Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 41 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2771. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 71 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 71 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту: Бұйрықтың атауына және 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 8 қаулысымен .

      Еріксіз таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бәдірленова Ж.Р.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасы Б.Жәмішевке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасының  
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен    
қадағалау жөніндегі агенттігі 
Басқармасының 2004 жылғы   
16 ақпандағы N 41 қаулысымен 
бекітілді          

Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы
зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау
және босату ережесі және тарату комиссиясының
төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар

      Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 8 қаулысымен .

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қаржы ұйымы) тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін тағайындау тәртібін реттейді және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері қажетті құжаттарды ұсынған және осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар (бұдан әрі - кандидат) арасынан уәкілетті органның шешімімен (бұдан әрі - тағайындау туралы шешім) тағайындалады.

      2. Уәкілетті органның қызметкері болып табылмайтын тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері тарату комиссиясы қызметінің барлық кезеңі ішінде осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес болулары тиіс.

      3. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті органның қызметкерлері арасынан мынадай жағдайларда:
      1) кандидаттардың осы Ереженің талаптарына сәйкес келмегенде;
      2) тарату комиссиясының құрамына тағайындалуға кандидаттар болмағанда;
      3) қаржы ұйымында тарату массасы болмағанда не ағымдағы шығыстарды өтеу үшін оның құны жеткіліксіз болғанда тағайындалады.
      Уәкілетті органның қызметкерлері осы Ереженің 6-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбайды және әңгімелесуден өтпейді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2-тарау. Кандидаттарға қойылатын талаптар

      4. Кандидатқа мынадай талаптар қойылады:
      жоғары экономикалық не заң білімінің болуы;
      қаржы ұйымдарын тарату рәсімдерін жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі:
      заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығы бар;
      оған қатысты тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде қаржы ұйымында тарату рәсімін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, жүктелген міндеттерді орындамау немесе ойдағыдай орындамау фактісі анықтала, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасаған не басқаларға артықшылық берген, өзге іс-әрекеттерді жасаған (жасамаған) (бұрын қаржы ұйымының (филиалының) басшысы, тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған тұлға үшін);
      соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 54-бабының 1-тармағының 7), 9), 10), 13) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілерінің болмауы;
      осы қаржы ұйымын және басқа заңды тұлғаны еріксіз тарату туралы шешім қабылдағанға дейін (оның ішінде банкроттық негіз бойынша) бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болған. Көрсетілген талап қаржы ұйымын еріксіз тарату туралы шешім қабылдаған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады (оны банкрот деп тану негізін қосқанда);
      депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының лауазымды тұлғасын қоспағанда, борышкердің немесе таратылатын қаржы ұйымы кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы;
      таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы;
      таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табылатын жеке тұлға;
      таратылатын қаржы ұйымына қатысты аффилиирленген тұлға тағайындалмауы мүмкін.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 187 қаулысымен .

3-тарау. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасын не мүшесін тағайындау үшін ұсынылатын құжаттарды қарау және тағайындау туралы шешім қабылдау

      6. Кандидат мынадай құжаттарды қоса бере отырып, атауы көрсетілген қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін уәкілетті органға ұсынады:
      1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      2) жоғары білім туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі;
      3) еңбек кітапшасының, еңбек шартының нотариат куәландырған көшірмелері;
      4) кандидат бұрын тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болғандығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (мұндай құжаттар болған жағдайда);
      5) сотталмағандығы туралы анықтама;
      6) осы Ереженің қосымшасына сай нысан бойынша сауалнама;
      7) банкрот рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару бойынша қызметті жүзеге асыру лицензиясының көшірмесі (ондай болса);
      8) ұсынылған құжаттардың тізімдемесі.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 187, ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Уәкілетті орган осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың Осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болуына қарайды және қажет болған жағдайда өзге мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға сұратулар жібереді.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 187 қаулысымен .

