Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 наурыздағы N 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2768.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.07.2015 № 7-1/614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.10.2022 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.07.2015 № 7-1/614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ветеринария департаменті (М. Мыңжанов) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірлесіп, заңдылықта белгіленген тәртіпте, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Ауыл шаруашылығы министрі

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      2004 жыл 1 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 2 наурыздағы
№ 104 бұйрығымен бекітілген

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.07.2015 № 7-1/614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.08.2019 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау қағидалары "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына сәйкес әзірленді және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.08.2019 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастырады;

      2) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.02.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу немесе алып тастау туралы шешімдер қабылдайды;

      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлар ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын іріктеу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.02.2020 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың басшылары жануарлар мен адамға ортақ аурулардан денсаулықты қорғау мақсатында мынадай талаптарды сақтайды:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды (бұдан әрі – Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар) жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылықтық іс-шараларды жүзеге асырады;

      2) Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және ветеринариялық нормативтерге сәйкес зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды күтіп-бағуды, өсіруді және пайдалануды жүзеге асырады;

      3) қоршаған ортаны ластамай, Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және ветеринариялық нормативтерге сәйкес аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ азықты, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған құрылысжайларды ұстайды;

      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11837 болып тіркелген) бекітілген жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтайды;

      5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12208 болып тіркелген) бекітілген жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтайды;

      6) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;

      7) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын:

      қайта сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және өткізілгені туралы;

      жануарлардың қырылғандағы, бір уақытта бірнеше жануардың ауырғандығы немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлықтары туралы хабардар етеді және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруына күдіктенген жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдайды;

      8) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларының уақтылы вакциналануын және диагностикадан өтуін қамтамасыз етеді;

      9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық қарап-тексеру үшін кедергісіз береді;

      10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындайды;

      11) өткізуге арналған жануарларды сою алдында ветеринариялық қарап-тексеру және союдан кейін ұшалары мен ағзаларына ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізе отырып, оларды союды жүзеге асырады;

      12) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтін кәсіпорындарда, сою пункттерінде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүргізуді жүзеге асырады;

      13) ветеринария саласындағы мамандарға ветеринариялық іс-шаралар жүргізу жөніндегі қызметтік міндеттерін орындаулары кезінде жәрдем көрсетеді;

      14) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкес жануарларды карантиндеуді жүргізеді;

      15) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден, скринигтік зерттеулерден өтеді;

      16) медицина қызметкерлерінің дербес және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындайды;

      17) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шараларын сақтайды, денсаулық сақтау субъектілерінің талап етуі бойынша зерттеп-қараудан және емделуден өтеді, медициналық персоналды айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық және өзге де аурулардың бар екендігі туралы хабардар етеді;

      18) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізеді;

      19) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерін орындайды;

      20) орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу, кәдеге жарату және жою кезінде оның қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етеді;

      21) өндірістік бақылауды жүзеге асырады;

      22) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар туындаған жағдайларда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін технологиялық процестердің бұзылуы туралы дер кезінде хабардар етеді;

      23) халықтың декреттелген тобына жататын жұмыскерлерді гигиеналық оқытуды қамтамасыз етеді;

      24) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдарына олардың құзыреттеріне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу үшін өнімнің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      25) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 82-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына сәйкес медициналық қарап-тексеруден, гигиеналық оқытудан өткенін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілері анықтаған, инфекциялық, паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды және инфекциялық, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушыларды, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге қарсы көрсетілімдері бар адамдарды жұмыстан шеттетеді;

      26) Кодекстің 82-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес тауарлардың, өнімдердің, шикізаттың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеуі анықталған кезде оларды өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

      27) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және есеп беру құжаттамасын тексеруге ұсынады;

      28) Кодекстің 82-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуы тұрғысынан тексеру мақсатында оларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді;

      29) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10028 болып тіркелген) бекітілген Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларына сәйкес дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүргізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.10.2022 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралар ауру түріне байланысты Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25151 болып тіркелген) бекітілген "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.10.2022 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстаумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын объектілерде жеке және заңды тұлғалардың ветеринариялық санитариялық-гигиеналық нормалар мен қағидаларды сақтауына мемлекеттік бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.