Мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді ұстаумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын азаматтардың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау туралы Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 наурыздағы N 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2768

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Бұйырамын:
      1. Мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді ұстаумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын азаматтардың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау тәртібі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Ветеринария департаменті (М. Мыңжанов) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірлесіп, заңдылықта белгіленген тәртіпте, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Ауыл шаруашылығы министрі

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      2004 жыл 1»наурыз

Қазақстан Республикасы   
Премьер-министрінің орынбасары -
Ауыл шаруашылығы министрінің 
Мемлекеттік ветеринариялық  
қадағалаудың бақылауындағы  
жүктерді ұстауды, өсіруді,  
пайдалануды, өндіруді,    
дайындауды (союды), сақтауды,
қайта өңдеуді, тасымалдауды 
және өткізуді жүзеге асыратын
азаматтардың денсаулығын адам
мен жануарларға ортақ   
аурулардан сақтау Ережесін  
бекіту туралы       
2004 жылғы 2 наурыздағы  
N 104 бұйрығымен      
бекітілді         

Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы
жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды
(союды), сақтауды, қайта өңдеуді, тасымалдауды және өткізуді
жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын адам
мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 31 бабына сәйкес дайындалған және мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:
      мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктер - жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар;
      жануарлардан алынатын өнімдер тиісінше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығының өнімдері;
      жануарлардан алынатын шикізат жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ және басқа да өнімдер.

      3. Ереже жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті және Қазақстан Республикасының барлық территориясында әрекет етеді.

2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау бойынша шаралар

      4. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді ұстаумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың жетекшілері адам мен жануарларға ортақ аурулардан азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында келесі шараларды орындайды:
      1) ветеринариялық және медициналық қызметкерлерге адам мен жануарларға ортақ аурулар және олардан сақтану шаралары туралы халық арасында жүйелі түрде насихаттау жұмыстарын жүргізуге қолдау жасайды;
      2) жануарларды ұстайтын, өсіретін және пайдаланылатын бөлмелерде және мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді дайындайтын (соятын), сақтайтын, қайта өңдейтін, тасымалдайтын бөлмелерде (бұдан әрі - Бөлмелер) инфекцияның қоздырғыштары мен тасымалдаушыларын жою мақсатында дезинфекция, дератизация және дезинсекция бойынша шаралар жүргізеді;
      3) Бөлмелерде санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес жағдайлар жасайды;
      4) Бөлмелерде жұмыс істейтін адамдарды арнайы киіммен, аяқ киіммен, жеке қорғану және жеке гигиена заттарымен қамтамасыз етеді;
      5) ветеринариялық шараларды жүргізу үшін ветеринариялық мамандарға қажетті жағдайлар жасайды;
      6) залалданған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды залалсыздандыру үшін Бөлмелерді жабдықтармен қамтамасыз етеді;
      7) қидың және өлген жануарлардың өлекселерінің уақтылы заласыздандырылуын қамтамасыз етеді;
      8) Бөлмелерге жұмыс істеуге медициналық тексеруден өткен және белгіленген үлгідегі медициналық кітапшасы бар тұлғаларды ғана жібереді;
      9) Бөлмелерде жұмыс істейтін тұлғалар үшін мерзімді медициналық тексеруден өтуді, мамандық гигиеналық дайындықты және инструкцияға сәйкес инфекцияларға қарсы вакцинациялауды ұйымдастырады;
      10) Бөлмелерде санитариялық-тұрмыстық бөлмелерді жабдықтайды;
      11) Бөлмелерде қызмет көрсететін тұлғалардың арнайы киімдерін жуу мен залалсыздандыру үшін жабдықтармен қамтамасыз етеді;
      12) ауру жануарларды дер кезінде оқшаулауды ұйымдастырады;
      13) ауру жануарларды союды және олардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды залалсыздандыруды ұйымдастырады;
      14) жануарларды алдын-ала ветеринариялық мамандардың тексеруінсіз союға тиым салады;
      15) сою және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына жіберілетін жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша тазалығын қамтамасыз етеді;
      16) сатуға жіберілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың қауіпсіздігін және сапалығын қамтамасыз етеді;
      17) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді тасымалдау үшін көлікке санитарлық паспорт алады;
      18) еңбек шарттарының қауіпсіздігі бойынша Бөлменің жұмысшыларымен инструктаж және оқыту жұмыстарын жүргізеді;
      19) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2 сәуір 2003 жылғы N 164 "Ауыл шаруашылығы малдарының идентификациясы туралы" бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 25 сәуір 2003 жылы N 2247 тіркелген, ауыл шаруашылығы малдарының идентификациясын жүргізу Ережесіне сәйкес жеке нөмір (бірдейлестіру, сырғалау) беру арқылы бар мал басына идентификация және паспортизация жүргізеді;
      20) жануарлардан алынатын өнімдерді дайындау (сою), сақтау, қайта өңдеу кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 31 қазан 2002 жылғы N 351 "Ветеринария саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 27 желтоқсан 2002 жылы N 2105 тіркелген, сойылатын малдарды сою алдында ветеринариялық тексеру және сойғаннан кейін ұшалар мен органдарды ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларды санитариялық бағалау Ережесін жетекшілікке алады;
      21) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шиказаттарды дайындауды (союды), сақтауды, сату мен қайта өңдеуді арнайы жабдықталған бөлмелерде (ет комбинаттары, сою цехтары, пункттері, тоңазытқыш комбинаттары, тоңазытқыш камералары, жануарлардан алынатын шикізаттарды сақтауға арналған қоймалар) жүргізеді;
      22) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алдын-ала ветеринариялық тексерусіз және ветеринариялық құжаттарсыз (ветеринариялық куәліктер, сертификаттар, анықтамалар) сатуға жібермейді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 15 қараша 2002 жылғы N 372 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 18 желтоқсан 2002 жылы N 2087 тіркелген, ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне беретін ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) туралы Ережесіне сәйкес ветеринариялық құжаттарды береді;
      23) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді тасымалдау (орын ауыстыру) кезінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 16 сәуір 2003 жылғы N 206 "Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді тасымалдау Ережесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 10 маусым 2003 жылы N 2359 тіркелген, мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді Қазақстан Республикасы территориясында тасымалдау Ережесін жетекшілікке алады.

      5. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді ұстаумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың объектілерде санитариялық нормалар мен ережелерді сақтауына мемлекеттік бақылау мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен жүзеге асырылады.