Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 41 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2771

Қолданыстағы

      Еріксіз таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау ережесі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бәдірленова Ж.Р.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасы Б.Жәмішевке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасының   
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен     
қадағалау жөніндегі агенттігі  
Басқармасының 2004 жылғы    
16 ақпандағы N 41 қаулысымен  
бекітілді           

  Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру 
(қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы
 зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау
 ережесі және тарату комиссиясының төрағасы мен
мүшелеріне қойылатын талаптар

      Осы Ереже қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қаржы ұйымы) тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін тағайындау тәртібін реттейді және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері қажетті құжаттарды ұсынған және осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар (бұдан әрі - кандидат) арасынан уәкілетті органның шешімімен (бұдан әрі - тағайындау туралы шешім) тағайындалады.

      2. Уәкілетті органның қызметкері болып табылмайтын тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері тарату комиссиясы қызметінің барлық кезеңі ішінде осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес болулары тиіс.

      3. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті органның қызметкерлері арасынан мынадай жағдайларда тағайындалады:
      1) кандидаттардың осы Ереженің талаптарына сәйкес келмегенде;
      2) тарату комиссиясының құрамына тағайындалуға кандидаттар болмағанда;
      3) қаржы ұйымында тарату массасы болмағанда не ағымдағы шығыстарды өтеу үшін оның құны жеткіліксіз болғанда;
      4) егер қаржы ұйымы депозиттерге және сақтандыру төлемдеріне ұжымдық кепілдік беру сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса.

  2-тарау. Кандидаттарға қойылатын талаптар

      4. Кандидатқа мынадай талаптар қойылады:
      жоғары экономикалық не заң білімінің болуы;
      заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.

      5. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі:
      заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығы бар;
      оған қатысты тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде жүктелген міндеттерді орындамау немесе ойдағыдай орындамау фактісі анықтала, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасаған не басқаларға артықшылық берген, өзге іс-әрекеттерді жасаған (жасамаған) (бұрын қаржы ұйымының (филиалының) басшысы немесе тарату комиссиясының төрағасы болған тұлға үшін);
      соңғы үш жыл ішінде "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 9)-10) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен жеке еңбек шартын (келісім-шартын) бұзу фактілерінің болмауы;
      осы қаржы ұйымын және басқа заңды тұлғаны еріксіз тарату туралы шешім қабылдағанға дейін (оның ішінде банкроттық негіз бойынша) бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болған. Көрсетілген талап қаржы ұйымын еріксіз тарату туралы шешім қабылдаған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады (оны банкрот деп тану негізін қосқанда);
      таратылатын қаржы ұйымының борышкерінің немесе кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы;
      таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы;
      таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табылатын жеке тұлға;
      таратылатын қаржы ұйымына қатысты аффилиирленген тұлға тағайындалмауы мүмкін.

  3-тарау. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасын не мүшесін тағайындау үшін ұсынылатын құжаттарды қарау және тағайындау туралы шешім қабылдау

      6. Соттың қаржы ұйымын еріксіз тарату туралы шешімі күшіне енгенге дейін кандидат қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін уәкілетті органға ұсынады, оның атауында өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      2) жоғары білім туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі;
      3) еңбек кітапшасының, еңбек шартының (келісім-шартының) нотариат куәландырған көшірмелері;
      4) кандидат бұрын тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болғандығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (мұндай құжаттар болған жағдайда);
      5) сотталмағандығы туралы анықтама;
      6) осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша сауалнама;
      7) банкрот рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару бойынша қызметті жүзеге асыру лицензиясының көшірмесі (ондай болса);
      8) ұсынылған құжаттардың тізімдемесі.

      7. Уәкілетті орган осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттар түскен  күннен бастап олардың Осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болуына қарайды және қажет болған жағдайда өзге мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға сұратулар жібереді.

      8. Егер уәкілетті органға ұсынылған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген болса, олар қараусыз кандидатқа қайтарылады. Қайтарылған құжаттардың көшірмелері кандидаттың ісіне қосып тіркеледі.
      Кандидаттың қайта ұсынылған құжаттары жаңадан келіп түскен деп саналады және осы Ережеде белгіленген тәртіппен қаралады.

      9. Осы Ереженің талаптарына сәйкес болуына ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі әңгімелесуге жол берген әрбір кандидатура бойынша қорытынды дайындайды.
      Осы қорытынды кандидат ұсынған құжаттар пакетіне қоса тіркеледі.
      Қаржы ұйымында (филиалында) бұрын басшы лауазымында болған немесе тарату комиссиясының төрағасы етіп бұрын тағайындалған кандидат үшін қорытындыда оның аталған лауазымдарда қызметі туралы, ол жіберген бұзулар, қаржы ұйымындағы тарату рәсімдерінің жай-күйі туралы мәліметтер көрсетіледі.

      10. Әңгімелесуді уәкілетті орган басшысының бұйрығы негізінде құрылатын біліктілік комиссиясы өткізеді. Әңгімелесу қорытындысы біліктілік комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
      Әңгімелесудің мақсаты кандидаттың тарату рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білімінің барын анықтау болып табылады.

      11. Уәкілетті орган тағайындау туралы шешімді жасалған қорытындылар және біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды.
      Уәкілетті органның тағайындау туралы шешімінде таратылатын қаржы ұйымының атауы, тарату комиссиясы төрағасының және оның мүшелерінің аты-жөндері, олардың жеке бастарын куәландыратын құжаттардың толық деректемелері көрсетіледі.

      12. Тағайындау туралы шешімнің көшірмесі кандидатқа шешімге қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде жіберіледі.

  4-тарау. Тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындаудан бас тарту

      13.  Уәкілетті орган кандидатты қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындаудан бас тарту туралы шешімді мынадай негіздер бойынша қабылдайды:
      1) ұсынылған құжаттарда шынайы емес ақпараттың болуы;
      2) жүктелген міндеттерді орындамау немесе ойдағыдай орындамау фактісі туралы құжаттар мен мәліметтердің болуы, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасаған не басқаларға артықшылық берген іс-әрекеттерді жасауы, өзге іс-әрекеттерді жасауы (жасамауы) (бұрын қаржы ұйымының (филиалының) басшысы болған немесе тарату комиссиясының төрағасы етіп тағайындалған кандидат үшін);
      3) оның осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

  5-тарау. Қорытынды ережелер

      14. Тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің өз міндеттерін орындамауы және (немесе) ойдағыдай орындамауы, қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасының заң актілерінің және осы Ереженің талаптарын бұзуы оларды өз міндеттерін орындаудан босатуға әкеліп соқтырады.

      15. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.

Еріксіз таратылатын банктің, 
сақтандыру (қайта сақтандыру)  
ұйымының және жинақтаушы    
зейнетақы қорының тарату    
комиссиясын тағайындау     
ережесі және тарату     
комиссиясының төрағасы мен  
мүшелеріне қойылатын      
талаптарға 1-қосымша       

3х4               
суреті             

Кандидатты тарату комиссиясының төрағасы
не мүшесі етіп тағайындау
Сауалнамасы
__________________________________________
(еріксіз таратылатын банктің,  сақтандыру
____________________________________________
(қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы
зейнетақы қорының атауы)

___________ 200_ жыл
   (күні)

      Лауазымның атауы_____________________________________
      Өмірбаян деректері:
1. Фамилиясы,         аты,               әкесінің аты
   ___________________________________
           (толық көрсетіңіз)
2. Үйдің мекен-жайы (оның ішінде почталық индексті көрсете отырып)
_________________________________________________________
3. Туған күні және жері __________________________________________
4. Азаматтығы ___________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері __________
____________________________________________________________
6. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу _______________________________
7. Байланыс телефонының толық нөмірі _____________________________
8. Білімі туралы деректер (біліктілікті арттыру курстарын қоса алғанда):
__________________________________________________________________
       Оқу орнының,                       Білімі туралы  
       факультеттің                        дипломның,       Оқу
Тар.   (бөлімнің,     Оқу    Тағайындал.  сертификаттың,  орнының
мақ.   мамандықтың)  кезеңі     ған        куәліктің     орналасқан
ша        атауы              біліктілік   деректемелері     жері
__________________________________________________________________
1.
2.
...
__________________________________________________________________
9. Сіздің біліктілігіңізді және хабардарлығыңызды шынайы анықтау
үшін маңызды деп санайтын кез келген басқа да ақпарат:____________
__________________________________________________________________
Сотталғандығы туралы мәліметтер _________________________________
10. Қаржы ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына толық және жанама қатысу:
__________________________________________________________________
Тар. Заңды тұлғаның атауы  Заңды тұлға        Осы заңды тұлғаның
мақ. және орналасқан жері  қызметінің         жарғылық капиталына
ша                         жарғылық түрлері   қатысу сомасы және
                                              Сіздің үлесіңіз
__________________________________________________________________
1.
2.
...
__________________________________________________________________
11. Алынған заемдар туралы мәліметтер:
__________________________________________________________________
Тар.  Заем берген     Заем      Заем.    Заем.  Ағымдағы   Заем
мақ.  тұлғаның атауы  бойынша   ның      ның    сәтке     бойынша
ша   (адамның аты)    негізгі   беріл.   өтел.  берешек   сыйақы
         және         борыш     ген күні ген    сомасы    ставкасы
     орналасқан жері  сомасы             күні            (жылдық %)
__________________________________________________________________
1.
2.
...
__________________________________________________________________
12. Қаржы рыногында құқық бұзушылықты жасағаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба ____________________________
13. Бұрын ерікті таратылатын немесе банкрот деп танылған қаржы ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба____________________________________________________________
 (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату/банкроттық туралы соттың шешім шығарған күні, тарату/банкрот болу себебі)

      Қолы _____________        Күні _________________