"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-18) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығымен бекітілген |
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-18) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды өсіруді жүзеге асыратын объектілерде, сондай-ақ жануарларды өсіруді, өткізуді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (жануарларды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (бұдан әрі – өндіріс объектілері) дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
2) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
3) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
4) жануарларды ұстауға арналған үй-жай – құстарды қоса алғанда, жануарларды жаздықты, қашарларды, бордақылау алаңдарын қоса алғанда жайылымда жаюмен тұрақты негізде немесе уақытша ұстауға және өсіруге арналған бейімделген құрылыс.
3. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу үшін Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.11.2019 № 419 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстары аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады.
2. Дезинфекцияны жүргізу тәртібі
5. Дезинфекция профилактикалық мақсатта, сондай-ақ жануарлар ауруларының таралу ошағы пайда болған жағдайда мәжбүрлі дезинфекция жүргізіледі. Мәжбүрлі дезинфекция кезінде ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
6. Профилактикалық дезинфекция жануарлар аурулары қоздырғыштарының енуі мен таралу қатерін болдырмау мақсатында жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде жүргізіледі.
7. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды қоса алғанда, қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде профилактикалық дезинфекцияны жылына екі рет жүргізеді.
8. Жануарларды жайылым алаңдарында жыл бойы ұстау кезінде, мал шаруашылығы үй-жайларын пайдалану процесінде жануарларды ұстауға арналған жеке үй-жайларды профилактикалық дезинфекциялау тиісті технологиялық циклдар аяқталғаннан және жануарлардан босатқаннан кейін жүргізіледі.
9. Ұйымдасқан өндіріс объектілеріндегі дезинфекция өндірістің жалпы технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жануарлардың өсімін молайту, өсіру және бордақылау технологиясының ерекшеліктерін есепке ала отырып құрастырылған жоспар бойынша жүргізіледі.
10. Дезинфекциялық жұмыстардың жоспарында негізгі өндіріс объектілерді дезинфекциялаудан өткізудің мерзімі, әдістері мен режимдері, сондай-ақ дезинфекциялық және жуатын құралдарға, дезинфекциялық және жуатын техникаға деген қажеттілік, дезинфекцияның сапасын бақылау әдісі көзделеді.
11. Дезинфекция жүргізу алдында дезинфекциялауға жататын бетті мұқият механикалық тазартуды жүргізеді.
12. Құстарды торда және жайылымсыз ұстау кезінде үй-жайды дезинфекциялауды әрбір ретте құстардың жаңа топтамасын қояр алдында жүзеге асырады:
жайып бағатын құс қораларында – жылына екі рет;
терең төселген төсемде ұстау кезінде – жылына бір рет оны ауыстырған кезде;
инкубаторийларды жұмыртқаларды инкубациялау алдында және аяқтағаннан кейін дезинфекциялайды.
13. Қояндар мен мамық жүнді аңдарды ұстауға арналған үй-жайларды технологиялық цикл кезеңінде босатылуына қарай дезинфекциялайды.
14. Кезеңділікпен қолданылатын мал шаруашылығы көрмелерінің орындарында дезинфекция жануарларды әкелу алдында және оларды алып кеткеннен кейін жүргізіледі.
15. Карантинге қою кезінде жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды (алаңдарды) жануарлардың кезекті топтамасының карантинге қою мерзімі аяқталғаннан кейін әрбір рет дезинфекциялайды.
16. Азық цехтарының үй-жайларын айына бір реттен жиі емес, жемшөп өткізгіш бункер-араластырғышты, жемшөп дайындауға және үлестіруге арналған жабдықтарды және азықтандыратын орындарды (жеке үй-жайда азықтандыру кезінде) – аптасына бір рет дезинфекциялайды, ал әрбір жемшөп дайындаудан (таратудан) немесе азықтандырудан кейін сумен жуады.
17. Сою пунктерінің (сою алаңының) үй-жайларын дезинфекциялаудың кезеңділігі оларды пайдалану ерекшелігін ескере отырып белгіленеді.
18. Ұшаны бөлу кезінде инфекциялық ауруларға күдік туындаған сою пунктінде (сою алаңында) дезинфекцияны күнделікті ауысымның соңында және әрбір рет жануарларды сойып болғаннан кейін жүргізеді.
19. Сою пунктінің (сою алаңының) барлық жабдықтарын бір уақытта дезинфекциялайды.
20. Аяқ киімді дезинфекциялау үшін өндіріс ғимаратының кіре берісінің барлық енін дезинфекциялық ерітіндімен толтырылған зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін ваннамен жабдықтайды. Ғимараттың ішінде әрбір оңашаланған секцияның кіре берісіне поролонмен, үгіндімен немесе басқа эластикалық материалмен толтырылған, үй-жайларды дезинфекциялауға пайдаланылатын дезинфекциялық ерітіндіні жақсы сіңірген дезинфекциялық кілемше орнатылады.
21. Мал шаруашылығы үй-жайларын немесе өндіріс объектілерінің өндірістік аймағы аумағындағы басқа да объектілерді салу, күрделі жөндеу, қайта жаңарту аяқталғаннан кейін пайдалануға беру алдында тікелей оларды іске қосу алдындағы тазалаудан немесе дезинфекциядан өткізеді.
22. Мәжбүрлі дезинфекцияны (ағымдағы және қорытынды) инфекцияның бастапқы ошағын оқшаулау, патогенді микроорганизмдердің сыртқы ортада жиналуын және олардың шаруашылық ішінде және одан тыс жерлерде таралуын болдырмау мақсатында жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыз өндіріс объектілерінде жүзеге асырады.
23. Ағымдағы дезинфекцияны сыртқы орта объектілерінің патогенді микроорганизмдермен контоминациясын төмендету және өндіріс объектісінің ішінде жануарлардың қайта жұқтыру және одан тыс жерлерге аурулардың таралу қаупін азайту мақсатында өндіріс объектілерін сауықтырудың барлық уақыты ішінде кезең-кезеңімен жүргізеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Ағымды дезинфекциялауды жүргізудің кезеңділігін және зарарсыздандыруға жататын объектілірдің тізбесін аурудың сипатын, осы ауру бойынша эпизоотиялық ахуалды, өндіріс технологиясының ерекшелігін, табиғат-климаттық жағдайларды және қолайсыз пункттің немесе оның орналасу аймағының басқа да ерекшелігін есепке ала отырып анықтайда.
25. Қорытынды дезинфекцияны өндіріс объектілерінде ауру жануарлардың бөлінуі тоқтағаннан кейін және инфекциялық аурулар қоздырғышының көзін жоюға кепілдік беретін іс-шаралар орындалғаннан кейін жүргізеді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Ластанудың сипатына, дәрежесіне, түріне және дезинфекциялау
26. Дезинфекция жүргізу кезінде өндіріс объектісінің сипаты, дезинфекциялауға жататын патогендік микробтардың сыртқы ортадағы тұрақтылығы, сондай-ақ дезинфекциялық заттардың қасиеті және әртүрлі ортада әртүрлі температуралық жағдайларда патогендерді зарарсыздандыру қабілеттілігі ескеріледі.
27. Тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын бастар алдында үй-жайларды жануарлардан босатады, судың және дезинфекциялық ерітіндісінің әсерінен бұзылатын жабдықтарды одан шығарады немесе полиэтилен пленкамен жабады, беттерді дезинфекция ерітіндісімен ылғалдайды, содан кейін қырғыштың және су ағынының көмегімен көңнің, жемшөп қалдықтарының және басқа да ластанулардың негізгі көлемін тазартады.
28. Өндіріс объектілерін дезинфекциялау алдында зарарсыздандыруға жататын барлық беттерді механикалық тазартудан өткізеді.
29. Ластанудың сипатына, дәрежесіне, түріне және дезинфекциялау мақсатына байланысты механикалық тазартуды ластанған учаскелердің бетін жуатын және дезинфекциялайтын заттардың ерітінділерімен (құрғақ тазарту) немесе одан кейін (сулы тазарту) алдын ала ылғалдаусыз жүргізеді.
30. Дезинфекциялауға дайындау кезінде аз ластанған беттер және ылғалдауға жатпайтын объектілер (электр қондырғылары, жарықтандырғыш аспаптар, жабдықтардың кейбір түрлері) құрғақ тазартуға ұшырайды.
31. Негізделген жағдайларда тазартылытын беттерді сумен немесе дезинфекциялық заттар ерітіндісімен ылғалданған шүберекпен сүртеді.
32. Үй-жайды, жабдықтарды, мүкәммалды және өзге де объектілерді химиялық дезинфекциялық заттар ерітіндісімен біркелкі суару жолымен өндейді.
33. Тазартуды аяқтағаннан кейін қажет болған жағдайда үй-жайды және ондағы жабдықтарды жөндейді. Бұл ретте қабырғалардағы, едендердегі және аралық қабырғалардағы ойықтарды, жарықтарды және басқа да бұзылуларды тиісті материалдармен бітейді. Жарамсыз ағаш еденді жаңа еденге ауыстырады.
34. Үй-жайды және технологиялық жабдықтарды механикалық тазартуды, жөндеуді аяқтағаннан соң еденді сумен қайта жуады, жем салатын ақырларды, астауларды, қи шығаратын каналдарды судан босатады, ғимаратты (үй-жайды) беттерден артық ылғалды жою үшін желдетеді және кептіреді.
35. Жиынтық ауданды айқындау үшін дезинфекциялық ерітіндімен ылғалдауға жататын мал шаруашылығы үй-жайлары мен басқа объектілер едендерінің, қабырғаларының, төбелерінің, аралықтарының, жабдықтардың барлық элементтерінің сыртқы және ішкі беткейлерінің ауданы есепке алынады.
36. Үй-жайдың беттерін дезинфекциялық ерітінділермен келесі тәртіппен суарады: алдымен, бөлменің соңынан бастап станок тұрған еденді, станоктар арасындағы қоршауларды, жабдықтарды, қабырғаларды, содан кейін төбені және өту едендерін біркелкі ылғалдайды.
37. Дезинфекциялық ерітінділерді енгізгеннен кейін объектіні үш сағатқа жауып қояды, экспозиция мүмкіндігіне қарай алты-он екі сағатқа дейін ұлғайтады.
38. Дезинфекция аяқталғаннан кейін объектіні препарат иісі толық кеткенше желдетеді.
39. Дезинфекцияның сапасын айқындау мақсатында ветеринариялық зертханаларда зерттеулер жүргізіледі. Осындай зертханалық зерттеулердің нәтижесі қосымша дезинфекция жүргізу үшін негіз болып табылады.
2. Дезинсекция және дератизацияны жүргізу тәртібі
40. Жәндіктерді, буынаяқтыларды және кеміргіштерді жоюмен профилактикалық күрес шараларына:
1) өндіріс объектілерінде және оларға жапсарлас аумақтарда ветеринариялық-санитариялық шараларды сақтау;
2) өндіріс объектілерінде жүйелі профилактикалық дезинсекция және дератизация жүргізу кіреді.
41. Профилактикалық дезинсекцияны профилактикалық дезинфекциямен бір уақытта немесе тікелей одан кейін ветеринариялық препараттардың үйлесімділігін ескере отырып жүргізеді.
42. Кеміргіштермен күрес профилактикалық іс-шаралары жемшөп, тіршілік ету және көбею орындарына жетуге кедергі жағдайлар құрудан тұрады.
43. Дезинсекция, дератизацияның алдында:
1) жәндіктері, бунақаяқтылары және кеміргіштері бар өндіріс объектілерін және орындарын тексереді;
2) кеміргіштердің тұтынатын жемшөбін, олардың негізгі жылжу (орнын ауыстыру) жолдарын анықтайды;
3) шаруашылық объектілірін кейіннен өңдеу үшін алдын ала механикалық тазалау жүргізеді.
44. Жәндіктерге және басқа буынаяқтыларға қарсы өңдеудің үш типі қолданылады:
1) жаппай өңдеу – жәндіктердің барлық түрі бар қоймаларда және іргелес аумақтарда жүргізіледі;
2) тосқауылдық өңдеу – белгіленген аумақтың айналасында қоршалған аймақ құру. Белгіленген аумаққа жәндіктердің кіруіне кедергі келтіретін тосқауыл құру үшін жүргізіледі;
3) микроошақты өңдеу – эпизоотиялық ошақта және оған іргелес жатқан аумақтағы дезинсекция. Таралу көзі жәндіктер болып табылатын жануарлар ауруларын тіркеу кезінде жүргізіледі.
45. Дератизациялау уланған қармақжемдерді жаю, тозаңдату газдау әдістерімен физикалық, механикалық, химиялық әдістермен жүргізіледі. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен және ветеринариялық препараттардың қасиеттерімен айқындалады.
46. Дезинсекция, дератизация бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін шаруашылық объектісін жәндіктердің, буынаяқтылардың және кеміргіштердің өліктерінен кейіннен оларды кәдеге жарата (жоя) отырып механикалық тазалау жүргізіледі.
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларына қосымша |
Нысан/Форма
АКТ
дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізуге/
на проведение дезинфекции, дезинсекции, дератизации "__" _____________________ 20__ жыл/год
Объект атауы және мекенжайы/Наименование и адрес объекта ______
_____________________________________________________________________
Біз төменде қол қоюшылар/Мы, нижеподписавшиеся, _____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізген (керегінің асты
сызылсын) маманның тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________________________________
(бар болса), қызметі/должность, фамилия, имя, отчество (при наличии)
специалиста
_____________________________________________________________________
проводивших дезинфекцию, дезинсекцию, дератизацию (нужное
подчеркнуть))
қатысуымен/ в присутствии
_____________________________________________________________________
(объект өкілінің лауазымын, тегін көрсету/указать должность, фамилию
представителя объекта)
жүргізілген кезең/ провели в период _______________ 20__ жыл/год ____
_____________________________________________________________________
(профилактикалық, кезеңдік, соңғы/профилактическую, текущую или
заключительную)
үй-жайдың мына аурулардан таза еместігінен/по поводу неблагополучия
________________________________________________ помещений __________
(ауру/ заболевание)
_____________________________________________________________________
(объект және аумақ ауданы/площадь объекта и территорий)
дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргіздік (керегінің асты
сызылсын)/проведена дезинфекция, дезинсекция, дератизация (нужное
подчеркнуть)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қандай әдіспен, құралмен жүргізілді көрсету/указать, каким методом,
средством)
мынадай режимде/при следующих режимах: ______________________________
препарат концентрациясы/концентрация препарата: _____________________
объект ауасының температурасы/температура воздуха в объекте (при
дезинфекции): _______________________________________________________
жұмыс ерітіндісінің температурасы/температура рабочего раствора (при
дезинфекции):________________________________________________________
_____________________________________________________________________
препараттардың шығыны/расход препарата: _____________________________
өндіріс объектісі жабық қалдырылды/ объект производства оставлено
закрытым на _____________________________________________ сағат/часов
бейтараптандырылған препараттардың қалдықтары/остатки препаратов
нейтрализованы ______________________________________________________
(бейтараптандырғыш, концентрациясы/нейтрализатор, концентрация, %)
Дезинфекция сапасына бақылау жүргізілді/контроль качества дезинфекции
проведен ____________________________________________________________
(кім жүргізді, зерттеу қорытындысы,
_____________________________________________________________________
сараптама нөмірі және оның қорытындысы/кем,
_____________________________________________________________________
результат исследования, номер экспертизы и его заключение)
Акт дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстары аяқталғаннан
кейін (керегінің асты сызылсын) және есептен шығаруға жасалды/Акт
составлен по завершению работ по дезинфекции, дезинсекции,
дератизации (нужное подчеркнуть) и списанию _________________________
_____________________________________________________________________
(препарат атауы, саны/наименование препаратов, количество)
Қолдары/Подписи _______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________