Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 71 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 тамызда № 7123 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 71 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 71 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2004 жылғы 16 ақпандағы № 41 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2771 тіркелген, 2005 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, № 19, 165-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарда:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қаржы ұйымы) тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін тағайындау тәртібін реттейді және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті органның қызметкерлері арасынан мынадай жағдайларда:
      1) кандидаттардың осы Ереженің талаптарына сәйкес келмегенде;
      2) тарату комиссиясының құрамына тағайындалуға кандидаттар болмағанда;
      3) қаржы ұйымында тарату массасы болмағанда не ағымдағы шығыстарды өтеу үшін оның құны жеткіліксіз болғанда тағайындалады.
      Уәкілетті органның қызметкерлері осы Ереженің 6-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбайды және әңгімелесуден өтпейді.»;
      4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қаржы ұйымдарын тарату рәсімдерін жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.»;
      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Кандидат мынадай құжаттарды қоса бере отырып, атауы көрсетілген қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін уәкілетті органға ұсынады:»;
      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әңгімелесудің мақсаты кандидаттың қаржы ұйымдарын және өзге де заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша білімінің болуын, кандидаттардың осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келуін анықтау, сондай-ақ кандидаттардың кәсіби білімі мен қабілеттерін және жеке қасиеттерін анықтау болып табылады.»;
      1112-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Уәкілетті орган тағайындау туралы шешімді дайындалған қорытынды және біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды және уәкілетті органның бірінші басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) бұйрығы түрінде ресімдейді.
      Уәкілетті органның бірінші басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) тағайындау туралы бұйрығында таратылатын қаржы ұйымының атауы, тарату комиссиясы төрағасының және оның мүшелерінің аты-жөндері және бар болса әкесінің аты, олардың жеке бастарын куәландыратын құжаттардың толық деректемелері көрсетіледі.
      12. Уәкілетті органның бірінші басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) бұйрығының көшірмесі бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалған кандидатқа жіберіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Әңгімелесуден өтпеген және тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалмаған кандидаттарға біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша уәкілетті органның қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.»;
      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қаржы ұйымында тарату рәсімін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не басқа кредиторларға артықшылық беретін іс-әрекеттерді жасау, өзге іс-әрекеттерді жасау (жасамау) фактілері туралы құжаттар мен мәліметтердің болуы (бұрын тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып тағайындалған кандидат үшін);»;
      13-1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) оның ішінде қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарын бұзуы;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тарату комиссиясы төрағасының еңбек шартын бұзуға байланысты тарату комиссиясы мүшесінің міндетін атқарудан босату туралы өтініші. Өтініш уәкілетті органға тарату комиссиясының мүшесімен еңбек шартын бұзған күннен кешіктірілмей беріледі.»;
      13-3-тармақ алып тасталсын;
      Ережеге 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын:
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                     Г.Марченко

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 1 шілдедегі   
№ 71 қаулысына қосымша   

«Еріксіз таратылатын банктің,  
сақтандыру (қайта сақтандыру)   
ұйымының және жинақтаушы зейнетақы 
қорының тарату комиссиясын тағайындау
және босату ережесі және тарату   
комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне
қойылатын талаптарға қосымша   

3x4 фотосурет
 
 

Кандидатты тарату комиссиясының төрағасы
не мүшесі етіп тағайындау
сауалнамасы

________________________________________________________________
      (мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының толық атауы
________________________________________________________________
______________________200__жыл
        (күні)

      Лауазымның атауы_______________________________________

      Өмірбаян деректері:
      1. Тегі, аты, әкесінің аты
_________________________________________________________________
                       (толық көрсетіңіз)
      2. Үйдің мекен-жайы (оның ішінде почталық индексті көрсете отырып)
_________________________________________________________________
      3. Туған күні мен жері
_________________________________________________________________
      4. Азаматтығы
_________________________________________________________________
      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері
_________________________________________________________________
      6. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу
_________________________________________________________________
      7. Байланыс телефонының толық нөмірі
_________________________________________________________________
      8. Білімі туралы деректер (біліктілікті көтеру курстарын қоса алғанда):

тармақша

оқу орнының, факультеттің (бөлімшенің, мамандықтың) атауы

оқу кезеңі

берілген мамандық

білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері

оқу орнының орналасқан жері

1.






2.






...




      9. Сіздің біліктілігіңізді және құзыреттілігіңізді объективті түрде анықтау үшін маңызды деп санайтын кез келген басқа да ақпарат:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      10. Қаржы ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысу:

Тармақша

Заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері

заңды тұлға қызметтің жарғылық түрлері

Сіздің осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу сомаңыз бен үлесіңіз

1.




2.




...




      11. Алынған заемдар туралы мәліметтер:

тармақша

заем берген тұлғаның атауы (адамның аты) мен орналасқан жері

заем бойынша негізгі борыш сомасы

заемның берілген күні

заемның өтелген күні

ағымдағы сәтке берешек сомасы

заем бойынша сыйақы ставкасы (жылдық %)

1.







2.







...





      12. Қаржы нарығында құқық бұзушылықтар жасағаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба
_________________________________________________________________
      13. Бұрын қаржы ұйымының немесе мәжбүрлеп таратылатын немесе банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату/банкроттық туралы
    соттың шешім шығарған күні, таратылу/банкрот болу себебі)
      14. Заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығыңыз бар ма _______________________________________________________
      15. Сізге қатысты қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде жүктелген міндеттерді орындамау немесе  тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не басқаларына артықшылық беретін іс-әрекеттерді жасау, өзге іс-әрекеттерді жасау (жасамау) фактілері бар ма. Осылар бар болса, қандай екенін көрсетіңіз
___________________________________________________________________
            (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
      16. Сізде соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 54-бабының 1-тармағының 7)9)10)13) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілері бар ма
___________________________________________________________________
      17. Сіз осы қаржы ұйымын және басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болдыңыз ба.
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату/банкроттық туралы
     соттың шешім шығарған күні, таратылу/банкрот болу себебі)
      18. Сіз борышкердің немесе таратылатын қаржы ұйымы кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы болып табыласыз ба ______________________________________________________
      19. Сіз таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы болып табыласыз ба
____________________________________________________________________
      20. Сіз таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табыласыз ба _______________________________________________________
      21. Сіз таратылатын қаржы ұйымына қатысты аффилиирленген тұлға болып табыласыз ба _________________________________________________

      Қолы_______                                      Күні______».