"Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2157 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды ре

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 238-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2898. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 8 мамырдағы N 142-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.05.2013 N 142-НҚ бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің  20-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
 

      1. "Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2157 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 22 наурызда N 12 нөмірмен жарияланған, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2357 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ  бұйрығына өзгерістер енгізілген) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 16-НҚ  бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
 

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келісу жөніндегі нұсқаулықта:
      3-тармақтағы екінші абзацта "3 жылға дейін" деген сөздер "5 жылға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      4-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "базалық тарифтік смета - "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен шығындарды қалыптастырудың Ерекше тәртібінің (бұдан әрі - Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асырғаннан бастап бір жылға белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтік смета;";
 

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Орташа мерзімдік кезеңге тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітуге арналған өтініммен бір уақытта уәкілетті органның қарауына және келісуіне республикалық және жергілікті инвестициялық бағдарламалар (жобалар) енгізіледі.";
 

      10-тармақтағы бірінші абзац алынып тасталсын;
 

      4-тарау алынып тасталсын;
 

      көрсетілген Нұсқаулықтың қосымшасынан:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) болжанып отырған тарифтік сметалардың шығындары қолданыстағы тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шегінде қажет болған жағдайда Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асырғаннан бастап іс жүзіндегі қалыптасқан шығындарға сәйкес түзетілген базалық тарифтік сметаның негізінде қалыптасады;";
      N 1, N 2, N 3-кестелерде "қолданыстағы тарифте" деген сөздер "түзетілген базалық тарифтік сметада" деген сөздермен ауыстырылсын.
 

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (Григорьева С.П.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
 

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
 

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ж.Ертілесоваға жүктелсін.
 

      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға