Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 406/50-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 24 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 473 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 219/25-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 12.12.2017 № 219/25-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы""Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы""N 29/6-ІІІ шешіміне Астана қаласы прокуратурасының қарсылық білдіргенін қарап, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 29/6-ІІІ""Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 324 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 08 мамырда N 56-57, 2004 жылғы 15 мамырда N 59-60 "Вечерняя Астана", 2004 жылғы 15 мамырда N 62-63, 2004 жылғы 17 шілдеде N 95-96 "Астана хабары" газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:

      62 тармақтағы "және мемлекеттік бақылау жүргізуші және қоршаған ортаны қорғау аумағында қадағалаушы органдарының" деген сөздер жойылсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Астана қаласы мәслихатының


сессия төрайымы


Астана қаласы мәслихатының


хатшысы