Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 855 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктік қызметке аудит жүргізу туралы есеп беруге және банктік қызметке аудит жүргізуге өкілеттік берілген аудитордың, аудиторлық ұйымдар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 454 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2668. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 229 қаулысымен.

      Мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногын тұрақтандыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегi Z952368_ Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештiк отыннан басқа, дизель отынын (ТМД СЭҚ TH коды 2710 00 610 - 2710 00 690) әкетуге 2002 жылғы 1 қарашаға дейiн тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге Қазақстан Республикасының

тыйым салу енгiзгендiгi туралы хабардар етсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
     5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі 
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б