Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.05.2013 N 142-НҚ бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 20) тармақшасына, 15-бабының 1-тармағының 1-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2003 жылғы 6 ақпанда N 2157 нөмiрмен тiркелген, Ресми газеттiң 2003 жылғы 22 наурыздағы N 12 нөмiрiнде жарияланған, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2357 нөмiрмен тiркелген, "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi төрағасының кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-HҚ , Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2898 нөмiрмен тiркелген, "Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келiсу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 16-HҚ бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ , Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3011 нөмiрмен тiркелген, "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 19 шiлдедегi N 322-НҚ бұйрықтарымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) "Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық жобаларын қарау және келiсу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 16-НҚ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
атауындағы "(жобалар)" деген сөз "және (немесе) инвестициялық жобалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
атауындағы және алғысөздегi "субъектiлердiң" деген сөз "табиғи монополиялар субъектiлерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта "инвестициялық" деген сөзден кейiн "бағдарламалар және (немесе) инвестициялық" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық жобаларын қарау және келiсу жөнiндегi нұсқаулықта:
атауында және барлық мәтiн бойынша:
"табиғи монополия субъектiлерiнiң" деген сөздер "табиғи монополиялар субъектiлерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
атауындағы және барлық мәтiн бойынша "жобалар", "жобалары", "жобаларда", "жобаларға" "жоба" деген сөздер тиiсiнше "және (немесе) инвестициялық жобалар", "және (немесе) инвестициялық жобалары", "және (немесе) инвестициялық жобаларда", "және (немесе) инвестициялық жобаларға", "және (немесе) инвестициялық жоба" деген сөздермен ауыстырылсын;
алғы сөзде және барлық мәтiн бойынша "қызметтер (тауарлар, жұмыстар)", қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) деген сөздер тиiсiнше "реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар)", "реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
"(бұдан әрi - Нұсқаулық)" деген сөз алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын жетiлдiрудiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасына" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта және барлық мәтiн бойынша "индикативтiк", "индикативтi" деген сөздер "орташа мерзiмдiк", "орташа мерзiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екiншi абзацында:
"жалға дейiн" деген сөз "жылды қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"5 жылға дейiн" деген сөз "1 жылдан астам 5 жылды қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"асатын" деген сөз "астам" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"инвестициялық бағдарлама - жаңа активтердi жасауға, қолда бар активтердi кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды өзiне қамтитын техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмге, орташа мерзiмге немесе ұзақ мерзiмге арналған Субъектiнiң негiзгi құралдарын жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған қаражаттарды салу және қайтарып алу бағдарламасы;";
үшiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"инвестициялық жоба - жаңа өндiрiстер құруда, қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту мен жаңартуда инвестицияларды көздейтiн iс-шаралардың кешенi;
инвестициялық тариф (баға, алым ставкасы) - уәкiлеттi орган бiр инвестициялық жобаның шегiнде бекiткен тариф (баға, алым ставкасы) немесе салынған инвестицияларды толық өтелгенге дейiн қолданыстағы жаңадан құрылған объектiлерге көрсетiлiп отырған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне арналған оның шектi деңгейi;";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"техникалық сараптама - қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамасын) және жұмыс жағдайындағы активтердi қолдауды қамтамасыз ететiн жұмыстар жүргiзудiң қажеттiгiн, технологиялық процестiң тиiмдiлiгiн, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларының сәйкестiгiн қоса, өндiрiс технологиясын, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттiгiн бағалауды, негiзгi құралдарды ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша бөлудiң қолданысқа енгiзiлгендiк және дұрыстық деңгейiн талдау;";
алтыншы абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық уәкiлеттi орган немесе белгiленген құзыретiнiң шегiнде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган;";
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қаржылық сараптама - табиғи монополия субъектiсiнiң олардың Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы мен уәкiлеттi органның шешiмдерiнiң орындалуын, табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес өзге қызметтер бойынша бөлудi, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне қолданылатын тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) әсерiн бағалау, тарифтiк сметаның атқарылуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау) мақсатында қаржы-шаруашылық қызметiн талдау.";
9-тармақтың бiрiншi абзацы "кешiктiрмей" деген сөзден кейiн ", не өтiнiммен бiр мезгiлде инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiтуге" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген Нұсқаулыққа қосымшада:
атауындағы және барлық мәтiн бойынша "(жобалар)", "(жобалары)", "(жобаларда)", "(жобаларға)" "(жоба)" деген сөздер тиiсiнше "және (немесе) инвестициялық жобалар", "және (немесе) инвестициялық жобалары", "және (немесе) инвестициялық жобаларда", "және (немесе) инвестициялық жобаларға", "және (немесе) инвестициялық жоба" деген сөздермен ауыстырылсын;
барлық мәтiн бойынша "қызметтер", "қызметтер (тауарлар, жұмыстар)", "қызметтiң реттелетiн түрiнiң" деген сөздер тиiсiнше "реттелiп көрсетiлетiн қызметтер", "реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар)", "реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "индикативтiк", "индикативтi" деген сөздер тиiсiнше "орташа мерзiмдiк", "орташа мерзiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
N 1 кестеде:
"инвестициялық бағдарлама" деген сөздерден кейiнгi "(жоба)" деген сөз "және (немесе) инвестициялық жоба" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қызметтiң реттелетiн түрiнiң қызметтерi" деген сөздер "реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қызметтiң реттелмейтiн түрiнiң қызметтерi" деген сөздер "реттелiп көрсетiлмейтiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
N 2 кестеде:
атауында "(қызметтiң реттелетiн түрi бойынша)" деген сөздер "(реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бағдарламаны (жобаны)" деген сөздер "инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
"инвестициялық бағдарлама" деген сөздерден кейiнгi "(жоба)" деген сөз "және (немесе) инвестициялық жоба" деген сөздермен ауыстырылсын;
"реттелетiн түрi" деген сөз алынып тасталсын;
N 3 кестеде:
2-бағанда:
4-жолдағы "қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздер "реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-жолдағы "индикативтiк" деген сөз "орташа мерзiмдiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бағдарламаны (жобаны)" деген сөздер "инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
"инвестициялық бағдарлама" деген сөздерден кейiнгi "(жоба)" деген сөз "және (немесе) инвестициялық жоба" деген сөздермен ауыстырылсын;
N 4 кестеде:
"бағдарлама (жоба)" деген сөздер "инвестициялық бағдарлама және (немесе) инвестициялық жоба" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қызметтiң реттелетiн түрiнiң", "реттелiп отырған қызмет" деген сөздер "реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қызметтiң реттелмейтiн түрлерi" деген сөздер "реттелiп көрсетiлмейтiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Труба құбырлары және су кәрiздерi жүйелерi саласындағы реттеу мен бақылау департаментi (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзiм бақылаймын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төрағаның мiндетiн атқарушы