Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларын және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 71 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8411 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 N 1173 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сағынтаев                    -  Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Әбдірұлы               Министрінің бірінші орынбасары -
                                Қазақстан Республикасының Өңірлік
                                даму министрі, төраға

Құсайынов                    -  Қазақстан Республикасының Экономика Марат Әпсеметұлы                және бюджеттік жоспарлау
                                вице-министрі, төрағаның орынбасары

Шаяхметов                    -  Қазақстан Республикасының Білім және
Саят Болатұлы                   ғылым вице-министрі

Тұрғымбаев                   -  Қазақстан Республикасы Ішкі істер Ерлан Заманбекұлы               министрінің орынбасары;

мына:

«Шварцкопф                   -  Қазақстан Республикасының
Илона Альбертовна               Экономикалық даму және сауда
                                министрлігі Мемлекеттік активтерді
                                басқару саясаты департаментінің
                                директоры, хатшы,»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Шварцкопф                   -  Қазақстан Республикасы Экономика және
Илона Альбертовна               бюджеттік жоспарлау министрлігі
                                Мемлекеттік активтерді басқару
                                саясаты департаментінің директоры,
                                хатшы»;

      көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол Комиссияның қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов