Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 20 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3571

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
     1) <*>
      Ескерту: 1) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 323   қаулысымен .

     2) <*>
      Ескерту: 2) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 318  қаулысымен .

     3) <*>
     Ескерту: 3) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз ).
__________________________________

     4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыстарды орындауға жеке тұлғаларға рұқсат беру жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20-сәуірдегі N 30  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы" журналында 1999 жылы жарияланған, N 8, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2397 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3400 тіркелген Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373  қаулысымен  енгізілген өзгерістері бар):

     1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

     5) <*>
      Ескерту: 5) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы   N 229   қаулысымен .
________________________________

     6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіздер санаттарына жатқыза отырып, оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру туралы Ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16-қарашадағы N 465  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2103
тіркелген, 2003 жылғы 1-12-қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2525 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1-қыркүйектегі N 327  қаулысымен  енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар):

     аталған қаулымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді
жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіздер санаттарына жатқыза отырып, оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру туралы Ережеде:
     кіріспедегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен деген сөздермен ауыстырылсын;

     барлық мәтін бойынша "депозит", "депозитормен", "депозиторға",
"депозитке", "депозиттермен", "депозитті", "депозитте" деген сөздер тиісінше "салым (депозит)", "салымшымен (депозитормен)", "салымшыға (депозиторға)", "салымға (депозитке)", "салымдармен (депозиттермен)", "салымды (депозитті)", "салымда (депозитте)" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2-тармақта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік қадағалау бөлімшесі (бұдан әрі - банктік қадағалау бөлімшесі)" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) деген сөздермен ауыстырылсын;

     барлық мәтін бойынша "банктік қадағалау бөлімшесі", "банктік қадағалау бөлімшелері" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органды" деген сөздермен, "Ұлттық Банк", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

     5-тармақтағы "(бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер алып тасталсын.

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.

     3. Заң департаменті (Байсынов М.Б.):
     1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

     4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға