Ескерту: Бұйрықтың атауына және 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 8 қаулысымен .
Еріксіз таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бәдірленова Ж.Р.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасы Б.Жәмішевке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2004 жылғы
16 ақпандағы N 41 қаулысымен
бекітілді
Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы
зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау
және босату ережесі және тарату комиссиясының
төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар
Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 8 қаулысымен .
Осы Ереже қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қаржы ұйымы) тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін тағайындау тәртібін реттейді және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
1. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері қажетті құжаттарды ұсынған және осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар (бұдан әрі - кандидат) арасынан уәкілетті органның шешімімен (бұдан әрі - тағайындау туралы шешім) тағайындалады.
2. Уәкілетті органның қызметкері болып табылмайтын тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері тарату комиссиясы қызметінің барлық кезеңі ішінде осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес болулары тиіс.
3. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті органның қызметкерлері арасынан мынадай жағдайларда тағайындалуы мүмкін:
1) кандидаттардың осы Ереженің талаптарына сәйкес келмегенде;
2) тарату комиссиясының құрамына тағайындалуға кандидаттар болмағанда;
3) қаржы ұйымында тарату массасы болмағанда не ағымдағы шығыстарды өтеу үшін оның құны жеткіліксіз болғанда;
4) егер қаржы ұйымы депозиттерге міндетті кепілдік беру
жүйесінің немесе сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің
қатысушысы болса.
2-тарау. Кандидаттарға қойылатын талаптар
4. Кандидатқа мынадай талаптар қойылады:
жоғары экономикалық не заң білімінің болуы;
заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы
N 8
, 2008.11.28.
N 187
қаулыларымен
.
5. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі:
заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығы бар;
оған қатысты тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде
қаржы ұйымында тарату рәсімін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу,
жүктелген міндеттерді орындамау немесе ойдағыдай орындамау фактісі анықтала, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасаған не басқаларға артықшылық берген, өзге іс-әрекеттерді жасаған (жасамаған) (бұрын қаржы ұйымының (филиалының) басшысы,
тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі
болған тұлға үшін);
соңғы үш жыл ішінде
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің
54-бабының
1-тармағының 7), 9), 10), 13)
тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілерінің болмауы;
осы қаржы ұйымын және басқа заңды тұлғаны еріксіз тарату туралы шешім қабылдағанға дейін (оның ішінде банкроттық негіз бойынша) бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болған. Көрсетілген талап қаржы ұйымын еріксіз тарату туралы шешім қабылдаған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады (оны банкрот деп тану негізін қосқанда);
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының лауазымды тұлғасын қоспағанда, борышкердің немесе таратылатын қаржы ұйымы кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы;
таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды тұлғасы;
таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табылатын жеке тұлға;
таратылатын қаржы ұйымына қатысты аффилиирленген тұлға тағайындалмауы мүмкін.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008.11.28.
N 187
қаулысымен
.
3-тарау. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасын не мүшесін тағайындау үшін ұсынылатын құжаттарды қарау және тағайындау туралы шешім қабылдау
6. Соттың қаржы ұйымын еріксіз тарату туралы шешімі күшіне енгенге дейін кандидат қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін уәкілетті органға ұсынады, оның атауында өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
2) жоғары білім туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі;
3) еңбек кітапшасының, еңбек шартының нотариат куәландырған көшірмелері;
4) кандидат бұрын тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болғандығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (мұндай құжаттар болған жағдайда);
5) сотталмағандығы туралы анықтама;
6) осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша сауалнама;
7) банкрот рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару бойынша қызметті жүзеге асыру лицензиясының көшірмесі (ондай болса);
8) ұсынылған құжаттардың тізімдемесі.
Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008.11.28.
N 187
қаулысымен
.
7. Уәкілетті орган осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың Осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болуына қарайды және қажет болған жағдайда өзге мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға сұратулар жібереді.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008.11.28.
N 187
қаулысымен
.
8. Егер уәкілетті органға ұсынылған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген болса, олар қараусыз кандидатқа қайтарылады. Қайтарылған құжаттардың көшірмелері кандидаттың ісіне қосып тіркеледі.
Кандидаттың қайта ұсынылған құжаттары жаңадан келіп түскен деп саналады және осы Ережеде белгіленген тәртіппен қаралады.
9. Осы Ереженің талаптарына сәйкес болуына ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі әңгімелесуге жол берген әрбір кандидатура(лар) бойынша қорытынды дайындайды.
Осы қорытынды кандидат ұсынған құжаттар пакетіне қоса тіркеледі.
Қаржы ұйымында (филиалында) бұрын басшы лауазымында болған немесе тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп бұрын тағайындалған кандидат үшін қорытындыда оның аталған лауазымдарда қызметі туралы, ол жіберген бұзулар, қаржы ұйымындағы тарату рәсімдерінің жай-күйі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008.11.28.
N 187
қаулысымен
.
10. Әңгімелесуді уәкілетті орган басшысының бұйрығы негізінде құрылатын біліктілік комиссиясы өткізеді. Әңгімелесу қорытындысы біліктілік комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
Әңгімелесудің мақсаты кандидаттың тарату рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білімінің барын анықтау болып табылады.
11. Уәкілетті орган тағайындау туралы шешімді жасалған қорытынды және біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды.
Уәкілетті органның тағайындау туралы шешімінде таратылатын қаржы ұйымының атауы, тарату комиссиясы төрағасының және оның мүшелерінің аты-жөндері, олардың жеке бастарын куәландыратын құжаттардың толық деректемелері көрсетіледі.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008.11.28.
N 187
қаулысымен
.
12. Тағайындау туралы шешімнің көшірмесі кандидатқа шешімге қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде жіберіледі.
4-тарау. Тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындаудан бас тарту
13. Уәкілетті орган кандидатты қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындаудан бас тарту туралы шешімді мынадай негіздер бойынша қабылдайды:
1) ұсынылған құжаттарда шынайы емес ақпараттың болуы;
2) қаржы ұйымында тарату рәсімін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, жүктелген міндеттерді орындамау немесе ойдағыдай орындамау фактісі туралы құжаттар мен мәліметтердің болуы, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасаған не басқаларға артықшылық берген іс-әрекеттерді жасауы, өзге іс-әрекеттерді жасауы (жасамауы) (бұрын қаржы ұйымының (филиалының) басшысы болған немесе тарату комиссиясының төрағасы етіп тағайындалған кандидат үшін);
3) оның осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008.11.28.
N 187
қаулысымен
.
4-1-тарау. Тарату комиссиясының төрағасын
және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан босату
Ескерту: 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 8 қаулысымен .
13-1. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан мынадай негіздер бойынша босатады:
1) тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамауы және (немесе) ойдағыдай орындамауы;
2) қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарын бұзуы;
3) уәкілетті органның осы Ереженің 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның қызметкерлері арасынан тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін тағайындау туралы шешімі;
4) тарату комиссиясы төрағасының өз еркімен тарату комиссиясының төрағасы міндетін атқарудан босату жөніндегі өтініші;
5) тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясы мүшесінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға байланысты тарату комиссиясы мүшесінің міндетін атқарудан босату жөніндегі өтініші. Уәкілетті органға өтініш тарату комиссиясының мүшесі өзінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу жөніндегі өтінішті, осы өтініштің көшірмесін қоса беріп, ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі.
Ескерту: 13-1-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008.11.28.
N 187
қаулысымен
.
13-2. Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі тарату комиссиясының есептері, тарату комиссиясының қызметіне жүргізілген тексеру актілері мен өзге де материалдар негізінде қорытынды дайындайды.
13-3. Біліктілік комиссиясы қорытындыны қарайды және тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін осы Ереженің 13-1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша міндеттерін атқарудан босату жөніндегі мәселені қарағанда, әңгімелесу үшін тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін шақырады.
Біліктілік комиссиясының отырысы хаттамамен ресімделеді.
Ескерту: 13-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008.11.28.
N 187
қаулысымен
.
13-4. Уәкілетті орган біліктілік комиссиясы әзірлеген қорытынды мен хаттаманың негізінде тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан босату туралы шешім қабылдайды.
13-5. Міндеттерді орындаудан босату туралы шешімнің көшірмесі тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелеріне оған қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде жіберіледі.
14. <*>
Ескерту: 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 8
қаулысымен
.
15. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.
Еріксіз таратылатын банктің,
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және жинақтаушы
зейнетақы қорының тарату
комиссиясын тағайындау
ережесі және тарату
комиссиясының төрағасы мен
мүшелеріне қойылатын
талаптарға 1-қосымша
3х4
суреті
Кандидатты тарату комиссиясының төрағасы
не мүшесі етіп тағайындау
Сауалнамасы
__________________________________________
(еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру
__________________________________________
(қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы
зейнетақы қорының атауы)
___________ 200_ жыл
(күні)
Лауазымның атауы_____________________________________
Өмірбаян деректері:
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты
______________________________________________________________
(толық көрсетіңіз)
2. Үйдің мекен-жайы (оның ішінде почталық индексті көрсете отырып)
_________________________________________________________
3. Туған күні және жері __________________________________________
4. Азаматтығы ____________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері _________
__________________________________________________________________
6. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу ________________________________
7. Байланыс телефонының толық нөмірі _____________________________
8. Білімі туралы деректер (біліктілікті арттыру курстарын қоса алғанда):
__________________________________________________________________
Оқу орнының, Білімі туралы
факультеттің дипломның, Оқу
Тар. (бөлімнің, Оқу Тағайындал. сертификаттың, орнының
мақ. мамандықтың) кезеңі ған куәліктің орналасқан
ша атауы біліктілік деректемелері жері
__________________________________________________________________
1.
2.
...
__________________________________________________________________
9. Сіздің біліктілігіңізді және хабардарлығыңызды шынайы анықтау
үшін маңызды деп санайтын кез келген басқа да ақпарат:____________
__________________________________________________________________
Сотталғандығы туралы мәліметтер __________________________________
10. Қаржы ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына толық және жанама қатысу:
__________________________________________________________________
Тар. Заңды тұлғаның атауы Заңды тұлға Осы заңды тұлғаның
мақ. және орналасқан жері қызметінің жарғылық капиталына
ша жарғылық түрлері қатысу сомасы және
Сіздің үлесіңіз
__________________________________________________________________
1.
2.
...
__________________________________________________________________
11. Алынған заемдар туралы мәліметтер:
__________________________________________________________________
Тар. Заем берген Заем Заем. Заем. Ағымдағы Заем
мақ. тұлғаның атауы бойынша ның ның сәтке бойынша
ша (адамның аты) негізгі беріл. өтел. берешек сыйақы
және борыш ген күні ген сомасы ставкасы
орналасқан жері сомасы күні (жылдық %)
__________________________________________________________________
1.
2.
...
__________________________________________________________________
12. Қаржы рыногында құқық бұзушылықты жасағаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба ___________________________________
13. Бұрын ерікті таратылатын немесе банкрот деп танылған қаржы ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату/банкроттық туралы соттың шешім шығарған күні, тарату/банкрот болу себебі)
Қолы _____________ Күні _________________