Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтiп ұстау мен қорғау қағидалары туралы

Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 29/6-ІІІ шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 28 сәуірде N 324 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын және "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 3,   300-баптарын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты шешті:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.05.28 N 226/35-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін    2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      1. Қоса берiліп отырған "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтiп ұстау мен қорғау қағидалары" бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм "Астана хабары" және "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланғаннан кейiн 10 күн өткен соң күшiне енедi.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

Астана қаласы мәслихатының
2004 жылғы 30 наурыздағы 
29/6-III шешiмiмен бекiтiлдi

Астана қаласындағы жасыл желектердi
күтiп-баптау және қорғау
Ережелерi

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "өтемдік көгалдандыру", "өтемдік көгалдандыруға" деген сөздер тиісінше "өтемдік отырғызу", "өтемдік отырғызуға" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өңделген және меншік түрлеріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалармен Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау ен қорғау тәртібін белгілейді.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2009.08.26 N 243/37-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелердiң мақсаты үшiн, мына негiзгi ұғымдар тағайындалады:
      1) жасыл желектер - шығу тегi табиғи және жасанды, азаматтық заңға сәйкес қозғалмайтын мүлiкке жататын және қала меншiгi болып табылатын сүректi-бұта және шөптесiн өсiмдiктер;
      2) көгалдандырылған аймақтар - табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орын тепкен, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бақтар, гүл бақтары, гүлбақшалар орналасқан жерлер, мекен-жайлар, қоғамдық, iскерлiк, коммуналдық, өндiрiстiк жерлерге арналған құрылысы шағын аймақтар;
      3) жасыл алап - бiртектiлiктi құрайтын 50 данадан кем саналмайтын, iрi ағаштардан тұратын жасыл желектермен қамтылған жерлер. Iрi ағаштар, 15 жастан жоғары немесе жасыл желектердi қорғау жөнiндегi арнайы өкiлеттi органның тұжырымдамасы бойынша қайта отырғызуға жатпайды;
      4) жасыл желектердi қорғау - жасыл желектердi, көгалдандырылған аймақтарды жасыл алаптарды жасауға, сақтауға және қайта өндiруге бағытталған, құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесi;
      5) көгалдандырылған жалпы пайдалану аймағы - қала тұрғындарының демалысы үшiн арналған аймақ (қалалық ормандар, орман-бақтар, саяжайлар, саябақтар);
      6) көгалдандырылған шектеулi пайдалану аймағы - тұрғын-жай құрылысы, емдiк, балаларға арналған, оқу және ғылыми мекемелер, өндiрiстiк кәсiпорындар, спорттық кешендер аймағы;
      7) көгалдандырылған арнайы аймақ - көгалдандырылған санитарлық-қорғаныс, су қорғау, мелиоративтiк-қорғаныс, өрттен сақтану белдеуi, зираттар, автокөлiк және темiр жол бойындағы екпелер, ботаникалық, зоологиялық, жемiс бақтары, тәлiмбақтар, гүлдiк-оранжереялық шаруашылық аймақтары;
      7-1) Астана қаласының жасыл белдеуі – арнайы маңызы бар, қаланың аумағын қоршаған және қорғау, санитарлық-гигиеналық, мәдени-сауықтыру, оңалту және туристік қызметтерді орындайтын көгалдандырылған аумақ;
      8) санитарлық-қорғаныш аймағы – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй – азаматтық мақсаттағы объектілерден бөліп тұратын аумақ;
      9) жасыл желектердiң зақымдануы - ағаштың ұшар басына, дiңiне, сүректi-бұта өсiмдiктерiнiң бұтақтарына, олардың тамыр жүйесiне, өсу процесiнiң тоқтауына, шөптесiн өсiмдiктердiң тамыр жүйесiне және жер бетiндегi бөлiгiнiң зақымдануына зиянды әсерiн тигiзедi. Бұтақтардың, тамыр жүйесiнiң, қабық тұтастығының бұзылуы, топырақтың тiршiлiк қабаты тұтастығының бұзылуы, жасыл желектердiң ластануы, не тамыр аумағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және басқа да зиянды әсерлерден зақымдануы - механикалық зақымдану болып табылады;
      10) жасыл желектердi жою - жасыл желектердiң өсу процесiнiң тоқтауына әкелiп соғатын зақымдану;
      11) өтемдік отырғызу - жойылған немесе зақымданған жасыл желектердiң қайта өндiрiсi;
      12) өтемдік (кепілдік) отырғызу жоспары – рұқсат етілген санитарлық кесуге, мәжбүрлі кесуге немесе рұқсат етілмей кесуге ұшыраған, оның ішіне сандық бөлігі, тұқымдық құрамы, көлемі, отырғызудың күнтізбелік мерзімі, сонымен қатар жобалық негізге байланған отырғызғылардың орналасуының кескіндік сызбасы кіретін жасыл желектердің көлемін бірдей өтейтін ағаштарды отырғызу жоспары;
      13) есеп жүргiзу объектiсi - тағайындалған шегi бар және жауапты иеленушiлер - мекемелерге, ұйымдарға, кәсiпорындарға немесе жеке тұлғалардың меншiгiне немесе жалға берiлген жер телiмдерi;
      14) дендрологиялық жоспар (бұдан әрi - дендрожоспар) - 1:500 масштабтағы сақталатын сүректi-бұта өсiмдiктерiнiң ашық гүлзарлар учаскелерi, алаңқайлар, аяқ жолдар, сутоғандар, сонымен қатар пейзаждар және көрiнiстердi қиюластырып тұрғызу және орналастыру көрсетiлген сызба болып табылады;
      15) бас құрылыс жоспары - құрылыс мекемесiнiң бас жоспары;
      16) қайта санау тiзiмдемесi - жасыл желектердiң жай-күйiнiң жалпы сипаттамасын беретiн ағаштар және бұталар туралы тiзiмдеме;
      17) Астана қаласындағы жасыл желектердiң тiзiлiмi - Астана қаласы аумағындағы жасыл желектердiң саны, реңдiк құрамы, түрi туралы мәлiметтер жиыны;
      18) қорғау куәлiгi - көгалдандырылған аймақтарды иеленушiлерге (жалға алушыларға) жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органмен есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты негiзiнде;
      19) Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган - жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін Астана қаласы әкімдігінің табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын атқарушы органы;
      20) Астананың жасыл қоры – Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегіндегі жалпы, шектеулі және арнайы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтар енетін жасыл желектер аумақтарының жиынтығы;
      21) көгалдандыру резерві аумағы – Астана қаласын дамытудың Бас жоспарына сәйкес қаланың жасыл қорын дамытуға арналған қолайсыз аумақтар;
      22) ведомстволық нұсқаулық – Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы бекітетін, қала аумағында түгендеу мен орман патологиялық зерттеуді жүргізуді, техникалық қадағалау мен жасыл желектерді құру, қорғау мәселелерін регламенттейтін құжат;
      23) жасыл желектерді мәжбүрлі кесу – елді мекеннің бас даму жоспарын іске асыру және қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке келтіру үшін жасыл желектерді кесу;
      24) жасыл құрылыс – қалада жасыл желектердің, өнеркәсіптік және басқа объектілердің ауданын құру, сақтау және ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жүйесі;
      25) жасыл желектерді түгендеу – (тәртіп бойынша ағашты санау) сапалық және сандық сипаттамалардың толық сипаттамасы бар көгалдандыру объектілерін есептеу жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жобалық негізде көгалдандырудың әрбір элементінің кескіндік бейнеленуі;
      26) объект (желектің) жай-күйінің (өмірге қабілеттілігі) коэффициенті кесуге ұсынылған объектінің өмірге қабілеттілігін ескеретін жасыл желектердің сапалық жағдайы, оның одан әрі іс–әрекетінің әлеуетті қабілеттілігі;
      27) жасыл алаптардағы ландшафты кесу – қураған, фаутты, төмен декоративтік және рекреациялық әсерге нашар төзімді, ағаш сапасын жақсарту үшін басты жоғары декоративті тұқымның дамуына кедергі болатын ағаштар мен бұталарды кесу;
      28) жасыл желектерді орман патологиялық зерттеу – зиянкестер болуына арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, дің, тамыр жүйесі және бөрікбастың саңырауқұлақ аурулармен зақымдану белгілерін анықтау;
      29) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды өте қатты қысқарту, бүршіктерді сирету және реттеу, ересек ағаштарда кемінде 3,5 метр биіктікте, төбелер мен бұтақтардың кебу салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан сау ағаш діңімен жасарту үшін ағаш діңін кесу;
      30) санитарлық кесу – апаттық жағдайларды туындататын (электрлік желі, газ құбырлары үстінде жататын, ғимарат жабындысын бұзатын, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп туындататын) ауру, кепкен, қураған және зақымданған бұтақтарды жою;
      31) таңдаулы санитарлық кесу – құрғақ, өлі, жел құлатқан, қар құлатқан барлық жастағы ағаштар мен бұталарды кесу, сонымен қатар тамыр ысқышпен, орақпен және басқа да саңырауқұлақ аурулармен зақымданған ағаштарды кесу;
      32) жаппай санитарлық кесу – жасыл алаптарда, саябақтарда, шағынгүлбақтарда жел құлатқан, қар құлатқан, қураған және ауру ағаштардың үлкен көлемі бар (40 пайыздан артық) белгілі бір ауданда өткізілетін ағаштар мен бұталарды кесу;
      33) жеке тұлғалардың аралас аумағы – қалалық аумақтың ортақ пайдалану жерлерімен шекаралас жасыл желектер өсетін жеке тұлғалардың иелігіндегі аумақтардың учаскесі;
      34) жасыл желектерді сақтау – абаттандыру мен құрылыс жұмыстарына түсетін, жасыл желектердің аса құнды тұқымдарын сақтауға бағытталған іс- шаралар кешені;
      35) мамандандырылған ұйым – Жарғысында жасыл желектерді қорғау және күтіп - ұстау жұмыстарын жүргізу қызмет түрі болып айқындалған, қажетті материалдық және білікті еңбек қоры бар шаруашылық етуші субъект;
      36) техникалық қадағалау – жасыл желектерді құру (өтемдік отырғызуды қосқанда), күтіп ұстау, қорғау технологиясын сақтауды және жасыл желектерді отырғызу және күтіп ұстаудың белгіленген технологиясын, ережелерін қадағалау (бақылау);
      37) бөрікбасты түзу – жеке ағаштар, бұталар және қалыптауға келетін желілі желектердің бүршіктері мен бұтақтарын белгілі бір эстетикалық нысанға келтіру мақсатында кесу.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 270/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз), 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

