің көтермелеу туралы
                               ЕРЕЖЕСІ
 
                          1. Жалпы ережелер
 
      1. Қазақстан Республикасы Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) көтермелеу туралы Ереже сала қызметкерлерін көтермелеу және Қазақстан Республикасында туризм дамуын ынталандыру мақсатында әзірленді.
      2. "Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері" төс

 

белгісімен марапаттау;

     "Қазақстан Республикасында туризм дамуына сіңірген еңбегі үшін" төс

белгісімен марапаттау;

     Агенттіктің Құрмет грамотасымен марапаттау;

     Алғыс жариялау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі

агенттігінің көтермелеулері болып табылады.

     3. Төс белгісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан

төмен, кеуденің оң жағына тағылады.

     4. Кеуде белгісімен қайталап марапаттау жүргізілмейді.

         2. "Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері"    

                      төс белгісімен марапаттаудың шарттары

     5. Төс белгісімен туризм саласының үздік қызметкерлері:

     - халықаралық талаптарға сай туризмді ұйымдастырудағы және дамытудағы

елеулі табыстары;

     - аймақтық, республикалық және халықаралық бағдарламаларды және

жобаларды іске асырудағы жетістіктері;

     - туризмді дамытудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулері мен

жұмыстары;

     - кәсіби біліктілігін арттырудағы табыстары;

     - халықаралық, республикалық, аймақаралық туристік және спорттық

іс-шараларға белсенді қатысқаны;

     - Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға қосқан қомақты үлесі,

туризмнің білікті кадрларын даярлауға белсенді қатысқаны үшін

марапатталады.

     6. "Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері" төс

белгісімен туристік салада кемінде 5 жыл қызмет өтілі және тәжірибесі бар

қызметкерлер марапатталады.

        3. "Қазақстан Республикасында туризм дамуына сіңірген еңбегі

                үшін" төс белгісімен марапаттаудың шарттары

     7. Төс белгісімен үздік қызметкерлер:


 
       - қаржы - шаруашылық қызметті ұйымдастырудағы туризмнің материалдық-техникалық және экспериментальды-өндірістік базасын дамытудағы және нығайтудағы табыстары;
      - туристік қызметке қазіргі заманғы нысандар мен жұмыс тәсілдерін, интерактивті технологияларды, ұйымдық техниканы және электронды байланысты енгізгені;
      - туризм саласындағы еңбек жетістіктері мен туризмнің барлық түрлерін дамытудағы еңбегі;
      - туризм саласындағы нормативтік құқықтық базаны даярлауға қатысқаны және оны іске асырғаны;
      - Қазақстанның туристік беделін құру жөніндегі ақпараттық, жарнамалық

 

жұмыстары, келу және ішкі туризмді дамытудағы, туризмді насихаттаудағы

және тұрғындарды туризмге тартудағы жетістіктері;

     - Туристік қызметтер көрсету және оларды жетілдіру жөніндегі туристік

қызметтің ең үздік көрсеткіштері үшін марапатталады.

     8. "Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға сіңірген еңбегі үшін"

төс белгісімен туризм саласында кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі бар

қызметкерлер марапатталады.

      4. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы"

                    төс белгісімен марапаттаудың шарттары

     9. Төс белгісімен туризм нұсқаушылары:

     - туризм саласындағы еңбек жетістіктері мен туризмнің барлық түрлерін

дамытудағы еңбегі;

     - туризм қауіпсіздігін қамтамасыз еткені;

     - көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз еткені;

     - жаңа бағдарларды игерудегі кәсібилігін және шығармашылығын

жетілдіргені;

     - туристік қызметтер көрсету және оларды жетілдіру жөніндегі туристік

қызметтің ең үздік көрсеткіштері үшін марапатталады.

     10. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы" төс

белгісімен туризм саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар туризм

нұсқаушылары марапатталады.

          5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі

          агенттігінің құрмет грамотасымен марапаттаудың шарттары

     11. Құрмет грамотасымен туризм саласының үздік қызметкерлері:

     - туристік қызметті жаңа нысандарды және оны ұйымдастыру тәсілдерін

енгізу жөніндегі үлкен әрі жемісті жұмысы;

     - туризмнің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны

және оны жұмыста пайдаланғаны;

     - туризм дамуының аймақтық, республикалық және халықаралық

бағдарламалары мен жобаларын іске асырудағы жақсы нәтижелерге қол

жеткізгені;

     - білікті туристік кадрларды практикалық даярлаудағы тұрақты және

белсенді жұмысы үшін марапатталады.

                        6. Алғыс жариялаудың шарттары

     12. Үздік қызметкерлерге:

     - агенттік ұйымдастырған жекелеген бірегей іс-шараларды (байқауларды,

көрмелерді, жарыстарды, көрсетілімдерді) өткізгені;

     - Агенттіктің атаулы тапсырмаларын жоғары деңгейде орындағаны;

     - еңбек және әкімшілік қызметтегі табыстары үшін үздік қызметкерлерге

алғыс жарияланады.

