Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу, олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3189

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңының  3-бабының  2-тармағының 11), 15)-тармақшаларына,  49-бабына , Қазақстан Республикасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының  9-бабының  1-тармағының 5), 6)-тармақшаларына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арнап "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" - пруденциалдық нормативі белгіленсін.
      Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын кем дегенде 1 құрауға тиіс.
      2. Қоса беріліп отырған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арнап пруденциалдық нормативтерді есептеу және оның орындалғандығы туралы есепті ұсыну Ережелері бекітілсін.
      3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап мыналар күшін тоқтатты деп есептелсін:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16-ақпандағы N 52 "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға қаржы тұрақтылығының межелерін есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы"  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1851 тіркелген, 2002 жылдың мамыр айында "Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы" атты журналында N 5 жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 19-тамыздағы N 296 "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 1851 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылғы 16-ақпандағы N 52 "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арнап қаржы тұрақтылығының межелерін есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы"  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2487 нөмірімен тіркелген, 2003 жылдың 8-21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарының N 19 жарияланған).
      4. Бұл қаулы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.
      5. Агенттіктің стратегия және талдау Департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Агенттіктің Заң Департаментімен бірге (Байсынов М.Б.) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде осы қаулыны мемлекеттік тіркеуге алу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он күндік мерзімнің ішінде осы қаулыны бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, ұйымдарына, "Қазақстан тізілім ұстаушылар ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      6. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он күндік мерзімнің ішінде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасының     
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау  
жөніндегі Агенттік Басқармасының 
"Бағалы қағаздарды ұстаушылардың 
тізілімдерінің жүйесін жүргізу 
қызметін жүзеге асыратын    
ұйымдарға арналған пруденциалдық 
нормативтерді белгілеу, бағалы  
қағаздарды ұстаушылардың    
тізілімдерінің жүйесін жүргізу  
қызметін жүзеге асыратын     
ұйымдарға арналған пруденциалдық 
нормативтерді есептеу, олардың  
орындалғандығы туралы есептерді 
ұсыну Ережелерін бекіту туралы" 
2004 жылғы 25-қыркүйектегі   
N 265 қаулысымен бекітілген   

  Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің жүйесін
жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативті есептеу және олардың
орындалғандығы туралы есептерді ұсыну
Ережелері

      Бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрлерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалды нормативтерді есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну ережелері (әрі қарай - Ережелер) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауына міндетті "меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативін есептеу тәртібін, пруденциалды нормативті орындау туралы есептерді ұсыну тәртібін (бұдан әрі - тіркеушілер) белгілейді.

  1-Тарау. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік
коэффициенті" - пруденциалдық нормативін
есептеу тәртібі

      1. Тіркеушінің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

К=(ЛА-О)/МРСК, бұл жерде

      ЛА - Осы Ережелердің 2-тармағына сәйкес өтімді деп мойындалатын тіркеушінің өтімді активтері;
      О - тіркеушінің жиынтық міндеттемелері;
      МРСК - меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын тіркеушінің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері - 8 миллион теңге.

      2. Тіркеушінің өтімді активтері ретінде келесі активтер мойындалады:
      1) ақша, сондай-ақ:
      кассадағы ақша, бірақ тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының он проценттен жоғары емес;
      екінші деңгейдегі банктердің есептеріндегі ақшалар;
      2) бағалы қағаздары ең жоғарғы санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген немесе резидент емес-бас ұйымдарының ықтимал шығын резервтерін шегеріп тастағанда ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) жеке рейтингі бар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) еншілес банктер-резиденттер болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне салынған салымдар;
      3) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес айналымға шығарылғандар) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақыны есепке ала отырып);
      4) Қазақстан Республикасының және ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастап, ең жоғарғы санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген тіркеушіге қатысты аффиниирленген тұлға болып табылмайтын басқа да мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары ("Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қор биржасы мен облигацияларының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигацияларды есепке алмағанда) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);
      5) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастап, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып);
      6) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ облигациялары ( негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып);
      7) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда, кредиттік рейтингтің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) рейтинг бағасы бар шетелдік мемлекеттердің бағалы қағаздары;
      8) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда, "ВВВ" санатынан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа2" санатынан ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) төмен болмайтын рейтинг бағалауы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
      9) борыштық бағалы қағаздары ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда "ВВВ" санатынан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа2" санатынан ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) төмен болмайтын рейтинг бағалауына ие шетелдік эмитенттердің акциялары;
      10) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);
      11) аффиниирленген алтын;
      12) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасының елу процентке азайтылған сомасын есепке ала отырып) (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигацияларды есепке алмағанда) ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген тіркеушіге қатысты аффиниирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (сонымен қатар басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар);
      13) жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге қатысты аффиниирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда), сондай-ақ:
      шарттың талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшерде жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге қатысты аффиниирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда);
      шарттың талаптары бойынша тоқсан күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының он процентінен аспайтын мөлшерде елу процентке азайтылған жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда);
      14) тіркеушінің баланс құны бойынша негізгі қаражаттары, сонымен қатар меншігіндегі жер немесе тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының он процентінен аспайтын мөлшерде тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер;
      тіркеушінің балансы бойынша активтердің сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі ғимараттар мен имараттар;
      тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының бес процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі машиналар мен жабдықтар;
      15) бағдарламалық қамтамасыз ету-баланс құны бойынша, тіркеушінің балансы бойынша активтердің сомасының он процентінен аспайтын мөлшерде.

      3. Тіркеуші бағалы қағаздардың нарығындағы кәсіби қызметті біріктірген жағдайда "меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін" - пруденциалдық нормативті және басқа да нормативтерді есептеу бағалы қағаздардың нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (әрі қарай - өкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      4. Тіркеуші алдыңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдайы бойынша әрбір жұмыс күніне пруденциалдық нормативтің есебін жүргізеді.

  2-тарау. Есептерді ұсыну тәртібі

      5. Есептік тоқсанның соңғы күнтізбе күніне дейінгі пруденциалдық нормативтің орындалғандығы туралы есеп пен пруденциалдық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтер (әрі қарай - есеп) өкілетті органға қосымшалар мен осы Ережелерге сәйкес есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінде Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.

      6. Есеп қағаз және электронды нысандарда ұсынылады.
      7. Қағаз жүзінде ұсынылған есеп электронды нысанда ұсынылған есеппен бірдей болуы керек.

      8. Есеп екі данада құрастырылады, оған бірінші басшы, тіркеушінің бас бухгалтері қолдарын қояды да, ол тіркеушінің мөрімен куәландырылады. Есептің бір данасы өкілетті органға ұсынылады, екіншісі тіркеушіде сақталады.

      9. Есептегі мәліметтер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгеде көрсетіледі.

      10. Есепті құрастыратын кезде пайдаланылатын өлшеу бірлігі мыңдық теңгеде белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгеленеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгеленеді.

      11. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін" пруденциалдық нормативін бұзған жағдайда тіркеуші бұзушылық болған сәттен бастап үш күнтізбе күні ішінде өкілетті органға сол пруденциалдық нормативті бұзу факті мен себептері туралы осы жою шараларының жоспарын ұсына отырып, хабарлайды.

      12. Есепті уақтылы ұсынбау, мүлдем ұсынбау және есепте шынайы емес мәліметтерді ұсыну, сонымен қатар осы Ережелермен белгіленген талаптарды тіркеушінің орындамауы Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген жауапкершілікке алып келеді.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      13. Осы Ережелермен реттелмеген сұрақтар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте шешіледі.