2. Жасыл желектердi күтiп-баптаудың және
қорғаудың негiзгi принциптерi

      2. Астана қаласы аймағында орналасқан барлық жасыл желектер, кiмнiң иелiгiнде жатпасын, бiртұтас қалалық жасыл қорды құрайды және қорғауға жатады.
      Тұрғын үй объектілерінің және қоғамдық құрылыстың меншік иелері, жалға алушылар шектеулі пайдаланымдағы жапсарласқан аумаққа көгалдандыру жүргізуге міндетті.
      Азаматтар, қызмет тұлғалары және заңды тұлғалар, жасыл желектердi қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, жасыл желектердiң зақымдалуына немесе жойылуына әкелiп соғатын заңсыз әрекеттерге немесе әрекетсiздiкке жiбермеуге тиісті.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 270/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз), 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Жасыл желектер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері, жалға алушылар олардың жай-күйіне бақылау жүргізуді жүзеге асыру қажет, жасыл желектерді қанағаттанарлық жағдайын мен қалыпты дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Агротехникалық іс-шараларды жүргізумен байланысты жасыл отырғызғыларды күтіп-баптау бойынша жұмыстарды мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      4. Жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметтерi, Қазақстан Республикасы Заңдармен және осы Ережелермен тағайындалған жасыл желектердi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуымен жүзеге асырылады. Жоба алды және жобалық құжаттамалар құрылыс, шаруашылық және басқа да қызметтердi ұйымдастыру, жасыл желектердiң жай-күйi туралы толық және нақтыланған мәлiметтер ұстауы тиiс, ал жобалық құжаттама, бұдан да басқа, жасыл желектердiң жобаланатын объектiлерге әсерiнiң толық бағасын ұстауы тиiс.

      5. Көгалдандырылған аймақтарды және жасыл алаптарды пайдалану, жасыл желектердiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз етумен үйлестiру жiберiлмейдi. Қала аймағы көлемiнде орналасқан жасыл алаптар, құрылыс салуға жатпайды. Көгалдандырылған аймақтарды дамыту, ұзақ мерзiмдi кешендi көгалдандыру сызбасына сәйкес жүргiзiледi.

      6. Көгалдандыру объектiлерiнде жалпы пайдалану құрылысын салуды (саябақтарда, бақтарда, гүл бақтарында, бульварларда), сонымен қатар екпелердi жалпы пайдалану үшiн жасауға арналған жер телiмдерiне жайғастыру, олардың тiршiлiк етуiн және қызмет көрсетуiн қамтамасыз етуге арналған құрылыстарды алып тастағанда, жiберiлмейдi.

      7. Саябақтардың, бақтардың, гүл бақтарының, бульварлардың, жүргiншi саяжолдарының жеке телiмдерi уақытша пайдалануға немесе төлем құқынсыз жалға, күрделi емес (уақытша) объектiлердi еңбектен кейiнгi демалыс, әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық инфрақұрылым объектiлерiн жайғастыру мақсатында жалға алушыға берiлуi мүмкiн.

      8. Көгалдандырылған жалпы пайдалану аймағын жалға беру кезiнде, жасыл желектердi сақтау қамтамасыз етiлуi тиiс.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 270/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      9. Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақ Астана қаласының коммуналдық меншігінде болады, сондай-ақ жерге құқық субъектілеріне байланысты республикалық және жеке меншікте болуы мүмкін. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақ шекарасындағы жер учаскелерін шаруашылық пайдалану бойынша меншік иелерінің, жерді иеленушілердің, жалға алушылардың құқықтары шектеледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      9-1. Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтардың жер учаскелеріне тұрақты жер пайдалану құқығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті аудан әкімдерінің аппараттарына ресімделеді. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағы жасыл белдеуінің жер учаскелеріне тұрақты жер пайдалану құқығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға ресімделеді.
      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      9-2. Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақпен қамтылған жер айналымнан шығарылады. Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтың жекелеген учаскелері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келісім бойынша егер ұсынылған қызметтер жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақты құру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмесе және жасыл желектерді қалыпты өмір тіршілігін қамтамасыз етуге кедергі болмайтын болса, келушілерге үздіксіз қызмет көрсетуді ұйымдастыру мақсатында сатып алу, қосалқы жалға беру, кепілге қою құқығынсыз жалға беріледі.
      Ескерту. 2-тарау 9-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      10. Көгалдандырылған шектеулi пайдалану аймағы тұрғын үй қоры меншiктерiнiң, басқа да меншiктердiң және пайдаланушылардың иелiгiнде болады.

      11. Көгалдандырылған шектеулi пайдалану аймағы, азаматтармен және заңды тұлғалармен тұрғын және қауымдық құрылыс салу объектiлерiн орналастыру үшiн пайдаланатын аймақтарда орналасқан айналымда болады және жалға, төлем, жалға алу, кепiл құқымен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамаларына сәйкес, пайдалануға берiлуi мүмкiн.

      12. Көгалдандырылған арнайы аймақ шекарасындағы жер учаскелерi және олардың қорғаныс белдеуi жеке меншiктерден және жалгерлерден талап етiлмейдi. Қолданыстағы заңдарға сәйкес, көгалдандырылған арнайы аймақ шекарасындағы жер телiмдерiн шаруашылықта пайдалану жөнiнен жеке меншiктердiң, жер иеленушiлердiң, жердi пайдаланушылардың құқы шектеледi.

      13. Көгалдандырылған арнайы аймаққа белгiленген жерлер, айналымнан босатылады. Арнайы күзетiлетiн табиғат аймақтарының жекелеген телiмдерi қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк өкiлеттi органдардың келiсiмiмен төлем құқысыз жалға, жалға алу, келушiлердiң демалысына қызмет көрсетудi ұйымдастыру мақсатында кепiлдеу, егер ұсынылған қызметтер көгалдандырылған арнайы аймақты жасау мақсатына қарсы келмеген жағдайда және күзетiлген табиғи кешендерге және объектiлерге зиянын келтiрмеген жағдайда берiлуi мүмкiн.

      14. Көгалдандыру жөнiндегi барлық жұмыстың түрлерiн, белгiленген тәртiпте тағайындалған жобаларға, жұмысшы сызбаларына сәйкес орындау қажет. Көгалдандыру және көрiктендiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде жоба авторлары орындалатын жұмыстардың бекiтiлген жобаларға, жұмысшы сызбаларына сәйкестiгiн және сапалылығын бақылауы тиiс.

      14-1. Қағиданың іс-қимылы қолданыстағы жеке тұрғын үйдің аумағына, азаматтардың саяжай учаскелеріне және қаланың коммуналдық қызметтерінің қарамағындағы зираттардың учаскелеріне және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
      Санитарлық кесу, мәжбүрлі кесу, бөрікбасты түзу, жасарту және жасыл желектерді қайта отырғызу "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасында реттелетін республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан басқа, олардың өз қалауы бойынша ортақ табиғат пайдалану тәртібінде, рұқсат беруді ресімдеусіз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Азаматтардың және жасыл желектердi иеленушiлердiң (жалгерлердiң) құқы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 270/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      15. Азаматтар құқылы:
      1) бақтарда, саябақтарда, гүл бақтарында еркiн жүруге, жасыл желектер орын алған мемориалдық кешендерде және басқа да аймақтарда өздерiнiң мәдени-сауықтыру және эстетикалық қажеттiлiгiн қанағаттандыру, қыдыру, спортпен айналысу үшiн және басқа да мақсаттарда, осы ережелердiң талаптарын сақтай отырып, пайдалана алады. Қала жұртшылығының көгалдандырылған арнайы және айрықша қорғалатын табиғи аймақтарының жекелеген телiмдерiн пайдалануға, қолданыстағы заңдарға сәйкес, жартылай немесе толық шек қойылуы мүмкiн;
      2) қаланың жасыл қорын болашақта дамыту және сақтау шаралары, жай-күйi туралы нақты мәлiметтер алуға;
      3) көгалдандыру құрылысы жобаларын талқылауға, сонымен қатар баламалық жобаларын өңдеуге қатысуға;
      4) жобалық құжаттамасына қоғамдық экологиялық сараптау жүргiзу туралы, оның iске асырылуы қаланың жасыл қорына зиян келтiруi мүмкiн бастамамен шығып сөйлеуге;
      5) қаланы, ауданды, ауланы көгалдандыру, көгалдандырылған аймақтарды санитарлық тазарту туралы iс-шараларға қатысуға.

      16. Көгалдандырылған аймақтардағы жеке және заңды тұлғалар, меншік иелері және жалға алушылар, тиісті:
      1) жасыл желектердi сақтауға және бiлiктi күтiммен қамтамасыз етуге;
      2) жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi органға желектердiң жетекшi тiзiмдемесiн, белгiленген нысан бойынша жасыл желектердi түгендеу материалдарындағы өзгерiс туралы (бұзу, жаңарту, қайта отырғызу, отырғызу) ақпараттарды жыл сайын берiп отыруға;
      3) Астана қаласының Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органының нұсқаулық-әдістемелік нұсқауларына сәйкес, барлық агротехникалық шаралар кешенін тұрақты жүргізу, оның ішінде гүлзарлар, ағаштар мен бұталарға су құю, арамшөптер, зиянкестер және аурулармен күрес жүргізу, жасыл желектерді түзеу және жасарту, гүлзарларды күзеу;
      4) өзiнiң есебiмен қала құрылысы, экологиялық, санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес жасалған, тағайындалған дендрологиялық жобалар бойынша бекiтiлген аймақтардағы жасыл желектердi кезектi жөндеу және көгалдандыру жүргiзу;
      5) жасыл желектердi жою (қайта отырғызу) осы ережелермен тағайындалған тәртiпте ресiмделсiн;
      6) Ағаштарды жасартып қию, ағаш-бұталарды бөрікбастарды қалыптастыру, іріктемелі және жаппай санитарлық кесу Астана қаласының Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органына және тиісті аудан әкімінің аппаратына хабарлай отырып жүргізіледі;
      7) қорғаныс аймағындағы тоқ өткiзетiн сымдарды (1 метр радиуста), сонымен қатар көше көрсеткiштерiн және үйлердiң нөмiрлiк белгiлерiн жауып тұрған бұталарды қырқуды уақытында жүргiзу. Бұталарды қырқу, электр желiлерi иесiнiң келiсiмiмен және олардың жұмыс технологиясының сақталуын бақылау арқылы, кесте бойынша жүргiзiледi;
      8) аймақта санитарлық тазартуды жүргiзу, сынған ағаштар және бұталарды жою;
      9) көгалдандыру объектiлерiнде сутоған бар болса, оларды тазалықта ұстау және оларды күрделi тазалықтан өткiзу 10 жылда бiр рет жүргiзiлсiн;
      10) бақтарды, саябақтарды, гүл бақтарын, бульварларды аралаған кезде жасыл желектердi қорғау жөнiндегi талаптарды сақтауға;
      11) көшелер мен алаңдарды тазалау үшін роторлы машиналарды қолдану машиналарда қардың (қар салмағының) желектерге түсуіне жол бермейтін арнайы бағыттайтын құрылғылары бар болған кезде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, жасыл желектерге қарды тастау үшін роторлы қар тазалау машиналарын пайдаланбауға;
      12) ағаштарға зиянын келтіруі мүмкін заттарды (аспалы төсектерді, әткеншекті, кір жаятын жіптерді, жарнама қалқандарын, электр сымдарын, электр және жалаушалы гирляндаларды, тікенекті сымды қоса алғанда) ілуге, бекітуге жол бермеуге;
      13) құрылыс ұйымдары құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалға алушыларына жасыл желектер аумағында жұмыстың басталғандығы туралы бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға, құрылыс аумағындағы жасыл желектерді ағаштың діңінен 0,5 метрден кем болмайтын қашықтықта үшбұрыш етіп орналастырып, биіктігі 2 метр болатын тұтас қалқандармен қоршау, сондай-ақ қоршалған үшбұрыштың айналасына радиусы 0,5 м болатын ағаш төсем орнату;
      14) қаланың өтетін жолдарына, алаңдарға, аулалар мен жиекжолдарға төсем салу және асфальт төсеу кезінде, алдағы уақытта темір бетон шарбақты орнатумен немесе діңнің айналасындағы топырақтың нығыздалуының алдын алатын басқа да жабынды жабуымен, ағаштың айналасынан диаметрі кемінде 2 метр болатын бос кеңістік қалдыруға;
      15) кабель, кәріздік құбырлар және басқа да қондырғылар орнату кезінде траншея қазуды ағаштан діңнің қалыңдығы 15 сантиметрге дейін екі метрден кем болмайтын қашықтықта, діңнің қалыңдығы 15 сантиметрден аспайтын - үш метрден кем емес қашықтықта, шеткі қаңқа бұтағының негізінен қашықтықты есептей отырып, бұтадан бір жарым метрден кем емес қашықтықта жүргізу қажет;
      16) өсіп тұрған желектер ауданында жолдар, жиекжолдар және басқа да орын-жайларды қайта жаңарту және салуда, оларды төмендету немесе биіктету кезінде, тігінен белгілерді қолданыстағы белгілерінен 5 сантиметрден артық өзгертуге жол бермеуге.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 270/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      17. Жасыл желектер орын алған жер телiмдерiн сату, сатып алу, сыйға беру, жалға беру және жер заңымен қаралған басқа да жер айналымы нысанымен жасыл желектердi күтiп-баптау және қорғаныс жөнiндегi құқы басқа меншiк иесiне, жалға алушыға өтедi.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 270/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      18. Көгалдандырылған аймақтардың жер айналымын куәландыратын құжаттамалар, Астана қаласы жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi органымен келiсуге тиiстi.

      19. Жасыл желектердi күтiп-баптауға арналған күзет куәлiгi, ал жекелеген жағдайларда аймақтарды көркейту және тазалау шарты, жасыл желектер орналасқан жер телiмдерiне құқын белгiлейтiн құжаттар ресiмделгенге (қайта ресiмдеу) дейiн жасалады.

4. Жасыл желектердi қорғау жөнiндегi
өкiлеттi органның өкiлдiгi

      20. Жасыл желектердi қорғау жөнiндегi өкiлеттi органның құзырына енетiндер:
      1) жасыл желектердің тізілімін қала аудандары әкімдері аппараттарынан алынған мәліметтерді жинақтау арқылы жүргізу;
      2) жасыл желектер орын алған жер телiмдерiн пайдалануға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешiмдердi қабылдау;
      3) жасыл желектерді бұзуға, қайта отырғызуға рұқсат беру;
      4) кепілдік өтемдік отырғызулар және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарының жүргізілуін бақылауды ұйымдастыру;
      5) алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
      6) алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

5. Жасыл желектердiң есебiн жүргiзу,
күтiп-баптау және қорғау

      21. Астана қаласындағы жасыл желектердiң есебiн жүргiзу, олардың санын, түрлiк құрамын және жай-күйiн анықтау мақсатында, есеп жүргiзу объектiсiнiң шегiнде орналасқан жасыл желектердi түгендеу арқылы жүзеге асырылады.

      22. Жасыл желектердi түгендеу және басқа да түрлi тексерулер, белгiленген тәртiппен тағайындалған нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарға, әр ағаш бойынша есеп жүргiзу әдiстерiмен, контуры бойынша қайта санау, есеп жүргiзу объектiсi шекарасында орналасқан жасыл желектердiң құрылымдық бөлшектерiнiң күрделiгiне байланысты баға кесулерге сәйкес жүргiзiледi.

      23. Жасыл желектердiң есебiн жүргiзу мына мақсатта жүргiзiледi:
      1) Астана қаласы аймағындағы жасыл желектердiң сандық және сапалық сипаттамалары туралы нақты мәлiметтер алу;
      2) жауапты иеленушiлердiң көгалдандырылған аймақтардағы жүзеге асырылған қызметтерiнiң белгiленген атқарымдық қызметiне сәйкестiгiн анықтау;
      3) қала аймағындағы жасыл желектердiң жай-күйiн сараптау;
      4) Астана қаласының көгалдандырылған аймақтарын ұтымды пайдалану үшiн, ақпараттық база құру.

      24. Жасыл желектердің барлық түрлері есепке алынуға жатады: ағаштар, бұталар, гүлзарлар, гүлбақшалар. Жасыл желектерге зерттеу жүргізуді агротехникалық іс-шаралар жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді -  Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      25. Жасыл желектердiң есебiн жүргiзу нәтижесiн көрсететiн құжат - бекiтiлген нысан бойынша (1-қосымша) жасалған есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты болып табылады.

      26. Есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты бес жылда бiр рет жоспарлы жаңартуға жатады.

      27. Жауапты иеленушi өзiне тиiстi жер телiмдерiндегi жасыл желектердiң есебiн жүргiзудi ұйымдастырады және алынған нақты мәлiметтердi есеп объектiсi төлқұжатына түсiрудi қамтамасыз етедi.

      28. Есептік объекті паспорты жауапты меншік иесімен бекітіледі және Астана қаласының тиісті ауданы әкімі аппаратының өкілімен және қаланың Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органымен келісіледі.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      29. Белгiленген тәртiпте жасалған есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты, жауапты иеленушi арқылы Астана қаласының тиiстi ауданының әкімі аппаратына, жасыл желектердiң тiзiмдемесiне мәлiметтердi жинау үшiн берiледi (2-қосымша).
      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      30. Резервтегi аймақтың есеп жүргiзу объектiсiнiң төлқұжаты, жасыл желектердi зерттеу негiзiнде талаптарға сәйкес жасалынады. Көрсетiлген төлқұжаттардың мәлiметтерi, аудандардың жасыл желектер тiзiлiмiне белгiленген тәртiпте жинақталады.

      31. Астана қаласы жасыл желектерiнiң тiзiлiмi мына мақсатта жүргiзiледi:
      1) Астана қаласындағы жасыл желектердiң саны және жай-күйi туралы нақты кешендi ақпараттар алу;
      2) Астана қаласындағы жасыл желектердiң саны және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу;
      3) қалалық саясаттың, қаланың көгалдандырылған аймақтарын қорғау, сақтау және даму аумағындағы негiзгi бағытын анықтау;
      4) жасыл желектердi қорғауды, сақтауды және дамуын ең тиiмдi тәсiлмен орындау;
      5) қаладағы жасыл желектердiң саны және жай-күйi туралы халықты, үкiмет және басқару органдарын анықталған ақпараттармен қамтамасыз ету.

      32. Тiзiмдеме, есеп жүргiзу объектiлерiнiң төлқұжаттарында мазмұндалған, сонымен қатар қаланың иесiз және резервтегi жерлерiнде (бұдан әрi - жасыл желектер туралы ақпараттар) орналасқан жасыл желектердi түгендеу нәтижесiнде алынған ақпараттар негiзiнде жүргiзiледi.

      33. Тізілімді жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру аудан әкімдері аппараттарымен жердің қызметтік тағайындауы бойынша топтаумен белгіленген нысан бойынша оларға ведомтстволық қарасты көгалдандырылған аумақтың шекараларында жүргізіледі.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      34. Жасыл желектердiң тiзiлiмi, жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органның қалалық ақпараттар жүйесiне одан арғы мәлiметтер жиыны үшiн өткiзiледi.

      35. Астана қаласы аудандарының әкiмдерi аппаратына және Уәкiлеттi органға қарасты көгалдандырылған аймақтарға орналасқан - жасыл желектер тiзiмдемесi мәлiметтерiн жаңарту 2 жылда бiр рет жүргiзiледi.

      36. Қорғау және күтiп-баптау:
      1) бау-бақшалар, бақтар, гүл бақтары, бульварлар, жүргінші саяжолдары Астана қаласының Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органына, аудандар әкімдерінің аппараттарына, мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындарға, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтың меншік иелері мен жалға алушыларына жүктеледі;
      2) мәдени және демалыс саябақтары, балалар саябағы, арнайыландырылған саябақтар - осы мекемелердiң әкiмшiлiгiне жүктеледi;
      3) көгалдандырылған аймақтардың жалпы пайдалану телiмдерi: гүл бақтары, көшелер, бульварлар және жүргiншi саяжолдары, сауда объектiлерiнiң фасад тобының (кiре берiс) ажырағысыз бөлiгiн құрайтын қызмет көрсету, банк, офистер, кәсiпорындар, жеке меншiк үйлерi және т.б. меншiк иелерiне және осы үй-жайларды жалға алушыларға жүктеледi;
      4) кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар аймақтарындағы, сонымен қатар оларға бекiтiлген телiмдердегi жасыл желектер, тiкелей осы кәсiпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен жүргiзiледi;
      5) санитарлық-қорғау аймақтарын - санитарлық-қорғау аймақтары шекарасында жер телiмдерi бар жер иеленушiлермен, жердi пайдаланушылармен және жалға алушылармен жүргiзiледi;
      6) квартал iшiндегi жасыл желектердi, жердi пайдалану шегiндегi үйаралық аумақтардағы екпелердi, тұрғын үй қоры (тұрғын үй-пайдалану кәсiпорындарының пайдаланушылары) меншiк иелерiне жүктеледi.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      37. Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      37-1. Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

6. Жасыл желектердi жою және көшiрiп отырғызу

      38. Жасыл желектердi жоюға және көшіріп отырғызуға мына жағдайда ғана рұқсат берiлуi мүмкiн:
      1) қала құрылысы құжаттамаларымен келiсiлген және бекiтiлген құрылыс объектiлерiн немесе басқа да орналастыру жағдайымен қамтамасыз етерде;
      2) инженерлiк көрiктендiру объектiлерiн жер үстi қатынастарына қызмет көрсетерде;
      3) апат және төтенше жағдайларды жоюда, соның iшiнде инженерлiк көрiктендiру объектiлерiнде;
      4) Астана қаласындағы мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының тұжырымдамасы бойынша, тұрғын үй және тұрғын емес үй-жайлар нормативтерiне сәйкес, жарықтандыру деңгейiн орнына қайта келтiргенде;
      5) жасыл желектердiң сапалылығын және түрлiк құрамын жақсарту қажет болғанда.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      39. Объектіні тексерудің бастапқы актісі (3-қосымша) және ұсынылған құжаттама негізінде Астана қаласының Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен берілетін белгіленген нысандағы (4-қосымша) рұқсат бойынша ғана жасыл желектерді бұзу және қайта отырғызуға жол беріледі.
      Бұзу, қайта отырғызу тәртібі және бұзуға және қайта отырғызуға рұқсат беру Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен анықталады.
      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      39-1. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, мәжбүрлі кесуге, қайта отырғызуға рұқсат алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) қайта салынып немесе қалпына келтіруге жататын объектілер үшін:
      а) уәкілетті орган басшысының атына жасыл желектерді кесуге немесе қайта отырғызуға өтінім берушінің аты-жөні, мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген өтінім;
      б) объект құрылысына (қалпына келтіруге), соның ішінде жеке тұрғын–үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі;
      в) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
      г) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі;
      д) өтінім беруші бекіткен және Астана қаласының тиісті аудан әкімі аппаратымен келісілген жасыл желектердің экспликациясы бар өтемдік отырғызу жоспары;
      е) жапырақты ағаштарды – бір жыл, қылқан жапырақты ағаш түрлерін – екі жыл күтіп-баптау жұмыстарын жүзеге асыру шартымен көшеттерді отырғызу мерзімі көрсетілген өтемдік отырғызу жөніндегі кепілдік хат;
      ж) мамандандырылған ұйыммен өтемдік отырғызуға жасалған шарт;
      з) жасыл желектерді қайта отырғызу кезінде – мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;
      и) қайта отырғызылған жасыл желектерді жапырақты ағаштарды – бір жыл, қылқан жапырақты ағаш түрлерін – екі жыл күтіп-баптау жұмысын жүзеге асыру шартымен кепілдік хат;
      к) жасыл желектерді қайта отырғызу кезінде – қайта отырғызу жұмыстары жүргізілетін қала ауданының шегінде, Астана қаласы тиісті аудан әкімі аппаратымен келісілген қайта отырғызу орны белгіленген жоспардың немесе сызбанұсқаның болуы;
      2) жаңадан салынып жатқан инженерлік желілер үшін:
      а) уәкілетті орган басшысының атына жасыл желектерді кесуге немесе қайта отырғызуға өтінім берушінің аты-жөні, мекенжайы және байланыс телефоны көрсетілген өтінім;
      б) белгіленген тәртіпте келісілген инженерлік желілердің жобасы;
      в) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі;
      г) өтінім беруші бекіткен және Астана қаласы тиісті аудан әкімі аппаратымен келісілген жасыл желектердің экспликациясы бар өтемдік отырғызу жоспары;
      д) жапырақты ағаштарды – бір жыл, қылқан жапырақты ағаш түрлерін – екі жыл күтіп-баптау жұмыстарын жүзеге асыру шартымен көшеттерді отырғызу мерзімі көрсетілген өтемдік отырғызу жөніндегі кепілдік хат;
      е) мамандандырылған ұйыммен өтемдік отырғызуға жасалған шарт көшірмесі;
      ж) жасыл желектерді қайта отырғызу кезінде – мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;
      з) қайта отырғызылған жасыл желектерді жапырақты ағаштарды – бір жыл, қылқан жапырақты ағаш түрлерін – екі жыл күтіп-баптау жұмысын жүзеге асыру шартымен кепілдік хат;
      и) жасыл желектерді қайта отырғызу кезінде – қайта отырғызу жұмыстары жүргізілетін қала ауданының шегінде, Астана қаласы тиісті аудан әкімі аппаратымен келісілген қайта отырғызу орны белгіленген жобаның немесе сызбанұсқаның болуы;
      3) аумақты абаттандыру, сонымен қатар қолданыстағы объектілердің жасыл-желектерінің сапалық және түр құрамын жақсарту және эстетикалық түрге келтіру үшін:
      а) уәкілетті орган басшысының атына жасыл-желектерді кесуге немесе қайта отырғызуға өтінім берушінің аты-жөні, мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген өтінім;
      б) жер учаскесіне құқық беруші құжаттардың көшірмесі;
      в) өтінім беруші бекіткен және Астана қаласы тиісті аудан әкімі аппаратымен келісілген жасыл желектердің экспликациясы бар өтемдік отырғызу жоспары;
      г) жапырақты ағаштарды – бір жыл, қылқан жапырақты ағаш түрлерін – екі жыл күтіп-баптау жұмыстарын жүзеге асыру шартымен көшеттерді отырғызу мерзімі көрсетілген өтемдік отырғызу жөніндегі кепілдік хат;
      д) мамандандырылған ұйыммен өтемдік отырғызуға жасалған шарт.
      Ескерту. 6-тарау 39-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      40. Мемориалдық, тарихи және бiрегей эстетикалық құндылығы бар, тағайындалған тәртiпте статусы бекiтiлген ағаштарды кесу; Қызыл кiтапқа енгiзiлген сүректi және бұта өсiмдiктерiнiң түрлерi, сонымен қатар ерекше қорғалатын, жергiлiктi маңызы бар табиғи аймақтарда орналасқан ағаштарды кесуге тыйым салынады. Төтенше жағдайда, ерекше қорғалатын екпелердi кесу қажеттiгi туғанда, кесудiң мақсатқа сәйкестiгiн сараптау, қала әкiмiмен құрылған комиссия арқылы жүргiзiледi.
      Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      41. Ағаштар мен бұталарды бұзу, белгіленген тәртіпте ресімделген рұқсаттама құжаты болған жағдайда, мамандандырылған ұйыммен жүргізіледі.
      Рұқсаттама құжаттарын алдын-ала ресімдемей, жасыл желектерді бұзуға және қайта отырғызуға жол берілмейді.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      42. Қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде жасыл желектерді бұзуды немесе қайта отырғызуды келісу мынадай тәртіпте жүргізіледі:
      1) құрылысқа бастапқы-рұқсаттама құжаттамасын дайындау кезінде жобалау ұйымы белгіленген тәртіпте жобаны әзірлейді;
      2) жобалау ұйымының хаты және Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның жобасы негізінде, құрылыс жүргізу болжанған учаскеде зерттеу жүргізіледі және жасыл желектерді зерттеу актісі жасалады (3-қосымша), онда ағаштар мен бұталардың саны, олардың көрнекілік құрамы, жай-күйі, гүлзарлардың, шөп жабындары, гүлдердің болуы көрсетіледі;
      3) зерттеу актісі негізінде Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган жобалау ұйымына ағаштар мен бұталарды барынша сақтап қалу мақсатында, жасыл желектердің саны мен құрылысты орналастырудың ерекше талаптарын көрсетумен, аталған учаскеде құрылысты жүргізу мүмкіндігі туралы қорытынды береді;
      4) жобалау құжаттамасы Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген бастапқы-рұқсаттама құжаттамасы негізінде әзірленеді;
      5) алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
      6) алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      43. Инженерлiк қатынастарға күрделi немесе ағымды жөндеу жүргiзу кезiнде жасыл желектердi жою және (немесе) көшiрiп отырғызу келiсiмi мына тәртiпте жүргiзiледi:
      1) инженерлік коммуникацияларды күрделі және ағымдық жөндеу кезінде, жасыл желектерді бұзу рұқсат қағазы негізінде жүргізіледі;
      2) қолданылып жүрген құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес анықталатын, инженерлiк коммуникациялардың сақтау аймағына келетiн жасыл желектердi кескенде өтемдiк отырғызу қажет емес;
      3) жөндеу жұмыстары барысында бұзылған гүлбақтар мен гүлзарларды қалпына келтiру тапсырыс берушiнiң қаржысы есебiнен жүзеге асырылады;
      4) алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 43-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      44. Төтенше және апатты жағдайларда, ірі ағаштардың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне, көлік қозғалысына, коммуникациялардың жұмыс жасауына, сондай-ақ өнеркәсіптік, азаматтық маңызы бар ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылыстарынан кемінде 5 м аралықта өскен ағаштар бойынша өсіп тұрған ағаштың топырағы ғимарат үшін қауіп тудырса – жабынды, балконды, лоджийді, терезені бұзып тұрса, және егер тамыры ғимараттың қасбетін бұзып тұрса, оларды санитарлық кесуге, бұзуға рұқсат қағазы Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне 3.01-01-2002 сәйкес апатты жасыл желектер ретінде беріледі, аталған желекті бұзу алдын ала рұқсатсыз жүргізіледі:
      1) бұзу фактісі белгіленген нысанда ресімделген, құрамында аумақтық меншік иесінің, Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның өкілдерінен, тиісті ауданның әкімі аппараты өкілінің, апатты және өзге де төтенше жағдаяттарды жою бойынша жұмысты жүргізетін ұйымның өкілі болатын комиссиямен кесу орындарын мәлімдеу актісімен расталады;
      2) жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіпте ресімделген бұзу орнын мәлімдеу актісі болған жағдайда, жұмыстардың басталған сәтінен бастап 72 сағаттың ішінде бұзуға рұқсаттама береді.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      45. Ғимараттар және үймереттер жайларына жоғары деңгейде көлеңке түсiрiп тұрған, 5 метрден жақын өсiп тұрған ағаштарды кесуге, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының тұжырымдамасы негiзiнде өтемдік отырғызу есебінсіз, азаматтардың өтiнiшi бойынша Астана қаласы жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Өкiлеттi органмен рұқсат берiледi.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      46. Қураған, суалған және ауру ағаштарды есепке алу және таңбалау, олардың тұрған жерiне қарамастан, көгалдандырылған аймақтарды пайдаланушылардың, меншiктеушiлердiң, жалға алушылардың, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша Астана қаласының жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органмен жүргiзiледi.
      Егер құрғақ ағаштар мен бұталарды зерттеу кезінде ағаштардың өлімі қартаюы мен аурулардан емес, жеке немесе заңды тұлғаның кінәсінан болғанын анықтаса, онда өтемдік отырғызу кінәлі тұлғаның есебінен жүргізіледі.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.08.26 N 243/37-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз); 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      47. Жасыл желектердi өндiруге және күтiп-баптауға мамандандырылған мекемелерге жататын аймақтардағы жасыл желектердi кесу, осы Ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

      48. Жасыл желектердi өндiруге және күтiп-баптауға, агротехникалық шараларды орындау үшiн арнайы бөлiнген аймақтардағы жасыл желектердi кесу, аймақтардың иелерiнiң - ұйымдардың әкiмшiлiктерiнiң шешiмдерi бойынша, кесу билетiнiң ресiмделуiнсiз жүзеге асырылады.
      Бұл жағдайда өтемдiк отырғызу талап етілмейді.
      Ескерту. 48-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      49. Жасыл желектердi өсiруге және күтiп-баптауға мамандандырылған аумақ иелерi-ұйымдар жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органға жасыл желектердi өсiру және күтiп-баптау жөнiнен агротехникалық шараларды орындау үшiн арнайы бөлiнген аумақтың шекарасын көрсете отырып, оларға жатқызылатын аумақтың жобасын ұсынады.

      50. Басқұрылыс жоспары мен есептеу тiзiмдемесiне сәйкес (6-қосымша) кесiлуге жатқызылатын жасыл желектердiң бәрi қызыл бояумен, қайта отырғызуға арналғандар - сарымен таңбаланады. Ағаштарды таңбалауды дендрологиялық жоспарға және есептеу тiзiмдемесiне сәйкес жұмыстарды жүргiзушi жүзеге асырады.

      51. Құлату, түбiрiн қопару, кесiлген ағашты және кесiндi қалдықтарын тиеу мен тасу жұмыс басталған сәттен бастап тәулiк iшiнде жүзеге асырылады. Кесiлген жасыл желектердi және кесiндi қалдықтарды өндiрiс орнында сақтауға жол берілмейді. Барлық құлату, түбiрiн қопару және кесiндi қалдықтарын тасу жұмыстары, осы жұмыстардың түрiндегi қауiпсiздiк техникасының талаптарына сәйкес толық жүргiзiледi.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 270/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      52. Кесу аумағына iргелес гүлзар, жасыл желектер зақымданған жағдайда жұмысты жүргiзушi олардың құзыры шеңберiнде аумақ иелерiмен және бақылаушы органдармен келiсiлген мерзiмде, бiрақ зақым келтiрген сәттен бастап, жарты жылдан кешiктiрмей қалпына келтiредi.
      Ескерту. 52-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 270/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      53. Қалалық орта жағдайларына бейімделген жасыл желектерді қайта отырғызу жасыл желектерді бұзуға және қайта отырғызуға рұқсаттама (4-қосымша) негізінде жүргізіледі.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      54. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушiлер жұмыс бастамас бұрын рұқсат алу үшiн төмендегiлердi атқаруы тиiс:
      1) Уәкiлеттi органға құрылыс аймағындағы ағаштарды және бұталарды көшiрiп отырғызу, Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органымен таңдап алынған учаскелерге қайта құру және күрделi жөндеу жобалық құжаттамаларын тапсыру;
      2) ағаштар мен бұталарды қайта отырғызуға шартты  мамандандырылған ұйыммен жасыл желектерді зерттеу актісіне сәйкес жасассын;
      3) көшiрiлiп отырғызылған жасыл желектердi күту жөнiндегi жұмыстарды - жапырақтылар 1 жыл, қылқан жапырақтылар 2 жыл iшiнде жасыл желектердi қорғау жөнiндегi Уәкiлеттi органмен берiлген кепiлдiк хаты негiзiнде қаржыландырып отыруды қамтамасыз ету. Кепiлдiк күтуден кейiнгi жасыл желектердi қабылдап алу, жасыл желектердiң тiршiлікке бейiмдiлiгi актiсi негiзiнде (7-қосымша) жүзеге асырылады;
      4) жобалау ұйымдары, бес қабатты және көнерген тұрғын үй қорын қайта тұрғызу, ғимараттар, құрылыс және инженерлiк қатынастарды күрделi жөндеу құрылысы аймақтарынан көшiрiлiп отырғызатын жасыл желектердi пайдалана отырып, жобаланатын көгалдандыру объектiлерiнiң жобалау-смета құжаттамасын жасауды қамтамасыз етедi;
      5) Уәкiлеттi орган қайта отырғызуға рұқсатты құрылыс, бес қабатты және ескiрген тұрғын үй қорын қайта жаңғырту, ғимараттарды, үймереттердi және инженерлiк коммуникациялардың күрделi жөндеу аймағына жатқызылатын дендрологиялық жоспарды, жасыл желектер есебiнiң тiзбесiн және қайта отырғызылатын ағаштар мен желектерге бөлiнген аумақтардың абаттандыру және көгалдандырудың жобалық құжаттамаларын бекiткеннен кейiн рұқсат бередi, қайта отырғызылатын жасыл екпелердiң есебiн жүргiзудi қамтамасыз етедi. Қайта отырғызу орнын куәландырады. Қайта отырғызуға рұқсатты жабу туралы белгi қояды.
      Ескерту. 54-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

7. Жасыл желектердi, оларды жойғаннан кейiнгi зиянды өтеу
және қалпына келтiру

      55. Қызмет тұлғаларының, азаматтардың және заңды тұлғалардың iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде болған көп жылғы жасыл желектердi жоғалту (жою, құрту) немесе зақымдау, натуралды түрде толық өтеуге жатады.
      Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      55-1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру белгіленген тәртіппен (көгалдандыру жобасы бойынша) тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жасыл желектерді қорғау жөніндегі Уәкілетті орган құрылыс, қалпына келтіру немесе ағымдағы жөндеу аймағындағы жасыл желектерді мүмкіндігінше сақтап қалу мақсатында, мүмкіндік болса жасыл желектерді қайта отырғызуға басымдылық беруі керек.
      Ескерту. 7-тарау 55-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      56. Өтемдік отырғызу төмендегi талаптар есебiне сәйкес жүргiзiледi:
      1) орны толтырылатын екпелер саны, көгалдандырылған аймақ көлемi қысқартылмай, жойылған екпелер санынан екi есе көлемде артық болуы тиiс;
      2) жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүргізілген жасыл желектерді кесуге өтемдік отырғызу кесекпен бірге биіктігі кемінде 2,5 метр жапырақ тұқымдас және кесекпен бірге биіктігі кемінде 2,0 метр қылқан жапырақты көшеттерді отырғызу арқылы жүргізіледі.
      Көшеттің жоғары тамыр жүйесінен діңгегінің диаметрі (діңгек бөлігі 1,3 метр биіктікте) 3 сантиметрден кем болмауы керек. Бұл ретте, кесу үшін өтемдік отырғызу екі реттік көлемде жүргізіледі.
      Қала аумағында одан әрі өтемдік отырғызу жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіпте келісілген арнайы учаскелерде (ортақ және арнайы пайдаланатын жерлерде) белгіленді.
      Жалпы және арнайы пайдаланатын жерлерде өтемдік отырғызу жасыл желектерді жалпы пайдалану жерлерде көгалдандыруды, кепілдік күтіп-баптау мен күтіп-ұстауды жүзеге асыратын тек мамандандырылған ұйымдар ғана жүргізеді (шарт негізінде);
      3) қайта отырғызу және өтемдік отырғызу кезінде топырақты құнарлы топыраққа ауыстырумен отырғызу жұмыстарын жүргізуді қарастыру.
      Жасыл желектер кесуі жүргізілген аумақта бос аудандар болмаған жағдайда, жасыл желектерді қорғау жөніндегі Уәкілетті орган Астана қаласының тиісті аудан әкімінің аппаратымен бірлесіп, одан әрі қарай өтемдік отырғызуды жүргізу үшін арнайы учаскелерді анықтайды.
      Ескерту. 56-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      57. Өтемдiк отырғызу, кiмнiң тiлегiмен жою жүргiзiлсе, сол азаматтар және заңды тұлғалар қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      Заңсыз жою, құрту, фактілері бойынша айыпкерді анықтау болмаған жағдайда, жасыл желектер табиғи опат болғанда өтемдiк отырғызу қала бюджетінің қаражатынан жүргізілетін болады.
      Өтемдік отырғызуды жасыл желектерді қорғау жөніндегі Уәкілетті органның келісімі бойынша анықтаған мамандандырылған ұйыммен шарт бойынша азаматтар немесе заңды тұлғалар жүргізе алады.
      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      58. Отырғызылған жасыл желектер өлген жағдайда, кесу жүргізген мүдделі тұлғалар немесе мамандандырылған ұйым (қолданыстағы кепілдік міндеттеме келісімі бойынша) жасыл желектердің қайталама отырғызуын жүргізеді және отырғызу жүргізілген мезеттен бастап екі жыл бойы оларға одан әрі қарай күтіп –баптауды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      59. Құрылыс жұмыстарын жүргiзген кезде жоюға жататын жасыл желектер, құрылыс жүргiзушiнiң есебiнен қайта қалпына келтiрiледi. Құрылысқа арналған тағайындалған жоба құжаттамаларына сәйкес, құрылыс салушылармен жүргiзiлген көгалдандыру, өтемдік отырғызу бойынша жүргiзiлген жұмыстар сияқты есепке алынбайды.
      Жеке және заңды тұлғалар есебінен жүзеге асырылатын құрылыс жұмыстарын (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын, арық желілерін жөндеу және т.б.) іске асыру кезінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлерге) құрылыс жобаларында жасыл желектерді өтемдік отырғызу бойынша жұмыстары аяқталғаннан кейінгі екі жыл бойы оларды күтіп-баптау жұмыстарын ескере отырып, қаржыландыруды қарастыруы қажет.
      Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      59-1. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      Ескерту. 7-тарау 59-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.08.26 N 243/37-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

8. Жасыл желектердi қорғау және күтiп-баптау аумағындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жауапкершiлiгi

     Ескерту. 8-тарау алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2009.08.26 N 243/37-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

9. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағы жасыл белдеуінің аумағындағы жасыл желектерді күзету, қорғау, күтіп ұстау

      Ескерту. Ереже 9-тараумен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      60. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағының жасыл белдеуі аумағындағы жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне»:
      1) жасыл желектерді күтіп ұстау, орман жүргізу және ағаш өсіру;
      2) өртке қарсы және санитарлық қондырғылармен қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың, сондай-ақ осы Қағиданың 61-тармағында қарастырылған басқа да бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, орман өртімен күрес жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      3) орманның зиянкестерімен және ауруларымен күрес жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      4) табиғи немесе жасанды жасалған су тоғандарын қорғау бойынша жұмысты, қамысты өсімдіктермен күресті ұйымдастыру;
      5) санитарлық-қорғау аймағының жасыл белдеуін күтіп ұстауға және олардың орындалуын бақылау жұмыстарын (қызметтерін) мемлекеттік сатып алуға конкурс ұйымдастыру және өткізу, шарттар жасасу кіреді.
      61. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағының жасыл белдеуі жасыл желектерін күзетуді, қорғауды және күтіп ұстауды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және мыналарға шығындар қарастырылады:
      1) жасыл желектерді өрттен, өз еркімен кесуден және өзге де бұзушылықтардан күзетуге;
      2) жасыл желектерді зиянкестерден және аурулардан қорғауға;
      3) жасыл желектерді күтіп ұстау, орман жүргізуге және ағаш өсіруге;
      4) жасыл желектердің өртке қарсы құрылғыларына;
      5) орман жүргізуді және ағаш өсіруді күзету, қорғау саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарына;
      6) күтіп кесу және санитарлық кесу жүргізуге;
      7) орман жүргізуге және ағаш өсіруді күзетуге, қорғауға күрделі салымға.
      62. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағының жасыл белдеуі аумағында жасыл желектерді күзетуге, қорғауға, күтіп ұстауға байланысты емес жұмыстарды жүргізу экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда, Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның келісімімен жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
      63. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағының жасыл белдеуі жасыл желектерін қорғауды жүзеге асыру кезінде Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес санитарлық-қорғау аймағында құқық бұзушылықтың алдын-алуға және жолын кесуге;
      2) мемлекеттік және құқық қорғау органдарына құқық бұзушылық фактілері бойынша ақпарат жіберуге;
      3) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға айқындалған бұзушылықтарды жою бойынша жазбаша нұсқаулықтар беруге міндетті».

      10. Көгалдандыру резерві аумағы

      Ескерту. Ереже 10-тараумен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

       64. Астана қаласын дамытудың Бас жоспарын ескере отырып, жергілікті атқарушы орган объектілерге жасыл желектерді келешекте орналастыру мақсатында жерді резервке қою туралы шешім қабылдайды.
      65. Жергілікті атқарушы органмен объектілерге жасыл желектерді келешекте орналастыру мақсатында жерді резервке қою туралы шешім қабылданған жерде, жасыл желектер объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады.

Астана қаласындағы жасыл  
отырғызғыларды күтіп ұстау мен
қорғау 2004 жылғы 30 наурыздағы
№ 29/6-III қағидаларына
1-қосымша        

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      Түгендеуді орындайтын ұйымның атауы____________________________
      Түгендеу нөмірі________________________________________________

Есепке алу объектісінің
ПАСПОРТЫ

      Объектінің атауы ______________________________________________
      классификациялық коды__________________________________________
                        (жерлердің функционалды тағайындалуы бойынша)
      Әкімшілік-аумақтық қажеттілік
      _______________________________________________________________                               (әкімшілік ауданның коды)
      Жауапты иесі __________________________________________________
      Қала құрылысы қызметін қорғау және пайдалану тәртібі, басқару
      тәртібі _______________________________________________________

      Келісілді:           Келісілді:     Келісілді:
      Сәулет                  Жауапты         жасыл желектерді қорғау
      басқармасы              иесі            жөніндегі уәкілетті
                                              орган

      _______________ _____________ _________________________________
      20__жылғы "__"_____ 20__жылғы "__"_____ 20___ жылғы___"________

      Есепке алу объектісінің паспортына қосымша:

      Ахуалдық жоспар (Астана қаласында есепке алу объектісінің
      орналасқан жері)

      Есепке алу объектісінің түгендеу жоспары (дендрожоспар)
      М1:500; М1:1000

      Есепке алу объектісінің ағаш отырғызу жоспары (түгендеу
      жоспары)
      М1:2000; М1:10000

      Жасыл екпелердің түптерін қайта есептеу ведомосты

      Түгендеуді орындайтын ұйымның тізімі

Астана қаласындағы жасыл желектердi
қорғау және күтiп-баптау Ережелерiне
2-қосымша              

1 қаңтар _______ жылға Астана қаласы жасыл желектерiнiң тiзiмдемесi

      Жасыл желектердiң объектiлерiнiң (учаскелерiнiң) ауданының жер санаттарына, өсiмдiктердiң түрлерiне және қызметтiк мақсаты бойынша бөлiнуi

Астана қаласы
Әкiмшiлiк аудан: (коды)
Жауапты иеленушi:

Жасыл желектердiң тiзiмдемесi

1 парақ

___________________________________________________________________
Рет.|Жасыл|Жiк.|Жасыл |Саябақ түрiндегi жасыл желектер
тiк |желек|теу |желек.|-------------------------------------------
саны|об.  |коды|тердiң|Сүректi өсiмдiктер, кбм. |Бұталық
объ.|ъек. |    |га/да.|га/дана                  |өсiмдiктер
екті|тiле.|    |на,   |                         |
төл.|рiнiң|    |(ағаш.|-------------------------------------------
құ. |учас.|    |тар,  |Да.  |Топ.|Мас.|Сая.|Бар.|Да.|Ек. |Қа.  |Бар.
жа. |кесi.|    |бұта. |ра   |тар,|сив.|жол.|лығы|ра |пе  |тар. |лығы
ты. |нiң) |    |лар)  |ағаш.|гүл.|тер,|дар,|га/ |   |шар.|лап  |га/
ның |ата. |    |объек.|тар  |бақ.|шоқ |қа. |дана|   |бақ.|отыр.|дана
тү. |уы,  |    |тiле. |     |тар |то. |тар.|    |   |тар |ғы.  |
де. |Жер. |    |рiнiң |     |    |ғай.|лар |    |   |    |зу   |
ген.|дiң  |    |(учас.|     |    |лар,|    |    |   |    |     |
ме  |қыз. |    |келе. |     |    |бақ.|    |    |   |    |     |
нө. |мет. |    |рiнiң)|     |    |тар |    |    |   |    |     |
мiрi|тiк  |    |ауданы|     |    |га  |    |    |   |    |     |
    |мақ. |    |га    |     |    |    |    |    |   |    |     |
    |саты,|    |      |     |    |    |    |    |   |    |     |
    |мақ. |    |      |     |    |    |    |    |   |    |     |
    |саты.|    |      |     |    |    |    |    |   |    |     |
    |ның  |    |      |     |    |    |    |    |   |    |     |
    |тұр. |    |      |     |    |    |    |    |   |    |     |
    |пат. |    |      |     |    |    |    |    |   |    |     |
    |тық  |    |      |     |    |    |    |    |   |    |     |
    |тобы |    |      |     |    |    |    |    |   |    |     |
___________________________________________________________________
А     Б    В     1      2    3     4    5   6    7   8     9   10
___________________________________________________________________

Жасыл желектердiң тiзiмдемесi

1 парақ

___________________________________________________________________
Ашық алаңдар                               |Сая. |Орман, табиғи
-------------------------------------------|бақ  |түрiндегi
Гүлбақтар, га           |Гүлзарлар,        |тү.  |өсiмдiктер
                        |га                |рiн. |-----------------
------------------------|------------------|дегi |Та.  |Мә. |табиғи
бiр |көп.|ара.|кон.|бар.|пар.|кә. |то.|бар.|өсiм.|би.  |де. |
жыл.|жыл.|лас |тей.|лығы|тер.|дiм.|пы.|лығы|дiк. |ғи   |ни  |
дық |дық |    |нер.|    |лiк |гi  |рақ|    |тер  |жә.  |да. |
    |    |    |лi  |    |    |    |үс.|    |бар. |не   |қыл.|
    |    |    |    |    |    |    |тi |    |лығы |ара. |дар |
    |    |    |    |    |    |    |   |    |     |лас  |    |
    |    |    |    |    |    |    |   |    |     |түр. |    |
    |    |    |    |    |    |    |   |    |     |дегi |    |
    |    |    |    |    |    |    |   |    |     |көп. |    |
    |    |    |    |    |    |    |   |    |     |жыл. |    |
    |    |    |    |    |    |    |   |    |     |дық  |    |
    |    |    |    |    |    |    |   |    |     |ағаш.|    |
    |    |    |    |    |    |    |   |    |     |тар  |    |
___________________________________________________________________
11    12   13   14   15   16    17  18   19  20    21    22    23
___________________________________________________________________

Астана қаласындағы жасыл  
отырғызғыларды күтіп ұстау мен
қорғау 2004 жылғы 30 наурыздағы
№ 29/6-III қағидаларына  
3-қосымша          

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Жасыл желектерді тексеру
АКТІСІ

      20___ жылғы «___» ________

      Біз қол қоюшылар ________________________________________
                        Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы
      _____________________________________________________
                 (лауазымы, аты-жөні, органның атауы)
      Мына мекен-жайда_______________________________орналасқан
      _________________________________________________ жататын
      _______________________________________________ объектісі
      бойынша

      _________________________________________________________
      Төмендегілерді белгіледі:________________________________
      _________________________________________________________
      _________________________________________________________
      _________________________________________________________
      _________________________________________________________

      Осы акт ___ данада жасалды.

      Ескерту: тексеру актісі жасыл желектерді бұзуға немесе көшіруге
      құқық беретін құжат болып табылмайды.

      Тапсырыс берушінің өкілі алды      ________   ____________
                                          (қолы)     (аты-жөні)

      Жасыл желектерді қорғау           ________   ___________
      жөніндегі уәкілетті органның       (қолы)     (аты-жөні)
      лауазымды тұлғасы

Астана қаласындағы жасыл  
отырғызғыларды күтіп ұстау мен
қорғау 2004 жылғы 30 наурыздағы
№ 29/6-III қағидаларына  
4-қосымша         

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      Жасыл желектерді қорғау
      жөніндегі уәкілетті органның
      бастығы бекітеді
      ____________________________
      20___ жылғы «___» ______________

Жасыл желектерді бұзуға, қайта отырғызуға
№ РҰҚСАТ

      Біз қол қоюшылар ________________________________________
                         Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы
      _________________________________________________________
                          (лауазымы, аты-жөні, органның атауы)
      Мына мекен жайда_________________________________________
      орналасқан
      _________________________________________________ жататын
      _______________________________________________ объектісі
      бойынша

ҚОРЫТЫНДЫ

      Уәкілетті орган (толық атауы) жасыл желектердің жағдайын
      ескеріп, зерттеу актісіне сәйкес жасыл желектердің бұзылуы мен
      қайта отырғызылуын келіседі:
      «- ағаш-бұта отырғызғыларының нақты (сапасын, сандық) жағдайын
      келісу».
      Рұқсаттың әрекет ету мерзімі___________________________________
        _______________ байланысты жасыл желектерді бұзу жүргізіледі.

      Сонымен қатар, бірінші басшыға мынадай талаптарды орындау
      ұйғарылады:
      1. Жасыл желектерді қорғау, ұстау және сақтау жөніндегі
      іс-шаралардың толық кешенін өткізу.
      2. Тапсырыс беруші жазбаша тәртіпте Уәкілетті органға
      орындалған жұмыс туралы, рұқсаттың әрекет ету мерзімінің
      аяқталуы жөнінде есеп беру қажет.

      Тапсырыс берушінің өкілі алды ________   ____________
                                     (қолы)      (аты-жөні)

      Жасыл желектерді қорғау
      жөніндегі уәкілетті органның
      лауазымды тұлғасы             ________   ____________
                                   (қолы)      (аты-жөні)

Астана қаласындағы жасыл желектердi
қорғау және күтiп-баптау Ережелерiне
5-қосымша          

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Астана қаласындағы жасыл желектердi
қорғау және күтiп-баптау Ережелерiне
6-қосымша           

Ағаштар және бұталардың қайта санау тiзiмдемесi

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 256/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

___________________________________________________________________
Рет.|Тұ. |Саны (дана)   |Диа.|Жасы |Би.|Жа. |Тұжырымдама  |Отырғызы-
тiк |қым.|--------------|мет.|(жыл)|iк.|сыл |             |латын
саны|дар |ағаш. |бұта.  |рi, |     |тi.|же. |             |жасыл
    |ата.|тардың|лардың |см. |     |гi |лек.|             |желектер
    |уы  |      |       |    |     |(м)|тер.|             |саны мен
    |    |      |       |    |     |   |дiң |             |түрлік
    |    |      |       |    |     |   |жай-|             |құрамы
    |    |      |       |    |     |   |күй.|             |
    |    |      |       |    |     |   |iнiң|             |
    |    |      |       |    |     |   |си. |             |
    |    |      |       |    |     |   |пат.|             |
    |    |      |       |    |     |   |та. |             |
    |    |      |       |    |     |   |масы|             |
___________________________________________________________________
1     2    3       4     5     6    7   8         9          10
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Мамандандырылған мекеменiң дендрологы _______________________
      М.О.
      Уәкiлеттi органның өкiлi ____________________________________
      Күнi _____________________

Астана қаласындағы жасыл желектердi
қорғау және күтiп-баптау Ережелерiне
7-қосымша          

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 465/65-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Жасыл желектердің орнығуын тексеру
АКТІСІ

      Мына мекен-жай бойынша:
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
                            (объектінің атауы)
      20___ жылғы ___________ комиссия құрамы:
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________

      ағаштар мен бұталардың орнығуына мына мекен-жайдағы гүлзарларды
      жағдайына тексеру жүргізді:
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      көгалдандыру жұмыстарының уақыты (көктем, күз, қыс)
      20____ жылғы _________.
      Мыналар белгіленді:___________________________________________

Кө галдандыр удың құ рамдас бөліктерінің объектіле рі

Ағаштар, бұ талар отырғ ызылды
(саны,
дана)

Гүлзарлар құрастырылды
(ш.м.)

Орнықпаған ағаштар мен бұталардың саны
(дана)

Сапасы қанағаттандырылмаған гүлзарлардың саны
(ш.м.)

Құлағандар %

ағаштар






бұталар






гүлзар






      Ағаштардың орнығуы (100% - % құлағандар) ______________ % тең.
                   (ашып жазу керек)
      Бұталардың орнығуы (100% - % құлағандар) ______________ % тең.
                   (ашып жазу керек)
      Түгенделетін ағаштар мен бұталардың жалпы жағдайлары:________
      _____________________________________________________________

      Түгенделетін гүлзарлардың жалпы жағдайлары:__________________
      _____________________________________________________________

      Комиссия құрамы:
      1. Жасыл желектерді қорғау жөніндегі
      уәкілетті органның өкілі_____________________________________
      2. Тапсырыс берушінің өкілі__________________________________
      3. Мердігердің өкілі_________________________________________
      4. Теңгерім ұстаушының өкілі_________________________________