"Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткiзудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорға

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 ақпанда № 19988 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары ˗ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 наурыздағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2768 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, № 29-32, 963-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақтың 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға ветеринариялық қарап тексеру үшін кедергісіз береді;

      10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындайды;".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау

      министрлігі