         7. Марапаттау материалдарын ұсынудың және қараудың тәртібі


 
       13. "Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері", "Қазақстан Республикасында туризм дамуына сіңірген еңбегі үшін", "Қазақстан Республикасының құрметті туризм нұсқаушысы" төс белгілерімен, Құрмет грамотамен, Алғыс жариялаумен марапаттау туризм мәселелеріне басшылық ететін облыстық, Алматы және Астана қ. атқарушы органдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттік төрағасының бұйрығымен жүргізіледі.
      14. Оларды берген мерзімнен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің құқықтық, ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімі марапаттау жөніндегі материалдарды ұсынады және рәсімдейді.
      15. Марапаттау жайлы өтініш жасағанда оның еңбегінің мәні мен

 

дәрежесін ашып көрсететін үміткердің нақты қызметі, жетістіктері және

табысы көрініс табуы қажет.

     16. Марапатталғандарға төс белгілері мен оларға сәйкес куәліктер

тапсырылады, ал олардың есімдері Қазақстан Республикасы Туризм және спорт

жөніндегі агенттіктің құрмет кітабына жазылады.

     17. Басқа министрліктің, ведомствоның немесе мемлекеттік емес ұйымның

қызметкері марапаттауға ұсынылған жағдайда, сол министрліктер мен

ведомстволардың өтініш жасауы немесе марапаттаудың қажеттілігін

негіздемесі қаралады.

                           8. Қорытынды ережелер

     18. Төс белгісі мен оған сәйкес куәлік, сондай-ақ құрмет грамота

салтанатты жағдайда марапатталушының жұмыс орны бойынша агенттік

төрағасының атынан тапсырылады.

     19. Еңбек кітапшасына және қызметкердің жеке ісіне марапаттау туралы

бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетілген тиісті жазба түсіріледі.

     20. Көтермелеудің кез келген түрі оның алдын алу мүмкіндігі болмаған

кезде жоғалған жағдайда, марапатталғандарға телнұсқа беріледі.

                                          Қазақстан Республикасы

                                          Туризм және спорт

                                          жөніндегі агенттігі төрағасының

                                          2001 жылғы 20 желтоқсандағы

                                          N 1-1-2/327 бұйрығымен бекітілген

                                          Қазақстан Республикасы

                                          Агенттігінің көтермелеу  туралы

                                          Ережеге 1 қосымша

          "Қазақстан Республикасы туризмнің құрметті қызметкері"

                           төс белгісін сипаттау

     Белгі қалыңдығы 2 мм тікбұрыштан тұрады. Белгінің қоңыр жасыл түсті

бетінде алтын түстес республика картасының кескіні астында Қазақстанның

елтаңбасы орналасқан. Кескіннің айналасында белгінің атауы мемлекеттік

тілде жазылған.

     Белгі мыс пен никельдің қорытпасынан жасалады.

     (қағаздағы ңұсқадан суретті қараңыз).

                                          Қазақстан Республикасы

                                          Туризм және спорт

                                          жөніндегі агенттігі төрағасының

                                          2001 жылғы 20 желтоқсандағы

                                          N 1-1-2/327 бұйрығымен бекітілген

                                          Қазақстан Республикасы

                                          Агенттігінің көтермелеу  туралы

                                          Ережеге 2 қосымша

     "Қазақстан Республикасында туризм дамуына сіңірген еңбегі үшін"

                            төс белгісін сипаттау

     Омырауға тағатын белгі белгінің төменгі жағы дөңгелектеу келген,

қалыңдығы 2 мм тікбұрышты құрайды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

Туымен астасып жататын көгілдір түсті белгінің ортасында алтын түспен

бүркіт қанатының астында алтын түстес Қазақстан картасы мен жер шары

орналасқан. Белгінің жоғарғы жағында "Қазақстан Республикасында туризмнің

дамуына сіңірген еңбегі үшін" деген мемлекеттік тілде жазу бар.

     (қағаздағы нұсқадан суретті қараңыз)

                                          Қазақстан Республикасы

                                          Туризм және спорт

                                          жөніндегі агенттігі төрағасының

                                          2001 жылғы 20 желтоқсандағы

                                          N 1-1-2/327 бұйрығымен бекітілген

                                          Қазақстан Республикасы

                                          Агенттігінің көтермелеу  туралы

                                          Ережеге 3 қосымша

       "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы"

                       омырауға тағатын белгіні сипаттау

     Омырауға тағатын белгі белгінің төменгі жағы дөңгелек тәріздес болып

келген қалыңдығы 2 мм тікбұрыштан тұрады. Қоңыр көк түсте Т және И

әріптері орналасқан, төменгі дөңгелекте күннің кескіні бар. Белгінің

шетінде және жоғарғы жағында "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген

туризм нұсқаушысы" жазуы бар.

     (қағаздағы нұсқадан суретті қараңыз)



     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Жұманазарова А.Б.