"Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
6-бабын
және "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
Кодексiнiң
3,
300-баптарын
басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты шешті:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.05.28
N 226/35-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Шешімімен.
1. Қоса берiліп отырған "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтiп ұстау мен қорғау қағидалары" бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм "Астана хабары" және "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланғаннан кейiн 10 күн өткен соң күшiне енедi.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Астана қаласы мәслихатының
2004 жылғы 30 наурыздағы
29/6-III
шешiмiмен бекiтiлдi
Астана қаласындағы жасыл желектердi
күтiп-баптау және қорғау
Ережелерi
Осы ережелер Қазақстан Республикасы "2001 ж. 23.01.-дегi
N 148
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 ж. 15.07.-дегi "Қоршаған ортаны қорғау туралы"
Заңдарына
, Қазақстан Республикасы
азаматтық
кодексi, Қазақстан Республикасы
орман
кодексi, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы
кодексiне
сәйкес жасалынды.
Ережелер жеке және заңды тұлғалардың Астана қаласындағы жасыл желектердi күтiп-баптау және қорғау аумағындағы және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, олардың меншiк, керек-жарақтық немесе азаматтығына, жалға беру, құрылыс салу, ғимараттар, үймереттер, тұрғын-жайлар және жер телiмдерiн иеленушiлерге қарамастан, жауапкершiлiгiн тағайындайды және реттейдi.
Астана қаласы аймағындағы жасыл желектердi күтiп-баптау және қорғау жөнiндегi әрекеттердi ұйымдастыруды және жүйелеудi, қала және аудандардың әкiмi аппаратының жауапты тұлғалары, басқарманың өкiлеттi органдары, қаланы көгалдандыру мекемелерiнiң, кәсiпорындарының басшылары жүзеге асырады.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.05.28
N 226/35-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Шешімімен.
1. Осы ережелердiң мақсаты үшiн, мына негiзгi ұғымдар тағайындалады:
1) жасыл желектер - шығу тегi табиғи және жасанды, азаматтық заңға сәйкес қозғалмайтын мүлiкке жататын және қала меншiгi болып табылатын сүректi-бұта және шөптесiн өсiмдiктер;
2) көгалдандырылған аймақтар - табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орын тепкен, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бақтар, гүл бақтары, гүлбақшалар орналасқан жерлер, мекен-жайлар, қоғамдық, iскерлiк, коммуналдық, өндiрiстiк жерлерге арналған құрылысы шағын аймақтар;
3) жасыл алап - бiртектiлiктi құрайтын 50 данадан кем саналмайтын, iрi ағаштардан тұратын жасыл желектермен қамтылған жерлер. Iрi ағаштар, 15 жастан жоғары немесе жасыл желектердi қорғау жөнiндегi арнайы өкiлеттi органның тұжырымдамасы бойынша қайта отырғызуға жатпайды;
4) жасыл желектердi қорғау - жасыл желектердi, көгалдандырылған аймақтарды жасыл алаптарды жасауға, сақтауға және қайта өндiруге бағытталған, құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесi;
5) көгалдандырылған жалпы пайдалану аймағы - қала тұрғындарының демалысы үшiн арналған аймақ (қалалық ормандар, орман-бақтар, саяжайлар, саябақтар);
6) көгалдандырылған шектеулi пайдалану аймағы - тұрғын-жай құрылысы, емдiк, балаларға арналған, оқу және ғылыми мекемелер, өндiрiстiк кәсiпорындар, спорттық кешендер аймағы;
7) көгалдандырылған арнайы аймақ - көгалдандырылған санитарлық-қорғаныс, су қорғау, мелиоративтiк-қорғаныс, өрттен сақтану белдеуi, зираттар, автокөлiк және темiр жол бойындағы екпелер, ботаникалық, зоологиялық, жемiс бақтары, тәлiмбақтар, гүлдiк-оранжереялық шаруашылық аймақтары;
8) санитарлық-қорғаныс белдеуi - көгалдандырылған арнайы, қаланы өндiрiстiк кәсiпорындардан бөлiп тұрған қала тектес мекендер бөлiгi, көлемi және ұйымдастырылуы, қоршаған ортаға өндiрiстiң зиянды әсерiнiң сипатына байланысты болатын аймағы;
9) жасыл желектердiң зақымдануы - ағаштың ұшар басына, дiңiне, сүректi-бұта өсiмдiктерiнiң бұтақтарына, олардың тамыр жүйесiне, өсу процесiнiң тоқтауына, шөптесiн өсiмдiктердiң тамыр жүйесiне және жер бетiндегi бөлiгiнiң зақымдануына зиянды әсерiн тигiзедi. Бұтақтардың, тамыр жүйесiнiң, қабық тұтастығының бұзылуы, топырақтың тiршiлiк қабаты тұтастығының бұзылуы, жасыл желектердiң ластануы, не тамыр аумағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және басқа да зиянды әсерлерден зақымдануы - механикалық зақымдану болып табылады;
10) жасыл желектердi жою - жасыл желектердiң өсу процесiнiң тоқтауына әкелiп соғатын зақымдану;
11) өтемдiк көгалдандыру - жойылған немесе зақымданған жасыл желектердiң қайта өндiрiсi;
12) өтемдiк құн - жасыл желектердiң зақымдануы немесе жойылуы кезiндегi олардың құндылығын есепке алу үшiн тағайындалған, жасыл желектердi күтiп-баптауға және тұрғызуға жұмсалған шығындарды қосқандағы құндық бағалануы. Өтемдiк құнға, екпелердi қайта өндiру (отырғызу), оларды ұзақ уақыт күту шығындары, сонымен қатар жасыл желектердiң тұрған орны және сапалылығы, құндылығына байланысты анықталған экологиялық шығынның орнын толтыру енедi;
13) есеп жүргiзу объектiсi - тағайындалған шегi бар және жауапты иеленушiлер - мекемелерге, ұйымдарға, кәсiпорындарға немесе жеке тұлғалардың меншiгiне немесе жалға берiлген жер телiмдерi;
14) дендрологиялық жоспар (бұдан әрi - дендрожоспар) - 1:500 масштабтағы сақталатын сүректi-бұта өсiмдiктерiнiң ашық гүлзарлар учаскелерi, алаңқайлар, аяқ жолдар, сутоғандар, сонымен қатар пейзаждар және көрiнiстердi қиюластырып тұрғызу және орналастыру көрсетiлген сызба болып табылады;
15) бас құрылыс жоспары - құрылыс мекемесiнiң бас жоспары;
16) қайта санау тiзiмдемесi - жасыл желектердiң жай-күйiнiң жалпы сипаттамасын беретiн ағаштар және бұталар туралы тiзiмдеме;
17) Астана қаласындағы жасыл желектердiң тiзiлiмi - Астана қаласы аумағындағы жасыл желектердiң саны, реңдiк құрамы, түрi туралы мәлiметтер жиыны;
18) қорғау куәлiгi - көгалдандырылған аймақтарды иеленушiлерге (жалға алушыларға) жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органмен есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты негiзiнде және оларды қорғау және күтiп-баптау жөнiндегi мiндеттердi жүктейдi;
19) жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi орган - жасыл желектердi қорғау және күтiп-баптау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн Астана қаласы әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiлген орган.
2. Жасыл желектердi күтiп-баптаудың және
қорғаудың негiзгi принциптерi
2. Астана қаласы аймағында орналасқан барлық жасыл желектер, кiмнiң иелiгiнде жатпасын, бiртұтас қалалық жасыл қорды құрайды және қорғауға жатады.
Азаматтар, қызмет тұлғалары және заңды тұлғалар, жасыл желектердi қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, жасыл желектердiң зақымдалуына немесе жойылуына әкелiп соғатын заңсыз әрекеттерге немесе әрекетсiздiкке жiбермеуге мiндеттi.
3. Жасыл желектер орналасқан жер телiмдерiн жалға алушылар, меншiк иелерi олардың жай-күйiн бақылауды жүзеге асыруға, жасыл желектердiң қанағаттанарлық жағдайда және дұрыс дамуын қамтамасыз ету. Агротехникалық шаралар жүргiзумен байланысты жасыл желектердi күту жөнiндегi жұмыстар, осы қызмет түрiмен айналысуға құқылы сертификаты негiзiнде мамандандырылған мекемелермен жүзеге асырылады.
4. Жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметтерi, Қазақстан Республикасы Заңдармен және осы Ережелермен тағайындалған жасыл желектердi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуымен жүзеге асырылады. Жоба алды және жобалық құжаттамалар құрылыс, шаруашылық және басқа да қызметтердi ұйымдастыру, жасыл желектердiң жай-күйi туралы толық және нақтыланған мәлiметтер ұстауы тиiс, ал жобалық құжаттама, бұдан да басқа, жасыл желектердiң жобаланатын объектiлерге әсерiнiң толық бағасын ұстауы тиiс.
5. Көгалдандырылған аймақтарды және жасыл алаптарды пайдалану, жасыл желектердiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз етумен үйлестiру жiберiлмейдi. Қала аймағы көлемiнде орналасқан жасыл алаптар, құрылыс салуға жатпайды. Көгалдандырылған аймақтарды дамыту, ұзақ мерзiмдi кешендi көгалдандыру сызбасына сәйкес жүргiзiледi.
6. Көгалдандыру объектiлерiнде жалпы пайдалану құрылысын салуды (саябақтарда, бақтарда, гүл бақтарында, бульварларда), сонымен қатар екпелердi жалпы пайдалану үшiн жасауға арналған жер телiмдерiне жайғастыру, олардың тiршiлiк етуiн және қызмет көрсетуiн қамтамасыз етуге арналған құрылыстарды алып тастағанда, жiберiлмейдi.
7. Саябақтардың, бақтардың, гүл бақтарының, бульварлардың, жүргiншi саяжолдарының жеке телiмдерi уақытша пайдалануға немесе төлем құқынсыз жалға, күрделi емес (уақытша) объектiлердi еңбектен кейiнгi демалыс, әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық инфрақұрылым объектiлерiн жайғастыру мақсатында жалға алушыға берiлуi мүмкiн.
8. Көгалдандырылған жалпы пайдалану аймағын жалға беру кезiнде, жасыл желектердi сақтау қамтамасыз етiлуi тиiс. Жалға алушыға жасыл желектердi күтiп-баптау және қорғау жөнiндегi мiндеттерi және құқы өтедi.
9. Көгалдандырылған шектеулi пайдалану аймағы субъектiлердiң жерге деген құқына байланысты мемлекеттiк және жеке меншiкте болуы мүмкiн.
10. Көгалдандырылған шектеулi пайдалану аймағы тұрғын үй қоры меншiктерiнiң, басқа да меншiктердiң және пайдаланушылардың иелiгiнде болады.
11. Көгалдандырылған шектеулi пайдалану аймағы, азаматтармен және заңды тұлғалармен тұрғын және қауымдық құрылыс салу объектiлерiн орналастыру үшiн пайдаланатын аймақтарда орналасқан айналымда болады және жалға, төлем, жалға алу, кепiл құқымен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамаларына сәйкес, пайдалануға берiлуi мүмкiн.
12. Көгалдандырылған арнайы аймақ шекарасындағы жер учаскелерi және олардың қорғаныс белдеуi жеке меншiктерден және жалгерлерден талап етiлмейдi. Қолданыстағы заңдарға сәйкес, көгалдандырылған арнайы аймақ шекарасындағы жер телiмдерiн шаруашылықта пайдалану жөнiнен жеке меншiктердiң, жер иеленушiлердiң, жердi пайдаланушылардың құқы шектеледi.
13. Көгалдандырылған арнайы аймаққа белгiленген жерлер, айналымнан босатылады. Арнайы күзетiлетiн табиғат аймақтарының жекелеген телiмдерi қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк өкiлеттi органдардың келiсiмiмен төлем құқысыз жалға, жалға алу, келушiлердiң демалысына қызмет көрсетудi ұйымдастыру мақсатында кепiлдеу, егер ұсынылған қызметтер көгалдандырылған арнайы аймақты жасау мақсатына қарсы келмеген жағдайда және күзетiлген табиғи кешендерге және объектiлерге зиянын келтiрмеген жағдайда берiлуi мүмкiн.
14. Көгалдандыру жөнiндегi барлық жұмыстың түрлерiн, белгiленген тәртiпте тағайындалған жобаларға, жұмысшы сызбаларына сәйкес орындау қажет. Көгалдандыру және көрiктендiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде жоба авторлары орындалатын жұмыстардың бекiтiлген жобаларға, жұмысшы сызбаларына сәйкестiгiн және сапалылығын бақылауы тиiс.
3. Азаматтардың және жасыл желектердi иеленушiлердiң (жалгерлердiң) құқы және мiндеттерi
15. Азаматтар құқылы:
1) бақтарда, саябақтарда, гүл бақтарында еркiн жүруге, жасыл желектер орын алған мемориалдық кешендерде және басқа да аймақтарда өздерiнiң мәдени-сауықтыру және эстетикалық қажеттiлiгiн қанағаттандыру, қыдыру, спортпен айналысу үшiн және басқа да мақсаттарда, осы ережелердiң талаптарын сақтай отырып, пайдалана алады. Қала жұртшылығының көгалдандырылған арнайы және айрықша қорғалатын табиғи аймақтарының жекелеген телiмдерiн пайдалануға, қолданыстағы заңдарға сәйкес, жартылай немесе толық шек қойылуы мүмкiн;
2) қаланың жасыл қорын болашақта дамыту және сақтау шаралары, жай-күйi туралы нақты мәлiметтер алуға;
3) көгалдандыру құрылысы жобаларын талқылауға, сонымен қатар баламалық жобаларын өңдеуге қатысуға;
4) жобалық құжаттамасына қоғамдық экологиялық сараптау жүргiзу туралы, оның iске асырылуы қаланың жасыл қорына зиян келтiруi мүмкiн бастамамен шығып сөйлеуге;
5) қаланы, ауданды, ауланы көгалдандыру, көгалдандырылған аймақтарды санитарлық тазарту туралы iс-шараларға қатысуға.