      8. Егер уәкілетті органға ұсынылған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген болса, олар қараусыз кандидатқа қайтарылады. Қайтарылған құжаттардың көшірмелері кандидаттың ісіне қосып тіркеледі.
      Кандидаттың қайта ұсынылған құжаттары жаңадан келіп түскен деп саналады және осы Ережеде белгіленген тәртіппен қаралады.

      9. Осы Ереженің талаптарына сәйкес болуына ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі әңгімелесуге жол берген әрбір кандидатура(лар) бойынша қорытынды дайындайды.
      Осы қорытынды кандидат ұсынған құжаттар пакетіне қоса тіркеледі.
      Қаржы ұйымында (филиалында) бұрын басшы лауазымында болған немесе тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп бұрын тағайындалған кандидат үшін қорытындыда оның аталған лауазымдарда қызметі туралы, ол жіберген бұзулар, қаржы ұйымындағы тарату рәсімдерінің жай-күйі туралы мәліметтер көрсетіледі.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 187 қаулысымен .

      10. Әңгімелесуді уәкілетті орган басшысының бұйрығы негізінде құрылатын біліктілік комиссиясы өткізеді. Әңгімелесу қорытындысы біліктілік комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
      Әңгімелесудің мақсаты кандидаттың қаржы ұйымдарын және өзге де заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша білімінің болуын, кандидаттардың осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келуін анықтау, сондай-ақ кандидаттардың кәсіби білімі мен қабілеттерін және жеке қасиеттерін анықтау болып табылады.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      11. Уәкілетті орган тағайындау туралы шешімді дайындалған қорытынды және біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды және уәкілетті органның бірінші басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) бұйрығы түрінде ресімдейді.
      Уәкілетті органның бірінші басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) тағайындау туралы бұйрығында таратылатын қаржы ұйымының атауы, тарату комиссиясы төрағасының және оның мүшелерінің аты-жөндері және бар болса әкесінің аты, олардың жеке бастарын куәландыратын құжаттардың толық деректемелері көрсетіледі.
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Уәкілетті органның бірінші басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) бұйрығының көшірмесі бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалған кандидатқа жіберіледі.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12-1. Әңгімелесуден өтпеген және тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалмаған кандидаттарға біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша уәкілетті органның қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
      Ескерту: 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4-тарау. Тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындаудан бас тарту

      13. Уәкілетті орган кандидатты қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындаудан бас тарту туралы шешімді мынадай негіздер бойынша қабылдайды:
      1) ұсынылған құжаттарда шынайы емес ақпараттың болуы;
      2) қаржы ұйымында тарату рәсімін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не басқа кредиторларға артықшылық беретін іс-әрекеттерді жасау, өзге іс-әрекеттерді жасау (жасамау) фактілері туралы құжаттар мен мәліметтердің болуы (бұрын тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып тағайындалған кандидат үшін);
      3) оның осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 187, ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

4-1-тарау. Тарату комиссиясының төрағасын
және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан босату

      Ескерту: 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 8 қаулысымен .

      13-1. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан мынадай негіздер бойынша босатады:
      1) тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамауы және (немесе) ойдағыдай орындамауы;
      2) оның ішінде қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарын бұзуы;
      3) уәкілетті органның осы Ереженің 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның қызметкерлері арасынан тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін тағайындау туралы шешімі;
      4) тарату комиссиясы төрағасының өз еркімен тарату комиссиясының төрағасы міндетін атқарудан босату жөніндегі өтініші;
      5) тарату комиссиясы төрағасының еңбек шартын бұзуға байланысты тарату комиссиясы мүшесінің міндетін атқарудан босату туралы өтініші. Өтініш уәкілетті органға тарату комиссиясының мүшесімен еңбек шартын бұзған күннен кешіктірілмей беріледі.
       Ескерту: 13-1-тармақ толықтырылды, - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28. N 187, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының  2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      13-2. Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі тарату комиссиясының есептері, тарату комиссиясының қызметіне жүргізілген тексеру актілері мен өзге де материалдар негізінде қорытынды дайындайды.

      13-3. <*>
      Ескерту: 13-3-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      13-4. Уәкілетті орган біліктілік комиссиясы әзірлеген қорытынды мен хаттаманың негізінде тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан босату туралы шешім қабылдайды.

      13-5. Міндеттерді орындаудан босату туралы шешімнің көшірмесі тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелеріне оған қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде жіберіледі.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      14. <*>
      Ескерту: 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 8 қаулысымен .

      15. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.

Еріксіз таратылатын банктің,    
сақтандыру (қайта сақтандыру)   
ұйымының және жинақтаушы зейнетақы 
қорының тарату комиссиясын тағайындау
және босату ережесі және тарату   
комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне
қойылатын талаптарға қосымша   

      Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.07.01 № 71 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.      

3x4 фотосурет
 
 

Кандидатты тарату комиссиясының төрағасы
не мүшесі етіп тағайындау
сауалнамасы

________________________________________________________________
      (мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының толық атауы
________________________________________________________________
______________________200__жыл
        (күні)

      Лауазымның атауы_______________________________________

      Өмірбаян деректері:
      1. Тегі, аты, әкесінің аты
_________________________________________________________________
                       (толық көрсетіңіз)
      2. Үйдің мекен-жайы (оның ішінде почталық индексті көрсете отырып)
_________________________________________________________________
      3. Туған күні мен жері
_________________________________________________________________
      4. Азаматтығы
_________________________________________________________________
      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері
_________________________________________________________________
      6. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу
_________________________________________________________________
      7. Байланыс телефонының толық нөмірі
_________________________________________________________________
      8. Білімі туралы деректер (біліктілікті көтеру курстарын қоса алғанда):

тармақша

оқу орнының, факультеттің (бөлімшенің, мамандықтың) атауы

оқу кезеңі

берілген мамандық

білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері

оқу орнының орналасқан жері

1.






2.






...




      9. Сіздің біліктілігіңізді және құзыреттілігіңізді объективті түрде анықтау үшін маңызды деп санайтын кез келген басқа да ақпарат:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      10. Қаржы ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысу:

Тармақша

Заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері

заңды тұлға қызметтің жарғылық түрлері

Сіздің осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу сомаңыз бен үлесіңіз

1.




2.




...




      11. Алынған заемдар туралы мәліметтер:

тармақша

заем берген тұлғаның атауы (адамның аты) мен орналасқан жері

заем бойынша негізгі борыш сомасы

заемның берілген күні

заемның өтелген күні

ағымдағы сәтке берешек сомасы

заем бойынша сыйақы ставкасы (жылдық %)

1.







2.







...





      12. Қаржы нарығында құқық бұзушылықтар жасағаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба
_________________________________________________________________
      13. Бұрын қаржы ұйымының немесе мәжбүрлеп таратылатын немесе банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату/банкроттық туралы
    соттың шешім шығарған күні, таратылу/банкрот болу себебі)
      14. Заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығыңыз бар ма _______________________________________________________
      15. Сізге қатысты қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде жүктелген міндеттерді орындамау немесе  тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не басқаларына артықшылық беретін іс-әрекеттерді жасау, өзге іс-әрекеттерді жасау (жасамау) фактілері бар ма. Осылар бар болса, қандай екенін көрсетіңіз
___________________________________________________________________
            (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
      16. Сізде соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 54-бабының 1-тармағының 7)9)10)13) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілері бар ма
___________________________________________________________________
      17. Сіз осы қаржы ұйымын және басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болдыңыз ба.
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату/банкроттық туралы
     соттың шешім шығарған күні, таратылу/банкрот болу себебі)
      18. Сіз борышкердің немесе таратылатын қаржы ұйымы кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы болып табыласыз ба ______________________________________________________
      19. Сіз таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы болып табыласыз ба
____________________________________________________________________
      20. Сіз таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табыласыз ба _______________________________________________________
      21. Сіз таратылатын қаржы ұйымына қатысты аффилиирленген тұлға болып табыласыз ба _________________________________________________

      Қолы______________                      Күні__________________