                                  Бағалы қағаздарды ұстаушылардың   
                                  тізілім жүйесін жүргізуді жүзеге  
                                  асыратын ұйымдарға арналған     
                                  пруденциалдық нормативті есептеу  
                                  және оның орындалғандығы туралы  
                                  есептерді ұсыну Ережелеріне
                                               Қосымша              

            20__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша
               _______________________________________
                      (тіркеушінің толық атауы)
         пруденциалдық нормативтің орындалғаны туралы есеп

                                                       (мың теңге)
___________________________________________________________________
  N  |       Көрсеткіштің атауы         |Баланс | Есепке  |Есептесу
     |                                  |бойынша|алынатын | сомасы
     |                                  |  сома |көлем (%)|
___________________________________________________________________
  1                  2                       3       4        5
___________________________________________________________________
1.   Ақша-барлығы (жол сомасы
     1.1.-1.2.), сонымен қатар:                    100 

1.1  Кассадағы ақша (5-бағанада
     тіркеушінің балансы бойынша актив
     сомасының он процентінен аспайтын
     мөлшері есепке алынады                        100

1.2  Екінші деңгейдегі банктердің
     есебіндегі ақша                               100 

2.   Бағалы қағаздары ең жоғарғы санат
     бойынша қор биржасының ресми
     тізіміне енгізілген немесе резидент
     емес-бас ұйымдарының ықтимал шығын
     резервтерін шегеріп тастағанда ұзақ
     мерзімді және/немесе қысқа мерзімді
     "А" санатынан төмен емес ("Standard
     & Poor's" және "Fitch" рейтинг
     агенттіктерінің жіктеуі бойынша)
     немесе "А2" санатынан төмен емес
     ("Moody's Investors Service"
     рейтинг агенттігінің жіктеуі
     бойынша) жеке рейтингі бар (негізгі
     қарыз бен есептелген сыйақының
     сомаларын есепке ала отырып)
     еншілес банктер-резиденттер болып
     табылатын Қазақстан Республикасының
     екінші деңгейдегі банктеріне
     салынған салымдар                             100

3.   Ықтимал шығындардың резервтерін
     шегеріп тастағандағы Қазақстан
     Республикасының мемлекеттік бағалы
     қағаздары (оның ішінде басқа
     мемлекеттердің заңдарына сәйкес
     айналымға шығарылғандар) (негізгі
     қарыз бен есептелген сыйақыны
     есепке ала отырып)                            100

4.   Қазақстан Республикасының және
     ықтимал шығындардың резервтерін
     шегеріп тастап, ең жоғарғы санат
     бойынша қор биржасының ресми
     тізіміне енгізілген тіркеушіге
     қатысты аффинаждалған тұлға болып
     табылмайтын басқа да мемлекеттердің
     заңдарына сәйкес шығарылған
     Қазақстан Республикасы ұйымдарының
     беймемлекеттік эмиссиялық бағалы
     қағаздары ("Қазақстанның Даму
     Банкі" АҚ қор биржасы мен
     облигацияларының ресми тізіміне
     енгізілген ипотекалық
     облигацияларды есепке алмағанда)
     (негізгі қарыз бен есептелген
     сыйақы сомасын есепке ала отырып)             100

5.   Ықтимал шығындардың резервтерін
     шегеріп тастап, қор биржасының
     ресми тізіміне енгізілген Қазақстан
     Республикасының ұйымдарының
     ипотекалық облигациялары (негізгі
     қарыз бен есептелген сыйақы
     сомаларын есепке ала отырып)                  100

6.   Ықтимал шығындардың резервтерін
     шегеріп тастағандағы "Қазақстанның
     Даму Банкі" АҚ облигациялары
     (негізгі қарыз бен есептелген
     сыйақы сомаларын есепке ала отырып)           100

7.   Ықтимал шығындардың резервтерін
     шегеріп тастағанда, кредиттік
     рейтингтің халықаралық шәкілі
     бойынша "АА" ("Standard & Poor's"
     және "Fitch" рейтинг
     агенттіктерінің жіктеуі бойынша)
     немесе "Аа2" ("Moody's Investors
     Service" рейтинг агенттігінің
     жіктеуі бойынша) төмен емес
     (негізгі қарыз бен есептелген
     сыйақы сомасын есепке ала отырып)
     рейтинг бағасы бар шетелдік
     мемлекеттердің бағалы қағаздары               100

8.   Ықтимал шығындардың резервтерін
     шегеріп тастағанда, "ВВВ" санатынан
     ("Standard & Poor's" және "Fitch"
     рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
     бойынша) немесе "Ваа2" санатынан
     ("Moody's Investors Service"
     рейтинг агенттігінің жіктеуі
     бойынша) (негізгі қарыз бен
     есептелген сыйақы сомасын есепке
     ала отырып) төмен болмайтын рейтинг
     бағалауы бар шетелдік эмитенттердің
     борыштық бағалы қағаздары                     100

9.   Борыштық бағалы қағаздары ықтимал
     шығындардың резервтерін шегеріп
     тастағанда "ВВВ" санатынан
     ("Standard & Poor's" және "Fitch"
     рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
     бойынша) немесе "Ваа2" санатынан
     ("Moody's Investors Service"
     рейтинг агенттігінің жіктеуі
     бойынша) (негізгі қарыз бен
     есептелген сыйақы сомасын есепке
     ала отырып) төмен болмайтын рейтинг
     бағалауына ие шетелдік
     эмитенттердің акциялары                       100

10.  Ықтимал шығындардың резервтерін
     шегеріп тастағандағы халықаралық
     қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары
     (негізгі қарыз бен есептелген
     сыйақы сомасын есепке ала отырып)             100

11.  Тазартылған алтын                             100

12.  Ықтимал шығындардың резервтерін
     шегеріп тастағандағы (негізгі қарыз
     бен есептелген сыйақы сомасының елу
     процентке азайтылған сомасын есепке
     ала отырып) (қор биржасының ресми
     тізіміне енгізілген ипотекалық
     облигацияларды есепке алмағанда) ең
     жоғарғыдан кейінгі санат бойынша
     қор биржасының ресми тізіміне
     енгізілген тіркеушіге қатысты
     аффилиирленген тұлға болып
     табылмайтын Қазақстан Республикасы
     ұйымдарының мемлекеттік емес
     эмиссиялық бағалы қағаздары
     (сонымен қатар басқа мемлекеттердің
     заңдарына сәйкес шығарылған бағалы
     қағаздар)                                     50

13.  Жұмыскерлер мен басқа да
     тұлғалардың дебиторлық қарыздарын
     шегеріп тастағандағы тіркеушіге
     қатысты аффилиирленген тұлғалар
     болып табылмайтын ұйымдардың
     дебиторлық қарыздары (ықтимал
     шығындардың резервтерін шегеріп
     тастағанда)-барлығы (13.1 және
     13.2 жолдарының сомасы) сондай-ақ:             х

13.1 Шарттың талаптары бойынша үш күннен
     аспайтын мерзімге кешіктірілген
     тіркеушінің балансы бойынша актив
     сомасының жиырма процентінен
     аспайтын мөлшерде жұмыскерлер мен
     басқа да тұлғалардың дебиторлық
     қарыздарын шегеріп тастағандағы
     тіркеушіге қатысты аффилиирленген
     тұлғалар болып табылмайтын
     ұйымдардың дебиторлық қарыздары
     (ықтимал шығындардың резервтерін
     шегеріп тастағанда)                           100

13.2 Шарттың талаптары бойынша тоқсан
     күннен аспайтын мерзімге
     кешіктірілген тіркеушінің балансы
     бойынша актив сомасының он
     процентінен аспайтын мөлшерде елу
     процентке азайтылған жұмыскерлер
     мен басқа да тұлғалардың дебиторлық
     қарыздарын шегеріп тастағандағы
     тіркеушіге қатысты аффилиирленген
     тұлғалар болып табылмайтын
     ұйымдардың дебиторлық қарыздары
     (ықтимал шығындардың резервтерін
     шегеріп тастағанда)                           50

14   Тіркеушінің баланс құны бойынша
     негізгі қаражаттары-барлығы
     (14.1-14.3 жолдарының сомасы),
     сонымен қатар:                                 х

14.1 меншігіндегі жер немесе тіркеушінің
     балансы бойынша актив сомасының он
     процентінен аспайтын мөлшерде
     тұрақты жер пайдалану құқығындағы
     жер                                           100

14.2 тіркеушінің балансы бойынша
     активтердің сомасының он
     процентінен аспайтын мөлшердегі
     меншігіндегі ғимараттар мен
     имараттар                                     100

14.3 тіркеушінің балансы бойынша актив
     сомасының бес процентінен аспайтын
     мөлшердегі меншігіндегі машиналар
     мен жабдықтар                                 100

15   Бағдарламалық қамтамасыз ету-баланс
     құны бойынша, тіркеушінің балансы
     бойынша активтердің сомасының он
     процентінен аспайтын мөлшерде                 100

16   Барлық өтімді активтер
     (1 - 15 жолдарының сомасы) - ЛА                х

17   Баланс бойынша міндеттемелер                   х

18   Меншікті капиталдың ең төменгі
     мөлшері (МРСК)                           х     х 

19   К 1  "Меншікті капиталдың
     жеткіліктілік нормативі"
     (16-жол, 17-жол)/18-жол)
     1 аз емес                                х     х
___________________________________________________________________

            200__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша
               _______________________________________
                          (тіркеушінің атауы)

           Пруденциалдық нормативті есептеуге арналған
                        қосымша мәліметтер

                                                        (мың теңге)
___________________________________________________________________
Белгі.|         Көрсеткіштің атауы               |    Баланс
нің N |                                          | бойынша сома
___________________________________________________________________
   1                        2                              3
___________________________________________________________________
8001  Меншікті немесе тұрақты пайдалану
      құқығындағы жер
8002  Меншікті үйлер мен ғимараттар
8003  Меншікті машиналар мен жабдықтар
8005  Басқа негізгі қаражаттар
8006  шарттың талаптары бойынша үш күннен
      аспайтын мерзімге кешіктірілген жұмыскерлер
      мен басқа да тұлғалардың дебиторлық
      қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге
      қатысты аффиллиирленген тұлғалар болып
      табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары
      (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп
      тастағанда)
8007  шарттың талаптары бойынша тоқсан күннен
      аспайтын мерзімге кешіктірілген жұмыскерлер
      мен басқа да тұлғалардың дебиторлық
      қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге
      қатысты аффилиирленген тұлғалар болып
      табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары
      (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп
      тастағанда)
8008  Басқа дебиторлық қарыз (ықтимал шығындардың
      резервтерін шегеріп тастағанда)
8009  Тазартылған алтын
8010  Бағдарламалық қамтамасыз ету
8011  Басқа да бейматериалды активтер
8012  Қазақстан Республикасының және ықтимал
      шығындардың резервтерін шегеріп тастап,
      ең жоғарғы санат бойынша қор биржасының
      ресми тізіміне енгізілген тіркеушіге
      қатысты аффилиирленген тұлға болып
      табылмайтын басқа да мемлекеттердің
      заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан
      Республикасы ұйымдарының беймемлекеттік
      эмиссиялық бағалы қағаздары ("Қазақстанның
      Даму Банкі" АҚ қор биржасы мен
      облигацияларының ресми тізіміне енгізілген
      ипотекалық облигацияларды есепке алмағанда)
      (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы
      сомасын есепке ала отырып)
8013  ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп
      тастағандағы (негізгі қарыз бен есептелген
      сыйақы сомасын есепке ала отырып) (қор
      биржасының ресми тізіміне енгізілген
      ипотекалық облигацияларды есепке алмағанда)
      ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша қор
      биржасының ресми тізіміне енгізілген
      тіркеушіге қатысты аффилиирленген тұлға
      болып табылмайтын Қазақстан Республикасы
      ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық
      бағалы қағаздары (сонымен қатар басқа
      мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған
      бағалы қағаздар)
8014  Қазақстан Республикасы ұйымдарының басқа да
      беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы ________ күні ___________

      Бас бухгалтер ________ күні ___________

      Орындаушы ____________ күні ___________

      Телефон: _____________

      Мөрге арналған орын