16. Көгалдандырылған аймақтардағы жасыл желектердi қорғау және күтiп-баптау жөнiнен мiндеттеме алған жеке және заңды тұлғалар, меншiк иелерi, пайдаланушылар және жалға алушылар, мiндеттi:
1) жасыл желектердi сақтауға және бiлiктi күтiммен қамтамасыз етуге;
2) жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi органға желектердiң жетекшi тiзiмдемесiн, белгiленген нысан бойынша жасыл желектердi түгендеу материалдарындағы өзгерiс туралы (бұзу, жаңарту, қайта отырғызу, отырғызу) ақпараттарды жыл сайын берiп отыруға;
3) Астана қаласы жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi органның нұсқаулық-әдiстемелiк нұсқаулығына сәйкес агротехникалық шаралардың толық кешенiн тұрақты өткiзiп тұру, соның iшiнде: гүлзарларды, ағаштарды және бұталарды суару, арам шөптермен, зиянкестермен және аурулармен күрес, гүлзарлардың шөбiн қырқу;
4) өзiнiң есебiмен қала құрылысы, экологиялық, санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес жасалған, тағайындалған дендрологиялық жобалар бойынша бекiтiлген аймақтардағы жасыл желектердi кезектi жөндеу және көгалдандыру жүргiзу;
5) жасыл желектердi жою (қайта отырғызу) осы ережелермен тағайындалған тәртiпте ресiмделсiн;
6) ағаштарды жасартатын шырпу, сүректi-бұта өсiмдiктерiн қалыптау және санитарлық шырпу, Астана қаласы жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi органның тек жазбаша рұқсаты бойынша жүргiзiлсiн;
7) қорғаныс аймағындағы тоқ өткiзетiн сымдарды (1 метр радиуста), сонымен қатар көше көрсеткiштерiн және үйлердiң нөмiрлiк белгiлерiн жауып тұрған бұталарды қырқуды уақытында жүргiзу. Бұталарды қырқу, электр желiлерi иесiнiң келiсiмiмен және олардың жұмыс технологиясының сақталуын бақылау арқылы, кесте бойынша жүргiзiледi;
8) аймақта санитарлық тазартуды жүргiзу, сынған ағаштар және бұталарды жою;
9) көгалдандыру объектiлерiнде сутоған бар болса, оларды тазалықта ұстау және оларды күрделi тазалықтан өткiзу 10 жылда бiр рет жүргiзiлсiн;
10) бақтарды, саябақтарды, гүл бақтарын, бульварларды аралаған кезде жасыл желектердi қорғау жөнiндегi талаптарды сақтауға мiндеттi.
17. Жасыл желектер орын алған жер телiмдерiн сату, сатып алу, сыйға беру, жалға беру және жер заңымен қаралған басқа да жер айналымы нысанымен жасыл желектердi күтiп-баптау және қорғаныс жөнiндегi құқы мен мiндеттерi басқа меншiк иесiне, жалға алушыға өтедi.
18. Көгалдандырылған аймақтардың жер айналымын куәландыратын құжаттамалар, Астана қаласы жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi органымен келiсуге тиiстi.
19. Жасыл желектердi күтiп-баптауға арналған күзет куәлiгi, ал жекелеген жағдайларда аймақтарды көркейту және тазалау шарты, жасыл желектер орналасқан жер телiмдерiне құқын белгiлейтiн құжаттар ресiмделгенге (қайта ресiмдеу) дейiн жасалады.
4. Жасыл желектердi қорғау жөнiндегi
өкiлеттi органның өкiлдiгi
20. Жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi органның құзырына енетiндер:
1) жасыл желектердiң кадастрын жүргiзу;
2) жасыл желектер орын алған жер телiмдерiн пайдалануға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешiмдердi қабылдау;
3) кесу билеттерiн және жасыл желектердi қайта отырғызуға рұқсат беру;
4) жасыл желектерге келтiрiлген зиянның құны, тағайындалған кесiмдi баға немесе бекiтiлген әдiстеме бойынша есептеледi;
5) жасыл желектерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн, төлемдi қадағалау;
6) мамандандырылған мекемелерге аттестация жүргiзу және сертификат беру.
5. Жасыл желектердiң есебiн жүргiзу,
күтiп-баптау және қорғау
21. Астана қаласындағы жасыл желектердiң есебiн жүргiзу, олардың санын, түрлiк құрамын және жай-күйiн анықтау мақсатында, есеп жүргiзу объектiсiнiң шегiнде орналасқан жасыл желектердi түгендеу арқылы жүзеге асырылады.
22. Жасыл желектердi түгендеу және басқа да түрлi тексерулер, белгiленген тәртiппен тағайындалған нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарға, әр ағаш бойынша есеп жүргiзу әдiстерiмен, контуры бойынша қайта санау, есеп жүргiзу объектiсi шекарасында орналасқан жасыл желектердiң құрылымдық бөлшектерiнiң күрделiгiне байланысты баға кесулерге сәйкес жүргiзiледi.
23. Жасыл желектердiң есебiн жүргiзу мына мақсатта жүргiзiледi:
1) Астана қаласы аймағындағы жасыл желектердiң сандық және сапалық сипаттамалары туралы нақты мәлiметтер алу;
2) жауапты иеленушiлердiң көгалдандырылған аймақтардағы жүзеге асырылған қызметтерiнiң белгiленген атқарымдық қызметiне сәйкестiгiн анықтау;
3) қала аймағындағы жасыл желектердiң жай-күйiн сараптау;
4) Астана қаласының көгалдандырылған аймақтарын ұтымды пайдалану үшiн, ақпараттық база құру.
24. Есеп жүргiзуге жасыл желектердiң барлық түрлерi жатады: ағаштар, бұталар, гүлзарлар, гүлбақтар. Жасыл желектерге түгендеу жүргiзу, тиiстi жұмыс түрлерiнiң сертификаты бар, мамандандырылған мекемелермен жүзеге асырылады.
25. Жасыл желектердiң есебiн жүргiзу нәтижесiн көрсететiн құжат - бекiтiлген нысан бойынша (1-қосымша) жасалған есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты болып табылады.
26. Есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты бес жылда бiр рет жоспарлы жаңартуға жатады.
27. Жауапты иеленушi өзiне тиiстi жер телiмдерiндегi жасыл желектердiң есебiн жүргiзудi ұйымдастырады және алынған нақты мәлiметтердi есеп объектiсi төлқұжатына түсiрудi қамтамасыз етедi.
28. Есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты, жауапты иеленушiмен бекiтiледi және қаладағы жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi органмен, сонымен қатар тиiстi жұмыс түрлерiнiң сертификаты бар, мамандандырылған мекемелермен тексеру жүргiзген және Астана қаласының тиiстi ауданының әкiмi аппаратының өкiлiмен келiсiледi.
29. Белгiленген тәртiпте жасалған есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты, жауапты иеленушi арқылы Астана қаласының тиiстi ауданының әкiмшiлiгiне, жасыл желектердiң тiзiмдемесiне мәлiметтердi жинау үшiн берiледi (2-қосымша).
30. Резервтегi аймақтың есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты, жасыл желектердi зерттеу негiзiнде талаптарға сәйкес жасалынады. Көрсетiлген төлқұжаттардың мәлiметтерi, аудандардың жасыл желектер тiзiлiмiне белгiленген тәртiпте жинақталады.
31. Астана қаласы жасыл желектерiнiң тiзiлiмi мына мақсатта жүргiзiледi:
1) Астана қаласындағы жасыл желектердiң саны және жай-күйi туралы нақты кешендi ақпараттар алу;
2) Астана қаласындағы жасыл желектердiң саны және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу;
3) қалалық саясаттың, қаланың көгалдандырылған аймақтарын қорғау, сақтау және даму аумағындағы негiзгi бағытын анықтау;
4) жасыл желектердi қорғауды, сақтауды және дамуын ең тиiмдi тәсiлмен орындау;
5) қаладағы жасыл желектердiң саны және жай-күйi туралы халықты, үкiмет және басқару органдарын анықталған ақпараттармен қамтамасыз ету.
32. Тiзiмдеме, есеп жүргiзу объектiлерiнiң төлқұжаттарында мазмұндалған, сонымен қатар қаланың иесiз және резервтегi жерлерiнде (бұдан әрi - жасыл желектер туралы ақпараттар) орналасқан жасыл желектердi түгендеу нәтижесiнде алынған ақпараттар негiзiнде жүргiзiледi.
33. Тiзiмдеменi жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi органмен, көгалдандырылған аймақтардың оларға қарасты шекарасындағы аудандардың әкiмдерi аппаратымен белгiленген нысан бойынша жерлердiң атқарымдық қызметi бойынша топтастыру арқылы жүзеге асырылады.
34. Жасыл желектердiң тiзiлiмi, жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органның қалалық ақпараттар жүйесiне одан арғы мәлiметтер жиыны үшiн өткiзiледi.
35. Астана қаласы аудандарының әкiмдерi аппаратына және Уәкiлеттi органға қарасты көгалдандырылған аймақтарға орналасқан - жасыл желектер тiзiмдемесi мәлiметтерiн жаңарту 2 жылда бiр рет жүргiзiледi.
36. Қорғау және күтiп-баптау:
1) бақтар, гүл бақтары, бульварлар, жүргiншi саяжолдары Астана қаласының жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi органына, мамандандырылған коммуналдық кәсiпорындарға, сонымен қатар көгалдандырылған аймақтарды пайдаланушылар және жалға алушыларға жүктеледi;
2) мәдени және демалыс саябақтары, балалар саябағы, арнайыландырылған саябақтар - осы мекемелердiң әкiмшiлiгiне жүктеледi;
3) көгалдандырылған аймақтардың жалпы пайдалану телiмдерi: гүл бақтары, көшелер, бульварлар және жүргiншi саяжолдары, сауда объектiлерiнiң фасад тобының (кiре берiс) ажырағысыз бөлiгiн құрайтын қызмет көрсету, банк, офистер, кәсiпорындар, жеке меншiк үйлерi және т.б. меншiк иелерiне және осы үй-жайларды жалға алушыларға жүктеледi;
4) кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар аймақтарындағы, сонымен қатар оларға бекiтiлген телiмдердегi жасыл желектер, тiкелей осы кәсiпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен жүргiзiледi;
5) санитарлық-қорғау аймақтарын - санитарлық-қорғау аймақтары шекарасында жер телiмдерi бар жер иеленушiлермен, жердi пайдаланушылармен және жалға алушылармен жүргiзiледi;
6) квартал iшiндегi жасыл желектердi, жердi пайдалану шегiндегi үйаралық аумақтардағы екпелердi, тұрғын үй қоры (тұрғын үй-пайдалану кәсiпорындарының пайдаланушылары) меншiк иелерiне жүктеледi.
37. Агротехникалық шаралармен байланысты жүргiзiлген жасыл желектердi күту жұмыстары, жасыл желектердi ағымды және күрделi жөндеу, көгалдандыру, құжатпен бекiтiлген (сертификат) тиiстi бiлiктiлiгi бар мамандандырылған көгалдандырушы мекемелермен және бағбаншылармен жүргiзiледi. Көгалдандырушы мекемелердi және бағбаншыларды аттестаттау, қаланың жасыл желектерiн қорғау жөнiндегi өкiлеттi органмен жүзеге асырылады.
6. Жасыл желектердi жою және көшiрiп отырғызу
38. Жасыл желектердi жоюға мына жағдайда ғана рұқсат берiлуi мүмкiн:
1) қала құрылысы құжаттамаларымен келiсiлген және бекiтiлген құрылыс объектiлерiн немесе басқа да орналастыру жағдайымен қамтамасыз етерде;
2) инженерлiк көрiктендiру объектiлерiн жер үстi қатынастарына қызмет көрсетерде;
3) апат және төтенше жағдайларды жоюда, соның iшiнде инженерлiк көрiктендiру объектiлерiнде;
4) Астана қаласындағы мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының тұжырымдамасы бойынша, тұрғын үй және тұрғын емес үй-жайлар нормативтерiне сәйкес, жарықтандыру деңгейiн орнына қайта келтiргенде;
5) жасыл желектердiң сапалылығын және түрлiк құрамын жақсарту қажет болғанда.
39. Жасыл желектердi кесу, тек кесу билетi бойынша ғана (3, 4-қосымшалар), ал көшiрiп отырғызу, Астана қаласы жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органның берген рұқсаты бойынша (5-қосымша) жүргiзiледi.
Жасыл желектердi жою, көшiрiп отырғызу, кесу билетiн беру тәртiбi және көшiрiп отырғызу рұқсаты жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органмен анықталады.
Сүректi-бұта өсiмдiктерiн жою, көшiрiп отырғызу, жаңарту, жер учаскелерiнде (бау-бақшалық және саяжайлық телiмдер, жекеше тұрған үй құрылысы), оларды азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке меншiгiне өткiзгеннен кейiнгi, шаруашылық қызметi немесе табиғи түрде пайда болған, олардың өзiнiң қалауы бойынша, ресiмдеу рұқсатынсыз жүзеге асырылады.
40. Мемориалдық, тарихи және бiрегей эстетикалық құндылығы бар, тағайындалған тәртiпте статусы бекiтiлген ағаштарды кесу; Қызыл кiтапқа енгiзiлген сүректi және бұта өсiмдiктерiнiң түрлерi, сонымен қатар ерекше қорғалатын, жергiлiктi маңызы бар табиғи аймақтарда орналасқан ағаштарды кесуге тыйым салынады. Төтенше жағдайда, ерекше қорғалатын екпелердi кесу қажеттiгi туғанда, кесудiң мақсатқа сәйкестiгiн сараптау және экологиялық зиянның бағасы, қала әкiмiмен құрылған комиссия арқылы жүргiзiледi.
41. Ағаштар мен бұталарды кесудi белгiленген тәртiп бойынша рұқсат құжаттары (оның iшiнде кесу билетi) бар, тиiстi жұмыстарға сертификаты бар мамандандырылған ұйым жүргiзедi.
Жасыл желектердi жоюға немесе көшiрiп отырғызуға, алдын-ала рұқсат беру құжаты ресiмделмейiнше тыйым салынады.
42. Қала құрылысы қызметтерiн жүзеге асыру кезiнде жасыл желектердi жою немесе көшiрiп отырғызу келiсiмi мына тәртiпте жүзеге асырылады:
1) жобалау ұйымы құрылыс жүргiзуге бастапқы-рұқсат құжаттамаларын дайындаған кезде, белгiленген тәртiпте құрылысқа жоба жасайды;
2) жобалау ұйымының хаты және жоба негiзiнде өкiлеттi орган Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау қалалық аймақтық басқармасымен бiрлесе отырып, құрылыс жүргiзу жорамалданатын телiмге зерттеу жүргiзедi және ондағы ағаштардың және бұталардың саны, олардың түрлiк құрамы, жай-күйi, гүлзарлардың, шөп жамылғысының, гүлзарлардың нақтылығы көрсетiлген зерттеу актiсiн жасайды;
3) зерттеу актiсi негiзiнде, Уәкiлеттi орган жобалау ұйымына берiлген учаскеде жасыл желектердiң саны көрсетiлген және ерекше жағдайда ағаштарды және бұталарды сақтап қалу мүмкiндiгi мақсатында, құрылыс жүргiзу мүмкiндiгi туралы тұжырымдама бередi;
4) Уәкiлеттi органмен келiсiлген бастапқы - рұқсат құжаттамасы негiзiнде жобалау құжаттамасы жасалынады;
5) бекiтiлген тәртiппен тиiсiнше ресiмделiп ұсынылған құжаттар негiзiнде Уәкiлеттi орган тапсырыс берушiге кесiлетiн ағаштар мен бұталардың өтемдiк құнын төлеудiң тағайындалған кесiмдi бағаларға немесе бекiтiлген құнды бағалау әдiстемесiне сәйкес анықталған көлемiндегi шотты жазып бередi;
6) Әкiмдiктiң бағдарламаларына сәйкес бес қабатты және басқа да ескi құрылыстарды бұзғанда жасыл желектердi кесуге кесу билеттерiн бергенде, өтемдiк құн инженерлiк коммуникациялардың қорғау аймақтарында және жарық режимi аймағында орналасқан жасыл желектердi есепке алмай есептеледi.
43. Инженерлiк қатынастарға күрделi немесе ағымды жөндеу жүргiзу кезiнде жасыл желектердi жою және (немесе) көшiрiп отырғызу келiсiмi мына тәртiпте жүргiзiледi:
1) инженерлiк қатынастарға күрделi немесе кезектi жөндеу жүргiзу кезiнде жасыл желектердi кесiп алу кесу билетi негiзiнде жүргiзiледi;
2) қолданылып жүрген құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес анықталатын, инженерлiк коммуникациялардың сақтау аймағына келетiн жасыл желектердi кескенде өтемдiк құн алынбайды;
3) жөндеу жұмыстары барысында бұзылған гүлбақтар мен гүлзарларды қалпына келтiру тапсырыс берушiнiң қаржысы есебiнен жүзеге асырылады;
4) инженерлiк коммуникациялардың жұмыс жүргiзiлетiн аймағынан тыс аймақтарда өсiп тұрған ағаштар мен бұталарды кескенде өтемдiк құн жасыл желектiң ағымдағы жай-күйiн ескеретiн коэффициенттi қолдана отырып, қалпына келтiрудiң нақты мөлшерiнде өндiрiлiп алынады. Мұндайда жасыл желектердiң әлеуметтiк-экологиялық мәнiнiң коэффициентi, олардың су қорғау құндылығы, орналасқан жерi, сондай-ақ өзге де түзетпе коэффициенттер қолданылмайды.
44. Төтенше және апатты жағдайларда, iрi ағаштар құлаған кезде, адамдардың өмiрiне және денсаулығына, ғимараттар, үймереттер жағдайына, көлiк қозғалысына, тiршiлiк қатынасына қатер төнгенде, айтылған екпелердi кесу, алдын-ала ресiмдеу рұқсатынсыз жүргiзiледi:
1) кесу фактiсi тиiстi үлгiде ресiмделген, кесiлген жердi куәландыру актiсiмен ресiмделген, комиссияның құрамында аумақ иесiнiң, Уәкiлеттi органның, апаттық және өзге де төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жүргiзген ұйымның өкiлдерiнiң, тиiстi аудан әкiмi өкiлiнiң қатысуымен жасалады;
2) белгiленген тәртiппен ресiмделген, кесiлген жердi куәландыру актiсi бар болса, өкiлеттi орган жұмыс басталған сәттен бастап 72 сағат iшiнде кесу билетiн бередi.
45. Ғимараттар және үймереттер жайларына жоғары деңгейде көлеңке түсiрiп тұрған, 5 метрден жақын өсiп тұрған ағаштарды кесуге, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының тұжырымдамасы негiзiнде тегiн, азаматтардың өтiнiшi бойынша Астана қаласы жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Өкiлеттi органмен рұқсат берiледi.
46. Қураған, суалған және ауру ағаштарды есепке алу және таңбалау, олардың тұрған жерiне қарамастан, көгалдандырылған аймақтарды пайдаланушылардың, меншiктеушiлердiң, жалға алушылардың, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша Астана қаласының жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органмен жүргiзiледi.
Егер қураған ағаштарды және бұталарды тексерген кезде, ағаштардың опат болуы кәрiлiктен емес, жекелеген азаматтардың немесе қызмет тұлғаларының кiнәсiнен болғаны анықталса, онда бұл ағаштардың бағасы дымқыл өскен ағаштарды қалпына келтiру құны бойынша жүргiзiледi, ал олардың опат болуына кiнәлiлер әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.
47. Жасыл желектердi өндiруге және күтiп-баптауға мамандандырылған мекемелерге жататын аймақтардағы жасыл желектердi кесу, осы Ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
48. Жасыл желектердi өндiруге және күтiп-баптауға, агротехникалық шараларды орындау үшiн арнайы бөлiнген аймақтардағы жасыл желектердi кесу, аймақтардың иелерiнiң - ұйымдардың әкiмшiлiктерiнiң шешiмдерi бойынша, кесу билетiнiң ресiмделуiнсiз жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда өтемдiк құн төленбейдi.
49. Жасыл желектердi өсiруге және күтiп-баптауға мамандандырылған аумақ иелерi-ұйымдар жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органға жасыл желектердi өсiру және күтiп-баптау жөнiнен агротехникалық шараларды орындау үшiн арнайы бөлiнген аумақтың шекарасын көрсете отырып, оларға жатқызылатын аумақтың жобасын ұсынады.
50. Басқұрылыс жоспары мен есептеу тiзiмдемесiне сәйкес (6-қосымша) кесiлуге жатқызылатын жасыл желектердiң бәрi қызыл бояумен, қайта отырғызуға арналғандар - сарымен таңбаланады. Ағаштарды таңбалауды дендрологиялық жоспарға және есептеу тiзiмдемесiне сәйкес жұмыстарды жүргiзушi жүзеге асырады.
51. Құлату, түбiрiн қопару, кесiлген ағашты және кесiндi қалдықтарын тиеу мен тасу жұмыс басталған сәттен бастап тәулiк iшiнде жүзеге асырылады. Кесiлген жасыл желектердi және кесiндi қалдықтарды өндiрiс орнында сақтауға тыйым салынады. Барлық құлату, түбiрiн қопару және кесiндi қалдықтарын тасу жұмыстары, осы жұмыстардың түрiндегi қауiпсiздiк техникасының талаптарына сәйкес толық жүргiзiледi.
52. Кесу аумағына iргелес гүлзар, жасыл желектер зақымданған жағдайда жұмысты жүргiзушi олардың құзыры шеңберiнде аумақ иелерiмен және бақылаушы органдармен келiсiлген мерзiмде, бiрақ зақым келтiрген сәттен бастап, жарты жылдан кешiктiрмей, мiндеттi түрде қалпына келтiредi.
53. Қалалық орта жағдайына бейiмделген жасыл желектердi көшiрiп отырғызу, ағаштарды және бұталарды (1-қосымша, 1 нысан) көшiрiп отырғызу рұқсаты негiзiнде жүргiзiледi.
54. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушiлер жұмыс бастамас бұрын рұқсат алу үшiн төмендегiлердi атқаруы тиiс:
1) Уәкiлеттi органға құрылыс аймағындағы ағаштарды және бұталарды көшiрiп отырғызу, Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органымен таңдап алынған учаскелерге қайта құру және күрделi жөндеу жобалық құжаттамаларын тапсыру;
2) ағаштарды және бұталарды көшiрiп отырғызу шарты, Уәкiлеттi органмен конкурс негiзiнде анықталған, мамандандырылған мекемелермен бекiтiледi;
3) көшiрiлiп отырғызылған жасыл желектердi күту жөнiндегi жұмыстарды - жапырақтылар 1 жыл, қылқан жапырақтылар 2 жыл iшiнде жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органмен берiлген кепiлдiк хаты негiзiнде қаржыландырып отыруды қамтамасыз ету. Кепiлдiк күтуден кейiнгi жасыл желектердi қабылдап алу, жасыл желектердiң тiршiлікке бейiмдiлiгi актiсi негiзiнде (7-қосымша) жүзеге асырылады;
4) жобалау ұйымдары, бес қабатты және көнерген тұрғын үй қорын қайта тұрғызу, ғимараттар, құрылыс және инженерлiк қатынастарды күрделi жөндеу құрылысы аймақтарынан көшiрiлiп отырғызатын жасыл желектердi пайдалана отырып, жобаланатын көгалдандыру объектiлерiнiң жобалау-смета құжаттамасын жасауды қамтамасыз етедi;
5) Уәкiлеттi орган қайта отырғызуға рұқсатты құрылыс, бес қабатты және ескiрген тұрғын үй қорын қайта жаңғырту, ғимараттарды, үймереттердi және инженерлiк коммуникациялардың күрделi жөндеу аймағына жатқызылатын дендрологиялық жоспарды, жасыл желектер есебiнiң тiзбесiн және қайта отырғызылатын ағаштар мен желектерге бөлiнген аумақтардың абаттандыру және көгалдандырудың жобалық құжаттамаларын бекiткеннен кейiн рұқсат бередi, қайта отырғызылатын жасыл екпелердiң есебiн жүргiзудi қамтамасыз етедi. Қайта отырғызу орнын куәландырады. Қайта отырғызуға рұқсатты жабу туралы белгi қояды.
7. Жасыл желектердi, оларды жойғаннан кейiнгi зиянды өтеу
және қалпына келтiру
55. Қызмет тұлғаларының, азаматтардың және заңды тұлғалардың iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде болған көп жылғы жасыл желектердi жоғалту (жою, құрту) немесе зақымдау, ақшадай немесе натуралды түрде толық өтеуге жатады.
56. Өтемдiк көгалдандыру төмендегi талаптар есебiне сәйкес жүргiзiледi:
1) орны толтырылатын екпелер саны, көгалдандырылған аймақ көлемi қысқартылмай, жойылған екпелер санынан екi есе көлемде артық болуы тиiс;
2) орны толтырылатын жасыл желектердiң түрлiк құрамы және құрылысы сәулет, экологиялық және эстетикалық сипаттамасы бойынша артық болуы тиiс;
3) қайта өндiру, тәртiп бойынша, жою жүргiзiлген жерде кесегiмен ағаштар түсiру арқылы аймақ көлемiнде жүргiзiледi.
57. Өтемдiк көгалдандыру, кiмнiң тiлегiмен жою жүргiзiлсе, сол азаматтар және заңды тұлғалар қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Жасыл желектердi жою кiмнiң тiлегiмен, азаматтармен және заңды тұлғалармен жүргiзiлген болса, өтемдiк құн Астана қаласы бюджетiне аударылады.
Натуралды түрдегi өтем азаматтармен немесе заңды тұлғалармен шарт бойынша, көгалдандыру кәсiпорнымен жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органның келiсiмiмен жүргiзiлуi мүмкiн.
58. Өтемдiк көгалдандыру жүзеге асырылады:
1) дендрологиялық жобамен бекiтiлген 20 данадан артық сүректi-бұта өсiмдiктерiн орнына қайта келтiргенде;
2) Астана қаласы жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органмен келiсiлген сызбаларға сәйкес, 20 данадан кем емес сүректi-бұта өсiмдiктерiн орнына қайта келтiргенде.
59. Құрылыс жұмыстарын жүргiзген кезде жоюға жататын жасыл желектер, құрылыс жүргiзушiнiң есебiнен қайта қалпына келтiрiледi. Құрылысқа арналған тағайындалған жоба құжаттамаларына сәйкес, құрылыс салушылармен жүргiзiлген көгалдандыру, өтемдiк көгалдандыру бойынша жүргiзiлген жұмыстар сияқты есепке алынбайды.
8. Жасыл желектердi қорғау және күтiп-баптау аумағындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жауапкершiлiгi
60. Жасыл желектердi зақымдау немесе жою заңсыздығының әкiмшiлiк жауапкершiлiгi, қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдары негiзiнде анықталады.
61. Осы ережелердiң баптарын бұзған жеке, қызмет және заңды тұлғалар ҚР "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы"
кодексiне
сәйкес (300 бап) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке мына жағдайда тартылады:
1) жасыл желектердi зақымдау немесе жоюда;
2) көгалдандырылған аймақтарда алау жағу, түскен жапырақтарды және құрғақ шөптердi жағу;
3) гүлзарларды, гүл бақтарын, жолдарды, сутоғандарды қоқсыту және жасыл желектер орналасқан аймақтарды тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтармен, сарқынды сулармен ластау;
4) ағаштардан шырын алу, тiлу, жазу, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмiрлiк белгiлер, әр түрлi көрсеткiштер жапсыру, ағаштарға асылма, алтыбақан, жiптер iлу үшiн iлгектер және шегелер қағу;
5) жасыл желектердi күту және көрсетiлген аймақтарды пайдалануға байланысты техникалардан басқа, автокөлiк жабдықтарының, құрылыс және жол техникаларының жүруiне және тұруына;
6) көгалдандырылған аймақтарда - арнайы бөлiнген орындардан басқа, автокөлiк құралдарын жуу;
7) гүлзарларда көлiктердi аялдату;
8) жасыл желектер орналасқан аймақтарда мал жаю;
9) түрлi жүктердi жинау, соның iшiнде құрылыс материалдарын;
10) өсiмдiк топырағын, құм алу және басқа да қазба жұмыстарын жүргiзу, соның iшiнде бақшалық;
11) ағаштар және бұталардың қорғанысын қамтамасыз ету шараларын қолданбай, екпелер өсiп тұрған жерлерге төбеден қар тастау;
12) тиiстi рұқсатсыз жасыл алаптар, бақтар, саябақтар, гүл бақтарын, бульварлар, санитарлық-қорғаныс танаптарының құрылысын жүргiзу;
13) тағайындалған өтемдiк көгалдандыру жүргiзу және жасыл желектердiң есебi тәртiбiнiң бұзылуы;
14) жасыл желектерге зиян келтiруге бейiмдi басқа да әрекеттер жүргiзу.
62. Осы баптармен қарастырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар, iшкi iстер органдарының қызмет тұлғаларымен жасалады.
Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 29/6-ІІІ
шешімімен
.
Астана қаласындағы жасыл желектердi
қорғау және күтiп-баптау Ережелерiне
1-қосымша
Түгендеу жүргiзетiн мекеменiң атауы ________________________
Мүлiктiң нөмiрi ____________________________________________
Есеп жүргiзу объектiсiнiң
Төлқұжаты
Объектiнiң атауы____________________________________________
Жiктеу коды _______________________________________________
(жердiң қызметтiк мақсаты бойынша)
Аймақтың-әкiмшiлiк тиемелдiк _____________________________________
(әкiмшiлiк ауданның коды)
Жауапты иеленушi __________________________________________
қала құрылысы қызметiн тәртiптеу режимi, қорғау және пайдалану режимi___________________________________________________________
Келiсiлдi: Келiсiлдi: Келiсiлдi:
Сәулет департаментi Жауапты иеленушi Жасыл желектердi
қорғау жөнiндегi
Уәкiлеттi орган
__________________ ________________ _____________
"___" _____200_ ж. "___" _____ 200_ ж. "___"____ 200_ ж.
Есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжатына қосымша:
Мән-жайлық жоспар (Астана қаласындағы есеп жүргiзу
объектiсiнiң орналасуы)
Есеп жүргiзу объектiсiнiң мүлiк жоспары (дендрожоспар)
М 1:500; М 1:1000
Есеп жүргiзу объектiсiнiң ағаш отырғызу жоспары (мүлiк
жоспары) М 1:2000; М 1:10000
Жасыл желектер әр ағашқа қайта есеп жүргiзу тiзiмдемесi
Түгендеу жүргiзген мекеменiң тiзiмi
Астана қаласындағы жасыл желектердi
қорғау және күтiп-баптау Ережелерiне
2-қосымша
1 қаңтар _______ жылға Астана қаласы жасыл желектерiнiң тiзiмдемесi
Жасыл желектердiң объектiлерiнiң (учаскелерiнiң) ауданының жер санаттарына, өсiмдiктердiң түрлерiне және қызметтiк мақсаты бойынша бөлiнуi
Астана қаласы
Әкiмшiлiк аудан: (коды)
Жауапты иеленушi:
Жасыл желектердiң тiзiмдемесi
1 парақ
___________________________________________________________________
Рет.|Жасыл|Жiк.|Жасыл |Саябақ түрiндегi жасыл желектер
тiк |желек|теу |желек.|-------------------------------------------
саны|об. |коды|тердiң|Сүректi өсiмдiктер, кбм. |Бұталық
объ.|ъек. | |га/да.|га/дана |өсiмдiктер
екті|тiле.| |на, | |
төл.|рiнiң| |(ағаш.|-------------------------------------------
құ. |учас.| |тар, |Да. |Топ.|Мас.|Сая.|Бар.|Да.|Ек. |Қа. |Бар.
жа. |кесi.| |бұта. |ра |тар,|сив.|жол.|лығы|ра |пе |тар. |лығы
ты. |нiң) | |лар) |ағаш.|гүл.|тер,|дар,|га/ | |шар.|лап |га/
ның |ата. | |объек.|тар |бақ.|шоқ |қа. |дана| |бақ.|отыр.|дана
тү. |уы, | |тiле. | |тар |то. |тар.| | |тар |ғы. |
де. |Жер. | |рiнiң | | |ғай.|лар | | | |зу |
ген.|дiң | |(учас.| | |лар,| | | | | |
ме |қыз. | |келе. | | |бақ.| | | | | |
нө. |мет. | |рiнiң)| | |тар | | | | | |
мiрi|тiк | |ауданы| | |га | | | | | |
|мақ. | |га | | | | | | | | |
|саты,| | | | | | | | | | |
|мақ. | | | | | | | | | | |
|саты.| | | | | | | | | | |
|ның | | | | | | | | | | |
|тұр. | | | | | | | | | | |
|пат. | | | | | | | | | | |
|тық | | | | | | | | | | |
|тобы | | | | | | | | | | |
___________________________________________________________________
А Б В 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
___________________________________________________________________
Жасыл желектердiң тiзiмдемесi
1 парақ
___________________________________________________________________
Ашық алаңдар |Сая. |Орман, табиғи
-------------------------------------------|бақ |түрiндегi
Гүлбақтар, га |Гүлзарлар, |тү. |өсiмдiктер
|га |рiн. |-----------------
------------------------|------------------|дегi |Та. |Мә. |табиғи
бiр |көп.|ара.|кон.|бар.|пар.|кә. |то.|бар.|өсiм.|би. |де. |
жыл.|жыл.|лас |тей.|лығы|тер.|дiм.|пы.|лығы|дiк. |ғи |ни |
дық |дық | |нер.| |лiк |гi |рақ| |тер |жә. |да. |
| | |лi | | | |үс.| |бар. |не |қыл.|
| | | | | | |тi | |лығы |ара. |дар |
| | | | | | | | | |лас | |
| | | | | | | | | |түр. | |
| | | | | | | | | |дегi | |
| | | | | | | | | |көп. | |
| | | | | | | | | |жыл. | |
| | | | | | | | | |дық | |
| | | | | | | | | |ағаш.| |
| | | | | | | | | |тар | |
___________________________________________________________________
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
___________________________________________________________________
Астана қаласындағы жасыл желектердi
қорғау және күтiп-баптау Ережелерiне
3-қосымша
Кесу билеті
N_______ "___" _________ 200__ ж.
(құрылыс және жаңғырту объектiлерiнде)
Мекен-жайы:______________________________________________________
_________________________________________________________________
Жұмыстың түрi: __________________________________________________
Департаменттiң тұжырымдамасы негiзiнде __________ N№ _________
Өтемдiк құнның төлемi ______________________________________
(төлем тапсырмасының нөмiрi және күнi)
Мекен-жайы бойынша өтемдiк көгалдандыру___________________________
_________________________________________________________________
Өтемдiк көгалдандыру мерзiмi _____________________________________
Жоспарға қоса берiлген қайта санау тiзiмi және дендрологиялық
жоспар жобасына сәйкес рұқсат берiледi:
шабылсын _______________________________________________ дана ағаш
_________________________________________________________ дана бұта
көшiрiп отырғызылсын ____________________________________ дана ағаш
_______________________________________________________ дана бұта
сақталсын _______________________________________________ дана ағаш
__________________________________________________ дана бұта
Мамандандырылған ұйымдармен шарт: ________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыстар өкiлдiң қатысуымен жүргiзiлсiн:__________________________
(Департаменттiң бөлiмшесi, МҚОҚАБ)
Жасыл екпелердi шабу жөнiндегi жұмыстардың басталуы
_______________________________________________________хабарлансын
(Департаменттiң бөлiмшесi, МҚОҚАБ)
белгiленген мерзiмнен 5 күн бұрын (тел. ____________)
Кесу билетiнiң әрекеттегi мерзiмi_________________________________
Департамент басшысының орынбасары ________________________________
ӨТБ-нiң бастығы __________________________________________________
(қолы, күнi)
М.О.
Кесу билетiн алды __________________________________________
(қызметi, мекеме, қолы, аты-жөнi, телефон)
Кесу билетi жабылды ________________________________________
(қолы, күнi)
Астана қаласындағы жасыл желектердi
қорғау және күтiп-баптау Ережелерiне
4-қосымша
Кесу билеті
N_______ "___" _________ 200__ ж.
(санитарлық кесулер және жасыл желектердi жаңғырту)
Мекен-жайы:______________________________________________________
(Астана қаласы әкiмшiлiк ауданы, учаскенiң мекен-жайы)
_________________________________________________________________
Жұмыстың түрi: __________________________________________________
Берiлген құжаттардың негiзiнде:__________________________________
_________________________________________________________________
берiлген қайта санау тiзiмiне, жобаға, сызбаға сәйкес рұқсат берiледi:
шабылсын _______________________________________________ дана ағаш
_________________________________________________________ дана бұта
қалпына келтiрiлсiн ______________________________________ дана ағаш
_________________________________________________________ дана бұта
кесу түрлерi _____________________________________________ дана ағаш
_________________________________________________________ дана бұта
Мамандандырылған ұйымдармен шарт: ________________________________
___________________________________________________________
Жұмыстар өкiлдiң қатысуымен жүргiзiлсiн:__________________________
(Департаменттiң бөлiмшесi, МҚОҚАБ)
Жасыл екпелердi кесу жөнiндегi жұмыстардың басталуы
______________________________________________________ хабарлансын
(Департаменттiң бөлiмшесi, МҚОҚАБ)
белгiленген мерзiмнен 5 күн бұрын (тел. __________________)
Әрекет мерзiмi _____________________________________________________
Басшы ___________________________________________________________
(қолы, күнi)
М.О.
Кесу билетiн алды _________________________________________________
(қызметi, мекеме, қолы, аты-жөнi, телефон)
Кесу билетi жабылды ______________________________________________
(қолы, күнi)
Астана қаласындағы жасыл желектердi
қорғау және күтiп-баптау Ережелерiне
5-қосымша
Ағаштарды және бұталарды көшіріп отырғызу рұқсаты
N______ "___" _________ 200__ ж.
Мекен-жайы:_______________________________________________
Жұмыстың түрi: ____________________________________________
Департаменттiң тұжырымдамасы негiзiнде ___________ N_______
Жоспарға қоса берiлген қайта санау тiзiмi және дендрологиялық жоспар жобасына сәйкес рұқсат берiледi:
Көшiрiп отырғызылсын ________________________ дана ағаш
________________________ дана бұта
Мына мекен-жай бойынша ___________________________________
Мамандандырылған ұйымдармен шарт: _________________________
Жұмыстар өкiлдiң қатысуымен жүргiзiлсiн: _____________________
(Департаменттiң бөлiмшесi, МҚОҚАБ)
Ағаштарды және бұталарды көшiрiп отырғызу жөнiндегi жұмыстардың басталу мерзiмi _______________ хабарландырылсын
(Департаменттiң бөлiмшесi, МҚОҚАБ)
Рұқсаттың қызмет мерзiмi: ___________________________________
Департамент басшысының орынбасары _________________________
Кесу билетiн келiсу және беру бөлiмiнiң бастығы _______________
(қолы, күнi)
М.О.
Көшiрiп отырғызу рұқсатын алды _____________________________
мекеме, қызметi, аты-жөнi, қолы, телефоны)
Көшiрiп отырғызу рұқсаты жабылды ___________________________
(күнi, қолы)
Астана қаласындағы жасыл желектердi
қорғау және күтiп-баптау Ережелерiне
6-қосымша
Ағаштар және бұталардың қайта санау тiзiмдемесi
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
___________________________________________________________________
Рет.|Тұ. |Саны (дана) |Диа.|Жасы |Би.|Жа. |Тұжырымдама |Өтемдiк
тiк |қым.|--------------|мет.|(жыл)|iк.|сыл | |құны
саны|дар |ағаш. |бұта. |рi, | |тi.|же. | |
|ата.|тардың|лардың |см. | |гi |лек.| |
|уы | | | | |(м)|тер.| |
| | | | | | |дiң | |
| | | | | | |жай-| |
| | | | | | |күй.| |
| | | | | | |iнiң| |
| | | | | | |си. | |
| | | | | | |пат.| |
| | | | | | |та. | |
| | | | | | |масы| |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мамандандырылған мекеменiң дендрологы _______________________
М.О.
Уәкiлеттi органның өкiлi ____________________________________
Күнi _____________________
Астана қаласындағы жасыл желектердi
қорғау және күтiп-баптау Ережелерiне
7-қосымша
Жасыл екпелердiң тiршiлiкке бейiмдiлiгiн тексеру
Актісі
Мекен-жайы бойынша_______________________________________
___________________________________________________________
(объектiнiң атауы)
_____________________ 200__ж. комиссия мына құрамда:
___________________________________________________________
ағаштар мен бұталардың тiршiлiкке бейiмдiлiгiне, гүлзарлардың жай-күйiне тексеру жүргiздi.
Мекен-жайы бойынша: ______________________________________
көгалдандыру жұмыстарының мерзiмi (көктем, күз, қыс)
_____________________ 200__ж.
Төмендегiлер анықталды
___________________________________________________________________
Көгал. |Ағаш.|Гүлзар.|Өнбеген|Қанағаттанғысыз |Жойылу пайызы
дандырудың |тар |лар |ағаштар|сападағы гүлзарлар|
объектiлерi|бұта.|құрылды|мен бұ.|саны (м
2
) |
мен құрам. |лар |(м
2
) |талар | |
дас бөлiк. |отыр.| |саны | |
терi |ғы. | |(дана) | |
|зылды| | | |
|(са. | | | |
|ны, | | | |
|дана)| | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
___________________________________________________________________
ағаштар
бұталар
гүлзарлар
___________________________________________________________________
Ағаштардың өмiршеңдiгi (100%-жойылу%) тең ________________ %
(жазбаша)
Бұталардың өмiршеңдiгi (100%-жойылу%) тең _________________ %
(жазбаша)
Түгенделетiн ағаштар мен бұталардың жалпы жай-күйi:
___________________________________________________________
Түгенделетiн гүлзарлардың жалпы жай-күйi:
___________________________________________________________
Комиссия құрамы:
1. Астана қаласы коммуналдық шаруашылық департаментiнiң
өкiлi__________________________________________________
2. Мемлекеттiк қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасының
өкiлi____________________________________
3. Тапсырыс берушiнiң өкiлi _______________________________
4. Мердiгердiң өкiлi _______________________________________
5. Баланс иесiнiң өкiлi ___________________________________