Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1851 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін ес

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 19 тамыздағы N 296 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2487. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 (V043189) қаулысы.

      Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті реттеуді жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 15-1) тармағының 8) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 52  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1851 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 6-19 мамырдағы N 10 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ереже мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Тіркеушінің тарату сатысында тұрған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған ұйымдарға қойылатын талаптарды білдіретін активтері өтімді деп танылмайды.".
      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногында ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы